3. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)
ІІ тақырып: Пайдалы қазбалар
1. Мыс пен мырыштың қоспасы? (жез)
2. Пайдалы қазбалар қандай топқа бөлінеді? (кенді, жанғыш, кенге жатпайтын)
3. Қарағанды көмір бассейінің кім ашқан? ( А. Байжанов)
ІІІ тақырып: Әр түрлі сұрақтар
1.Сөз анасы не,
Су анасы не, (құлақ, бұлақ, тұяқ)
Жол анасы не?- деген Балабидің сұрағына Сырым қалай жауап берді?
2. Тұсаукесер дегеніміз не?
3.«Менің атым – Қожа» авторы (Бердібек Соқпақпаев)
Тез ойлан, жақсы сөйле, нұсқа болсын,
Сұраса, жауабың да қысқа болсын, - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай келесі кезеңге өтеміз. Келесі кезеңіміз «Тез ойла»
1ойыншы: 2 ойыншы
1. көктем айларын ата. 1. Жаз айларын ата
2. қысқа сөзге қарсы сөз. 2. жоғары сөзіне қарсы сөз
3.әдемі сөзінің синонимі 3. Шапшаң сөзінің синонимі
4. Р табу үшін не істейміз? 4. Ауданың табу үшін не істейміз?
5. 1т неше кг? 5. 5дм неше см?
6. 2 тәул неше сағ бар? 6. 90 мин неше сағ, неше мин бар?
7. зат есім дегеніміз не? 7. етістік дегеніміз не?
8. әлемнің неше кереметі бар? 8. Аспанда неше планета бар?
Жүргізуші: Міне, біз «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық ойынымыздан жеңіп шыққан озық ойлы оқушыларды анықтайтын кезге де жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Қорытынды: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.
Ренжемей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау
Озат болу шарты сол – еңбектену жалықпау.
Келешек білімді ұрпақ қолында» екендігін Елбасымыз халыққа жолдауында атап
көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын
келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда
еңкеймек емес. Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне бер деген ізгі ниетпен
біз сайысымызды тәмамдаймыз. Оқушылар сендерге көп –көп рахмет.