Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын түсініпі оқып, оқулықта берілген мақалдармен байланыстыруға мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтіннің идеясын ашу арқылы қорытынды ой жасауға негіз қалау.
Жүйелі іс – әрекет нәтижесі: әңгімеден алған білімдерін дұрыс жүйелей білуге үйрету, кейіпкерлердің іс–әрекетіне баға беру білу; жиі айтылатын аталы сөздердің мағынасын түсінуге берілген шығармашылық жұмыстар жасау; кейіпкерге сипаттама беру арқылы оқушының шындыққа өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Тұлғалық нәтиже: оқушылардың іскерлік, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына жағдай жасау; адамгершілік ізгі қасиеттерге, адал болуға,қиыншылықтан қашпау керектігін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, тақырыптың мазмұнына сай сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасы Абай өлеңдрі болғандықтан, жаңа сабақты Абай өлеңдерінеске ала отырып өту.
Абай өлеңіндегі бес асыл істі атаңыз: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
Осы бес асылісті кезекпен атап, оқушылар топқа бөлініп отырады.
Қызығушылықты ояту.
Сабағымыз төрт турдан жарыс түрінде өтпек. Әр жауаптарыңа ұпай жинағандарыңа қарай жеңіс туын аласыңдар.
I тур: «Диқан нанын жейді, жалқау арын жейді»демекші, жалқаулықты қаншалықты жеңе алады екенсіңдер.
Тапсырмасы:
Мақал мен жұмбақты түсініп оқу арқылы мағынасына зер салып көріңдер:
Түстік жерге өтірік айтсаң,
Кешке артыңнан қуып жетеді.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айғай–шу. (түлкі)
Мақал мен жұмбақтың арасындағы байланысты алдарыңдағы қағазға жазып көрсетіңдер.
Мағынаны тану.
II тур: Кітап–алтын сандық,
Іші толған қазына, құт.
Оқы, оқы, оцыңа тұт.
Бірінші турда жалқаулық пен қулықты жеңсек, енді кітап оқып, санамызды толтырайық.
«Әдеби үйірме» әдісі. Нұсқауберу, мәтінді оқу, тапсырма беру. Топ мүшелерінің әрқайсысы бір рөлді иемденеді де, өзіне берілген міндетті атқарады.