?аза? халы? медицинасында?ы ас т?зыны? алатын орны мен ма?ызы
?аза? халы? медицинасында?ы ас т?зыны? алатын орны мен ма?ызы
?аза? халы? медицинасында?ы ас т?зыны? алатын орны мен ма?ызы
?аза?стан Республикасы білім ж?не ?ылым министірлігі
«А?айдар» жалпы орта мектебі
Орында?ан: Сады?ан К?ркем
3 сынып о?ушысы
?ылыми жобаны? та?ырыбы: ?аза? халы? медицинасында?ы ас т?зыны? ма?ызы
Ба?ыты: Таза таби?ат орта –?аза?стан-2030 стратегиясын іске асыруды? негізі
Секция: Адам денсаулы?ы ж?не ?орша?ан ортаны ?ор?ау
Жетекшісі: Алдиярова Тоты
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................15
Аннотация
Цель: Выявить особенности пищевой соли в казахской народной медицине, доказать её лечебные свойства.
Гипотеза: Здоровье людей предпочтительнее лечить природным минеральным продуктом – пищевой солью, чем вредными химическами лекарствами.
Этапы исследования:
·сбор материала о соли;
·исследовать лечебные свойства соли;
·консультация врачей.
Методы исследования: Изучение литературы, собеседование, консультация, анкетирование, сбор рецептов.
Новизна научного исследования:Показать приоритет лечебных свойств соли, которыми пользовались еще наши предки. Подчеркнуть важные качества соли: лечебные, антисептические и очищающие.
Итоги научного проекта: Доказано, что в народной медицине на протяжении многих веков накоплен огромный опыт её использования от наших предков. В качестве примеров можно привести следующее: освящение дома, защита от сглаза, антисептические свойства соли.
Практическая значимость научного проекта:Применение соли как лечебного элемента, использование её антисептических свойств в профилактике болезней, освящении дома и от сглаза.
The Annotation
The purpose: Identify the characteristics of salt infolk Kazakh medicine, to prove its medicine properties.
The prediction: People’s health is to be treated with folk mineral products than harmful chemical medicins.
The stages of research:
·Collecting the materials of salt;
·To explore the medicinal properties of salt;
·To interview medical professionals about the medicinal properties of salt;
The methods of research: studying the materials, interviews, questionnaires, practice, collecting the materials.
The innovation: Importance of medical properties of salt by our ancestors.
The important salt’s qualities: treatment, using its antiseptic and cleaning features.
The results: It is proved that on folk medicine during many years there was much practice accepted by our great-grandparents with salt’s treatment.
Nowadays you can find the following using as: blessing of home, protection against the evil eye, safety.
The practical using of the research: The use of medicinal treatment of salt in prevention of diseases.
Аңдатпа
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халық медицинасындағы ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу
Болжам: Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі табиғи минералды дәрілермен, соның ішінде ас тұзымен емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.
Зерттеу кезеңдері:
·ас тұзы туралы мәлімет жинастыру;
·ас тұзының емдік қасиеттерін зерттеу;
·емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелдеу.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, сұхбаттасу, сауалнама, тәжірибе, жинақтау
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті тұзбен емделудің маңызы. Ас тұзының ғажайып қасиеттері: емдік, тазалағыш, зарасыздандырғыш.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Халық медицинасының сан ғасырлық бай тәжірибесін көне көз қариялардан жазып алған мәліметтер сырқат кезінде қолданылып, ас тұзының емдік қасиеттері бар екені дәлелденді. Үй ішін аластауда, адамды тіл көзден аластауда, тұздың «тазалағыш», зарарсыздандырғыш қасиеттерінің барына көзім жетті.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға, тіл-көзден, үй ішін аластау үшін пайдалану.
Кіріспе
Қазіргі таңда ғалымдар ізденіс үстінде, әлемді таңқалдыратын жаңалықтар ашуда. Алайда сондай ұлы ізденістердің арқасында, көз алдымызда тұрған, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды елемейміз. Мысалы: сіріңке, нан, тұз, сабын. Нан мен тұз! осы қасиетті екі сөзде алдымен нан аталғаны әрқайсымызға да түсінікті. Наннан соң неге тұз тұр? Неге қант емес?
Ас тұзсыз адамзаттың тіршілігін елестету қиын. Ас құрамында тұз жетімсіз болса, футболистің аяқ балтыры сыздап доп тебе алмас еді. Метрлік қашықтыққа қатысқан желаяқ мәреге жете алмай құлар еді. Адам организмінде тұздың жеткіліксіздігі жалпы денсаулық жағдайына әсер етеді. Тұзды қажетсінуіміз ауа мен суға зарығуымызбен бірдей. Ас тұзының қасиеттері мені өте қызықтырды. Қазір ас тұзы әр адамның дастарқанында, бірақ ол тағамға қосатын дәмдеуіш ретінде қолданылады. Ал мен тұздың басқа да қасиеттерін зерттедім. Ас тұзының алуан түрлі сырқатқа қарсы шипалық қасиетін тиімді пайдалану және насихаттау бұл зерттеу жұмысымның өзектілігін көрсетеді.
Болжам: Адамдар зиянды химиялық дәрілерден гөрі табиғи минералды дәрілермен соның ішінде ас тұзымен емделсе, халқымыздың денсаулығы нығаяды.
Мақсаты: Қазақ халық медицинасындағы ас тұзының ерекшелігін анықтап, емдік қасиеті бар екендігін дәлелдеу.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
·ас тұзы туралы мәлімет жинастыру;
·ас тұзының емдік қасиеттерін зерттеу;
·емдік қасиетін медицина тұрғыдан дәлелдеу;
Зерттеу жұмысының әдістері:
·әдебиеттерге шолу;
·шипагер, дәрігерлермен сұхбаттасу;
·оқушылардан сауалнама алу;
·тәжірибе жасау;
·емделу әдістерді жинақтау.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Шипагер ата-бабаларымыздан келе жатқан қасиетті тұзбен емделудің маңызы. Ас тұзының ғажайып қасиеттері: емдік, тазалағыш, зарасыздандырғыш.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: тақырып бойынша мәселелерді талдауда: С.Бәкіров [1], М.Әбдіқадырұлы [6], А.Покровский [7], Ө.Әбдіраман [9]
ғалымдардың еңбектері орын алды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Ас тұзының емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға пайдалану.
Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Ас тұзының химиялық қасиеттері
1.1. Тұздың шығу тарихы
Ежелгі адамдардың тұзды ең бірінші қай елде қай кезде пайдаланғаны белгісіз. Орталық Еуропада шамамен алғанда тұзды пайдалану біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын, Таяу Шығыста одан көп ерте - 8000 жыл шамасында басталса керек. Ежелгі дәуірде әр ел тұзды әр түрлі әдіспен өндірген. Мысалы, теңізге бөренені батырып, артынан суырып алып күнге қақтайтын. Сонан соң бөрененің үстінен тұздың «қаспағын» жонып алып асқа қосатын. Гректер мен римдіктерге осы «өмір эликсирін» өндіру қиынға соқпады, себебі олар дүниедегі ең мол тұз көзін пайдаланады. Олар теңіз жағасының суын ағызып бөгеп тұз бассейндерін жасады. Бассейндердегі теңіз суы күн сәулесінен буланып, сарқылып, шұқанақ түбінде тұз шөгетін. Ежелгі Мысырда тұз өте көп пайдаланды, себебі қайтыс болған фараондар мен жоғарғы билікті мырзалардың тәнін бальзамдайтын әдеп-ғұрпы болатын. Оған тұз керек. Мысырлықтар тұзды Ливия шөлінің көлдерінен өндірді. Тұз көл суының буланып, сарқылуынан түзілді. Ніл бойын мекендеген қайсыбір тайпалар денесіндегі тұз кемістігін толтыру үшін малдың сортаң қанын жұтқан [1,8б].
Атақты жиһанкез Марко Полоның жазуы бойынша Қытайда тұздан теңге жасалған. Қою тұздықты қайнатып, одан тиын-теңге құйып, бетін императордың мөрімен таңбалап, қызған кірпіш үстіне қойып кептірген. 80 тұз теңгеге 5г шамасындай алтын төлеген. Эфиопияда тұз теңге үстіміздегі 40-50 жылдарына дейін қолданылып келген. «Амалес» не «рей»деп аталған «теңге» ұзындығы 65 cм, қалыңдығы 5см, салмағы 640 г формасы сүйрік кірпіш тәрізді, қайрақ пішіндісі де болған. 20 aмалестің бағасы Мария Тереза ханымның бір талеріне тең болды. [1,10б]. Қала берсе, тұз теңгелер банктарда да сақталады. Ал, ақша өлшемі «таллер» атауы немістің «галль» (тұз) деген сөзінен шыққан.
Ас тұзы адам өміріне өте қажет болғандықтан қай елде болсын тұз шығатын көлдерге, бұлақтарға, тауларға, тұз кәсібі өркендеген қала, ел мекендеріне «тұз» деген сөзді түбіріне, не жалғауға қосып белгілеп отырған. Қазақстанда жер, тау, көл өзен атаулар көп: Тұзбайыр (Маңғыстау), Тұзтау (Каспий ойпаты), Тұзкен, Қайнатпатұз (Алматы облысы), Тұзтөбе, Бұралқы тұз (Шу бойында), Тұзмола, Жаңатұз, Сандықтұз, Теміртұз, Торатұз (Каспий маңы). Ресейде ертеден тұз өндіруді кәсіп еткен жер, қала атына «соль» міндетті түрде қосылып отырған: Солигалич, Соликамск, Соленоозерск, Солотва, Сольтвино, Сольвычегодск, Усолье, Соленое, Солец, Солянка, Солоничка, Белые соли деп аталады. Қырғызстанда: Құрмантұз, Малдыбайтұз, Ұлытұз, Чонтұз су көл аттары: Ащыкөл, Ащылы, Ащысу, Ащыбұлақ,Ащысай, Ақтұз [1,11б].
Сонымен, ас тұзы ежелден бері әр түрлі әдіспен өндіріліп келеді. Сол кезден-ақ оның құнды екенін байқаған елдер, оны алтыннан да бағалы деп санаған. Тұзды кендерін билеу үшін ауық-ауық қырғын жанжалдар, соғыс болып тұрған. Тұздың құрметіне ел мекендері аталған. Тұзға жарымаған халық оны қасиетті деп санап, ауруға ем, сауға қуат деп бағалаған.
1.2.Тұз минералогиясы
Химиялық натрийлі хлор қосындысы (Na CI) – ac тұзы минералогия ғылымында галит (гр.«халос»-тұз) деп аталады. Оның Жер қыртысындағы қазынды түрін әдетте тас тұзы деп атайды[2, 191б]..
Минералдар көбінесе алуан қырлы кристалдар түзеді. Кристаллдар пішіні жеке «кірпіштерден» құралғандай. Олар тұзды көл бетінде ақшыл, күңгірттеу, қабырғалары сатылы, төбесі төңкерілген пирамида пішінді өте нәзік, әдемі ғажайып болып су бетінде қалқып жүреді. Осындай кристалдарды тұз «қайықша» деп атайды. Қыры 10-15 cм-ге дейін жететін текше кристалдар бірін-бірі өрмелеп өссе, оларды друзалар деп атайды. Жұқа, жіңішке кристалдары шырша бұтақтарының қылқаны тәрізді болып өссе, оларды «тұз тісі» дейді. Кейде жыныс жарығының қарама-қарсы беттерінен инедей жіңішке, қылқан кристалдар қаулап өседі. Қара тікен тұз осыған байланысты аталған. Құмайт-балшық ішінде жеке-дара кристалдар да өседі.Қалыңдығы көбінесе 1миллиметрден 10-20 см-ге дейін жететін галит қабаттары жұқа балшық, гипс, ангидрит қабаттарымен алма-кезек алмасып кезектесіп отырады.Сонда тұз тұнбаларының құрылымы ағаш діңгегінің сақиналарына ұқсайды. Сонымен екі қабатша бір жылда түзіледі [5, 104б].
Галиттің химиялық құрамы: Na- 39 %, Cl - 61%. Галит суда жақсы ериді, ылғалды жақсы сіңіреді, электр тоғын өткізбейді. Дәмі ащы. Түстері әр түрлі болады: ақ, сұр, түссіз мөлдір, көк, күлгін, қызғылт. Түрлі- түсті болуы құрамына кірген жат қосындыларға байланысты: балдырлар, лай, басқа минералдардың қоспалары[3, 87б].
Сонымен, ас тұзының химиялық атауы - натрий хлориді, формуласы – NaCl. Табиғатта галит минералы (тас тұзы) түрінде, еріген күйінде мұхиттар мен теңіз, көл және жер асты суларының құрамында кездеседі. Дәмі ащы, түстері әр түрлі болады.
1.3. Павлодар өңіріндегі тұзды көлдер
Павлодар аумағында 1200-дей кіші және орташа көлдер бар. Көпшілігі дөңгелек бейнелі таяз ойпаңды, ащы сулы, тұз тұнбалы, тұщы сулысы 90-нан астам. Тұзды көлдерге: Қызылқақ, Жалаулы, Үлкен және Кіші Әжболат, Үлкен және кіші Қалқаман, Үлкен және Кіші Таболжан, Шүрексор, Қарасор, Құдайкөл, Светлица жатады. Ірі көлдері:Жалаулы(398 км²),Қызылқақ(180 км²),Үлкен Әжболат(110 км²),Маралды(80 км²).Павлодар өңірінде ас тұзы: Жамантұз-2, Тайқоңыр, Үлкен Таволжан көлдерінен алынады[8, 4б].
Жамантұз-2 көлінің тұз шөгіндісінің қимасы.
Шөрек
0,2 – 0,3 м
Қара тұз
0,1 – 3,2 м
Түпкі тұз ас тұзы, шойын тұзы
0,0 – 2,1 м
Балшық
0,0 – 1,5 м
Павлодар облысында ас тұзын өндіретін 3 ұйым бар: «Павлодар тұз компаниясы» ЖШС, «СольХимпром» ЖШС, «Павлодартұз» АҚ. Олар тұзды Жамантұз-2, Тайқоңыр, Үлкен Таволжан көлдерінен, Үлкен Қалқаман кентінен өндіреді[8, 4б]..
Барлық өндірілетін ас тұзының 1/3 ғана тағамда пайдаланылады. Бір адамның тәуліктік нормасы 15г шамасында: 5 г тамақтың өз тұзы, 10 г дайындалатын асқа қосылған тұз. Әр адам бір жылда 5-6 кг тұз жейді екен [7, 66б]. Медициналық тұрғыдан қарасақ, натрий мен хлордан түзілген ас тұзы ерітіндісі асқазанда сұйық тұз қышқылы мен натрийге бөлінеді. Тұз қышқылы ішкен жеген тамақты ыдыратып, оның денеге сіңуіне мүмкіндік береді де натрий бұлшық ет пен нервімізге сіңеді, сүйек пен шеміршек құрамына кіреді. Тұз ерітіндісі денедегі әрбір клеткадағы сұйықтың «ағысын» реттеп тұрады. Денедегі тұз мөлшерінің тапшылығынан бұлшық еттер тырысып, сіңір буын құрысып, қан кеуіп, нерв жүйесі тарылады, соңында адам дертке ұшырайды[4, 520б]..
Тамаққа салатын тұздың сапасын бағалау үшін МЕМСТ 13830-68 қолданылады [7,67б].
Ас тұзының құрамындағы компоненттер мөлшері
(құрғақ түрінде, % есебімен)
компоненттер
сорттары
экстра
Жоғары
бірінші
Екінші
Na Cl
99,7
98,4
97,7
97,0
Ca
0,02
0,35
0,50
0,65
Mg
0,01
0,05
0,10
0,25
SO4
0,16
0,80
1,2
1,5
Fe2O3
0,005
0,005
0,01
0,01
Na2SO4
0,2
0,5
0,5
0,5
Ал қалғаны химия өндіріс орындарында қолданылады. Химия өнеркәсібінде аса маңызды шикізаттардың түріне жатады. Химияда хлорлы натрий, сода, хлорлы известі, спиртті, таза металдарды өндіруге пайдаланылады. Ауыл шаруашылығында малға жем, шөп сүрлегенде пайдаланылады. Тұз техникада да қолданылады. Тұз ерітінділерімен өңделген жолдар асфальт немесе бетон төселген жолдардан жақсы болатыны белгілі. Ондай жолдар ауа температурасының өзгеруінен бүлінбейді, жауын шашынды сіңірмейді, батпақтанбайды, не кеуіп шаңы шығып жатпайды, жарылып бұдырланбайды. Тұздан ұшақ ұшып қонатын жол да жасалғаны белгілі. Ас тұзы тұманды сейілту үшін де қолданылады.
Қорыта келе, Павлодар өңірінде тұзды 3 көлден алады. Тұздың 1/3 тамаққа пайдаланылады. Бір адамның тәуліктік нормасы 15г шамасында. Тұзды шамадан көп пайдалану ағзаға зиян келтіреді. Тұз 1500 түрлі өнеркәсіп өнімдері мен бұйымдарын жасауға пайдаланылады, себебі ол басты шикізат болып саналады.
2 бөлім. Ас тұзының медициналық әлеуеті
2.1. Ас тұзының халық емінде қолданылуы
Халық медицинасы дəстүрлі медицинасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақ медицинасың тарихы ұзақ, аурудан сақтану шараларының мазмұны өте мол. 500 жыл бұрын қазақтың атақты шипагері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» кітабында 728 түрлі дəрілік шөп, 318 түрлі дəрілік жануар, 52 түрлі минералды дəрі, 8 түрлі бағалы дəрі материалы жəне 4577 рецепт жазып қалдырған [6, 21б]. Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде. Соның ішінде, ас тұзы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, қазақ дəрігерлігінің дамуына өз үлесін қосып келеді.
Ас тұзының емдік қасиеті туралы білу үшін көне көз қария Шығырбаев Көмек Орынбайұлымен сұхбаттастым. Ол кісі халық медицинасының республикалық ғылыми практикалық орталығынының «Халық медицинасының мектебінде» оқыған. Көмек ата айтуы бойынша, тұзбен емдеу ежелгі кезінен қолданғандығы тарихтан белгілі. Орта ғасырларға дейінгі найза, қылышпен қанды қасапқа айналған майданнан соң жауынгерлер жарақаттарын тұз балшығына жатып емдеген, осылайша сауыққан деседі.
Тұз – қырық аурудың емі. Олардың ең азы мыналар: қышыма (экзема), тамақ ауруы, тіс ауруы, құлақ ауруы [9, 8б]..
Тұзды сырқатқа қарсы қолдану әдісі:
·Көзге шыққан теріскен тез жарылуы үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп, компресс жасау керек.
·Баспаныжазу үшін 1 стақан суға 1 шай қасық тұзды ерітіп,тамақты шаю керек.
·Маса, кене, бүрге шаққан жерге тұз жақса, дуылы тез басылып, ісігі де қайтады.
·Тіс ауырған кезде алдымен тісті тазалап алу керек. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы шумен шаю керек.
·Тіс ауырған кезде үккіштен пиязбен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластыру керек. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басу керек. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.
·Мұрын қабынуға және гайморитке қарсы 0,9 % тұзды сумен шаю керек.
·Бастың тазына: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.
·Дене теміреткесіне: 10 гр таза тұзды сірке суына араластырып жағу керек.
·Тіс қақсағанға: 1-2 гр таза тұзға аз мөлшерде меруерт талқанын қосып, оны сірке суға араластырып ауызды шайқау керек. Бұл тістің қан құртына, тістің босағанына, тістің үгітілуіне де пайдалы.
·Маса шаққанға: аз мөлшердегі тұзды өсімдік майына не балға араластырып маса шаққан жерге жақса, мазалаған аурудан тез айығады.
·Шаян, көзілдірікті жылан шаққанда да осы емді қолданса уытын қайтарады.
·Ісіктіқайтаруға: жығылып мертіккенде, шыққан ұршықты қайта салғаннан кейінгі ісікке түйенің шудасын тұзға шылап, сол ісікті жерге тартса ісікті қайтаруға көмектеседі. Бұл ем қазақ медицинасында ұзақ жылдардан бері жалғасып келеді. Өнімі жақсы болғандықтан «сормақта» деп аталады.
·Соқыр ішек болғанда ауруды басуға: бір кесе тұзды қуырып алып, дорбаға салып құрсақ (іш) бөліміне басып ауырған жерге ыстық өткізеді.
·Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Ол үшін кішкене 1 қапшық тұзды ыстық табаға салып, қуырып алады да мақта-матасынан дорба тігіп, соған салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай процедураны 6 рет жасаса, адам құлан-таза айығып кетеді.
·Тырнақ қатпарланып жиі сына берсе, қолды тұзды суға аптасына рет салып отыру керек. Сонда тырнақ қатаяды.
·Синусит— бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған созылмалы ауруы. Мұрын арқылы аздап тұзды су сорып немесе бумен дем алу керек.
·Азғана тұз қосылған жылы сумен көзді жуса, қабақ пен көздің ісігі кетіп, жанары жалтырайды.
·Аяқтағысызаттардан тұзды ванна қабылдау арқылы арылуға болады. Сондай-ақ, тұзды ванна шаршағанда, әлсіз сезінгенде жақсы көмектеседі.
·Беттіқара нүктелерден тазарту үшін шай қасық ас содасы, шай қасық тұз, креммен қоспа дайындап, бетті ысқылап жуу керек.
·Майда тұзды аяқ табанын жұмсартуға қолданса болады. Легенді суға толтырып, жарты стақан тұз қосып, қоспаға аяқты батыру керек. Жібіген аяқтың табандарын бірнеше минут тұзбен ысқылау керек. Аяқты таза сумен жуып, орамалмен сүрткен жөн. Дауадан кейін аяққа крем жағу керек.
·Екінші иекпайда болудың алдын алу үшін немесе оны кетіру үшін күнделікті мынадай әрекеттерді жасау керек: 3-5 минуттай тұз қосылған суға малынған орамалмен (1 стақан суға 1 шай қасық тұз) иек пен мойынды ұрғылау керек.
Сонымен, ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы дəрі-дəрмектерінің негізі есептеліп, кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Тұз – қырық аурудың емі. Жинақталған емдердің көбі тұздың зарарсыздандырғыш қасиетін білдіреді.
2.2. Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар
Ас тұзына байланысты ырым-тыйымдар туралы білу үшін Ибадилдина Алтын Бекбатырқызымен сұхбаттастым. Алтын апа «Мұсылмандар әйелдері лигасының» төрайым орынбасары. Апа ата-бабамыздан қалған мұраны насихаттауда.
Қазақ тұзды бекер босқа себепсіз шашпайды. Себебі барлық тағамның дәмін келтіріп тұрған – тұз. Сондықтан тұз жерге себепсіз төгілсе ырыс қашады, сол үйден ас қашады деген түсінік бар. Сондай-ақ сол тұз еріп жоғалғанша тұзды рәсуа еткен адам тұздай ащы тірлік кешеді деген сенім де бар.
40 күн толғанша сәбиді бір күн сабынды, бір күн тұзды сумен кезекпе-кезек шомылдырады. Тұзды суға шомылған бала, тұзға піскен бала шымыр болады, өскенде бір жері зақымданса, жарасы тез жазылып кетеді екен. Алайда оларды салу мақсаты әр түрлi. Мысалы: қазақтар тұзды терiсi пiссiн деп салса, өзбектер маса, шыбыннан қорғау, денесi бөртпеу үшiн салады.
Қазақ арасында кең тараған ұшықтау рәсімі де осы тұзбен байланысты. Бас айналып, жүректің айнуына немесе тоңып, дененің қызуы көтерілуіне байланысты ауруларды ұшыну деп түсініп, оған қолданылатын емдіұшықтаудеп атаған. Ұшықтау кезінде ауруға тұз, күл сияқтылар қосылған суық не ыстық суды"ұшық-ұшық”деп дүркін-дүркін бүркіген.
Балаға тіл-көз тисе есіктің тұтқасын тұзды сумен сүртіп, көз тиген баланың бетін, екі алақанын, екі табанын жуса, тәуір болып кетеді екен.
Үй иелері араздасып немесе үйдің берекесі кетіп жатса, үйді тұзбен тазартқан. Ол үшін үйдің төрт құбыласын тұзбен аластап, айна, терезелерді тұзды сумен жуған, себебі тұз өзіне жағымсыз энергияны сіңіріп алады.
Басқа елдерде де тұзды қасиетті деп санайды. Славян халқы осы күнге дейін қадірлі мейманын нан-тұзбен қарсы алып, жас жұбайларға нан – cаулыққа, тұз – байлыққа - деп нан – тұз береді.
Ежелгі римдіктер достық ықылас-пилығын білдіру үшін қонағының алдына тұз тартқан.Тарих ғылымының атасы Геродот «Достықты бірге тартқан тұздан кейін сына» деген. Эфиопияда сапарға шыққан адам әрдайым тұзды қалатасына салып жүрген, қастық пилығы жоқтығынынң куәсі ретінде кездескен кісісге тұзын жалатқан.
Шығыс халықтары келісім-шартты жасақаннан кейін бір сауыттан тұз жалаған. Сауыттан тұз төгілсе, ол жай араздыққа-өшпенділікке айналады-деген ырым осыдан қалған.
Байқағанымыздай, әр елдің ырымдары алуан түрлі болғанымен, барлығы тұзды қасиетті деп санайды. Оны текке шашпаған, байлықтың белгісі деп бағалаған. Біздің халқымыз тұз өзіне жағымсыз энергияны өзіне тартып алады деп, балаларды ұшықтап, аластаған.
2.3. Ас тұзы дәстүрлі медицинада
Халық емінде мұрын қабынғанда, тұмау кезінде, гайморитке қарсы тұзды сумен шаю керектігі ұсынылады. Осы емделу әдісін дәстүрлі медициналық тұрғыдан қарастыру үшін, «Жеке дәрігерлік клиникасының» лор-дәрігері М.Г. Биляловпен сұхбаттастым. Дәрігер осы аурулар кезінде, дәрігердің нұсқаулығымен тұзды сумен шаю керектігін растады. Тұзбен шаюды гигиеналық және терапевтикалық мақсатпен қолданылады. Мұрынды шаю кезінде мұрынның былшырағымен бірге микробтар шығады, тыныс алу жеңілдеп, қабынғаны басылады.
Шығырбаев Көмек ата тұзды микробты өлтіретін қасиетке ие деп сипаттай келіп: "Тамақты ішерден бұрын аз мөлшерде табиғи тұз жеу ауыз сілекейінде жиналып қалған асқазан микробтарының тез жойылуына себеп болады",-дейді.
Ал дәстүрлі дәрігерлердің пікірінше, желінген тұздың пайдасын былай қарастырды: "Сілекей ауыздағы сілекей бездері деп аталатын жерден бөлініп шығады. Сілекей тамақпен көбірек араласса, тамақ тезірек өңештен өтіп кетеді және тезірек қорытылады. Тамақ ішердің алдында тұз жеу ауыз ішіндегі сілекей бездерін қоздырады және одан сілекейдің бөлініп шығуын жылдамдатады. Осы жағынан тамақтың қорытылуын жеңілдетеді. Тұз бос асқазанға түскен кезде асқазанды қоздырып, оның сөлінің тезірек бөлінуіне себеп болады. Яғни тұз тамақтың тез жұтылуы мен тез қорытылуында айтарлықтай рөл атқарады".
Зерттеу жұмысымен айналысып жүрген кезде, тамағым ашып ауырып, жұтыну қиын болды. Дәрігердің диагнозы – фарингит. Дәрігердің жазып берген емі бойынша, анам дәріханадан әкелген «Ингалипт» спрейі, «ангисепт» дәрісі, «фурацилин» езбесімен шаюдың орнына, тұзбен емделу әдісін таңдап көрдім. 1 стакан жылы суға 0,5 шай қасық ас тұзын қосып араластырдым. Осы тұзды сумен күніне 3 рет тамағымды шайып отырдым. Кезекті қабылдауға барғанда, дәрігер жазылғанымды айтып, мектепке баруға болады деп, анықтама жазып берді.
Байқағанымыздай, ас тұзы дәстүрлі және дәстүрлі емес медицинасында адамдарды емдеуде маңызды екендігін білдіреді, тек емделу кезінде оның мөлшерін қатаң сақтау керек.
2.4. Қазіргі кезде тұзбен емделуі жайлы сауалнама қорытындысы
Сауалнамаға № 25 қазақ қыздар гимназиясының 4«б» сыныптан – 23, 10 сыныптан – 14 оқушы, барлығы 37 оқушы қатысты.
Мақсаты: бастауыш пен жоғары сынып оқушыларынан ас тұзымен емделгендер санын анықтау.
Сауалнама сұрақтары
4 сынып
10 сынып
1.
Қандай сырқатқа қарсы тұзбен емделдіңіздер?
тамақ ауырғанда
1
4%
2
14%
мұрын қабынғанда
1
4%
1
7%
құлақ ауырғанда
1
7%
барлығы
2
8%
4
28%
Сауалнама сұрақтарының қорытындысы: бастауыш сынып оқушыларынан - 8%, ал жоғары сынып оқушыларынан - 28% тұзбен емделіп, нақты жазылып кеткендерін көрсетті. 4- сынып оқушыларының ата- аналары 30-40 жас аралығындағы, яғни ата- бабаларымыздан қалған тұздың қасиетті емдік күшіне сене бермейтін, дайын химиялық дәрілермен емделетін адамдар. 10- сынып оқушыларының ата-аналары 40 жастан асқан, әлі де халқымыздың ырымдарына, емдік қасиеттеріне сенетін, қолдағы алтынды қадірлей білетін адамдар.
Қорытынды
Ас тұзы ежелден бері қазақ медицинасындағы кең қолданылатын минералды дәрілерге жатады. Қазіргі кезде үнемі ұшырайтын аурулардан сақтануда көп көмегі тиюде. Тұз қырық аурудың емі. Шипалы қасиеттері: зарарсыздандырғыш, емдік, тазалағыш.
«Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп. Ас тұзы адам үшін азықтың қайнар көзі. Аурудың алдын алуға емдеу үшін ас тұзының маңызы өте зор.
Ас тұзының емдік қасиетіне оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Минералды дәріні пайдалану денсаулықты сақтаумен бірге қазіргі нарықтық заманда отбасылық қаражатты үнемдеуге көмектеседі. Ас тұзы жанға шипа, дертке дауа болады.
Зерттеу жұмысы барысында, тұздың емдік қасиетінің бар екеніне көзіміз жетті. Оны тіл көзден аластау үшін, терінің тез жазылуы үшін, үй үішін аластау үшін, қаншама сырқатқа қарсы қолдануға болатынын да байқадық. Химиялық дәрі-дәрмектен аулақ болып, қолдағы алтынды қадірлей білейік.
Өйткені, тұз - табиғат сыйы!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.С. Бәкіров. Түз тұзы. – Алматы: Қазақстан, 1992. 120б
2.Г. Касенова. Шаңырақ.-Алматы:Үй- тұрмыс энциклопедиясы, 1991.-191 б.
3.М. Сәулебекова. Оқушы анықтамасы. - Алматы: Арман, 2005.- 86-88 б.
4.Ә. Нысанбаев. Қазақстан.-Алматы: Ұлттық энциклопедиясы, 2006.-№ 8-том С-У.519-520б.
5.К. Аханбаев. Химия.- Алматы: Ана тілі, 1993.- 104-108б.
6.М.Әбдіқадырұлы. Жан дауа. Республикалық журналы.- Алматы: 2012.- №1.- 21-22б.
7.А. Покровский. Тағам туралы толғау. Алматы: Қайнар, 1990.-66-67 б.
8.В.Долгушев. Звезда Прииртышья. С любовью к родной земле. 2011.-№9 -4б
9.О.Әбдіраман. Халық медицинасы.- Алматы: Қазақпарат, 2002. 160б.