kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Карантин кезінде балалармен ата-ананың қарым-қатынасын реттеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЛАЛАРҒА ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

Қашықтықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?

  1. Балаңыздың Қашықтықтан оқытудың үш форматының бірін ТАЛҚЫЛАҢЫЗ және сынып жетекшісімен КЕЛІСІҢІЗ:
  • Интернет-платформаларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқытылатын сабақ – мұндай сабақтарға қатысу үшін оқушыға компьютер мен жоғары жылдамдықтағы интернет қажет;
  • Тікелей хабар тарату режимінде теледидарнемесе радиобағдарламалар арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан оқытылатын сабақ;
  • Пошта бөлімшесі, электронды пошта арқылы жіберілетін, алдын ала даярланған сабақтармен қағаз түрінде берілетін қашықтықтан оқытылатын сабақ–  компьютер мен интернеттің қажеттілігі жоқ.
  1. Сынып жетекшісі жіберген сабақтар кестесін ертерекЗЕРДЕЛЕҢІЗ, кесте мектеп сайтында жарияланады.
  2. Сынып жетекшіңізбен, пән-мұғалімдерімен тұрақты түрде байланыста БОЛЫҢЫЗ.

Интернет-платформаларды пайдалану арқылы қашықтықтан оқытылатын сабақты өткізу үшін:

Компьютердің, мобильді байланыс құралдарының және қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өзге құрылғылардың жұмыс істеу мүмкіндігінТЕКСЕРІҢІЗ.

Интернет жылдамдығын нақтылаңыз.

Балаңызға компьютер мен интернетке еркін қолжетімділікті ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ, оған жеке электронды поштаны құрыңыз.

Интернетке қосылған  балаңыздың қондырғысына өзіңіздің  сынып жетекшіңіз ұсынған ата-ана бақылауының программасын ОРНАТЫҢЫЗ.

Интернетпен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз ережелердіЗЕРДЕЛЕҢІЗжәне оны балаңызбен талқылаңызhttps://www.youtube.com/watch?v=2IWl2GVDgfM

Қағаз түрінде алдын ала даярланған қашықтықтан оқытылатын сабақты өткізу үшін:

Материалдармен және орындалған үй тапсырмаларымен алмасу орны мен уақытын ертерек  сынып жетекшісімен КЕЛІСІҢІЗ.

Оқу материалдарымен және ақпаратпен алмасу үшінЖАУАПКЕРШІЛІКмұғалімдергежәне оқушының ата-анасына жүктеледі, балаңыздың мектеп қызметкерлерімен жеке байланысу жағдайын азайтуға тырысыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Қашықтықтан  баланы оқыту Сізден кейбір ережелерді  ескеруді және үй жағдайында ерекше оқу аймағын жасауды талап етеді. Сізге оқушының жұмыс орнын қай жерде жақсы орналастыруға болатындығын ойластыру қажет.

Ол келесі маңызды талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

1.   Қондырғы қойылатын жұмыс үстелі табиғи жарыққа жақын орналасуы қажет.

2.   Ең тиімдісі, үстелдің үстінгі жағында компьютерді қоюмен қатар,  баланың үстелде компьютермен жұмыс істеуі жәнежетекші қол жағынан (әдетте оң жағынан) қағазда жазуы үшін орын қалдыруға болатын жеке үстелді қарастырған абзал. Барлық техникалық құралдарбаланың қолына қолжетімді қашықтықта бір-біріне жақын орналасуға тиіс.

3.   Қондырғы үй жануарларының жанасуына жол бермейтін жерде орналасуы қажет.

4.   Жарық үшін үйреншікті шамдарды қолданған жөн (люминисценттік шамдарды мүмкіндігінше пайдаланбаған дұрыс). Жарық пернетақтаның үстінгі жағынан түсуге тиіс.

5.   Баланың жұмыс орнын қондырғыны жинауға немесе бала жұмыс істемеген кезде оны жабуға болатындай ретпен ұйымдастырғаныңыз дұрыс.

 

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Баланың компьютердегі жұмыс уақытын міндетті түрде бақылаңыз. Әрбір жарты сағаттан кейін үзілістер жасау қажет. Компьютермен жұмыс істеу кезінде баланың көзіне түсетін жүктемені азайтуға тырысыңыз.

Егер бала қондырғымен жұмыс істеу кезінде, тіркелу немесе  білім берудіңонлайндық платформаларында жұмыс істеу уақытында техникалық қиындықтарға немесе өзге сипаттағы қиындықтарғакездессе,онда оған бұл кедергілерді бірлесіп шешуге көмектесіңіз немесе бұл туралы оның сынып жетекшісіне кез келген уақытта(телефон, не «Kundelik.kz» жүйесінде хабарлау арқылы және  т.б.) хабарлаңыз.

Жаңа материалды меңгеру кезінде туындаған қиындықтарды«Kundelik.kz» жүйесімен кері байланыс жасау арқылы арқылы жаңа материалды зерделеу бойынша жеке кеңестерді алуды ұйымдастыру үшін мүғалімге хабарласу қажет. Бала өздігінен зерделеу кезінде тақырыптарды меңгеру мен тапсырмаларды орындау бойынша туындаған қиындықтарды мұғалім қашықтықтан оқыту аяқталғаннан кейін  алынған білімге түзету жүргізеді, туындаған қиындықтарды баламен жеке жұмыстарды жүргізу арқылы жоюға болады.

Тапсырмаларды орындау қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезіндеміндетті талап болып табылады.

 

ПАЙДАЛЫ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗДАР:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің порталындағы қашықтық білім беру:

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/activities/3317?lang=kk

Желідегі қауіпсіздік

https://www.youtube.com/watch?v=CmhS9WSeYj8

https://www.youtube.com/watch?v=kJ8QkvzHjuc

Денсаулық және қауіпсіздік

https://www.youtube.com/watch?v=wrIJxRpb6w0

Қауіпсіз деп ойлама, Интернетпен ойнама

https://www.youtube.com/watch?v=0hTlhuMFdcM

 

 

 Ата-аналарға тест.

Балаңыз мектепке                дайын ба ?

1.Балаңыздың мектепке барғысы келе ме?

2. Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?

3. Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ала ма?

4. Балаңыз бөтен адамдар арасында ұялмай ма?

5. Балаңыз суретке қарап бес сөйлемнен тұратын әңгімеқұрастыра ала ма?

6. Балаңыз бірнеше тақпақты жатқа айта ала   ма ?

7. Балаңыз әріптерді танып,оқи біле ме ?

8. Балаңыз 10-ға дейін тура және керісінше санай біле ме ?

9. Балаңыз түстерді ажырата біле ме ?

10. Сурет салуда және оны бояуда жақсы көре   ме?

11. Ойыншықтарды құрастырып ойнай біле ?

 

 

 

 

       Ата-аналарға арналған жадынама.

 

 1. Балаңыздың окуына, тәртібін, баланың белсенділігінің артуына тек мектеп тәрбиесі мен окуының арқасында қол жеткізуге болатынын түсініңіз.

2. Міндетті түрде ата-аналар жиналысынан қалмай, баланың сабағының үлгерімін қадағалаңыз.

3. Балаңыздың күнделікті оқуындағы табысымен ой бөлісіңіз, бүгін қандай жаңа үғым алды,үйренді, нені үйренді, т.б. Тек қандай баға алғанымен қанағаттанбаңыз.

4. Балаңын күнделікті үй тапсырмасын орындауын қадағалаңыз, егер бала қиналатын болса комектесіңіз, қерісінше өзіңіз орындап беруге үйретіңіз.

5. Баланы тек үй тапсырмасының жүмысымен қалдырмай, ой-орісінің өсуіне қосымша жаналықтар қамтып,  білімін жетілдіріңіз.

6. Баланыздың сыныптың және сыныптан тыс жұмыстарға қатысуын қадағалаңыз, көмек көрсетіңіз.

7. Мүмкіндігінше, баланың айтқан әңгімесіне,өзі жайлы, мектебі туралы, достары туралы т.б. ойымен бөлісіп, баланың көзқарасымен қарауға тырысыңыз.

8. Өз мүмкіндігіңізге байланысты мектеп пән мүғаліміңізге көмеккөрсетүді ойлаңыз. Ол сіздің балаңызды тәрбиелеудегі онеріңіздің жоғарылығын көрсетеді.

 

 

 

 

Баламен сөйлесудің 10  ережесі.

 

 1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз,мазасыз болады.

2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес.

3. Кызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін.  Кызметіңіз сізге ұнайды, баланы-жақсы көресіз.

4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз. Бала-бұл адам,  ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады.

5. Бала көмекші әрі отбасының теңқұқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып,  баланы жалықтырмаңыз.  Неге қоқыты бала төгу керек?  Себебі, сіз бұйырасыз!

6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз,сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне, өз күшіне сенімді болсын десеңіз, бала ересектердей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз.

7. Жұмыс-бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ержетуге асығады.

8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігімізге баланың ісішала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «глобальды»  болуы мүмкін.  Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды.  Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды.

9.  Баламен кеңесіңіз.  Өз ойларыңыз бен уайыммен бөлісіңіз.  Ақыл – кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз.

10.  Тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз Сізден материалды тәуелді екенін айтудан қашыңыз.  Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, бұл баланы жаралайды. Қарттық шағыңызда осындай жағдайлардан ұялуыңыз әбден мүмкін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Карантин кезінде балалармен ата-ананың қарым-қатынасын реттеу»

Үйден шықпаңыз       Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА Біз біргеміз….

Үйден шықпаңыз

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА

Біз біргеміз….

Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттері

Қашықтықтан оқудағы ата –ананың міндеттері

  • Баламен бірге күн режимін жасау;
  • Баланың қолдаушысы , кеңесшісі болу;
  • Сабырлық ,шыдамдылық таныту;
  • Жаңа тәжірибені қабылдау;
  • Құрылғылармен шама келгенше қамтамасыз ету;
  • Балаға бағыт беруге көмектесу;
Нені ескеруіңіз қажет……

Нені ескеруіңіз қажет……

  • сабақтың басталу уақыты ..... (кейін хабарланады);
  • сабақ кестесі оқушының жұмыс орнына (көрінетін) жақын жерде болуы керек;
  • сабақтар қатаң түрде уақытында өткізіледі (кесте бойынша);
  • компьютер (телефон) толығымен зарядталған болуы тиіс, кешке дайындап қойған жөн;
Балаңыз үшін………. арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;  сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;

Балаңыз үшін……….

  • арнайы сабақ оқу орны белгіленуі шарт;

  • сабаққа уақытында қосылыңыз: сабақ басталуға 5 минут қалғанда;

  • балалардың жуынып, таранып, ұқыпты киінуі маңызды (жатын киім мен халаттарда емес)
Сабақ өтіп жатқанда…. Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек.

Сабақ өтіп жатқанда….

  • Бөлмеде қатаң тыныштық сақталуы тиіс, сыртқы дыбыстарды өшіруіңіз керек.

  • Сабақ уақытында отбасындағы басқа балалар мен үй жануарларының кедергі келтірмеуін назарда ұстаңыз;
Сабақ өтіп жатқанда…. Сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;

Сабақ өтіп жатқанда….

  • Сабақ барысында балалардың бөлмеден шықпауы, орынсыз тамақтанбауы, басқа бөгде заттарға алаңдамауы, онлайн сабақтан шығып кетпеуі назарда болуы керек;

  • егер мұғалім сұрақ қойса, компьютердегі арнайы тетікшені қолданып қолыңызды көтеріп жауап бере аласыз; (ZOOM болғанда)
Нұсқауларға назар аударыңыз….. оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;  мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;

Нұсқауларға назар аударыңыз…..

  • оқушы мұғалімнің нұсқауларын қатаң орындауы керек;

  • мұғалімге сұрақтар сабақтың түсіндірмесінен кейін, яғни мұғалім сұраған кезде ғана қойылады;

  • сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатта жазуға тыйым салынады;( тек дыбыс болмай, естілмей қалған жағдайда ғана рұқсат беріледі);
Ата –аналар есіне…… 🖊️ балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;  🖊️ мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады  🖊️ сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;

Ата –аналар есіне……

  • 🖊️ балаға жауап бергенде орнынан тұрудың қажеті жоқ;

  • 🖊️ мұғалімнің рұқсатынсыз суретке, бейнетаспаға түсіруге, жүргізілген сабақты әлеуметтік желілерде жариялауға қатаң тыйым салынады

  • 🖊️ сабақ барысында ата-аналарға араласуға шектеу қойылады;

  • 🖊️ сабақта оқушының себепсіз қатыспай қалғаны үшін ата-ана жауап береді.
Сіздерден сұрайтынымыз….

Сіздерден сұрайтынымыз….

  • Балаңыздың аз уақыт онлайн болуын, көп уақытын өз бетімен жұмыс жасауын қадағалаңыз….
  • Үй тапсырмаларын уақытында орындап , мұғаліммен кері байланыста болуын қадағалаңыз….
  • Балаңыздың қосымша тапсырмалар орындауын, әдеби кітаптар оқуын,телеарна сабақтарын уақытында көруін қадағалаңыз…
Балаңызбен бірге……

Балаңызбен бірге……

  • Таңғы жаттығулар жасау;
  • Дұрыс тамақтану;
  • Би ұйымдастыру;
  • Кітап оқу
  • Бірге фильм көру;
  • Үй шаруасына тарту;
  • Өлеңдер жаттау
  • Тәжірибелер жасау;
Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алуда  бізбен бірге болыңыз …

Елімізде болып жатқан жағдайларға түсінушілікпен қарап, ертеңгі болашағымыз үшін үйден шықпай білім алуда

бізбен бірге болыңыз


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Карантин кезінде балалармен ата-ананың қарым-қатынасын реттеу

Автор: Беккулова Нұрай Нұрлыбекқызы

Дата: 14.10.2020

Номер свидетельства: 560096


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства