kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?айталау 5 санын ?осу ж?не азайту

Нажмите, чтобы узнать подробности

 1)Екі амалдан т?ратын ?рнектермен ж?не бас?адай тапсырма-

ларменбайланыстыесептеулерде5санынкестелік?осу мен

азайтуды?олдану; Онды?танаттайтынжа?дайларда 5санын

?осуж?неазайтуерекшеліктерітуралы?орытындыжасау;

  2)Ойындар мен т?рлі 5 санынабайланыстыізденісж?мыстары

ар?ылыойлау?абілеттеріндамыту.

 3) шы?армашылы?тапсырмалардыорындауда,

бір-біріментатулы?та, досты?таж?мысістейбілуге, бір-біріне

к?мектесебілуге баулу, шапша?ды??ат?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?айталау 5 санын ?осу ж?не азайту»

Сарқан ауданы, Бақалы ауылы, Ағарту бастауыш мектебі

Садыбаева Қарлығаш Сапарғалиевна бастауыш сынып мұғалімі.

2 сынып математика

Сабақтың тақырыбы:Қайталау 5 санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:

1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма-

лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен

азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санын

қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;

2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары

арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

3) шығармашылық тапсырмаларды орындауда,

бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істей білуге, бір-біріне

көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, оқулық, қағаздар, қарындаштар

Сабақ түрі: аралас

Сабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыру

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. «психологиялық дайындық»

*Ауызша есептеулер.

1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,

Қайтып қонды екі қаз, Қонбады оның нешеуі? (7-2=5)

Алты бұзау жүр еді. Жатып қапты біреуі

Әлде шаршап қалды ма, Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)

Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?

5 баға, бесбұрыш, 5тең, 5 алып, 5тұлпар, 5арыс, 5қару, 5бақыт, 5жігіт 5жетім , 5тас, 5саусақ, 5дұшпан, 5асыл.

Балалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.

5 алып

1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,

әнші-сазгер.

2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқын

дүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан

4.Қазақбай қажы палуан

5.Қасымхан палуан

5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.

5 бақыт

1.Астыңдағы атың жүрдек болса,

Жалғанның пырағы.

2.Алған жарың жақсы болса,

Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.

3.Әкең асқар тау.

4.Шешең қайнар бұлақ.

5.Балаң жақсы болса,

Екі көзіңнің шырағы.

5 жетім

1.Иен қалған жер жетім,

2.Басшысыз қалған ел жетім.

3.Аққу-қазсыз көл жетім.

4.Тыңдалмаған сөз жетім.

5.Іздемесе қыз жетім.

5 дұшпан: Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

5 асыл: Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау

5 саусақ: Басбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек

Сабақтың мақсаты:

сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарлау.

5 санын қосу мен азайтуды қайталау.

5 санын қосу кестесін есімізге түсіреміз. ±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бір таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)

Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?

6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Оқулықпен жұмыс

№1 8+5=(8+3)+2=13

9+5=(9+1)+4==14 13-5=(13-3)-2=8 14-5=(14-4)-1=9

5+8=(2+8)+3=13 5+9=(1+9)+4==14 13-8=(13-3)-5=5

Сергіту сәті. «Табиғат»

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз.

Көбелектей қонамыз.

Карточкамен жұмыс

№2 Теңдеулерді шеш.

Х+5=12 х+5=13 12-х=5 13-х=5 х-5=7 х-5=8

Жылдамдыққа «Асық алу» сұрақтарға жауап

1.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады.Әр қайсысы неше сағаттан ойнады?

2.Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. Жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?

3. Бір килограмм темір мен бір килограмм мақтаның қайсысы ауыр?

4.Түнгі сағат онда жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

5.Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әрбір бұрышта бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?

6.Алты метрлік бөренені бес рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай?

7.Болат сенбі күні кешкі сағат 9-да ұйықтауға жатты. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңернтеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады?

8.2 әкесі және 2 баласы 3 қоян ұстап алды. Әрқайсысына қанша қояннан келеді?

9.Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?

Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түзейміз.

4 Есептерді салыстыр. Не байқадың? Шығар.

Мектепте 4 тәрбиеші және одан 20-сы артық мұғалім бар. Мектеп ұжымында барлығы неше адам жұмыс істейді?

Шешуі:( 4+20)+4=28 Жауабы: 28 адам жұмыс істейді

Мектепте 4 тәрбиеші жұмыс істейді. Одан 20-сы артық мұғалім бар. Мектеп ұжымында барлығы неше мұғалім жұмыс істейді?

Шешуі: 4+20=24 Жауабы: 24 мұғалім жұмыс істейді.

**Логикалық тапсырма Осыған кері есеп құрастыр.Теңдігі 5-ке тең болу керек.

5+4= 9-4=5 8+5=13-8=5

5+5= 10-5=5 9+5=14-9=5

7+5= 12-7=5 3+5=8-3=5

«Себетке алма жинау» ойыны

№6 есеп

(11-5)+4=20 10-(11-6)=5 10+(31-5)=36

0+(51-5)=46 (41-5)+1=35 (21-5)+10=26

Сергіту сәті. «Көршіңді тап» адасқан сандар. 1,2,3,4,5.

Сабақты қорытындылау.

Шығармашылық тапсырма : Қай түс жоқ?

Ондықтары әртүрлі бірліктері 5-ке тең екі таңбалы сандарға 5-ті қосу оған кері амал құрау теңдігінің бірліктері 5-ке тең болу куерек.

5+5= 10-5 = 5 35+5=40-5=35 65+5=70-5=65

15+5 = 20-5 =1 5 45+5=50-5=45 75+5=80-5=75

25+5 = 30-5 =25 55+5=60-5=55 85+5=90-5=85

Үйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау) 78-бет

Оқушыларды бағалау








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?айталау 5 санын ?осу ж?не азайту

Автор: Садыбаева ?арлы?аш Сапар?алиевна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315031


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства