kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі: мәселе, пікір, ұсыныс" тақырыбына ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

" Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі: мәселе,пікір,ұсыныс" тақырыбына ғылыми жоба бастауыш сынып ұстаздары мен оқушыларына арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі: мәселе, пікір, ұсыныс" тақырыбына ғылыми жоба»

Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі



Жоба тақырыбы:Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі: мәселе, пікір, ұсыныс

Орындаушы:Зекенова Малика Архатқызы, 3В сыныбы

Жетекшісі: Мухаметрахимова Айнур Есимхановна

Мазмұны

Кіріспе

  1. Мәселе: Басқа елдердің мысалындақалай болды

  2. Пікір: Қазақстанға қаншалықты қажет

  3. Ұсыныс: Латын әліпбиінің мүмкіншіліктері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе

2017 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. 

Бүгінгі күнде шетелдерде мекендеп жатқан қазақтардың саны туралы нақты мәлімет бір ізге түспеген. Кездескен мәліметтерде олардың ұзын саны 3,5 миллион мен 5 миллионның аралығында екендігі айтылады. Шамамен айтқанда, Ресейде 1 миллион 400 мыңға жуық, Өзбекстанда 1 500 миллионға жуық, Қырғызстанда 70 мыңға жуық, Түркіменстанда 80 мыңға жуық, Моңғолияда 100 мыңнан астам, Қытайда 2 миллионға жуық, Еуропада 30 мыңға жуық, Түркияда 20 мыңнан астам, Ауғанстанда 28 мыңға жуық, Иранда 3 мыңға жуық, Украинада 10 мыңға жуық, Тәжікстанда 10 мыңға жуық, Әзірбайжанда 4 мыңға жуық, Грузияда 3 мың қазақ бар деп есептеледі[1].

Жалпы демографтар әлемде 15 миллион қазақ бар дегенді айтады, бұл деректерге сүйенсек, яғни халқымыздың үштен бір бөлігі шетелде тұрады екен. Олардың үштен екі бөлігі, Ресей, Украина мен Монғолияны санамағанда, кириллицаны мүлде білмейді, еліміз, жеріміз туралы ақпаратты ғаламтордан алады. Олар басқа әліпби негізінде білім алған азаматтар, оларды елге тартуда көптеген тосқауылдар бар, соның бірі – кириллицамен жұмыс жасай алмаулары.


1 Мәселе: Басқа елдердің мысалында қалай болды

Қазыргі таңда латын әліпбиі адамзат қоныстанған барлық континенттерде таралған (жер шары халқының 40%). Еуропаны айтпағанда, ол Солтүстік және Оңтүстік Американы толығымен, Африка мен Австралияның көптеген ірі елдерін, Оңтүстік-Шығыс Азияның Малайзия, Сингапур және Индонезия сияқты экономикалық дамыған елдерін қамтиды.Сонымен қатар латын графикасы әлемнің көптеген елдерінде баламалы нұсқа ретінде кеңінен қолданысқа ие, мысалға Үндістан, Пәкістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай.

Төмендегі картада жасыл түспен латын әліпбиінің дүние жүзіне таралуы көрсетілген, ол құрлықтың 60% астамын қамтыған[2].

Дүниежүзілік банктің соңғы деректері бойынша, бірінші «отызға» кіретін ең бай елдердің жиырма екісі латын әліпбиін қолданады, ал бірінші «ондыққа» кіретін елдердің - жетеуі. Егер жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлеміне жүгінсек, алдыңғы жиырма бай ұлттың он сегізі латын графикасын пайдаланады. Қазақстан әлемдегі беделін арттыруда осындай елдерге бой түзейді, солардың оң тәжірибесін игереді және қатарына ілінуге күш салады.

Бүгінгі күні әлемдегі басым тілдердің қатарында ағылшын тілі көш бастайды, оның негізі латын графикасы. Ағылшын тілі – бұл бизнестің, ғылымның және мәдениеттің әлемге ортақ тілі. Бұрын соңды адамзат тарихында бірде бір басқа тіл мұндай басымдылыққа ие болмаған. Ағылшын ақпараттық технологиялар мен бағдарламалардың ресми тілі, сандық экономиканы дамытудағы негізгі коммуникация құралы. Ғаламтордың 80% ағылшын тілінде. Жыл сайын басылымнан шығатын ғылыми әдебиеттің 45-57% да ағылшын тілінде. Яғни латын әлипбиіне көшу Қазақстандағы енді бір маңызды жоба – үш тілділіктің қарқынды жүзеге асуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сонымен қатар Қазақстан үшін латын әлипбиін бауырмал түрік елдерінің қолдануы өте үлкен қызығушылық туғызады. Қазыргі таңда әлемде алты тәуелсіз түрік мемлекеттері бар. Олардың төртеуі ресми түрде мемлекеттік тілдерінде латын графикасын пайдаланады: Түркия, Әзербайжан, Түркменстан және Өзбекстан. Түрік тілінің латын әріптеріне көшуіне келесі жылы 90 жыл болады, оны 1929 жылы Ататүріктің өзі кіргізген. Кеңестік тарихы бар елдерде бұл үрдіс ХХ ғасырдың 90 жылдары басталып, ХХІ ғасырдың басында аяқталды. Қазақстан – түрік әлемінің маңызды бөлігі, сондықтан ол жалпытүріктік үрдістерден шет қала алмайды.


2 Пікір: Қазақстанға қаншалықты қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақша жазуды латын әліпбиіне көшіруді хабарлағаннан кейін Ғаламторда оны жан-жақты талқылау басталды. Бұл реформаны жақтаушылар да, даттаушылар да табылды.

Жоба аясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірумәселесі жан-жақты қарастырылды. Бұл мақсатта арнайы сауалнама құрастырылып (Қосымша 1), халықтан сұрау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде келесі деректер алынды:


Университетте факультеттің деканы, 41 жаста

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі тәуелсіздік алғаннан бері жоспарланып келеді және барлық үрдістер жоспарға сай, ешқандай күтпеген оқыс жағдайлар болған емес. Оған көшу – әлемге интеграциялану және жаһандандыру үрдістерін жүзеге асыруды таңдау жолы. Бұған ешқандай саяси немесе геосаяси факторлардың қысымы әсер етпейді.

Бұл реформаны жүзеге асыруды кезең-кезеңмен жоспарлап өткізу қиындықтар туғызбайды, басқа елдердің оң тәжірибелері ескеріледі деп ойлаймын.


11 сынып оқушысы, 16 жаста

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін дұрыс деп санаймын, себебі жастарға басқа елдерде білім алу мүмкіншіліктері артады. Мысалы мен шетелге шыққанда, келеңсіз оқиғаға ұшырағанмын, олардың клавиатураларында кириллица болмағандықтан, мен электрондық поштаммен жұмыс атқара алмадым.

Қазыргі жастардың ағылшын тілін жетік білуі бұл реформаны жүзеге асыруда қиындықтар туғызбайды.


Дәрігер, 62 жаста

Мен үшін латын графикасын пайдалану мәселе туындатпайды. Латын әріпімен жазылған SMS – хабарламаларды бәріміз аламыз, оларды еш киындықсыз оқимыз. Мені басқа мәселе ойландырады –жиырмасыншы ғасырда қазақ халқы ғылыми және көркем әдебиеттің керемет бай қорын кириллицада жасады. Егер бұл әдебиетті уақытында латын графикасына көшіріп үлгермесе, жас буынның ата-бабамыздың мәдени мұрасынан айырылып қалу каупі бар.


Жеке кәсіпкер, 47 жаста

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін дұрыс деп санаймын, себебі саяхатшылар мен инвесторлар өздеріне түсінікті, қолайлы орталарға қарай таңдау жасайды. Оған көшу қиын болмайды деп ойлаймын. Біздің барлығымыз латын әріптерімен таныспыз. Тек біздің тіл мамандары жаңа әріптерді шығарамыз деп бұл урдісті қиындатып жібермесе болғаны. Менің ойымша, әріптердің аз болғаны тиімді. Сонымен мемлекеттік органдарда әрнеден кінарат іздейтін чиновниктердің санын азайтамыз.


Зейнеткер, 70 жаста

Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін дұрыс деп санаймын, себебі Қазақстанның көбінесе латын жазуын пайдаланатын өркениетті елдердің қатарына қосылуына септігін тигізеді. Бүгінгі Қазақстан – ол қарқынды дамуыменәлемге әйгілі мемлекет. Шикізат бізде көп.Жастар орысшадан гөрі, ағылшынша, қытайша білім алуға тырысады. Сондықтан бұл реформа заңды деп ойлаймын.


Студент, 18 жаста

Жазу ағылшын тіліне бейімделген болу керек деп ойлаймын. Америкалықтардың 50 пайызы ақпаратты смартфондардан алады. Ал бізде қазақ тілінде оған икемделген сайттарды табу өте қиын. Олар мүлдем жоқ деуге болады, себебі біздің нарық бұрыннан ресейлік сайттармен басып алынған, солар негізгі пайда табушылар. Біз өз ақпарраттық кеңістігімізді құруымыз қажет.Сондықтан орысша деректерден тәуелсіз болу үшін, латын графикасы керек. 


Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көптеген қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі.

Қазақ тіл білімі тарихында 1929 жылы қазақ жазуы ресми түрде латын әліпбиіне көшкен. Сонымен қатар, 1929-1940 жылдар аралығында латын әліпбиі қолданыста болған еді.

Ұлтымыздың басынан үш алфавит жүйесін өткергендігін білеміз. Олар: біріншіден - араб әліпбиі (1929 жылға дейін), екінші - латын әліпбиі(1929-1940 жылдары), үшіншісі - кириллицаға негізделген қазақ әліпбиі (1940жылдардан бүгінге дейінгі қазіргі әліпбиіміз).


Өткен ғасырдың 20 жылдарындағы қазақ газетінің логотипі[3].


«Біз кириллицаны жоққа шығарып отырған жоқпыз, мысалға онда қазақ тіліне қажет емес артық әріптер бар. Мысалға, қазақтарда «щ» және «я» әріптеріне сөздер жоқ. Жуан және жіңішкелік белгілері жоқ, тағы да «ч» мен «ц» да жоқ. Олар біздің әліпбиде болса да, қолданыста жоқ. Олар қазақ тілінің негізін бұзады» деді Елбасы.

Қазақстан халқы 18 миллионға жуық, оның 71 пайызын қазақ ұлты құрайды. Қазыргі күні халықтың 80 пайызы қазақ тілінде сөйлейді. Доминантты ұлт – қазақтар. Президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін қазақ тілін меңгеру 95 пайызға артады. Болжау бойынша 2030 жылы халық санында қазақ ұлтының үлесі 85 пайызға жетеді. Бұл деректер латын әліпбиіне көшу үрдісінің қажетті де маңызды реформа екендігін дәлелдейді[3].


3 Ұсыныс: Латын әліпбиінің мүмкіншіліктері

«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта­ның, ком­муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр­дағы ғылы­ми және білім беру үрдісінің ерекше­лік­теріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Ал ғалымдарымыз осы қаріпті қолдану арқылы әлемдегі ең дамыған өркениетті елдермен тереземізді теңестіре аламыз деген пікір айтып, оның тиімді тұстарын дәлелдеп бағуда.

2025 жылға дейін оқулықтар, мерзімді басылымдар, іс жүргізу, латын графикасында шығарылады. Қазыргі уақытта жаңа графикада әліпби бекітіліп, оны үйретуге дайындық басталды. Бұл реформа табандылықты, шыдамдылықты және қаржыны қажет етеді.

Шынымды айтсам, бастапқыда үйреніп қалған крииллицамен жүре бергеніміз жөн шығар деген пікірде болғанмын. Бұл мәселенің маңыздылығын терең түсінбеппін. Енді түрлі пікірлерді естіп, ойымды өзгерттім. Білмейтінім көп екеніне көзім жетті. Менің айтпағым, осы тақырыпты әлі де халық арасында талқылап, түсіндіру жұмыстарын көбірек жүргізген жөн. Әйтпегенде, латын әліпбиінің маңызын түсінбейтін жандар басқаша пікірде болуы мүмкін.

Ендігі кезекте Мемлекет басшысы атап өткендей ғалымдардың көмегімен қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасы бекітіліп, әдістемелік жұмыстар жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ, жаңа әліпбиді үйрететін сапалы мамандар қатарын көбейтіп, мектептерге арналған оқулықтар дайындалуы қажет.

Міне, осы мақсатқа қол жеткізіп, соның жеміс көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуі керек. Ал ғалымдардың еңбегін бағалап, ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешімге қолдау көрсету, жақсыны үйренбекке ұмтылу – жүрегі «елім» деп соққан әрбір қазақстандықтың абыройлы міндеті болмақ.


Қорытынды

Мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиі жас қазақ ұлтының патриоттық құндылықтарының дамуына зор ықпалын тигізетін құрал. Ол жаһандану үрдістерінен қалыс қалмауға мүмкіндік береді.

Дүниежүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір табан жақындаудың белгісі.Қазіргі уақытта құнды деректер латын әліпбиімен сақталуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған, болашақта қазақ графикасында жасалады деген ойдамыз. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып жатыр.

Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады демекпін.

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. http://alashainasy.kz/alashuni/shetteg-5-million-kazak-jutyilsa-atajurt-sagan-syin-55670/

  2. http://www.inform.kz/kz/elbasy-kazak-tili-alipbiin-latyn-grafikasyna-koshiru-turaly-zharlykka-kol-koydy_a3079173

  3. http://e-history.kz/kz/contents/view/6807


Қосымша 1

Сауалнама

  1. Сіздің қызметіңіз, жасыңыз_____________________________________

_____________________________________________________________

  1. Қазақстанның латын әліпбиіне көшуіне көзқарасыңыз

А) оң Б) теріс

Себебі___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Бұл реформаны жүзеге асыруда қандай қиындықтар тууы мүмкін_____

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі: мәселе, пікір, ұсыныс" тақырыбына ғылыми жоба

Автор: Мухаметрахимова Айнур Есимхановна,Зекенова Малика

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469749


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства