kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?азіргі білім беру жа?дайында?ы бастауыш сынып м??алімдеріні? жа?а ?діс-т?сілдерді ?олдануы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Секция атауы: «Бастауыш сынып м??алімдеріні? біліктілігін арттыруды? жа?а формалары»

Та?ырыбы: «?азіргі білім беру жа?дайында?ы бастауыш сынып м??алімдеріні? жа?а ?діс-т?сілдерді ?олдануы»

«Болаша?та е?бек етіп, ?мір с?ретіндер - б?гінгі мектеп о?ушылары, м??алім оларды ?алай т?рбиелесе, ?аза?стан сол де?гейде болады.

Сонды?тан ?стаз?а ж?ктелген міндет ауыр»

Н?рс?лтан Назарбаев

Мектепті? тірегі де, тілеуі де о?ыта білетін м??алім», - деп зерттеуші ?алым, ?о?ам ?айраткері Ахмет Байт?рсынов айт?андай, ?азіргі та?да заман а?ымына ?арай дамып келе жат?ан жас мемлекетімізді?  жас  ?рпа?ына білім беру ?стазды? міндеті. М??алімні? ?о?ам ?мірінде алатын орны мен олар ат?арып отыр?ан міндеттерді? айры?ша ма?ыздылы?ын Елбасымыз Н. ?. Назарбаев «М??алімдер  – ?о?амны? е? білімді, е? отаншыл, е? санампаз б?лігі болып табылады» деп те атап к?рсеткен болатын. ?р м??алім к?нделікті саба?та ?з ісін зерттеп, жа?ашыл ?діс-т?сілдерімен о?ушыны? білім сапасын арттырып, тере? білім беруі ?шін ?немі ізденісте болуы шарт.

?иыны мен ?ызы?ы мол білім беру ісінде ?ызмет етіп ж?рген ?стаздар ?рдайымда біліктіліктерін арттырып отыруы ?ажет. М??алім біліктіліктерін арттыру ?шін ?р т?рлі курстар?а барып, білімдерін толы?тырып, ізденіп, бас?а да ?ріптестерімен пікір алмасып, іс-т?жірибелерімен б?лісіп отыруы керек.

?азіргі жас ?рпа?ты? саналы да сапалы білім алуыны? бірден-бір шарты – білім беру ?дерісіне жа?а инновациялы? технологияларды енгізу екендігі с?зсіз т?сінікті.  Сонды?тан  ?ылыми-техникалы?  прогрестен  ?алыспай,  жа?а  педагогикалы? инновацияларды дер кезінде ?абылдап, ??деп, н?тижені пайдалана білу – ?рбір ?стазды? негізгі міндеті болып табылады.

?азіргі уа?ыт талабы м??алімнен ?р т?рлі ?дісті, ізденісті, жа?а идеяларды жан-жа?ты ?олданып, жа?аша о?ытуды? тиімді жолдарын тауып, оны к?нделікті іс-?рекетінде ж?йелі т?рде  ?алыптастыруды ?ажет етеді. Б?гінгі к?ні ?аза?стан Республикасыны? білім беру саласында ?лкен ?згерістер енгізіліп, б?секеге ?абілетті білім беру жан-жа?ты ?ол?а алынып отыр.

Білім беруді дамытуды? 2011-2020 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасына с?йкес ?аза?стан Республикасыны? жалпы білім беру оша?тарына арнал?ан Педагогикалы? шеберлік орталы?ы Кембридж университетіні? Білім беру факультетімен бірлесіп ?зірлеген педагог кадрларды даярлайтын ?осымша к?сіби білім беру ба?дарламасы ар?ылы ж?зеге асырылып отыр?анды?ын атап айту?а болады. ?азіргі кезде б?л ба?дарлама елімізді? барлы? білім беру мекемелерінде о?у ?дерісіне енгізіліп отыр. Атап айтса?, білім беру ба?дарламасыны? негізгі мазм?ны жеті модуль т??ірегінде ж?ргізіледі:

1. О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер.

2. Сын т?р?ысынан ойлау?а ?йрету.

3. О?у ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау.

4. А?паратты?-коммуникациялы? технологияларды пайдалану.

5. Талантты ж?не дарынды балаларды о?ыту.

6. О?ушыларды? жас ерекшеліктеріне с?йкес білім беру ж?не о?ыту.

7. Білім берудегі бас?ару ж?не к?шбасшылы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?азіргі білім беру жа?дайында?ы бастауыш сынып м??алімдеріні? жа?а ?діс-т?сілдерді ?олдануы»

Секция атауы: «Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың жаңа формалары»


Тақырыбы: «Қазіргі білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы»


«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары,

мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады.

Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр»

Нұрсұлтан Назарбаев


Мектептің тірегі де, тілеуі де оқыта білетін мұғалім», - деп зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі таңда заман ағымына қарай дамып келе жатқан жас мемлекетіміздің жас ұрпағына білім беру ұстаздың міндеті. Мұғалімнің қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп те атап көрсеткен болатын. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс-тәсілдерімен оқушының білім сапасын арттырып, терең білім беруі үшін үнемі ізденісте болуы шарт.

Қиыны мен қызығы мол білім беру ісінде қызмет етіп жүрген ұстаздар әрдайымда біліктіліктерін арттырып отыруы қажет. Мұғалім біліктіліктерін арттыру үшін әр түрлі курстарға барып, білімдерін толықтырып, ізденіп, басқа да әріптестерімен пікір алмасып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп отыруы керек.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – білім беру үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижені пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.

Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс-әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саласында үлкен өзгерістер енгізіліп, бәсекеге қабілетті білім беру жан-жақты қолға алынып отыр.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ошақтарына арналған Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген педагог кадрларды даярлайтын қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы арқылы жүзеге асырылып отырғандығын атап айтуға болады. Қазіргі кезде бұл бағдарлама еліміздің барлық білім беру мекемелерінде оқу үдерісіне енгізіліп отыр. Атап айтсақ, білім беру бағдарламасының негізгі мазмұны жеті модуль төңірегінде жүргізіледі:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.


Бұл Кембридж оқытушы-ғалымдарының ұсынған жаңашыл жобасының ерекшелігі-оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес келуі. Бағдарламаның тиімділігі - тыңдаушылар өз бетімен жұмыс істейді, сыни ойлайды, диалогтық қарым-қатынас орнатады, белсенді топтық жұмыс жүргізеді, оқуды бағалайды, талантты, дарынды балаларды және жас ерекшелігіне сәйкес оқыту бойынша іздене отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Аталған оқыту бағдарламасының басты мақсаттарын атап өтетін болсақ:

1. Педагог қызметкерлердің білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу;

2. Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау;

3. Әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту мен тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзыреттіліктің мейлінше терең деңгейін меңгеру.

Қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын қалыптастыру – мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру бәсекеге қабілетті мамандардың интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады.

Осыған байланысты бүгінгі таңда мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курс арқылы оқыту қолға алынған. Мен бұл деңгейлік оқыту курсын оқымасам да, оқып келген әріптестерімнен сұрап біліп, тәжірибе алмасуға тырысып келемін және қызығушылығым оянып, алдағы күнде оқуға міндеттімін деген ниеттемін.

Бұл бағдарламаның мұғалім үшін де, оқушы үшін де берері мол. Себебі, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуымен де тығыз байланысты.

Бостандық орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып бірлестігі қоғам талабы мен әлеуметтік сұраныстарға сәйкес оқушылармен жұмыс жасайтын мектептің жұмыс істеу функциялары мен принциптерін іске асыру, мектепішілік педагогикалық  технологиялар мен инновациялар қорының жұмысын жетілдіру мақсатында жұмыстанып келеді.

Мектепте педагогикалық шеберлікітерін аттыру мақсатында ұйымдастырылған жұмыстардың нәтижесінде мұғалімдер төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізеді:

  • әдіс-тәсілдерді іздейді, теория жүзінде оқиды, танысады, салыстырады.

  • үйрене, таныстыра жүріп өзі біртіндеп меңгереді,  үйретеді.

  • іс-жүзінде қолданған әдіс-тәсілдерді әріптестеріне көрсетеді,  таныстырады, бағыттайды.

  • іс-тәжірибесін тарата жүріп үйретеді, зерттейді.

  • әдістемелік құралдар, жұмыс дәптерлері  немесе оқулық, тестер т/б  шығарады.

  • оны қолданысқа ендіреді, таратады.

  • шығармашылық жұмыстарға (олимпиада, ғылыми жоба) жетелеп, оның нәтижесін көрсетеді,үнемі өз бетінше білімін жетілдіреді.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін демократияландыру баса айтылған. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтарындағы ерекшеліктер мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту баланың көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Дамыта оқыту баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыра алатын оқыту. Бұл жүйенің басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру. Жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Кәсіби біліктілік жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру және үнемі жетілдірілуге ұмтылыспен сипатталады. Кәсіби біліктілік ең алдымен ұстаздың ақпараттық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Мұғалім қоғам талабына сай өзін-өзі үздіксіз жетілдіріп отыратын, кәсіби білімді, жаңа технологияларды меңгерген, ортамен қарым-қатынасқа тез бейімделе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол қасиеттерді жинақтағанда ғана кәсіби құзыретті білікті ұстаз бола алады. Осыған орай қазіргі  таңда бастауыш сынып мұғаліміне кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастырып, білімін жетілдіру мақсатында мына міндеттер жүктеледі:

  • Өзінің кәсібіне деген қызығушылығын арттыру,

  • Өзін кәсіби маман ретінде сезіну

  • Педагогикалық біліктілігі сауаттылығы

  • Педагогикалық үдеріс теориясын өз тәжірибесінде пайдалана алуы,

  • Бастауышта оқытылатын пәндердің теориялық білімділігі,

  • Шығармашылық қабілетінің болуы,

  • Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру, пәндерді оқытуда компьютерді пайдалана алуы,

  • Өзінің педагогикалық жетістігі мен кемшілігін бағалай алуы.

  • Нәтижені пайымдай білуі.

Осы аталған міндеттерді қарастыра отыра, үйрену мен ізденуді қажет ететін сала ашыла береді.

ХХІ жаһандану ғасырында бастауыш мектеп мұғалімінің іс-әрекетінің мазмұны мен сапасы жағынан өзгеріске ұшырады – ол дамитын әлеуметтік-мәдени ортаның жобасын жасай алатын педагог; баланың жеке тұлғалық-бағыттылық оқуын жүзеге асыра алатын педагог; компьютермен және интернет желісімен жұмыс істей алатын педагог; оқушыны жаһандық білім мен біліктерді игеруге бағыттай алатын педагог болуы қажет.

Бұл өз кезегінде, мұғалімнің мұндай жаңа және өте күрделі қызметі оның кәсіби дайындығының сәйкес деңгейін талап етеді. Бастауыш сынып оқушыларының дамуы оқу пәндерінің құралдары арқылы жүзеге асатын болғандықтан, мұғалім, ең алдымен, орыс тілін, әдебиетті, математиканы, жаратылыстануды да жақсы білуі қажет.

Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.   Бүгінгі күн  мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпықоғамдық мәселе ретінде қарастырғандықтан, білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажетті әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін, шыңдалуын  көздейді.

Мұғалім – бүгінгі  оқушы – ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс.

Біліктілікті арттыру курстары арқылы мұғалімдерді оқытуда оқытушы жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқытушының осындай әрекетіне білім алушы мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз.

Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатында мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру көкейтесті мәселелердің бірі болып отырғандығын айта келе, Қазақстан Республикасы   Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік  жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған. Әрине, бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мұғалім үнемі өз білімін жетілдіру керек деген көзқарасты ұстанамын. Сол себепті заман талабына сай құзіретті мұғалім ретінде өз білімімді әріптестеріммен бөлісіп, жетілдіруге тырысып келемін.

Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде:«Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады», деген. Бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас  жүйе.

Сабақ ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерекшеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс-тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға деп атап көрсеттік. Сол себепті мен сабақ беру барысында қолданылған мақсат - жаңа әдістерді ықпалдастыра отырып, оқушыларды жаңа оқыту түріне қарай бағыттау, білім алуға оң көзбен қарауға ықпал ету және өз күшіне деген сенімділікті арттыру болды. Сабақ барысында топпен, жұптасып ынтымақтастықпен жұмыс істеуге дағдылануды, білімді саналы түрде игеруге, бір-бірін оқыта алатынына, көмек беруіне, жауапкершілікті сезінуге, қолдау көрсетуге дайын екендіктерін көрсетті. Мұндайда коллаборативті орта- таптырмайтын тиімділік деуге болады.

Бұған қоса, дамытпалы оқуды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасына, оның даралығына көңіл бөлу педагогика мен психология саласындағы, әсіресе, тәжірибелік психология саласындағы терең білім мен білікті қажет етеді. Бастауыш сынып мұғалімінің қажетті психологиялық дайындығының болмауы қазіргі уақытта әдеттен тыс жағдайға әкеледі: баламен жұмыс істейтін мұғалім мектеп психологынан көмек сұрауға мәжбүр. Мұғалімге, әрине, оқушыларды оқытудың белгілі бір әдістемелік жүйесін таңдауға, оны іс жүзінде сауатты іске асыруға мүмкіндік беретін тіптен басқа әдістемелік дайындық қажет. Ол әр түрлі балалармен (дарынды, оқуға деген жоғары ынтасы бар, қиын және т.б.) және олардың ата-аналарымен жұмыс істей алуы керек. Осыған орай, бастауыш мектептің жаңа мақсаттары педагогтан жақсы дамыған зерттеу біліктерін – оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесінде пайда болатын қиындықтарды бақылау, айқындау мен шешуді талап етеді. Осы талапты іске асыру үшін әрбір мұғалім инновациялық білім беру технологияларын дұрыс таңдап алып, осы әдіс-тәсілдерді сабақ үстінде жүйелі түрде түрлендіріп қолданады. Жаңа әдіс-тәсілдерді дамыта отырып, қалай оқу керектігін үйретіп, іс жүзінде жүзеге асыруды көздейді. Қалайда оқушылардың бойындағы қабілеттерін тани түсудің жолдарын қарастырады. Әрбір мұғалім әдіс-тәсілдерді пайданып, оқушылардың білім сапасын көтеру үшін жан-жақты шығармашылықпен зерттей жұмыс жасауды алдарына мақсат етіп қою керек. Әдіс-тәсілдердің негізгі идеясын басшылыққа алып, оқыту мен оқу үрдісінде оқушылардың пікірімен санасуға, оларда сыни көзқарас қалыптастыруға, шығармашылықтарын арттыруға байланысты жұмыстарын жетілдіруі тиіс.

Қазіргі мұғалім ақпаратты білім беру ортасын дамыта отырып, білім берудің тиімді жолдарын іздестіруге белсене атсалысады. Мұғалім білім беру үрдісінің талабына сай педагогикалық-психологиялық негіздерін біле отырып, оқыту үрдісін ұйымдастырады. Жаңа ақпаратты білім беру ортасының дидактикалық негіздерін білу және ғаламтор ресурстарын пайдалана білу мұғалімді жетістікке және нәтижеге жеткізеді. Білім берудің жаңа түрлерін пайдалана отырып, тек қана дәстүрлі оқу құралдарымен шектеліп қалмай, міндетті түрде ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану керек. Қазіргі жағдайда білім беру жүйесінде айтып өткендей жағдайлар жасалып келеді, сол мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалана алуымыз қажет. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуіне, ең алдымен ата-анасы, одан соң білім алатын алтын ұясы, ондағы ұстаздары және қоршаған ортасына байланысты. Ұстазға қойылатын талап пен тілек қашан да ортақ.

«Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер–білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» – деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен  тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – білімді ұстаз. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы ғана емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты ұстаз болып саналады.

Осыған орай, «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген қазақтың көрнекті жазушысы Ж.Аймауытұлының қанатты сөзін ескере отырып, әр ұстаз өзінің білімін, қоғамдағы өзгерістерден қалмай, өз білімін жетілдіру курстарын оқып отыру керек деп ойлаймын. Ой-өрісі кең, жан дүниесі бай, кәсіби білімі жоғары маман, қайталанбас дара тұлға ретінде біліктілігімізді арттыра отырып, кемел келешегіміз үшін, Егемен еліміздің болашағын шығармашылық тұлға ретінде қалыптастыруда, сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында бірігіп қызмет етейік, білік дағдыларымызды, жаңаша әдіс-тәсілдерімізді ортаға салып, тәжірибе алмасайық.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту   Алматы – 2005

2. Қазақстан мектебі № 8. 2010 жыл 

3. Ғаламтор «Google» cайты

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Шынтемирова Гүлжан Каримоллақызы

1. Аты-жөні (толығымен): Шынтемирова Гулжан Каримуллиновна

2. Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы: ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі

3. Мекеме атауы, бөлімшесі: Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі

4. Мекен-жайы, телефон, E-mail: БҚО, Казталов ауданы, Бостандық ауылы

5. Мақала атауы: ««Қазіргі білім беру жағдайындағы бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы»»

6. Секция: «Бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың жаңа формалары»







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Шынтемирова Гулжан Каримуллиновна

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 313334


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства