kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Интербелсенді ?дістерді? жа?ымды ж?не жа?ымсыз жа?тары.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасында?ы білім беруді дамытуды? Мемлекеттік ба?дарламасында ай?ындал?ан міндеттерді ж?зеге асыру, сапалы білім беру ар?ылы жо?ары білікті мамандарды ?алыптастыру, оны? ішінде ?о?амны? с?ранысына ?ажетті мамандарды дайындап, білім мен ?ылымды кіріктіру ар?ылы білім беруді? сапасын арттыру ж?не а?паратты?- комуникациялы? технологияларды тиімді пайдалану м?с?л?л?ріне ?ол жеткізу, еліміздегі білім беру ж?йесін д?ниеж?зілік озы? т?жіибеге сай реформалауды п?рменді ж?ргізуді талап етіп отыр. ?азіргі кезде білім беру саласында?ы ?зекті м?селе – білім мазм?нына жа?алы? енгізуді? тиімді жа?а ?дістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевты? «?лтты? б?секеге ?абілеттілігі бірінші кезекте оны? білім де?гейімен аны?талады» деген байламы мектептерге зор ма?саттар мен міндеттер ж?ктейтіні белгілі. Ал а?параттар?а с?йенер болса?, кез-келген елді? экономикалы? ?уаты, хал?ыны? ?мір с?ру де?гейіні? жо?арлы?ы, д?ниеж?зілік ?ауымдасты?та?ы р?лі мен салма?ы сол елді? техникалы? даму де?гейімен аны?талады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Интербелсенді ?дістерді? жа?ымды ж?не жа?ымсыз жа?тары.»

Интербелсенді әдістердің жағымды және жағымсыз жақтары.


Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру, сапалы білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды қалыптастыру, оның ішінде қоғамның сұранысына қажетті мамандарды дайындап, білім мен ғылымды кіріктіру арқылы білім берудің сапасын арттыру және ақпараттық- комуникациялық технологияларды тиімді пайдалану мәсәләләріне қол жеткізу, еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік озық тәжіибеге сай реформалауды пәрменді жүргізуді талап етіп отыр. Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.
Әлеуметтік ақпараттардың көлемінің өсуі, ақпараттық мәселені әлдеқайда актуалды орынға шығарды. Мұны күн сайын өсіп отырған деректермен, әдебиеттермен жұмыс жасап отырған мұғалімдер тез сезінді. Оқу құралының төңірегінен шығу үшін деректерді іздеп, қажетін таңдауда мұғалімнің әрекетінде көп қиындық кездеседі. Деректерді кең түрде пайдалану мұғалімдер мен оқушылар дамыған ақпараттық оқыту технологиясы мен жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетті игергенде ғана мүмкін «Ақпараттық технологияны игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жаңа технология негізінде ақпаратпен жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпараттық мәдениетін білдіреді» делінген ақпаттандыру тұжырымдамасында.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр.

Мұғалім сабақта ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің тереңіне бойлай алады, әрі оқытудың бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береді. Бұл оқу пәнінің әдістемесіне де әсер етпей қоймайды. Ең бастысы, ақпараттық технологияларды жаратылыстану және математика пәндерінде қолданудың оқыту әдістемесін әлі де дамыта түсуіміз керек. Бүгінгі семинардың мақсаты да осы болып отыр. Білім берудің кез-келген саласында қол жеткен табыстар Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қалуына мүмкіндік туғызатыны анық. Еліміздің білім берудегі саясаты, білім жүйесіне түбегейлі өзгерістер жасай отырып әлемдік білім кеңістігіне бірігу екені дәлелі. Оның мақсаты оқу үрдісін шығармашылықпен ұйымдастыруға еркіндік беру арқылы ұстаздарқауымының белсенділігін арттыру. Сонымен қатар бұл кезде оқытудың мынандай технологиялық аспектісінің маңызы зор екендігін ескеру қажет:
-оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және ұсыныстармен бірге көреді;
-интербелсенді тақта мүмкіншілігін пайдаланып, компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы мәдениетінің деңгейі мен ықыласын көтереді.
Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізеді:
-оқу материалын терең түсінуге;
-оқу мотивациясының артуына;
-алған білімінің ұзақ уақыт есте сақталуына;
-білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына т.б.

Еліміздің білім беру мекемелерінің алдында тұрған ең басты міндет- кәсіби біліктілігі жоғары педогог мамандарды даярлау және сол мамандардың білім, білік, іскерлік, шеберлілігін мектептерде көрсете білу тиіс.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көрініс табатын оң алғы шарттары қалыптасып келеді.

Интерактивті тақатмен оқытудың әдеттегі оқыту әдісінен айырмашылығы көп емес. Мұғалім қолданатын технологиялық құралдарға қарамастан сабақты сәтті өткізудің негіздері бірдей. Ең алдымен, кез-келген сабақтың белгілі бір мақсатқа және нәтижеге жететін нақты жоспары, құрылымы болуы керек. Мұның бәрі де оқушыға материалды жақсы меңгерулеріне көмектеседі және өз білетіндерімен сәйкестендіруге септігін тигізеді. Қалыпты мектеп сабағын қазіргі педагогикалық және оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын сәйкестендіріп өткізу маңызды.

Қазіргі кезеңде интерактивті оқыту әдістерінің төмендегідей жетілу мүмкіндіктері бар: моделдерді, гипермәтіндерді жасау және көрсету, презентациялау.

Интерактивті тақта- сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс.

Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Компьютерлік үлгерудің көмегімен оқытудың белсенділігін арттыруға толық мүмкіндік береді.

Ұстаздар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Интерактивті тақтада оқушылармен жаңа материалды бірігіп талдауға мүмкіндік зор. Сондай-ақ оқытушылар үшін абстрактілі ойлар мен тұжырымдарды түсіндіруде құнды құрал болып табылатыны анық. Тақтада оп-оңай ақпаратты өзгертуге болады немесе жаңа нысандарды жасауға және жылжытуға да тиімді. Оқытушылар өз қимылдарын түсіндіре отырып ойларын ауызша жеткізуге болады. Осылайша бірте-бірте оқушыларды қатыстыру арқылы идеяларды тақтаға жаздыруға ұласады. Интерактивті тақтаны жүйелі, тиімді пайдалану оқыту үрдісін ізгілендірудің негізгі құралы болып табылады.

Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресустарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні белгілі. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқытушылар оқушылардың білімдерін тексере де алады.

Кейбір идеяларды түсіну үшін қойылған дұрыс сұрақтар дискуссияны өрбітіп, оқушылардың материалды жақсы түсінулеріне мүмкіндік туғызады.

Талдау жүргізуді басқара отырып, ұстаз оқушылардың шағын топтарда жұмыс жасауларына жол сілтейді. Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдың барлығы алдын керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқында өтуін қамтамасыз етеді.

Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын-ала дайындап, қолданылатын басқа ресурстарға бекітуге болады. Соңғы уақытта біз білімді ақпараттандыру жайлы жиі естиміз. Мұның астарында компьюлендіру- бұл әдетте техникалық пәндерді оқытатын компьютерлік оқу бөлмелерін құру деген мазмұн тұр. Бірақ «ақпараттандыру» термині анағұрлым кең түсінілуі қажет. «Интернетке шығатын информатика оқу бөлмесіне» қарағанда, ақпараттандыру нәтижесі айтарлықтай үлкен мүмкіндіктер туғызуы мүмкін.

Интербелсенді тақтаның жағымды жақтарымен қатар жағымсыз жақтары да бар:

А) 25 минуттан артық оқушылардың алдында қосуға болмайды;

Ә) Екі бала қатар тақтада жаза алмайды;

Б) Энергия қуатын көп пайдаланады;

Мен де осыған орай сабақтарымды қызықты өткізу үшін интербелсенді тақтаны, электронды оқулықты, интернеттен алынған қосымша мәліметтерді қолданамын.Мысал ретінде 8 сыныпта өткізілген «Қазақстандағы топырақ түрлері» атты сабағымды ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Қазақстандағы топырақ типтері, топырақ эрозиясы, оны қалай қорғау туралы жалпы түсінік беру; оқушылардың электрондық оқулық пен картаны пайдалану арқылы олардың ой-өрісін, зейінін, дағдысы мен іскерлігін пәнге деген қызығушылығын дамыту; оқуларды ұқыптылыққа, әдептілікке, әдемілікке, экологиялық тәрбие беру арқылы адамгершілікке баулу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың түрі:электронды оқулықты пайдалану арқылы модульдік оқытудың «Бақытты сәт» кезеңі бойынша іздену сабағы.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, экология.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушыларды түгендеу

Ә)Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І гейм. «Бой сергіту» (Ауызша сұраққа жауап алу)

Таным- таразысы




А) бой сергіту

(сұрақ-жауап)

Б) мені түсін

(1,2 оқушы әңгімесін сұрау)




Ә) алтын қоржын

(үлестірме қима қағаз)





1Алғашқы жұқа топырақ қабаты осыдан неше жыл бұрын қай кезеңде пайда болған? (500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде.)

2. Топырақтану ғылымын зерттеген ғалым кім? (В.В Докучаев)

3. Құрылымы жоқ қандай топырақ? (Түйіршіктері ұсақ)

4. Қандай топырақтар біріккіш келеді? (саз бен шірінді)

ІІ гейм. «Алтын қоржын» (Үлестірме қима қағаз)

ІІІ гейм. «Мені түсін» (1,2 оқушыдан әңгімесін сұрау.)

ІІІ Үй тапсырмасын қорыту.

IV Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен тагыстыру.

Модуль

құрылымы

Сағат саны

Модульдің мазмұны

Уақыт мөлшері

Ескертпе

Кіріспе

1 сабақ

  1. Модульге кіру

2.Қазақстанның топырағы.

5 мин

40 мин

Әңгіме

Сұхбат

Негізгі бөлім

2 сабақ

  1. Қазақстанның топырақ типтері

45 мин

Ойын «Бақытты сәт»

Қорытынды сабақ

3 сабақ

№6 сарамандық жұмыс

45 минут

Сарамандық жұмыс

Топырақ эрозиясының түрлері

Топырақтың жел эрозиясы

Топырақтың су эрозиясы




Шаңды дауыл

Жел эрозиясы

Топырақтың жайылуы

жел




Таудағы эрозия




Сел тасқыны





Сабақты бекіту:

Бейнефильмнен «Шарын» шатқалын көрсету.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Сөзімнің соңында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биыл-
ғы жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді бей-жай қалдыра алмайды: «Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ» - деген болатын. Осындай зор міндеттерді атқарып жүрген ұстаздарға денсаулық пен шығармашылық қабілет тілеймін.

Кез-келген білім барысының назарында білімге жетелейтін оқушы тұр. Егер де оқушы «Керек» деген ынтадан «Маған қызық, менің білгім келеді» деген ынтаға келсе онда бұл жолдың қуанарлықтай және жемісті болғаны. Бұл міндетті шешу оқыту барысында интерактивті тақта қолдануға себеп болар еді.

Білім беруді ақпараттық-коммуникациялық технологияның барлық мүмкіндіктерін кіріктіру оқушылардың өзіне жәнеөз біліміне қатысты танымдық қызметін, шығармашылық талабын, белсенді бағыттарын ынталандыруға көмектеседі.

Қазақстанда оқыту ісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу білім беру сапасын артыруға көмектеседі. Мектеп мұғалімдерінің әдістемелік өсу деңгейін көтеруді қамтамасыз етеді.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан мектебі журналы.

  2. География в школах а Вузах Казахстана.

  3. Сынып жетекшісі журналы.

  4. Интернеттен алынған қосымша мәліметтер.

Әлия Ертайқызы Наурузбаева

Бастауыш сынып мұғалімі

№2ЖОББМ.Ақсу қаласы



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Интербелсенді ?дістерді? жа?ымды ж?не жа?ымсыз жа?тары.

Автор: Наурузбаева Алия Ертаевна

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292398


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства