kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғылыми жоба "Компьютерлік вирустар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ғылыми жоба "Компьютерлік вирустар"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғылыми жоба "Компьютерлік вирустар"»

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС



Бағыты: Жаратылыстану-математика

Секциясы: Информатика

Тақырыбы:


Орындаған: Сағидолда Әйгерім 6-сынып оқушысы

Жетекшісі: Информатика пәнінің мұғалімі

Қалалбекова Аида




2016 – 2017 оқу жылы


ЖОСПАР
Кіріспе
І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
1.1. Компьютерлік вирустар түрлері 

1.2.Компьютерлік вирустардың тарихы
1.3. Компьютерлік вирустардың пайда болу белгілері

1.4. Компьютерлік  вирустардың  жіктелуі.
ІІ. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары
2.1. Компьютерлік вирустан емдеу жолдары.
ІІІ. Салаунама және оның нәтижесі

IV. Ұсыныс
Қорытынды
V.Пайдаланылған әдебиеттер






Аңдау хат


Мақсаты: Компьютерлік вирустарды және олардың түрлерін анықтап, вирустардан қорғану жолдарын іздестіру. Қазіргі кезге лайықты антивирустық программалардың түрін анықтау.

Міндеті:

  • Тақырып бойынша терең білім алу;

  • Бағдарламаның мүмкіндіктерін игеру;

  • Компьютерлік вирустардан сақтану шараларын айқындау;

  • Антивирустық программалармен жұмыс жасау;

  • Антивирустық программалармен вирусты жою.

Болжам: Егер, компьютерлік вирустар және олардан қорғану туралы ақпарат берсем, онда оқушылар вирустардан қорғану жолдарын білетін болады.

Зерттеу тәсілі: ақпараттар жинау

Зерттеу объектісі: компьютерлік вирустар

Күтілетін нәтиже: Компьютерлік вирустар туралы мәліметті жетік меңгеріп, үйренсек, олармен күресу мүмкін.

Өзектілігі: Компьютерлік вирустардан қорғанудың жолы - вирусқа қарсы бағдарламаларды қолдану болып табылады. Қазіргі кезде антивирустық бағдарламалар көптеп шығарылуда, бірақ олармен күресу жолдары аз.























І. Кіріспе

Қазіргі кезде мемлекетіміз бәсекеге 50 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет. Мен зерттеу барысында компьютерлік  вирустардың  мүмкіндіктерін зертедім. Мен бұл тақырыпты алған себебім қазақ жастары жаңа технологияны пайдалана білу керек емес па? Сол сепбеті  висрустарды  компьютерлерден  сақтану жолдарын  әрбір қазақ азаматы дұрыс пайдалану үшін ай сайын курстар өткізіп тұру керек. Біздің тәуелсіз ел болғанымызға 15-16 жылдай уақыт. Әрине бұл аз. Жаңа ақпараттық технологиялар дамып жетісе қойған жоқ. Мен бұл жағдайға қарамастан жаңа ақпарттық-коммуникациялық технлогияларды дамытамын. Мен алдағы уақытта компьютерлік   антивирустардың  жаңа түрін шығарғым келеді.  Бүгінгі таңда еліміздің орта және жоғары оқу орындарында сабақ үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану міндетке айналып отыр. Қазіргі біздің өмір сүріп жатқан кезіміздің  ақпараттандыру заманы деп айтуға болатының екенің бірі біледі. Компьютерсіз осы кезде бірде-бір жұмыс орындалмайтын сияқты. Біздер технологияның өсуімен жетістіктеріне  ат салысып күресудеміз. Әрбір ел болсын, өзінің ақпараттандырырылған  жақтарынан мақтан ұстап, әлемге жар салуда. Бұлардың барлығы  дерлік үлкен жетістіктер. Бірақ, біз адам балалары  өзіміздің денсаулығымызды естен шығарған сияқтымыз.  Ия, мемлекеттің ақпараттандырылғаны барлығымызға жақсы. Қазіргі  заман талабына сай  ақпараттық технологияны,  болашақта  еңбекке  деген, өмірге, білімді жалғастыруға  пайдалану.

 

 











1.1  Компьютерлік  вирустарға  жалпы сипаттама

ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеумен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылды. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлуінде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар. Сондықтан да біздер компъютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай қадергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек. Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компъютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті. Компьютерлік вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін.Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с.). Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадыда ВОВ - ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады. Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компъютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады. Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

—  кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

-  экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

-  компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

—  көптеген файлдардың бүлінгені байқалады және т. с. с.



1.1. Компьютерлік вирустар түрлері


«Троянский конь» - тiкелей қатысуды талап етпейтiн, бағдарламаға айырмашылықты өзі орындайды. Ол әдетте әрбiр операциядан алдын ала ашық есеп нақтылы сомадағы бөлiп шығаруы үшiн қылмыскерлермен қолданылады. 


«Троянская матрешка»- бөгде программалық қамтамасыз етудін бағдарламалары жойып ,өз-өзін құртып жібереді.


«Салями» - осы әдiс компьютер техникасының құралдарының жылдамдығында негiзделген. Коммерциялық мәмiлелердiң iске асыруында дөңгелектенедi. 


«Логическая бомба» - әдiс жағдайлардың нақтылы күйiнде iстейтiн арнайы командалардың бөгде программалық қамтамасыз етуiне құпия енгiзу болады. Бұл әдiстiң бiр түрi уақытша бомба болып табылады. 


«Вирусы-черви» - бұл вирустар программалық файлдарды өзгертпейдi. Олар компъютер желiсiнен компьютерiнiң жадтарына кiредi, және басқа компьютерлердiң мекенжайларын есептейдi. Вирустың көшiрмесi басқа компьютерлерге жіберіледі.


«Паразитические» - программалық файлдарды мiндеттi түрде өзгертетiн вирустер мұнда кiредi.


«Әуесқойлармен жазылған вирустар - студенттiк» - мұндай вирустар қателерде көп болады, және арнайы бағдарламалармен оңай мәлiм болады.


1.2.Компьютерлік вирустардың тарихы

Компьютерлік вирустың «бірінші эпидемиясы» 1986 жылы пайда болды, Brain атты вирус (ағылшынша –«мозг») компьютердің дискеттерін «зақымдады». Вирустың ең бірінші прототипі 1971 жылы пайда болды. Боб Томас деген программист бір компьютерден екінші компьютерге ақпаратты жіберуді шешу үшін, өз бетімен бір компьютерден басқа компьютерге «секіретін» Creeper программасын құрды. Бірақ бұл программа өз-өзінен көбеймеді, зияны болмады. Фон Нейман (2-сурет)және Норберт Винер (3-сурет)программистері бірінші рет өз-өзінен көбейетін табиғи құрылымдарды зерттеді.


1-сурет

2 -сурет

















1.3.Компьютерлік вирустардың пайда болу белгілері


1.Кейбiр бағдарламалардың жұмысының бәсеңдiгi. 
2.Файлдардың өлшемдерiнiң үлкеюi. 
3.Бар болмаған бұрын оғаш файлдардың пайда болуы. 
4.жедел жадтың көлемiнiң кiшiрейтуi. 
5.Кездейсоқ пайда болатын түрлi видео және дыбыстық эффекттер.

1.4. Компьютерлік  вирустардың  жіктелуі.


Қазіргі  кезде  10 000  шамасында  компъютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте әсер етуіне, логикасына байланысты және көлеміне қарай топтарға жіктейді.

Компъютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі. 

«А» 648 байт

«В» 1701 байт

«ұстауыштар»

ДЭЕМ – дерде

«бейсуат»

«С» 1808 байт

«логикалық бомбалар

Көп машиналы  кешеңдерде

«шантаж жасаушы»

«С» 1808  байт

«құрттар»

Есептеу  желілерінде

«насихатшы» 

«Е» 1800 байт

«троян аттары»

Есептеу  желілерінде

«насихатшы»  

«N» n байт

«жолбарыстар»

Информациялық желілерінде

«насихатшы»  

«Z» n байт

ЭЕМ желілерінде

 «мағынасыз»

 

Логикасына және әсер етуіне қарай оларды шартты түрде мыналарға жіктеуге болады:

  • «Ұстауыш- вирустар» - программалық жабдықтар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктер пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

  • «Логикалық бомбалар» - қарапайым прогаммаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар орындалғанды ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға «жұғуға» тырысады.

  • «Құрттар» - жүйелік прогламмалаушылардың информациялық есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын  анықтау прогламмаларына  кіріп алып сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп қояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т.с.с

  • «Троян аттары» - қарапайым қолданбалы прогламмаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әркеттерді орындатады. Жасалу құрылмалы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компъютер желілерін жайлап алады.

 


ІІ. Қорғану тәсілдері

- Қосымша дискет құру; 
- Жүктеушi сектор сүзсiн және бастапқы жүктеушi сектордың көшiрмесiн

құру; 
- Файлдарды вирустарға тексеру, қоса архивтi.(ARJ,.ZIP,.RAR ); 
- Жедел жадты тексеру ; 
- Алдын ала тап қалған кесте бойынша диск автоматты тексеру; 
- Компьютерге файлдар олардың түсуiнде тексерсiн және диск сияқты немесе

торлық құрылымға үндеуiнде, вирустар бұл құрылымдар iздестiру кезiнде

тексеру; 
- Қайта тиеудiң жанында тексеру керек, дискет дисководта, және бұл

қолданушы туралы ескертуге қалмады; 
- Фон тәртiбiндегi диск тексеру; 
Компьютерлік вирустан емдеу жолдары.
Олармен күресу үшін вирусқа қарсы программалар жазатын мамандар бар, Д.Лозинский, Д.Мостовой, А.Данилов және т.б. Вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін программалар антивирустық программалар деп аталады. Бұл программалар вируспен зақымдалған файлдарды тауып қана қоймай, оларды емдейді де оны зақымдалған уақытына дейінгі қалпына келтіреді. Ең көп тараған Aids test, Skan6 Norton AntiVirus, Doctor Web және Касперски программалары.

ІІІ. Салаунама және оның нәтижесі

1.Сауалнама: (3-сурет) 6-7 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнамада кім қаншалықты вирустар жайлы білетіндігі және олардан қалай қорғану керектігі жөнінде болды:


2.Мен бұл тақырыпты зерттемей тұрып, алдыма қойған міндеттерімді толық орындадым. Компьютерлік вирустар жайлы тақырыпты таңдау арқылы мен өзіме көптеген қызықты мағұлмат алдым. Салаунама өткізу арқылы мен осы мектеп оқушыларының компьютерлік сауаттылықтарын тексере ғана қоймай, оқушыларды қызықтыратын сұрақтарына жауап беру арқылы кішкене болсын сауаттылықтарын арттыра түстім деп ойлаймын. 















3-сурет








Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы


Қазіргі кезде компьютерлік вирустардың түрлері өте көп. Вирус - қажетті, маңызды ақпараттарды жойып, тіпті жүйені де істен шығарады. Әр вирустың қандай зияны бар екенін де білген жөн. Сол себептен әркім, мұндай компьютерлік вирустардан қорғанудың жолын білу керек. Егер әрбір қолданушы вирустың түрлерін анықтап, әр вирустан қалай қорғануға болатынын білсе, онда өзінің құнды ақпараттарының жоғалмауына, сақталуына, жүйенің бұзылмауына септігін тигізеді. Кейбір вирустар өте қауіпті, сондықтан, әркім вирусқа қарсы қолданылатын шараларды білу қажет. Қорытындылай келе:

1. Компьютерді әркімнің жиі пайдалануын шектеу;

2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу;

3. Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.



Ұсыныс

  1. Жаңа ақпараттық технологияны одан әрі дамыту. Тек технологияны шығарып қоймай оны пайдалана барысында вирустардан  қорғау жолдарын білу керек.

  2. Бүгінгі таңда мемлекетіміз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді көздеп отырған жоқпа?.  Ол үшін жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияны    жетік  меңгеруіміз қажет. Сол себепті компьютерлік  вирустарды пайдалану  әрбір оқушы   дұрыс пайдалану үшін ай сайын курстар өткізіп тұру керек.Тіпті ай сайын емес апталап сайын өткізу керек.

  3. Тек технологияны шығарып қоймай, оны пайдалану барысында вирустардан қорғау жолдарын білу керек.

  4. Тағыда айтар кететін жайт, мектептерге толықтай ақпараттық технологиялар қамтамасыз етілу керек. Президенттің жолдауында 100 мектеп салыну керек делінген. Сол мектептер салынып жатыр . Технологиялар қойылып жатыр. Бір айтар кететін жайт бұрын салынған мектептерде жаңа ақпараттық технологиялар тіпті жоқ десе де болады. Осы мәселені бір жақты болу қажет.

  1. Тағы бір мәселе интернетте болып тұр. Яғни менің тағы бір мәселем   Қазақстан  сайттарында болып тұр. Қазақстан сайттаыр көбінесе қазақ тілінде емес. Қазіргі кезенде қазақ сайттары 90 %-ға жуық. Соның 30 %-ы  қазақ тілінде, 60 %-ы орыс тілінде келген неге қазақ сайттары қазақ тілінде емес. Осы мәселені бір жақты болу қажет.





IV.Пайдаланылған   әдебиеттер

1. Информатика  30 сабақ

2. Информатика  негіздері   - журнал

3. Интернет – «coogle.kz»
































Аңдатпа

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында білім сапасын көтеру,  білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың  біліктілігін   арттыру, компьютерлік  висрустардың   компьютерлерге тигізетін  зияны оның  жұғу себептерін сабақ  өткізу барысында оқушыларға ақпарат бере  отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру,  өтілген тақырыпты оқушыларға түсінікті  жеткізу.

Аннотация

Применение  новых  информационных технологий   в процессе  обучение  применяются при обучений    для укрепления знаний  учащихся,  получение новых понятий о вреде  компьютерных  вирусов  и методов их излечения.Они повышают  интерес к  предмету и  дают  обширные понятия  о новых  информационных  технология.

Anotation.

Using new information technology in process education are used when learning for fortification of the knowledges учащихся, reception new notion about harm computer virus and methods of their curing. They raise the interest to subject and give the extensive notions about new information technology.





















Күршім ауданы, Қаратоғай орта мектебінің

6 – сынып оқушысы Сағидолда Айгерімнің

«Компьютерлік вирустар» атты ғылыми зерттеу жобасына

ПІКІР

6 сынып оқушысы Сағидолда Айгерімнің  «Компьютерлік вирустар» тақырыбында жазылған ғылыми жобасы компьютерлік вирустардың пайда болу себептері және одан сақтану жолдарын негізге ала отырып жасалған.   Ғылыми жоба бірнеше тараулардан тұрады. Бұл жұмыста алға қойылған  мақсат – қазіргі заманда ақпараттық технологиялар мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар дамып бара жатқан заманда компьютерлерді вирустардан қорғау жолдарын ұсыну. Қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру үрдісі күннен – күнге қарқынды дамып келеді. Осыған орай ақпаратты өңдеу, оны тасымалдау, пайдалану үрдісі кең қанат жаю үстінде. Бұл үрдіске параллель бағытта компьютерлік вирустарда даму үстінде.Оқушының дайындаған ғылыми жобасы үш бөлімнен тұрады.

  Бірінші бөлімінде компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама бере отырып, вирустар туралы нақты түсіріктер берген. Вирус бағдарламаларға енген кезде орындалатын әрекеттер туралы жалпы мәлімет берілген. Вирус түскен кезде қандай құбылыстарды байқауға болатындығы талданған.

Екінші бөлімде   компьютерге вирус қандай жағдайда енеді және одан қалай сақтану керектігі туралы қарапайым пайдаланушыға жай тілмен түсінікті түрде берген. Компьютерге енген вирустардан сақтану шаралары талданып көрсетілген. Сақатандыру шаралары берілген. Қазіргі таңда кездесетін вирустарға жалпы сипаттама бере отырып, олардың компьютерге тигізетін зияны туралы нақты түсініктер берген.

            Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары, олардың түрлері туралы түсінік берілген. Қазіргі таңда кең тараған вирустар және оларды емдеуге арналған арнайы бағдарламалар жеткілікті. Сол бағдарламаларды пайдалана отырып вирустардың зиянды ірекеттерінен сақтануға болатындығы туралы мәліметтермен қатар интернет желісінен алынған ақпараттық кеңістіктегі ең көп тараған вирустар туралы мәлімет берілген. 

Қаратоғай орта мектебінің информатика

пәні мұғалімі Қалалбекова Аида






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ғылыми жоба "Компьютерлік вирустар"

Автор: Абжанова Жаныл Манатбековна

Дата: 11.11.2020

Номер свидетельства: 563133

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) ""Internet" кафе"
    ["seo_title"] => string(13) "internetkafie"
    ["file_id"] => string(6) "303416"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457519399"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства