kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ғасырда бір туатын дарабоз

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ғасырда бір туатын дарабоз» 

мерекелік кеш

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ғасырда бір туатын дарабоз»

«Ғасырда бір туатын дарабоз» атты ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

Түрі: Поэзия кеші.

Көрнекілігі: ақын суреті, слайд, кітаптары.

1-жүргізуші: Қайырлы күн кұрметті көрермендер!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар мен студенттер!

1-жүргізуші: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың 81жылдығына арналған «Ғасырда бір туатын дарабоз» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!

Бүгін менің туған күнім ой, бәле−ай

Мына адамдар енге жатыр тойламай?!

Банкет жасап берер едім өзім -ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны- ай.

1-жүргізуші: Артына өшпес мұра қалдырған Мұқағали ақынның өмір жолына қысқаша шолу жасайық.:

1-студент

Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.

1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. 

Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді. 

2-студент

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.  Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. 

3-студент

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.
Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.


.........................................

2-жүргізуші: 

«Айтылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»

Иә ,ақын туралы естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда.Алдымен ақынның өз өмір жолы туралы жазылған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрелік. 



Менің анкетам





      -        Туған жерің? 

-        Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың. 

-        Туған жылың? 

-        1931. Құрдасымын Шәмілдің. 

-        Жынысың кім? 

-        Еркекпін ғой, еркекпін!Және-дағы тәуірмін... 

-        Партияда барсын, ба? 

-        Жоқпын. 

Бірақ, коммунистік көзқараспен қараймын. 

-        Шыққан тегің? 

-        Шаруамын. 

Бар тірліктен бағалы оны санаймын. 

-        Білімің ше? 

-        Орташа ғой. 

Алайда өзім жоғарыға балаймын. 

-        Ана тілің? 

-        Қазақша. 

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар. 

-        Қайда істедің? 

-        Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал. 

Оқымаған, дипломсыз демесең, 

Бір басымнан бар мамандық табылар. 

-        Міндеттісің бе әскерге? 

-        Міндеттімін. 

Біздің әлі жас кеуде. 

Жауынгердің ұлымын ғой, 

Жанын қиған Мәскеуге. 

-        Сөгіс алып көрдің бе? 

-        Ол жағынан періште едім дей алмаймын 

Мен мүлде. 

Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету, 

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де... 

-        Шетелдерде болдың ба? 

-        Болғамын жоқ. 

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. 

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, 

Осы отырған орнымда-ақ. 

-        Мекен-жәйің? 

-        Мекен-жәйім - жер менің. 

Жерде жүрген ақын деген пендемін. 

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, 

Мен өмірді жырлау үшін келгемін! 




2-жүргізуші: 

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Жалғыз Отан – мекенім, – деп тайға таңба басқандай жазып кеткен ойлары, бүгінгі, болашақ ұрпақтың бәріне айтылған ақыл-өсиет. Бұл ғақлияны әрбір қазақ жүрегіне үкі етіп тақса да артық етпейді. Отанды сүюдің, оған құлай берілудің – асқақ үлгісі бұл.

1-жүргізуші: Ендеше ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне арнаған өлеңдеріне кезек берелік.


  1. «Қарасаз»


  2. «Туған елге»


  3. «Отан туралы»


  4. «Елім барда»


2-жүргізуші: Ән: « Сәби болғым келеді» 

2-жүргізуші: «Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім,» – деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.

1-жүргізуші: Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні..Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.


  1. «Поэзия» өлеңі 


  2. «Өлең деген тумайды жайшылықта»


  3. «Көшеде»


  4. «Тоқта, ботам!»


  5. «Фариза» әні


2-жүргізуші: 

Мен сені сағынғанда,
Қарамай жауындарға, дауылдарга,
Қарсы қарап жүземін ағындарға,
Кеудемде қимылдаған жаным барда,
Мен сені сағынғанда,
Бір минут та қақым жоқ дамылдарға. 


Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған адам кем де кем шығар. Ол «нағыз махаббатты армандады», ол махаббатқа бас иді, оның кеудесі сарқылмас сағынышқа толы, ал сағына білген адам сүйе біледі, сағына білген адам өзге жанды түсіне алады, жұбата да алады.

Махаббат лирикасына арналған жырларын тыңдасақ.

«Ғашықпын», « Бақытым менің алыста», «Мен сені сағынғанда»

Музыка ойнап, сахнада «Махаббат моналогы» оқылады.

Ән : «Ұнатамын мен сені.» 

1-жүргізуші:

Қазынам бар.

Қисапсыз шектеледі.

Қызғанады біреулер, жек көреді.

Бермеймін де, сатпаймын, көрсетпеймін!

Алам десең,

Алдымен зертте мені.


Ендеше кезекті ақынның жанына жақын болған, үлгі тұтқан,аға апаларына арнаған өлеңдеріне кезек берсек.


  1. Бисенова Ақділда «Ғ. Мүсіреповке»


  2. Құспанова Айнагүл «Бибігүлге»


  3. Ғаббасова Бақытханым «Бауыржанға»



1-жүргізуші:

Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз оның бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе – 
Көшеді өлең немесе өшеді өлең!
Қулары «таудың қызыл түлкісі» дер,
Момындар «біздің үйдің кірпіші» дер.
Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, 
Менің нәзік жанымды кім түсінер?.. –
деп қалайша дәл айтып кеткеніне еріксіз таңғаласыз.


2-жүргізуші:

Рас, ақынның таңдамалылары да, ол туралы естеліктер де жарияланып жатыр. Келесі кезекте Мұқағали шығармашылығын зерттеп, пікір білдірген зиялы өкілдер тобына берсек.

Оқитындар:

Бақтығалиева Ботагөз,


    • Мұқағали -ұлт ақыны. Оның өлеңдерінде қазақ қаны атқақтап, қара көздер жүрегі лүпілдеп соғып тұрады, ұлттық намыс отайлап көрініс береді.Бізге сонысымен құнды, сондайлығымен нәрлі.Ұлттық белгілер неғұрлым көп болса, соғұрлым сапалана түспек.Бірақ жадағай ұран салған жалаң ұлтшылдықтан сақтану қажет.


Өтебайұлы Жұмаш.


Сагидолина Ақерке


  • Мақатаев жырлары адамдарғы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның туған ауылына Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына- баршасына арналған өлеңдері де шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар.Олардың бояу әлемі мен әуен сазды да, ақын көкірегінің толғаныс -тебіреністен жасалған; бәрі де адамның өз демі, тынсындай шынайы, табиғи.


Ә.Кекілбаев.

Жұмырбаева Самал.


  • Жұмыр жердің қай түкпіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады, өйткені халықтың жыры да, пірі де- Мұқағали 


Оразақын Асқар.

Жумина Ақгүл.


  • Мұқағали құдіретті ақын. Оның поэзиясы даналықтың көзі. Бізде поэзия дәуірі басталады. Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде мақтанбасқа бола ма?


Ә. Тәжібаев.

1-жүргізуші: Ән: « Сенің көзің.» :Қажкенов Нүркен

1-жүргізуші: 

Алғашқы жинағы жарық көр­геннен кейін небәрі 12 жыл өмір сүр­ген Мұқағали сол аралықта сегіз жыр жинағын шығарған, «Райымбек! Ра­йым­бек!», «Ильич», «Аққулар ұйық­та­ған­да», «Мавр», «Моцарт. Жан азасы» тәрізді бас­­қа да бірқатар поэма-толғаулар, көр­кем аудармалар қалдырған, мыңнан ас­там өлеңдер жазған

2-жүргізуші:Ендігі кезекте сол сегіз жыр жинағының бірі «Моцарт. Жан азасы» өлеңдерін тыңдап көрелік. 

«Жан азасы»


Табыт үні.

Кесекова Арайлым.


Meн сені сүйгем

Жаныммен сүйгем,Жарық Күн!

Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың.

Ақ сәулең сенің аймалап мені,

Жарық Күн,

Тұрған да болар үстінде мынау табыттың.

Ғарыштан құйған ғаламға ортақ шуағың,

Сезгемін, білгем,

Мен үшін бір күн тынарын.

Тастама мені,

Тастама мені, Шырағым!

Шуағың түссін,

Шөп болып, мейлі, шығамын.

Қомағай көңіл құмартып өткен әр неге.

Тірлікте сонау түскемін талай әуреге.

Кешкен өмір де,

Көрген бақыт та, барлығы,

Жетпейді екен ғой,


Халық үні.

Жұбанова Гаухар.

Ажалдың аяз,боран, түні өткенде,

Көктем кеп, жер бетіне, гүл еккенде,

Қызғалдақ қара жерді жарып шығып,

Қадалар кеуделерге, жүректерге.

Аспанда алапат күш дүр еткенде,

Көк пен жер тітіркеніп, дір еткенде,

Қақ бөліп, қара бұлтты қақыратып,

Ұшқының тұрар сенің түнектерде.

Болашақ дүниеге шыр еткенде,

Бір ұрпақ, бір ұрпаққа ілеккенде,

Аспалы

Өлмес мәңгі сапарға жаңа аттадың.

Әрине, суық қайғы, суық қайғы.

Көңілін халқың бірақ суытпайды.

Егерде халық өзін ұмытпаса,

Батыл бол, халқың сені ұмытпайды!


Жесірлер үні

Дюсенова Жансая.

Жалғанда -жалған.

Жалғанда,

Жесірден мұңлық жан бар ма?

Жалғанда, жалғыз қалғанда,

Әдіра қалған арманға,

Араша түсер жан бар ма?

Жалғанда - жалған,

Жалғанда,

Қаңырап бәрі қалған ба?

Жете алмай алғы таңдарға,

Кеттің-ау, боздақ, арманда.

Арада жүрген асылды,

Алды да ажал, жасырды.

Опты да, жұтты қара жер,

Атылған көктен жасынды.


Жетімдер үні.

Талғатова Айгүл

Біздер -

Жетімдерміз,

Жетімдерміз.

Ақпанның,

Аяз қардың өтіндеміз.

Мына сараң өмірден сауға сұрап,

Тіршіліктің мазасын кетіргеміз.

Біздер -жетімдерміз!

Біздер -жетімдерміз!

Доп қылып жердің шарын өтудеміз.

Бостан-босқа өлмейміз,

Өкінбеңіз.

Жекірмеңіз,

Біздерге жекірмеңіз,

Жекірмеңіз!


1-жүргізуші:

Жалғасы бар жырымның жалғасы бар,

Жырларым жылдарыммен жалғасыңдар.

Сел жырым ақтарылса арнасынан,

Селкілдеп тау мен тасың зорға шыдар.

Жалғасы бар жырымның жалғасы бар. Деп тебіренген ақын жырының жалғасындай болып, Мұқағали жырларынан үлгі алып, өз сезімдерін жырмен өрнектеп жүрген татантты шәкірттеріміз ақынға арнаған оз туындыларын оқиды.


2-жүргізуші:

Фариза !

Фариза жан, Фариза қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан табылса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.


Арнаулар :

Ромашев Шыңғыс. «Дара туған ақиық ақын»

Қожасова Аида «Сабыр етші бақытыңды күт!- дейді»

Шамгунова Гүлім « Ақынға сыр »

Қажкенов Нүркен. « Ел үшін дара туғансың! »

Мағзомова Рысгүл « Қуат алам жырыңнан»


Ән: «Есіңе мені алғайсың.»

1-жүргізуші:

Уақыт көші жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың бізге беймәлім құпиясы күрделі де сырлы қалпынан жазбай, асқақтай түспесе, «бәрін білдік, түйдік» деп есептеуге әуес пенделік санаға сыятын түрі жоқ.

Ендігі кезекті көрермендерге беріп көрелік.

Олар ақын туралы не біледі, және осы кештен не түйді екен?!


Дұрыс айтасың. Ендеше сіздерге ақын өмірі туралы сұрақтар қоямыз. Жауабын тапқандарға әдемі карточкаларымыз бар.


  1. Мұқағали ақын қай жерде дүниеге келген?


  2. Ақынның қандай поэмаларын білесіңдер?


  3. «Күрсінбеші» өлеңі кімге арналған?


  4. Ақынның өлеңіне жазылған бір әнді орындап бере аласыз ба?




1-жүргізуші:

Жас толқын жатырқамай қабылдайтын ақынның өз өлеңдерін болашаққа аманат еткен күнделiктерiнен үзiндi тыңдайық.

Күнделігінен:

Оқитын: Амангелдіұлы Ерназар

Мұқағали бейнесінде: Қажкенов Нүркен

Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты :

«- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамау-ларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухыңның ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп абыржыта алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есіңде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кейде қарапайым түсіне білетін көпшілік сенің образдарың мен прообраздарыңды артқы қатарға ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының бөлшегін іздейді.Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы - бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.Сонымен, достар, бүкіл менің жазғаным, бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Адамның өмірі мен өлімі, қасіреті мен қуанышы туралы поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Естеріңде болсын, әрбір өлеңім өз орнында тұрсын. Яғни жылына және бойына қарай, сонан соң көз алмай оқыңдар. Сюжетіне көңіл аудармай-ақ қоюларыңа болады, ал композициясы мен архитек-тоникасына зер салыңдаршы. Егер мені содан таппасаңдар, онда ақын болмағаным!».

2-жүргізуші:

Мұ­қа­ға­­лиын ел-жұрты шын құрметтейді, шын қа­­дірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер-жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым ете­ді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауын­сыз, бұй­рығынсыз-ақ жалпыхалықтық кө­лем­де ме­рекеленетін бірден-бір той – Мұ­қа­ғали то­йы. 

1-жүргізуші: 

Жылдар өтер... әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге. 

2-жүргізуші:

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім» деп өзі айтып кеткендей мәңгілік жасай бермек!Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.

Ия, өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақын да өлмейді. Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!

Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің жылдығына арналған поэзия кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!

Ән: Айтлесова Мөлдір «Саржайлау»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ғасырда бір туатын дарабоз

Автор: Адамбаева Гульжан Канатовна

Дата: 14.10.2016

Номер свидетельства: 349103


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства