«Шы?ысты? кербез с?лу кер маралы». Б?л ?ылыми-жоба?а ?атысып маралды зерттеуге бел бу?ан себебім ,?кем осы Катон-?ара?ай жеріні? тумасы. Жыл сайын жаз?ы демалысымды ауылда ?ткізетіндіктен «Ш?бара?аш» марал шаруашылы?ы мені? екінші ?йім сия?ты болып кеткен.Сол жерде ?сіріліп жат?ан ?р маралды? адамзат баласына ?келер пайдасын к?ре т?ра оны ?з достарыммен б?ліспеу адамгершілік болмайтынын ??тым. Мен келешекте де осы марал та?ырыбын тере? зерттейтініме сенемін. ?лкеміздегі марал шаруашылы?ыны? даму тарихын ж?не адам ?міріне ?келер ?р т?рлі пайдалы т?старын зерттеп оны насихаттау?а ба?ыттал?ан осы ж?мысым сіздерді? ойлары?ыздан шы?атынына сенімдімін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Маралдың түрлері, олардың таралған орындары..........................................................................................................................5
2.1 ШЫҒЫСТАҒЫ МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ............................................................................................................................9
Анатолий Ковшик адамды жасартатын «Пантомарал» эликсирін (биобелсенді өнімді) жасайтын технологиясы.
Марал мүйізінен алынатын понтакрин.......................................................................................................................11
2.2 ШЫҒЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫ МАРАЛДЫҢ МҮЙІЗІНДЕ...................................................................................................................18
2.3 МЕНІҢ ТУЫНДЫМ................................................................................................19
Мен Сейтханов Нұрдаулет № 45 бейімделген орта мектебінің 3«а» сынып оқушысымын. Мен зерттегелі отырған ғылыми-жобаның тақырыбы «Шығыстың кербез сұлу кер маралы». Бұл ғылыми-жобаға қатысып маралды зерттеуге бел буған себебім ,әкем осы Катон-Қарағай жерінің тумасы. Жыл сайын жазғы демалысымды ауылда өткізетіндіктен «Шұбарағаш» марал шаруашылығы менің екінші үйім сияқты болып кеткен.
Сол жерде өсіріліп жатқан әр маралдың адамзат баласына әкелер пайдасын көре тұра оны өз достарыммен бөліспеу адамгершілік болмайтынын ұқтым. Мен келешекте де осы марал тақырыбын терең зерттейтініме сенемін. Өлкеміздегі марал шаруашылығының даму тарихын және адам өміріне әкелер әр түрлі пайдалы тұстарын зерттеп оны насихаттауға бағытталған осы жұмысым сіздердің ойларыңыздан шығатынына сенімдімін.
Тіпті халық ауыз әдебиетінде де бұл маралдың киелі екенін дәлелдейтін айғақтар бар екендігі анық. Ата –бабамыз бұл аңның жер бетінен құрып кетпеуіне жол бермеу үшін талай аңыздарды дүниеге әкелгені анық.
Қозы Көрпеш Баян сұлу жырында Қарабай мен Сарыбайға кездескен буаз маралды атқан Сарыбайдың сол жерде дүние салғанымен қоса ,сол маралдың егіз лағындай Қозы мен Баянның да жастықтың құрбаны болғаны анық. Атақты қырғыз халқының аңыз ертегісінде де Енисей өзеніне тасталған қос жетімді Бұғы АНА аман алып қалғаны айтылады.
Яғни марал – бұл тек жануар ғана емес, ол кез келген елдің бір бөлігі, дәуірдің бөлігі, марал шаруашылығымен айналысатын елдің жан дүниесінің рухани байлығының бір бөлігі.
Маралдың өне бойының бәрі асыл. Оның мүйізі, бүйрегі, жылбысқасы, шыбығы, сіңірі, сүйегі, қаны, терісі және еті қатарлылардың бәрі қымбат бағалы дәрі-дәрмектердің шикізаты. Сондықтан, көне заман адамдары бұғыны киелі жануар деп таныған. Дегенмен, бұғының денесіндегі ең бағалы зат – бұғының жас мүйізі. Бұғының жас мүйізі дегеніміз әлі сүйектенбеген бұғы мүйізі, бұғының маңдайына өскен ұлпалы құрылым, яғни нағыз тері туындайтын ағза.
Марал шаруашылығының даму тарихы ежелгі заманнан басталады. Оның тек мүйізі ғана емес, мүйізін қайнатып алған сорпаның өзінің адам денсаулығына әкелер пайдасы қаншама! Сондықтан да бұл тақырып ерекше актуалды, өйткені, марал жайлы, марал мүйізі жайлы ұзақ әңгімелеуге болады. Тек қана маралдың мүйізінен алынатын дәрі-дәрімектердің өзінен ғана, ғылыми тұрғыда үлкен-үлкен зерттеулер жасап, тәжірибе алмасып,оның адам өміріне әкелер пайдасының зор екенін тілге тиек етудің өзі біздің қазақ елінің халық еміне қолданған әртүрлі емдік қасеиттерін саралау болып отыр.
Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы: Шығыстың кербез сұлу кер маралы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Өлкеміздің мақтанышы болған марал шаруашылығы туралы мәліметтерді жинастыра отырып,оларға талдау жасап,олардың қазіргі таңда адам өміріне тигізер пайдасының әлемдік деңгейдегі маңызын ашу
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Марал шаруашылығына теориялық сипаттама беру;
Бүгінгі таңда марал шаруашылығының дамуына байланысты жаслып жатқан жұмыстардың нәтижесіне орай, адам өміріне әкелер сан қырлы пайдалы жақтарын анықтау;
Зерттеу нысаны: Марал.
Зерттеу жаңашылдығымен өзбеттілік деңгейі:
Жасалған слайд материалдарын сабақтан тыс шараларда оқушыларға тарату.
Зерттеу кезеңдері:
I кезең – дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсаты мен болжамы, зерттеу әдістерімен таныстыру
II кезең – теориялық кезең: интернеттен, әдебиеттерден және емханалардан мәліметтер жинақтау, танысу, талдау
III кезең – іс-тәжірибелік: жобаның талаптарына сай материалдарды безендіру, өзіндік маралдың үлгісін жасап, аяқтау.
IV кезең – жобаны қорғау
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Маралдың түрлері, олардың кең таралған орындары және марал мүйізінен алынатын понтакрин.
Марал — аша тұяқтылар отрядына жататын сүт қоректі жануар. Дене тұрқы 250—265 см, биіктігі 135—155 см, салмалмағы 300—340 кг. Ересек бұғысының тармақталған, сүйекті, бітеу мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз болмайды, құйрығы қысқа. Сондықтанда халық арасында ұрғашы маралды марал десе ,еркегін бұғы деп атау қалыптасып кеткен. Бірақ қандай зерттеулерді қарастырсақ та бұл екі ұғым алмасып қатар аталады екен. Кей жерлерде буаз марал деп ұрғашсысын бөліп айтса, Бұғы АНА атауы қатар ілеседі екен. Сол себепті мен де өз жобамда төл атауды қатар алып отыратын боламын. Маралдар Батыс Европада, Солтүстік Африка (Алжир, Тунис, Марокко), Иран, Ауғанстан, Монғолия, Оңтүстік-Шығыс Қытай, Тибетте, Солтүстік Американың қоңыржай аймағында таралып,таулы аймақтарды мекендейді.
Евразияда Белоруссия, Карпат, Воронеж, Кавказ, Алтай, Шығ. Сібір, Қиыр Шығыс, Тянь-Шань т. б. Жерлерде кездесетін 7 түр тармағы бар. Бұның бірі Қазақстанда Алтай, Саур, Тарбағатайда, Ортлық Тянь-Шаньда, Жоңғар, Күнгей, Теріскей,Іле Алатауында, Кетпентауда, Нарын-қол ауданында кездеседі. Марал тоғайлы, тайғалы орман, субалпілік, қоңыржай аймақтарды мекендейді. Марал— шөп қоректі жануар. Үйірімен топтанып жүреді, полигамды. Жыныстық жағынан 3 жылда жетіледі, тамыз — қыркүйекте қашып, мамыр —маусым айларында туады. Маралдың жыл сайын қыстың ортасында ескі мүйізі түсіп, жаңа мүйіз шығады. Маралдың сүйектенбеген жас мүйізінен — панты алынып, одан пантокрин дәрісі жасалады.
Бұғылар, яғни маралдар бітеу мүйізділер отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары.
Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған. Ал Қазақстанда бұғы тектес тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы,Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді. Бұғылардың көпшілігі орташа немесе ірі денелі, сымбатты келеді. Барлық түрінің дерлік еркегінің тармақтанған сүйекті, қуыс мүйізі болады. Ұрғашысында мүйіз тек солтүстік бұғысында ғана болады. Бұғының мүйіздері жыл сайын қыста немесе көктемде түсіп, қайта өсіп шығады. Өсіп келе жатқан мүйізінің терісінде түгі болады, бірақ ол мүйіздің өсуі тоқтағаннан кейін түсіп қалады. Бұғылар орманда, орманды далада, тундрада, тауда кездеседі. Ағаш, бұта жапырағын, қабығын, шөптесін өсімдіктерді, қынаны, мүкті, т.б. қорек етеді. Ұрғашылары мамыр – шілде айларында бұзаулайды.
Бұғы – көру қабілеті жоғары, есту және сезу функциялары қатерлі қауіпті жылдам сезетін жануар. Ол мүк, суда өсетін өсімдіктер, ағаштың қабығы және бүрлерімен қоректенеді. Бұғының ең негізгі ерекшелігі – мүйізі, оның іші бос емес, қыс сайын бұғылар мүйіздерін тастап отырады.
Ақ марал немесе марал (Сегvиs еlарһиs) Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің тауларына тараған Олар орманды жерлерді мекендейді. Көбінде бұл аңыз ретінде көп таралған маралдың бір түрі.Олар өте қорқақ әрі әлсіз келеді.Сондықтан да адам баласының көзіне көп түсе бермейді. Басқа бұғылар сияқты жылдам жүгіре де алмайды. Қазір де ең көп кездесетін жері Скайрим елді мекені болып табылады
Сосын тағы бір түрі Долиналық маралдар. лар теңбіл маралдан өзгешелеу, себебі бойы,салмағы басқа бұғылармен салыстырғанда ұсақтау. Олар кішкене елікке ұқсайды, бірақ олардың көздері үнемі қараңғы үңгірлерде жүретіндіктен жасыл боп жанып тұрады Теңбіл марал (Сегvиs һогtulогиm) өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіндегі о ормандарда мекендейді.
Бүл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады.
Бұғылардың ең ірі түрі — булан немесе суын (Аlсеs аlсеs) Европаның, Сибирьдің және Оңтүстік Американың ор-манды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашылығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда.
Бұлан-Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі,тұяқты жануар. Шоқтығының биіктігі 2 метрге жетеді,салмағы 600 кг-дай,Қазақстанда Жайық өзені аңғарындағы ормандарда,солтүстік облыстардың ормандарында және шығыста Ертіс бойы мен Алтайда кездеседі.Наурызымдағы қарағай ормандары мен шоқ ормандарда кездеседі.Аталықтарында үлкен күректәрізді мүйіздері болады,аналықтарында мүйіз болмайды.Жазда шөппен,қыста бұтақ,ағаш қабықтары және бұталарымен қоректенеді. Күйлеу уақыты-қыркүйек-қазан.225-230 күн буаздықтан кейін,мамыр-маусымда аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады.
Елік (Саргеоllиs саргеоlиs) — мүйізі азғана бұтақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Европаның және Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-далалы зоналарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі.
Бұлардың бұғылардан ерекше бір түрі—құдыр (Мозсһиs тоsсһіfегиs) болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып ауызынан шығып тұрады. Олар Шуғыс Сибирьдің таулы ормандарын мекендейді. Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде лайдаланылатын жануар мускусының негізгі көзі — құдыр мускус безі болып саналады. Солтүстік бұғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі замшы (жеділ өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Саvісогпіа). Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің малыгагий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінің (Апtilсарга) мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды. Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралия-дан басқа барлық жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады
Кермарал (лат. Cervus elaphus) - бұғы туысына жататын сүтқоректі жануар. Еркегінің мүйізінде 5 тармағы бар. Құйрығы кысқа. Жаңа туған бұзауларының терісі теңбіл. Дене ұзындығы 80-250 см дейін, салмағы 75-340 кг дейін. Еуразияда, Солтүстік Африкада, Солтүстік Америкадатаралған. Бірнеше географиялық түрлері бар. Оңтүстік Америкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Күзде күйленеді. Буаздығы 238-245 тәулікке созылады. Бұзауы біреу. Кәсіпшілік бағалы нысаны. Бірқатар жерде жойылған. ТМД-да аулауға шектеу койылған. Үзбараларды мен маралдарды бұғы өсіру шаруашылықтарында көбейтеді (мүйізіне бола өсіреді, жануарды соймай-ақ мүйізін кеседі) 8 түршесі ХТҚО мен КСРО-ның Қызыл кітабына еңгізілген.
2.1 ШЫҒЫСТАҒЫ МАРАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ.
Бұғы мүйізінен емді дәрі-дәрмектің бірінші рецепті б.э.д. 168 жылы Қытайда пайда болды. Уақыт өте келе бұғы мүйізінің пайдалы емдік қасиеттері бүкіл әлемге әйгілі болды және қазір бұғының мүйізі үшін бұғы бағу Қазақстанда, Қытайда, Жаңа Зеландияда кең таралған. Еліміздің ең әдемі жерлерінің бірінде, Қазақстанның шығысындағы Қатын-Қарағайда мамыр айынан бастап мүйіз кесуге дайындалып жатқан шағын марал шаруашылығы орналасқан. Мұнда 500 бас марал бар.
Еліміздегі марал мен бұғының 95 пайызы шығыста шоғырланған. Облыста марал мен теңбіл бұғыларды өсірумен 16 шаруашылық айналысады. Оның ішінде 3 390 бас марал өсіретін төрт марал шаруашылығы және 933 бас бұғы өсіретін бір бұғы шаруашылығы асылтұқымды мал шаруашылығы қатарына жатады.
«Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттен субсидия төлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 және «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауды жергілікті бюджеттен субсидиялау мәселелері жөніндегі облыстық комиссия құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 483 сондай-ақ, өзгерістер енгізу туралы 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 55, 2012 жылғы 16 сәуірдегі №8 қаулыларын іске асыру мақсатында, ағымдағы жылы аудандағы марал және омарта шаруашылығымен айналысушы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердегі 1 бас жоғарғы классты асыл тұқымды марал (бұғы) жіберілген шығындарды субсидиялау жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы өзінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша республика көлемінде алдыңғы қатарда. Ішкі өнім өндірумен қатар шетелдік компаниялармен байланыс орнатып, инвестиция көлемін арттырған аймақ. Корейліктерді марал шаруашылығы қызықтырып отырғаны анық. Корея Республикасынан келген «HK group» холдингінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш холдингтің төрағасы Саймон Ким облыс әкіміне өз бизнес-жоспарларын ұсынып, Шығыс Қазақстанда көптеген ауқымды жобаларды іске асырғысы келетіндігін атап айтты, мұнда әсіресе марал шаруашылықтарын дамытуды жоспарлап отырғандығы аталып өтті.
Өскемен қаласының тұрғыны Анатолий Ковшик адамды жасартатын «Пантомарал» эликсирін (биобелсенді өнімді) жасайтын технология ойлап тапқанын айтады.
Анатолий Ковшиктің «Пантомарал» атты эликсирді шығаруына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасартатын дәрі ойлап табу жөнінде ғалымдарға берген тапсырмасы түрткі болған екен.
Оның сөзіне қарағанда, препарат Қытайдың дәстүрлі медицинасында мыңдаған жылдар бойы пайдаланылып келген бұғы мүйізі негізінде жасалады.
– Қытайлар бұғының мүйізін біздің елден алуға тырысады. Ал Қазақстанның бұғы шаруашылықтары кептірілген сапалы мүйізін қайда жіберерін білмей, кәдеге жарата алмай отыр. Біздің зерттеулеріміз бұғының кемеліне келіп түскен мүйізінен жасалған ұнтаққа қарағанда, кептірілген мүйіз ұнтағы адам ағзасына анағұрлым пайдалырақ екен.
МҮЙІЗ БЕН ҰНТАҚ
Анатолий Ковшиктің айтуынша, бұғы мүйізі мен кептірілген мүйіз ұнтағынан майда дисперсиялық өнім алу технологиясын Өскемендегі «Вибромаш УК» компаниясы жасап шығарған. Анатолий Ковшик – осы компанияның директоры.
– Өніміміздің сертификаты, денсаулық сақтау министрлігі берген арнайы рұқсаты бар. Ол әзірше Өскемендегі «Багратион» шаруа қожалығының сауда орындарында ғана сатылады.
2012 жылы қарашаның 1-і күні Назарбаев университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры Жақсыбай Жұмаділов «адамның денсаулығын жақсарту арқылы өмірін ұзартатын» «Нәр»симбиотикалық биоөнімін таныстырды.
- Бүгін көптеген сауалдар «Нәр» биоөніміне қатысты туындады. Ия, осындай биоөнім бізде жасалды. Ол зертханалық сынақтан өтті. Қазіргі уақытта клиникалық сынаудан өтуде. Дегенмен, мен бір ғана биоөнім ұзақ өмір сүру мәселесінің шешім болып табылмайтындығын баса айтқым келеді. Бұл ең біріншіден денсаулық сапасын жақсартуға бағытталған. Ал денсаулық ұзақ өмір сүру кепілі, - деді Жақсыбай Жұмаділов журналистерге.
Маралдың мүйізінен алынатын понтокрин.
Өмірінің алғашқы жылы бұғының маңдайында кішігірім ғана екі томпақ мүйіздің «бастамасы» пайда болады. Көктемде олардан мүйіз шығып, жаз бойы өседі. Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» деп аталатын терімен қапталады, оның үстінен мүйізді қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан тамырлары өтеді. Мүйіз толығымен өскенде қан айналымы тоқталып, оның бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізі құрғай бастайды да, соңында түсіп қалады. Көбінесе бұғы мүйізімен ағашқа сүйкеледі, бұл, әрине, оның тез түсіп қалуына әкеледі.
Бұғының барлығы дерлік кәсіптік маңызы бар аң. Олардың терісі және етін пайдаланады. Теңбіл бұғы мен маралдың еркегінің мүйізінен дәрі жасалады.
ПАНТОКРИН (Pantocrіnum; панты – сыртын жұмсақ барқыт тәрізді тері жапқан жас мүйіз және грек. krіno – бөлемін) – марал, Шығыс Сібір
бұғысы мен теңбіл бұғының қатаймаған мүйізінен дайындалатын спирт қосылған сұйықтық. Пантокрин ашық сары түсті, мөлдір. Өндірісте Пантокриннің 1 – 2 мл-лік егуге арналған ампуладағы ерітіндісі, қатты түрдегі таблеткасы өндіріледі. Оны медицинада невроз, неврастения, белсіздік, шаршау, жұқпалы аурулардан кейін әлсіздік пайда болғанда қолданады.
Бұғы мүйіздері туралы алғашқы жазбаша ескерту Қытайдағы Хань әулетінің (б.э. дейінгі 206 – б.э 220 жылдары) бұрама қағаздарында табылды, мұнда олардың 52 әртүрлі аурудағы тиімділігі жөнінде жазылған. Нақ бұғы мүйізінен дана емшілер өмірді ұзартатын керемет эликсирді дайындаған. Қытай емшілерінің пікірі бойынша, бұғы мүйізі есте сақтау қабілетін күшейтеді, бел мен аяққа күш береді, есту, көруді жақсартады, ақ шаштарды қайтадан қаратүске айналдырады, қарт адамдардың беттері мен денелерін жасартады. Бұрынғы уақыттан бері бұғы мүйізі ең жақсы сауықтыру заттарына – жоғары «император» сыныбына жатқызылады. Қытайдың көне шөп қайнатпасында былай деп жазылған: «...Егер сен өз денеңе жеңілдік бергіңкелсе, өз энергияңды күшейтіп және қартаймастан ұзақ өмір сүргің келсе, онда жоғары сыныптағы заттарды пайдалан ...»Қытай дәрігері Ли Ши-чжень 1596 жылы «Бень-Цао-Ган-Му» Қытайдың фармакопея жинағын құрастырды, оған 4000 жыл кезеңіндегі медицина әдебиеті кіреді. Осы Ли Ши-Чженьннің 40 жыл бойы жұмыс істеген, 952 автордыңдәйек сөздері алынған, медицина, фармакология, мине-ралогия, металлургия, ботаника және зоология энциклопедиясы қытай медицинасының 4000 жылдық тәжірибесін 52 тара-уда біріктіреді және мұнда 11 096 шипашағы, соның ішінде бұғының әртүрлі бөліктерін қолданумен шипашақтары мазмұнданады. Мұндағы арнайы бөлім қатаймағанмүйіз – бұғы мүйізіне (Лу-жун), сүйекке айналған мүйізге - антлерге (цзио) және қанға (сюэ) арналған. АлтайҚытайдың жанында орналасқан және оны бой-лай Ұлы Жібек Жолы өткен, сондықтан алтайлықтар да бұғы мүйізі тәрізді табиғат сыйының құндылығы туралы хабардар болған. Алтай бақсылығында бұғының ру мен тайпалар-да тотем болып табылған бас жануарлардың бірі болғаны бекер емес. Оларға табиғаттан тыс күштер, адамдарды өлім ауруларынан сауықтыру қабілеті берілген. Көне қытай мифологиясында шұбар бұғылар құдайлар мен қаһармандардың сапарла-рында әрқашан олармен бірге жүрген, ал қытай медицина-сында осы жануардың әртүрлі дене бөлімдері – бауыры, өті, тұяқтары қолданылған. Алай-да, асыл тұқымды маралдың мүйізі әрдайым бәсекеден тыс болған. Бұғы мүйізінен жасалған көптеген дәрі-дәрмек шипашақтары біздің күнімізге дейін жетті.Көне Қытайда, мысалға, бұғы мүйізін баршаға, әсіресе, жасы 40-тан асқан еркектерге «табиғи өмір күшін бақытты күйге келтіруге» көмектесетін зат ретінде қолдану ұсынылған. 18-ші ғасырда Алтайға қоныстанған орыстар – кержак-ескі дінді ұстанушылар – қытайлықтардың олардан қомақты ақшаға бұғы мүйізінің бүтін топтамасын сатып алатын-дарын таңыраумен бақылаған: ол кездері олар 1 кг бұғы мүйізі үшін, сараңсымай, 1 кг күміс төлеген.Бұғы мүйіздерінің алғашқы ізденістік фармакологиялық зерттеулері 1924 жылы дәрігерлер А.Л.Тимофеевский, П.Масленников, А.П.Преображенский, П.В.Бочкарев жүргізген бо-латын. Бұғы мүйіздерін дәрі-дәрмек шикізаты ретінде жүйелі әрі жан-жақты зертханалық-клиникалық зерттеу Кеңес Одағында 1932 жылы профессор С.М.Павленко басшылығымен ұйымдастырылған болатын, ол бұғы мүйізінен “Панто-крин” дәрілік препаратын жасау әдістемесін әзірлеп, осы препараттың фармакодина-микасы мен емдік әсерін жан-жақты зерттеу бойынша ғылыми жұмысын басқарды.
Маралдарды қолға үйрету XIX ғасырдың қырықыншы жыл-дары басталды. Маралдарды бірінші ұстап алуды Шарыпов ағайындылары Оңтүстік Алтайда жаса-ды. Бастапқыда марал шаруашылығы оңтүстік, содан кейін солтүстік және солтүстік-батыс Алтайда туындады. Кейіннен, өткен ғасырдың 90-шы жылдары, маралдарды Саянда (Красноярск өңірі) қолға үйрете бастады және XIX жүз жылдықтың аяғына қарай 200 марал ұстаушыларында 3000-нан астам марал саналды. Марал шаруашылығының ары қарайғы жеткілікті кең дамуы тірі маралдың жас мүйіздерін кесіп алу әдісінің өңделуіне байланысты болды. Былайша айтқанда, кесілген бұғы мүйіздері, бұл жай-лы бұрын мүлдем білмеген, анағұрлым төмен бағаға болса да, маңдайлымен бірге, жақсы өткізіле бастады. Егер маралдың маңдай патентін оны атқан кезде тек бір рет қана алу мүмкін болса, онда кесілгенді – жануар қартайғанына дейін жыл сайын алуға болады. Қазақстандағы бірінші ма-рал шаруашылық совхозы – «Қатон - Қарағай» 1924 ж. ұйымдастырылған болатын. Содан кейін 1929—1930 жж. Алтайда және Красноярск өңірінде тағы оннан астам шаруашылықтар құрылған еді. Осы мамандандырылған шаруашылықтарда марал-ды ұстау және азықтандыру жүйесі, өнімді жинау және өңдеу тәсілдері түбегейлі түрде өзгертілді. Олардың аумағы айтарлықтай кеңейтіліп, онда жерге орналастыру жан-жақты жүргізілді. Көптеген еңбек сый-ымды үрдістер, әсіресе, жемшөп
өндіру және көлік, елеулі түрде механикаландырылып, білікті кадрлар дайындалды. КСРО-ның құлдырауынан кейін марал шаруашылығы ұзақ уақыт бойы құлдырау күйінде болды және тек соңғы жылда-ры ол өрлей бастады. Нарық өз құқығына енді. Бұғы мүйізі өте қажет етілетін тауар болды. Халықаралық бұғы мүйізін өндірушілер ассоциациясының тағайындалуы бойынша, бұғы мүйізі мен алтай маралының қаны әлемде ең құнды болып табылады және ол ең қымбат – жоғары санаттағыға жатады. Оларды Қытай, Корея, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің фарма-цевтика компаниялары ынтала-на сатып алуда.Ғалымдар бұғы мүйізінің химиялық құрамын әлдеқашан анықтаған еді. Ол өзінің бірегей үйлесімінде ағза үшін таңқаларлық қалпына келтіру қасиеттеріне ие болып келетін минералды және органикалық заттардың күрделі кешені болып табылады. Сондай-ақ, бұғы мүйізінің құрамында май, кальций, магний, темір, фосфор, кремний, натрий, калий бар. Шағын көлемде никель, мыс, тит ан, марга-нец, қалайы, қорғасын, барий құрамдалады.Бұғы мүйізінен 25 әртүрлі аминқышқылдары бөлініп шықты,олардың 38% глицин, пролин және глу-тамин қышқылы құрайды. Бірақ ең бастысы – бұл олардың иммунитетті бірден жоғарылатып, ағзадағы барлық жүйелердің таңқаларлық қалпына келуіне әрекеттесу қасиеті болып табылады.Бұғы мүйізінің емдік тиімділігінің көрсеткіші ретінде олардың әлемдік нарықтағы бағасы болып табылады
Шығыс Қазақстанның мақтанышына айналған марал шаруашылығын тығырықтан алып шығудың жолы енді табылғандай. Өскеменнен 100 шақырым жердегі Привольное ауылында орналасқан көпсалалы «Багратион-2» шаруа қожалығы қытайлық ғалымдар қатты қызығушылық танытып отырған марал мүйізінен құрғақ күйдегі «Пантомарал» биологиялық белсенді қоспасын (ББҚ/БАД) өндірумен білек сыбана айналысуда. Бұған қоса, келешекте пантыдан таблетка мен капсула түріндегі ғажап препараттар шығарылмақ. Жаңа инновациялық жобаның алғашқы сатысын жүзеге асыру барысында Қытай медицинасының мыңдаған жылдар бойғы жинақтаған мол тәжірибесі мен тиімді әдіс-тәсілдері басшылыққа алынған. Айта кетейік, аспан асты елінде бұғы-маралдың мүйіздері баға жетпес емдік тауар ретінде саналады. Адам бойындағы иммунитетті жоғарылатып, денсаулықты күшейтуде мұндай қоспалардың маңызы ерекше. Тіпті соңғы уақытта баспасөз беттерінде жиі көтеріліп жүрген қартаюдан сақтайтын дәрі жайындағы сұрақтың жауабын осы пантыдан табуға болатын сияқты. Қытайлық дәрігерлердің зерттеулеріне жүгінсек, марал мүйізінің құрамында адам ағзасының тез қартаюын болдырмайтын, керісінше, көптеген ауруға қарсы тұруына көмектесетін табиғи қоспалар бар. – Қытайлықтар біздің елден маралдың мүйізін көптеп алуға тырысады, қымбат бағаға сатып әкетіп өңдеп шығарады. Ал өзіміздің марал өсіруші шаруашылықтар болса, қолымызда бар дүниені құнттамайды. Әлі күнге дейін сапасы керемет, емдік қасиеті жоғары пантыны дұрыстап іске жарата алмай келеміз, – деп ойын ортаға салған жобаны технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші «Вибромаш УК» ЖШС-нің директоры Анатолий Ковшик елімізде шығарыла бастаған жұқадиспансерлік ұнтақтарды ешқандай кедергісіз сатып алуға болатындығы туралы бұқара халықтың әлі де бейхабар екендігін айтты. Мамандардың сөзіне сенсек, жобаны іске қосу арқылы екі мәселенің түйінін тарқатуға мүмкіндік туады. Біріншіден, бұл өндіріс марал шаруашылығын өркендетуге жаңаша серпін берсе, екіншіден, тұрғындардың денсаулығын жақсартып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпалын тигізбек. Мойындауымыз керек, соңғы кезде Шығыстағы марал шаруашылығы дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Оған себеп – панты құнының төмендеуі және көп мөлшерін қытай, кәріс компанияларының арзанға сатып алуы. Кеңес заманында марал шаруашылығы бізде қатты дамыған, айталық 1980-90 жылдары жоғары сортты пантының бір келісі шетелге мың доллардан сатылатын. Қазіргі уақытта ел нарығында мүйіз дәрісі бағасының арзандауы, сондай-ақ марал өсіру саласының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен мемлекет тарапынан жоғары қолдау көрсетілетін тізімге енгізілмеуі қаржылық жағдайды ушықтырып жіберген-ді. Сала мамандарының пікірінше, шаруашылықты сақтап қалу үшін шикізатты сыртқа саудаламай, дайын өнім күйінде айналымға түсіру қажет. Алайда бұл істі соңына дейін жеткізу үшін 18 миллион теңге шамасында қаржы табу керек. Ұлан ауданы Привольное ауылында дала маралдарын өсіретін «Багратион» шаруа қожалығының басшысы Василий Воропай өз сөзінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап үстіміздегі жылдың соңына қарай аталған шаруашылық пен «Вибромаш УК» ЖШС бірлесіп жаңадан дәрі жасап шығаратындығын мәлім етті. – Біздің ноу-хау нанотехнологияларды қолданып, пантының жаңа өнімдерін капсула мен таблетка түрінде шығармақпыз. Олардың құрамында пантыдан бөлек, Алтай тауларында және Ертіс аңғарында кездесетін емдік қасиеті мол шөптердің қоспасы да болады. Былайша айтқанда, адамның денсаулығына пайдалы дәрумендер, қоспалар осы дәрінің құрамында жинақталған. Таблеткалар мен капсулалардың бір артықшылығы адамның асқазаны арқылы ағзаға бірден әсер етеді. Қазіргі уақытта жобаның технологиялық қондырғыларды орнату, жабдықтау сияқты жұмыстары жүріп жатыр. Жылдың соңына қарай жаңа препараттар сатылымға түседі, – дейді «Багратион» шаруа қожалығының басшысы В. Воропай. Пантыны Тибет медицинасы ықылым заманнан бері қолданып келеді. Ол – адамдардың қаны азайғанда, күйзеліске ұшырағанда, жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққанда, сол сияқты тағы басқа ауруларды жазатын аса шипалы зат. Ғалымдардың дәлелдеуіне жүгінсек, бұғы мүйізінің құрамында 25 түрлі амин қышқылы мен минералды тұздар, органикалық заттар, дәрумендер көптеп кездеседі. Осындай емдік қасиеті зор биологиялық белсенді заттар, әсіресе, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыстағы адамдар үшін таптырмас ем. Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы рұқсат қағазын алған «Пантомарал» биологиялық белсенді қоспасы «Багратион» шаруа қожалығының сауда нүктелері арқылы сатылымға түскен. Алғашқыға қарағанда, қазір тауардың өтімділігі жаман емес, шамасы пантының пайдасын адамдар жақсы біліп алғанға ұқсайды. Кейбір сауда нүктелерінде қоспаларды мүлдем кездестірмейсіз, түскен сәтте-ақ жылдам сатылып кетеді екен. Десек те, несібемізге бұйырған пантымен бірінші кезекте отандық тұтынушыларды, содан кейін сыртқы нарықты қамтамасыз етуді қолға алғанымыз жөн. Кім біледі, Қазақстанның бренді мүмкін осы бұғы-маралдың мүйізінде жатуы да ғажап емес...
Шығыс Қазақстанның мақтанышы – бұғы мен марал. Бұл жануарлардың кербездігі мен сұлулығы – жеке әңгіме. Емдеу-сауықтыру туризмінің дәргейін асқақтататын – олардың пантысы. Көктемде маралдардың әбден піскен мүйіздері кесіліп, қайнатылып, арнаулы технологиямен кептіріледі. Панты – кептірілген мүйіз. Мың да бір дертке дауа. Жұрт жапа-тармағай мүйіз сорпасы бұлауына түсіп жатады. Керемет деседі. Ал, осы кереметтерді Қазақстан қалай пайдаланып жүр?
Облыста марал өсірумен шұғылданатын 16 жекеменшік шаруашылық болса, соның 10-ы Катонқарағайда екен. Марал шаруашылығының айы оңынан, күні солынан туып тұрған өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағыдан қазір тұяқ саны әлдеқайда кеміген. Өңірде бұл күні бар-жоғы 10 мың бас марал қалыпты. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасындағылардың айтуынша, жыл сайын 5,5 тонна панты өнімі өндірілсе, оның 85 пайызы шетелге экспортталады екен. Алайда, бұлау аңсап келген туристердің нақты санын білу мүмкін емес. Жекеменшік шаруашылықтар адал өмір сүруге құлықсыз. Салықтан қашады. Әңгіме олардың рухани дүниелері жайлы емес, туризм төңірегінде еді ғой, ендеше осы пантының қызығын тек өзіміздің азын-аулақ жұрт қана көріп жүр. Жарнама нашар. Сервис түкке тұрғысыз. Бағдарлама атымен жоқ. Келген қонақтар күніне бір мәрте бұлауға түскен соң іштері пысып, қайда барарларын білмей аласұрады. Қысқасы, марал шаруашылығы басшыларының функциясы сорпа дайындап берумен тамамдалады. Ары қарай... «Өлмесең, өрем қап». Мемлекет те бұл салаға біраз тиын-тебен бөле салып, аш пәледен, қаш пәле қағидасын ұстануда. Мұндағы асылтұқымды 11 марал шаруашылығына облыстық бюджеттен бас-аяғы 41,2 миллион теңге субсидия бөлінген көрінеді... Жалпы, туризмді қаржыландыруды Үкімет толығымен өз қолына алмаса, гүлденіп кетуіміз екіталай. Жекелеген кәсіпкерлер туризм инфраструктурасы арбасын өздіктерінен тарта алмайды. Туристерге қонақүйлер, жол, әуежайлар, сапалы байланыс, тағы да басқа әлеуметтік жағдайлар туғызу керек дегендей. Банктерден несие алу жеке кәсіпкерге тиімсіз. Өсім пайызы тым жоғары дейді олар. Сонда не істесек екен?
Шығу жолын да Елбасы өз Жолдауында айтып, құлаққа құйып кетеді. Президент білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктер құрудың тиімділігін ұсынады. Осы тәсілді неге туризм саласында қолданбасқа? Бұл тәсілді солтүстіктегі көршіміз Ресей атышулы Сочиде ғана емес Қиыр Шығыста да, Федерацияның Солтүстік-Батысында да өте табысты жүзеге асырып жатқаны белгілі. Президент Назарбаев солардан үлгі алу керектігін меңзейді. Ол кісі тағы да шетелдік инвестицияны болашағы бар салаларға тарту қажеттігіне ерекше екпін түсіреді. Инвестицияны туризмге тарту керектігін әлденеше мәрте шегелеген. Алайда, бұл тапсырмалардың орындалу пайызы өте төмен. Сонда кім құлықсыз?
– Туризмге жергілікті тұрғындарды тарту керек. Ауыл тұрғындарына сырттан келетін қонақтарды қарсы алу мен оларға қызмет көрсетуді үйретсек, жұмыс орны мен тұрақты жалақы болады. Сондықтан, олар осы саланың қыр-сырын меңгеруі шарт. Жалпы, қонақтарға қызмет көрсету түрі облысымыздың Катонқарағай, Глубокое, Ұлан, Үржар, Зайсан аудандарында ішінара кездесіп қалады. Тіпті, оқытушыны шетелден сүйремей-ақ, солардың іс-тәжірибелерін насихаттасақ, әзірше сол да жетер еді. «Ауылдағының аузы сасық» деп кергудің қажеті не. Десек те, туризмге септігі тиетін осы салаға да мемлекеттік қолдау қажет. Өсім пайызы төмен несие берсек әлгілерге, Польша мен Түркия сынды әп дегендегі салықтан босатсақ. Қонақ үйлерін салуды мемлекет өз мойнына алса, оларды жаңағы күтіп алушы жергілікті тұрғындарға жалға берсе, – дегенді ұсынады Бақыт Қасымжанова. Ол кісі сонымен қатар туризм саласы мамандарын оқыту да төмен деңгейде, базалық оқу орны жоққа тән, егерәки Үкімет ниет білдірсе, Шығыс Қазақстан аймақтық университеті осы бір жауапты шаруаны толығымен өз мойнына алуға әзір дегенді де айтады. Қазақстандағы коммерциялық туризм экономиканың бір саласы ретіндегі бастауын 1992 жылғы «Туризм туралы» Заң шыққан кезден алады. Онан соң 2001 жылы шыққан «ҚР-ындағы туристік қызмет» туралы заң оған көмекке келді. Дегенмен, жас мемлекетімізде іс-тәжірибе мүлдем болған жоқ. Оған экономикамызды алға сүйреуші сала ретінде қарамауымызға да осы түсінігіміздің аздығы, сауатсыздығымыз себепші болған шығар. Мәселен, дамыған елдерде туризм ХІХ ғасырдың ортасынан бастап бір ізге түсе бастапты. ХХ ғасырдың 70-80 жылдарынан кейін экологиялық туризм пайда болды. Бұл туризм саласымен бізде Батыс Алтай, Катонқарағай, Марқакөлдегі Мемлекеттік ұлттық парктер мен қорықтар ішінара айналысып жүр. Өздерінің экологиялық бағыттары бар. – Шығыс Қазақстандағы тізерлеп жатқан экологиялық туризмді аяғынан тұрғызып, ішкі және жүре-бара халықаралық нарыққа шығару үшін өзіміздің туристік өнімдерімізді тағы да халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, сонан кейін оны сертификаттауымыз шарт. Туризмге тырнақ ұшындай қатысы бар мемлекеттік мекемелер, мәселен Спорт және туризм басқармасы, Кәсіпкерлік басқармасы мен қалалық, аудандық әкімдіктер жұртшылық арасында туризмді кеңінен насихаттап, алдыңғы қатарлы турфирмалардың іс-тәжірибесін жеріне жеткізе таратуы керек. Әр кәсіпкер егерәки сапалы әрі тың идеялармен жұмыс істесе, бұл саланың қыруар пайда әкелетініне сенуі шарт. Туристерге ұсынылатын мейлі саяхат, мейлі танымдық бағыттар болсын, олар мейлінше қызықты әрі толық болуы керек. Туристерді біздің елдің, жергілікті жұрттың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, қолөнері, тіпті күнделікті тірлігі де қызықтырады. Бағыттарды сондай ізгі шаралармен толықтырса. Бұл мәселеге көмекті Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану және этнографиялық мұражайлары қуана-қуана берер еді. Жарнамада ғаламторды пайдалана алмай жатырмыз. Әр ұлттық парктің, әр қорықтың өз вебсайттары болса.
Халықаралық нарыққа шығу үшін оны ағылшын тілінде де сөйлетуіміз керек. Өте сауатты, құрығанда бір шет тілін білетін жолбасшы-экскурсоводтардың жетіспеуі тағы бар. Оларды «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы негізінде дайындап алып жатсақ, ешқандай заңға қиянат жасамаспыз, – дейді Өскеменде өткен 3-Экологиялық форумға қатысушылар. Ел айтады: республикалық бюджеттен Қазақстандағы туризмді дамытуға деп бөлінген қаржының басым бөлігі Көкшетауда, оның Бурабай төңірегінде, Алатаудың сарыжұрт болған, күнаға белшесінен батқан баурайында қалады. Неге десеңіз, аттарынан атан үркетін биіктегі көкелер сонда дем алады. Қалған өңірлердікі құр далбаса деседі. Кім білсін? Алайда, ешкімнің аузына қақпақ қоя алмайсың қазір. Әлқисса...ұсынылатын қызмет түрлері де жетерлік. Парк басшылығымен шартқа отырған елді мекендердегі 11 қонақүй де туристерді қабылдауға білек түріп отыр. Алайда, туристер саны тым аз. Өсу жоқ деу қиянат болар шындыққа. Мәселен, 2007 жылы парк аумағына келген туристер 1193 адам болса, 2011 жылы олардың саны 3332-ге жетіпті. Ал, өткен жылы 3354 адамға жетіп, бюджет қоржынына 4,5 миллион теңге құйылды. Төр Алтай сынды табиғат жаннатындай мекен үшін бұл сан тым қораш. Туристер ағылып келу үшін даңғыраған жол керек. Тек автомобиль жолдарын айтып отырған жоқпын, ұшақтарға да мүмкіндік жасау қажет. Әрине, Катонның өз басына АН-2-ден басқа ұшақтар ұшып-қона алмайды. Төңіректегі таулар тым жақын. Ұшақтың айналма жасауына тарлық етеді. Ал, бертінге дейін қазіргі аудан орталығы Үлкен Нарын ауылына ЯК-40 ұшақтары қонатын. Сол бағытты қайтара іске қосса. Ертістің үстімен Өскемен-Хайрузовка бағытында ертелі-кеш ұшқыр теплоходтар зулайтын. Міне, бүгінгі таңда сол жақсылықтардың барлығын құрдымға жібердік те, аузымызды қу шөппен сүртіп отырмыз. Шығыстағы туризм мәселесіне Үкімет араласпаса, түк те шықпайды.
ШЫҒЫСТЫҢ БОЛАШАҒЫ МАРАЛДЫҢ МҮЙІЗІНДЕ.
Практикалық бөлім
Адам өміріне маралдың тигізер пайдасы сан-алуан. Осы жоба барысында мен сыныптастарым және құрбы-достарым арасында мынадай зерттеу жүргіздім: сонымен, менің достарым марал туралы не ойлайды екен? Сауалнама мен тестілеу арқылы төмендегідей көрсеткіштерге ие болдық:
86 % өмірде маралды көргілері келеді;
14 % өмірде маралды көрген;
38 % понтокрин жайлы хабардар бар;
11% маралдан алынатын басқа да дәрілер туралы хабардар.
Осы сауалнаманың нәтижесін төмендегі тірексызбадан көрсеттік.
Тірексызба 1.
Балаларың көпшілігі маралды жақсы көреді, біздің зерттеуіміз бойынша қазіргі заман балалары марал туралы көбірек білгілері келеді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей, ұрпағымыздың асқақ рухты, көркем қылықты, білімді де білікті болып жетілуіне өз тарапымыздан мүмкіндігіміз жеткенше ат салысып, ұлт алдындағы перзенттік парызымызды орындасам деген оймен марал туралы өз зерттеу жұмысымды шағын диофильм, мультфильмдер арқылы балалармен бөлісуді ұйғардым.
2.3 МЕНІҢ ТУЫНДЫМ
Жұмыс барысы:
Біз бұл жұмысты орындау үшін өзіме шағын коменда жинастырып алдым. Олар менің сыныптас достарым Қуаныш, Айгерім, Бауыржан, Саяжан, Аңсар. Біз біріге отырып өзіміздің қойған мақсатқа жету үшін жоспар құрып алдық.
Бұл жұмысты жасау үшін бізге қажет:
Ақпарат көздері;
Әдебиеттер;
Саяхат;
Әр түрлі еңбек.
Бұл жұмысқа көп уақыт кеткен жоқ. Ақпарат көздерін кітапханадан, аймақтаеу, дүниетану, сабақтарынан, интернеттен жинастырдық.
Әдебиеттерді жинастырып алған соқ қызықты мағлұматтармен сыныптас достарыммен талқыладық. Осы жұмыстарды жүзеге асырған соң сыныбымызбен бірігіп қаламыздағы мұражайға барып маралды көрдік. Мен өзбілгеніммен балалармен бөлістім. Сыныбымызға қайтып келген соң балалармен біріге отырып мектебімізге мараға арналған бұрыш жасадық.
Енді менің мектебімнің төрінде марал өзіндеріне лайықты орынды тапты. Ол менің туған жерімнің мақтанышы екендігін Білдіріп тұратыны сөзсіз. Өйткені бұл бұрышты жасаған кезде біз мұнда бар өміріміздің жақсылыққа толы болсын деген ниетпен өзіміздің жүрегіміздің жылуын төге отырып жасадық.
Менімен жұмыс барысында балалар белсенділігі төмендегі диограммадан көруге болады.
Тірексызба 2. Оқушылар белсенділігі
Бұдан балалармен бірлесе жасағын жұмыстың нәтижелі болуының бір де бір себебі еліміздің болашағы маралдың пайдасында екендігі күмәнсіз. Өйткені адамзаттың болашақ өмірінің бақытты сәттерге толуы осы жануардан алынаты дәрі дәрімектерде деген ойға келдім.
Т
Ұ
Ж
Ы
Р
Ы
М
Балалармен ізденіп жасаған зерттеулеріміз – оларды өз-өзін бағалауды үйретеді және өмірде қажетті заттарды қайдан алу керектігін анықтай алады.
Бала табиғат бұрышын өз қолымен жасай отырып үнемдеуді, сақтауды жадына сақтайды.
Өз қолымен жасаған жұмыс- баланың бойында махаббат сезімін оятады. Оған өз қолымен жасаған бұйымның ыстық, қаншалықты қымбат екенін білдіреді.
Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады
Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді
Қол бұлшық ет күшінің жетілуіне, интеллекті дамуына көмектеседі
ҚОРЫТЫНДЫ:
Сонымен бұғының өне бойының бәрі асыл. Бұғы мүйізі, бұғы бүйрегі, марал жылбысқасы, бұғы шыбығы, бұғы сіңірі, бұғы сүйегі, бұғы қаны, бұғы терісі және еті қатарлылардың бәрі қымбат бағалы дәрі-дәрмектердің шикізаты. Сондықтан, көне заман адамдары бұғыны киелі жануар деп таныған. Дегенмен, бұғының денесіндегі ең бағалы зат – бұғының жас мүйізі.
Бұғы мүйізі мол күрделі белок пен гормондар, сондай-ақ фосфор қышқылды калций, коллойдты хондройтин (шеміршек нәрі) қатарлы химиялық бірікпелерді қамтыған, жоғары дәрежелі қуаттандырғыш бұйым. Дәстүрлі медицинада бұғы мүйізінің ерлердің бел күшін арттыратын, қуат және қан толықтайтын, сүйек кеміктерін нәрлендіретін, сүйекті қатайтатын қасиеттері мойындалған. Бұғы мүйізін ұзақ уақыт қолданғанда, ол тән әлжуаздығынан сауықтырып, адамның зейінін күшейтіп, бет-жүзін өңдендіріп, ғұмырды ұзартады.
Бұғы мүйізі кенеулік заттарға бай, емдік өнімі көрнекті болғандықтан, кезінде патша ордаларының тарту-таралғылары болған. Қазір бұғы мүйізінің құрғақ жапырақшалары негізінде өндіріліп жатқан өнімдер халықаралық базарда үнемі күшті сұранысқа ие болуда.
Мен өз зерттеу жұмысымды маралдың түрлері, олардың таралған орындарын анықтаудан бастадым, келесі тоқталғаным шығыстағы марал шаруагылығы туралы мағлұмат жинастырдым әсіресе жерлесіміз Анатолий Ковшиктің адамды жасартатын «Пантомарал» эликсирін (биобелсенді өнімді) жасайтын технологиясы мен марал мүйізінен алынатын понтакрин қатты қызықтырды. Осы жұмасты басшылыққа ала отырып өз мектебімде бірге білім алып отырған сыныптастарымнан сауалнамалдар алдым. Сауалнама нәтижесі сыныптас достарымның марал туралы көбірек білгілері келетіндігі анықталды. Бұл қорытындыға сүйене отырып мен сыныптас достарымның арасынан шағын топ құрдым. Бірлесе отырып топ мүшелерімен сыныптағы балаларға маралдың пайдасы туралы әр түрлі қызықты шаралар жүргізіп отырдық. Соның нәтижесінде жылдың басындағы қызығушылығы төмен деңгей көрсетілген болатын, ал оқу шылының соңында қатысушылардың саны артып мектебімізде шағын бұрыш жасадық. Бұдан балалардың белсенділігін осы жұмысынан көруге болады.
Мен өз жұмысымда көздеген мақсатыма жеттім деген ойдамын. Болашақта марал шаруашылығын дамытып, әлемдік рыноктағы алдыңғы қатарлы елдердің бірі болуына бар күшімді салмақпын.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ МЕН ИНТЕНЕТ САЙТТАР:
1. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959,
2. Энциклопедия әсер бойы» 2000ж
3. Облыстық қазақ театрлары Қазақ СССР-ның «Ғылым» баспасы Алматы 1965 ж
4. Нұрғалымова Г. Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті «Арыс» баспасы Алматы 2002ж
5. Құмарбеков М Алтайым- алтын бесігім «Жалын» баспасы Алматы 1981ж
Чернышова Т.В. Таңғажайып жер «Автор-К» баспасы Өскемен 2009ж
6. Әлемге ашық мұражай Шығыс Қазақстан облыстық сәулет- этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай қорығы Өскемен 2008ж