Эссе: «Менің өмірімдегі көшбасшы»
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Абай атамыз: «Бала тәрбиесіне 3 жақ әсер етеді, ата- анасы, ұстазы, және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады.» деген сөзі мені ойға салды. Менің мамандық таңдаудағы алғашқы өміріме қадам басар шақтағы көшбасшым ол-өзімнің туған анам Канаева Балкен Дайырқызы болды. Менің ойымша нағыз көшбасшы адам ол-бойындағы асыл қасиеттерді өз шәкірттері мен балаларының болашаққа жету жолындағы игі істерге арнаған адам. 40 жылдық өмірін бала тәрбиесіне арнаған асыл анамның маған өмірге берген азығы мол болды. Қазірдің өзінде де осы анамнан дарыған асыл қасиеттер бойымнан табылады. Мен өз анамнан бастауыш сыныпта білім нәрімен сусындап, мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге әріп танытып, жазуға үйрету, яғни оқушыларға әділ болып, олардың білім сапасын көтеру анамнан дарыған. Әрине, тек өз пәнімді жақсы білетін маман болу аз, оқушылардың жанын түсінетін адал, шыншыл тәрбиеші болу. Анамның өмірі маған үлгі-өнеге. Ұстаз- алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігін сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуге бағыт бере алатын зор тұлға.