kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе "Ерлігімен ма?танамын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

         -Асы? ойнап, а?с?йек ойыныны? ?ызы?ына тойма?ан ?азбек (Ке?ес Ода?ыны? Батыры ?азбек Н?ржанов) екеумізді? балалы? ша?ымыз бірге ?тті. Есейе келе ол ?ар?аралыда?ы 6 айлы? м??алімдер курсын бітіріп,ауыл?а м??алім болды. Мен ол кезде ауылды? ке?есте ж?мыс істедім. 1939 жылы ?скер ?атарына ша?ырылды?. 1939 жылды? ?азан айында ?скер ?атарына То?ырауын бойынан 29 бала аттанды?. Сол жылдары жапонды?тар Ке?ес Ода?ыны? шекарасына к?з тігіп, бірнеше рет шекара б?зушылы? болды. Олар б?з?ан сайын олар?а тойтарыс беріліп отырылды. Жапонды?тар Хасан ?зеніні? ма?ында бізді? елімізді? шекарасына шабуыл жасады. Біз сол шекара к?зетінде болды?. Владивосток-?иыр Шы?ыста ?скери айма?та болды?. ?скери борышымызды ?теп елге ?айтамыз деп т?р?анда со?ыс басталып кетті. Бізді негізгі со?ыс ?иыр Шы?ыстан басталады деп шо?ырландырып отырды. Жапония, ?ытайдан ?атты ?ауіп болатын. Сталинні? ??пия б?йры?ы болды, шекара б?зушылар?а бірінші о? атпау туралы. Не болса да шекарадан ?ткізіп алып ?лтіруді тапсырды. Азы?-т?ліктен ?иынды? болды. Сол жердегі Платоновка станциясына барып азы?-т?лік болмай ?ал?анда халы?тан ?скерге нан,картоп ?келеміз. Кім несін береді? Азын –аула? тама?.

         1942 жылды? ая?ына дейін сол жерде болды?. Бізді ?скери тапсырма бойынша с?рыптады. Мені ат?ыштар дивизиясына жіберді,?азбек барлау?а с?ранды. 1942 жылды? 2 а?паны к?ні шекара б?зушылы? болып, бізді? взвод со?ан кеттік.14 к?ндей шекарада болды?. ?айтып келсек б?лімде ?ал?андарды Батыс?а алып кетіпті. ?азбек кетерінде б?лімшеде ?ал?ан ?ол ?апшы?ымны? ішіне орамалын ?алдырып, -к?ріскенше ?ош бол!-деп жазып кетіпті.1943 жылы хат алдым.Хатында барлау ж?мысында ж?ріп жатырмын деген болатын.Одан кейін хабар болмады.

        Со?ыс біткеннен кейін Владивостокта, Хабаровск ?лкесінде Комсомольск на Амуреде болды?. 1946 жылы елге оралды?. Досымны? батыр ата?ын ал?анын елге орал?аннан кейін естідім. Отж?ректі азамат еді.

Сонау жылдар ?лі есімде. К?з алдымда сан ?илы о?и?алар-деп ая?тады атам естелігін.

          Міне,?арт жауынгер, мені? атамны? ерлік жолы осындай. Со?ыстан келгеннен кейін ел игілігі ?шін жауапты ?ызметтер ат?арады. Атамны? е?бегін хал?ы ба?алады. Ке?ес Ода?ы кезінде 1977 жылы «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», 1980 жылы «Ветеран Труда», 1985 жылы Орден «Отечественной войны ІІ степени», «Сорок лет победы вІ великой Отечественной войне 1941-1945 гг», 1988 жылы «70 лет Вооруженных сил СССР», еліміз т?уелсіздік ал?ан кезе?нен бастап 1999 жылы «В честь 55-ой годовшине победы в Великой Отечественной войне» медальдарымен, «Ветеран войны 1941-1945 гг» т?с белгісімен, 2000 жылы А?то?ай ауданыны? экономикасы мен м?дениетін к?теруде сі?ірген е?бегі ?шін ?ара?анды облысы А?то?ай ауданды? М?слихаты 2000 жыл?ы 25 ?а?тарда?ы №3/27 шешімімен «А?то?ай ауданыны? ??рметті азаматы» ата?ымен, 2005 жылы Елбасымыз Н.Назарбаевты? жарлы?ымен «Ерен е?бегі ?шін» медалімен наградтал?ан. ?жем ?алижан?ызы Зейнела?жар со?ысты? с?рапыл жылдарында жан?иярлы? е?бекпен,??рыштай топтас?анды? ?лгісін к?рсетіп, «Б?рі майдан ?шін,б?рі де же?іс ?шін!» деген ?ранмен ?аламат е?бек жаса?ан тыл е?беккері.Майданда?ы ?ызыл Армия?а арнап жылы киім, ?ол?ап, тон тігіп,ш?лы? то?ыпты.?жем де майданда?ы ?ызыл Армия?а к?мек к?рсетуде ?ос?ан ?лесі ?шін бірнеше марапаттар?а ие болды. 1975 жылы «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне1941-1945гг», 1980 жылы «Ветеран труда»,1995 жылы «1941-1945 жылдарда?ы ?лы Отан со?ысы Же?ісіні? елу жылды?ы», 2004 жылы ?аза?стан Республикасы Президентіні? №1439 Жарлы?ы бойынша «1941-1945 жылдарда?ы ?лы Отан со?ысында?ы Же?іске 60 жыл» мерекелік медальдарымен наградталды.

         Биыл ?а?арман ке?ес хал?ыны? те?десі жо? тарихи Же?ісіне 70 жыл. ?лы Же?істі? алау туы желбіреп барша халы??а ба?ыт н?рын сепкен 1945 жыл?ы 9 мамыр елімізді? тарихына алтын ?ріптермен жазылды. Уа?ыт жер бетінен со?ыс іздерін ?шірді, біра? еште?е де ?мытылма? емес.?йткені онда ?келерімізді? жалынды к?ндеріні? белгісі бар. Оларды? ?р ?айсысыны? ?мір жолы ?шпес ерлікке толы. Олар Отанымызды? болаша?ы ?шін, ана мен баланы? ба?ыты ?шін, жар?ын болаша? жасампаз ?мір ?шін ?андай да болмасын ?иынды??а т?зіп,иы??а т?скен ауыртпалы?ты ?айыспай к?терді.

         Атам мен ?жем 90-?а ?ара?ан ша?тарында д?ниеден озды. ?р?ашан балаларыны? тілеуін тілеп отыратын. ?рпа?тарынан немере, ш?бере с?йді. ?рпа? т?рбиелеп ?сірген ордалы ?улет.Саясы мол, зор б?йтерек секілді. Б?гінде ?рпа?тары елімізді? сан ?ырлы саласында е?бек етуде.

         ?рдайым атам мен ?жемді еске алып отырамыз.Ол кісілерді? еркелеткені, айт?ан а?ылы санамызда. Жыл сайын Же?іс к?ні ?арса?ында атам мен ?жемізді? басына барып та?зым етіп ?айтамыз. Атам мен ?жем ?р?ашан жадымызда. Мен оларды? баршамыз?а ?лгі болар ?лы да ізгі ерлігін, ?айтпас ?айсар да??ын ма?тан т?тамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе "Ерлігімен ма?танамын" »

Жетістікке жеткен адам

Шардарбекова Куаныш Мухамедиякызы

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы К.Байсейітова атындағы ЖББОМ

Жетістікке жету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Жетістікке батыл да жігерлі, алға қойған мақсатына жете алатын, намысшыл адам ғана жете алады. Ел аузында «Жетістікке жеткен адам» деп құрметпен айтылатын менің атам Сыздықов Шардарбек пен әжем Қалижанқызы Зейнелақжар жайлы сыр шертпекпін. Атам 1917 жылы 10 қаңтарда Қарағанды облысы, Қоңырат ауданы,Киров ауылында дүниеге келген. Атам сол бір ауыр да азапты, ат ауыздықпен су ішкен,ер етікпен су кешкен сұрапыл соғыс жылдарында ерлік пен елдіктің өшпес өнегесін танытып, Отанына шексіз берілгендік рухында еліміздің ұлтарақтай жері үшін төсін оққа төсеп,басын ажалға тікті.Көзі тірісінде атамнан жауынгерлік жолы жайлы айтып беруін өтінген едік.

-Асық ойнап, ақсүйек ойынының қызығына тоймаған Қазбек (Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржанов) екеуміздің балалық шағымыз бірге өтті. Есейе келе ол Қарқаралыдағы 6 айлық мұғалімдер курсын бітіріп,ауылға мұғалім болды. Мен ол кезде ауылдық кеңесте жұмыс істедім. 1939 жылы әскер қатарына шақырылдық. 1939 жылдың қазан айында әскер қатарына Тоқырауын бойынан 29 бала аттандық. Сол жылдары жапондықтар Кеңес Одағының шекарасына көз тігіп, бірнеше рет шекара бұзушылық болды. Олар бұзған сайын оларға тойтарыс беріліп отырылды. Жапондықтар Хасан өзенінің маңында біздің еліміздің шекарасына шабуыл жасады. Біз сол шекара күзетінде болдық. Владивосток-Қиыр Шығыста әскери аймақта болдық. Әскери борышымызды өтеп елге қайтамыз деп тұрғанда соғыс басталып кетті. Бізді негізгі соғыс Қиыр Шығыстан басталады деп шоғырландырып отырды. Жапония, Қытайдан қатты қауіп болатын. Сталиннің құпия бұйрығы болды, шекара бұзушыларға бірінші оқ атпау туралы. Не болса да шекарадан өткізіп алып өлтіруді тапсырды. Азық-түліктен қиындық болды. Сол жердегі Платоновка станциясына барып азық-түлік болмай қалғанда халықтан әскерге нан,картоп әкелеміз. Кім несін береді? Азын –аулақ тамақ.

1942 жылдың аяғына дейін сол жерде болдық. Бізді әскери тапсырма бойынша сұрыптады. Мені атқыштар дивизиясына жіберді,Қазбек барлауға сұранды. 1942 жылдың 2 ақпаны күні шекара бұзушылық болып, біздің взвод соған кеттік.14 күндей шекарада болдық. Қайтып келсек бөлімде қалғандарды Батысқа алып кетіпті. Қазбек кетерінде бөлімшеде қалған қол қапшығымның ішіне орамалын қалдырып, -көріскенше қош бол!-деп жазып кетіпті.1943 жылы хат алдым.Хатында барлау жұмысында жүріп жатырмын деген болатын.Одан кейін хабар болмады.

Соғыс біткеннен кейін Владивостокта, Хабаровск өлкесінде Комсомольск на Амуреде болдық. 1946 жылы елге оралдық. Досымның батыр атағын алғанын елге оралғаннан кейін естідім. Отжүректі азамат еді.

Сонау жылдар әлі есімде. Көз алдымда сан қилы оқиғалар-деп аяқтады атам естелігін.

Міне,қарт жауынгер, менің атамның ерлік жолы осындай. Соғыстан келгеннен кейін ел игілігі үшін жауапты қызметтер атқарады. Атамның еңбегін халқы бағалады. Кеңес Одағы кезінде 1977 жылы «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», 1980 жылы «Ветеран Труда», 1985 жылы Орден «Отечественной войны ІІ степени», «Сорок лет победы вІ великой Отечественной войне 1941-1945 гг», 1988 жылы «70 лет Вооруженных сил СССР», еліміз тәуелсіздік алған кезеңнен бастап 1999 жылы «В честь 55-ой годовшине победы в Великой Отечественной войне» медальдарымен, «Ветеран войны 1941-1945 гг» төс белгісімен, 2000 жылы Ақтоғай ауданының экономикасы мен мәдениетін көтеруде сіңірген еңбегі үшін Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық Мәслихаты 2000 жылғы 25 қаңтардағы №3/27 шешімімен «Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы» атағымен, 2005 жылы Елбасымыз Н.Назарбаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған. Әжем Қалижанқызы Зейнелақжар соғыстың сұрапыл жылдарында жанқиярлық еңбекпен,құрыштай топтасқандық үлгісін көрсетіп, «Бәрі майдан үшін,бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен ғаламат еңбек жасаған тыл еңбеккері.Майдандағы Қызыл Армияға арнап жылы киім, қолғап, тон тігіп,шұлық тоқыпты.Әжем де майдандағы Қызыл Армияға көмек көрсетуде қосқан үлесі үшін бірнеше марапаттарға ие болды. 1975 жылы «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне1941-1945гг», 1980 жылы «Ветеран труда»,1995 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы», 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің №1439 Жарлығы бойынша «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медальдарымен наградталды.

Биыл қаһарман кеңес халқының теңдесі жоқ тарихи Жеңісіне 70 жыл. Ұлы Жеңістің алау туы желбіреп барша халыққа бақыт нұрын сепкен 1945 жылғы 9 мамыр еліміздің тарихына алтын әріптермен жазылды. Уақыт жер бетінен соғыс іздерін өшірді, бірақ ештеңе де ұмытылмақ емес.Өйткені онда әкелеріміздің жалынды күндерінің белгісі бар. Олардың әр қайсысының өмір жолы өшпес ерлікке толы. Олар Отанымыздың болашағы үшін, ана мен баланың бақыты үшін, жарқын болашақ жасампаз өмір үшін қандай да болмасын қиындыққа төзіп,иыққа түскен ауыртпалықты қайыспай көтерді.

Атам мен әжем 90-ға қараған шақтарында дүниеден озды. Әрқашан балаларының тілеуін тілеп отыратын. Ұрпақтарынан немере, шөбере сүйді. Ұрпақ тәрбиелеп өсірген ордалы әулет.Саясы мол, зор бәйтерек секілді. Бүгінде ұрпақтары еліміздің сан қырлы саласында еңбек етуде.

Әрдайым атам мен әжемді еске алып отырамыз.Ол кісілердің еркелеткені, айтқан ақылы санамызда. Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында атам мен әжеміздің басына барып тағзым етіп қайтамыз. Атам мен әжем әрқашан жадымызда. Мен олардың баршамызға үлгі болар ұлы да ізгі ерлігін, қайтпас қайсар даңқын мақтан тұтамын.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Эссе "Ерлігімен ма?танамын"

Автор: Шардарбекова Куаныш Мухамедиякызы

Дата: 27.03.2015

Номер свидетельства: 192377


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства