kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ниетану саба?тарында ба?ылау ?дісін ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д?ниетану саба?тарында ба?ылау ?дісін ?олдану.

«М.О.?уезов атында?ы педагогикалы? колледжі» К?МК

Кусманова Айгерим

?ылыми жетекші Б.М.Байбулатова

Бастауыш сыныпта д?ниетану п?нін о?ыту кезінде о?ушыларды? талдау, жина?тау, салыстыру, д?лелдеу, т?сіндіру ??раушыларына м?н бере отырып, оларда ба?ылау, зерделеу, сезіну, зейінін арттыру ?абілеттерін ояту.     - О?ушыларды? ба?ылау ?дісін жа?сы біліп, оны ?немі айналада?ы д?ниені танып білу кезінде ?олданып, оларды? бойында ба?ыла?ышты?, да?ды ?абілеттерін ?алыптастырып, дамыту. Айналада?ы д?ниеде таби?ат денелері мен ??былыстары ?те к?п, соларды ба?ылау, тану ма?сатында о?ушыларды? ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін ояту ма?сатында, осы курсты? ж?мысты жазуды ма?сат еттім. О?ушыларды? білімге деген, д?ниетану п?ніне деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ниетану саба?тарында ба?ылау ?дісін ?олдану»

Дүниетану сабақтарында бақылау әдісін қолдану.


«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КҚМК

Кусманова Айгерим

Ғылыми жетекші Б.М.Байбулатова

Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту кезінде оқушылардың талдау, жинақтау, салыстыру, дәлелдеу, түсіндіру құраушыларына мән бере отырып, оларда бақылау, зерделеу, сезіну, зейінін арттыру қабілеттерін ояту. - Оқушылардың бақылау әдісін жақсы біліп, оны үнемі айналадағы дүниені танып білу кезінде қолданып, олардың бойында бақылағыштық, дағды қабілеттерін қалыптастырып, дамыту. Айналадағы дүниеде табиғат денелері мен құбылыстары өте көп, соларды бақылау, тану мақсатында оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында, осы курстық жұмысты жазуды мақсат еттім. Оқушылардың білімге деген, дүниетану пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дүниетануды оқытуда қоршаған табиғатты және адам еңбегін ұйымдасқан түрде бақылаудың ерекше мәні бар. Бақылау – оқу бағдарламасының ажырамас бөлігі. Сондықтан оқушылар қоршаған табиғатқа бақылау жүргізбейтін, оларды қорытпайтын және оқу процесінде пайдаланбайтын мектептерде оқу бағдарламасы да орындалмайды. Бақылау – дүниетану саласындағы білімнің негізгі ұғымдарды қалыптастырудың сезімдік тірегі, балалардың таным әрекетін жандандыру құралдарының бірі.

Зерттеу жұмысын «Жазғы сауықтыру лагері» іс-тәжірибесінде зерттеу жұмыстарын іске асырдым. «Қиярдың өсіп-өну кезеңдері» тақырыбындағы зерттеу жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, тәжірибелік және оқу-зерттеу әрекеттерін дамытуда өзіндік орны бар. Зерттеу барысында қиярдың алғаш қай кезде пайда болғаны, көкөністің бұл түрін алғаш өсірген қай халық екендігі, қиярдың түрлері, оның адам ағзасына пайдасы, дәрілік қасиеті және қиярды өсірудің сұрыптық технологиясы арқылы оқу-зерттеу жұмысы жүргізілді.

Қияр тұқымының өнуін бақылау нәтижесінде, тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет екендігі байқалды. Су – тұқымның өнуі үшін қажет, су жетіспегендіктен құрғақ тұқымдар өнбейді. Қияр тұқымы +150С –та өнді, сондықтан жылу қажет екені байқалды.

Екі ыдысқа отырғызып, әр түрлі жағдайларда өскен өскіндерді бақылау нәтижесінде байқағаным қолайлы жағдайларда, құнарлы топыраққа отырғызылып, жылы жерде, күн сәулесі мол түсіп тұрған бөлмедегі қияр өскінінің аз уақыт ішінде тез көтерілгенін, ал құнарсыз топыраққа отырғызылып, күн сәулесі аз түсетін бөлмеге қойылған өскіннің өсуіне көп уақыттың қажет болғанын байқадым. Қияр өскінің жақсы өсуі үшін құнарлы топырақ, күн сәулесінің мол түсуі, жылу және жарық қажет екеніне көз жеткіздім.

Шығармашылық-іздендіру, танымдық, еңбектену арқылы оқушылардың көкөніске деген қызығушылығы танылып, олардың аңғарымпаздық, еңбексүйгіштік қасиеттері айқындалады. Қазіргі ғаламдану заманда кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық зерттеу жұмыстарына қызықтыру мектеп мұғалімдерінің еншісінде.

Денелер мен құбылыстарды адам тікелей өзі зерттеп көрмейінше толық білім ала алмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Оқушылар денелер мен құбылыстардың негізгі ерекшеліктерін түсініп қана қоймай, қарапайым тәжірибелер қою, өздігінше бақылау жүргізу, бақылау нәтижелерін талдау негізінде болжам жасау, картаны пайдалана білу, «мұғалім», «тәрбиеші», «консультант» жұмыстарын атқара білулері керек.

Дүниетануды оқытуда қоршаған табиғатты және адам еңбегін ұйымдасқан түрде бақылаудың ерекше мәні бар. Бақылау – оқу бағдарламасының ажырамас бөлігі. Сондықтан оқушылар қоршаған табиғатқа бақылау жүргізбейтін, оларды қорытпайтын және оқу процесінде пайдаланбайтын мектептерде оқу бағдарламасы да орындалмайды.

Сондай-ақ, оқушылардың дүниетану пәнінен адам, қоғам және табиғат туралы теориялық білім алуымен қатар, шығармашылық ой-өрісін дамытып, оларды заттың немесе құбылыстың мәнін өздігінен ашуға, белгілі бір қорытындыға келуге бағыттау жағы мықтап ескерілуі керек. Оқулықта ол үшін ірі-ірі тақырыптар бойынша оқушылардың өздігінен орындауына жеңіл сарамандық жұмыстар мен тәжірибелер берілген. Сол жұмыстар орындалып отыруы шарт. Тақырыптардың соңында белгіленген топсаяхаттар да осындай мақсатты көздейді.

Бағдарламада көрсетілген топсаяхаттар міндетті түрде өткізілуі керек. Олардан басқа мұғалім өз жерінің табиғатын, өндіріс орындарын, еліміздің басқа аудандарымен байланысын, тарихын, халқының тұрмыс салты мен әдет-ғұрыптарын, мәдениетін таныстыру мақсатында өлкетану бағытында топсаяхаттар ұйымдастыра алады.

Бақылау әдісін жақсы біліп, оны үнемі айналадағы дүниені танып-білуге қолданатын адамда бақылағыштық, дағды қабілет қалыптасып дамиды. Бақылау әдісін сабақтың ең тиімді бөлімінде пайдалана білу мұғалімнің шеберлігіне тікелей байланысты.

Қорыта келгенде, оқушы бақылаулар арқылы табиғаттың тұтастығына және алуан түрлілігіне көз жеткізеді. Ол нақтылы бақылаулар барысында әр түрлі табиғат элементтерінің арасындағы байланыстарды, ал жекелеген жағдайларда өзара байланыстарды да анықтайды.

Әрине, осының бәрі оқушының табиғатпен өзара байланысын қамтамасыз етіп, ғылыми көзқарасын қалыптастырады, салауатты өмір сүруіне, сезімдік-рухани жан дүниесінің баюына іргетас боп қаланады.


Әдебиеттер тізімі

  1. Аймағамбетқызы Қ., Абрайкеліні Б. Табиғатты бақылау күнделігі. Бастауыш мектептің 3-сынып оқушыларына арналған. Алматы: Атамұра, 2001.

  2. Аймағамбетова Қ.А., З.Ф.Олейник., Жүнісова Г.М., Базарбаева С.Ж. Дүниетану. Хрестоматиясы. Алматы: «Атамұра», 1998.

  3. Адырбекова Б. Дүниетану. //Бастауыш мектеп. 2003, №8.

  4. Дүниетану. Бағдарламалар, 1-4 сыныптар. Алматы, 2003.

  5. Қошанова М. Оқушылардың бақылау қабілеттерін дамыту. //Бастауыш мектеп. 2004, №1.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Д?ниетану саба?тарында ба?ылау ?дісін ?олдану

Автор: Кусманова Айгерим Ерлановна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321308


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства