kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?НИЕТАНУ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Д?НИЕТАНУ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ

                                                                 

«Д?ниетану» п?ні ба?дарламасы о?ушыларды? тану, зерттеу, д?лелдемелерді ?арау ж?не м?селелерді шешу ар?ылы пайда болатын сыни т?р?ыдан ойлай білу да?дыларын дамытады, сонымен ?атар жеке ж?не топпен ж?мыс істеу да?дыларыны? ?алыптасуына ба?ыттал?ан.

Б?гінгі білім беру ж?йесінде критериалды ба?алау   зор ма?ыз?а ие.  ?йткені ?азір о?ушыларды? білімділігі ?ана басты р?лде емес, басты р?лде о?ушыны? ??зіреттілігін, оны? жеке т?л?алы? ?асиеттерін дамыту, ?орша?ан ортамен д?рыс ?арым-?атынас жасау, ?зін-?зі дамыту, ?зіндік білімін к?теру сия?ты ма?саттар ?ойыл?ан.

Бастауыш мектептегі критериалды ба?алау ж?йесі формативті (а?ымды?) ба?алау (?Б)  ж?не  ішкі жиынты? ба?алауды (ІЖБ) ?амтиды.

Критериалды ба?алау  д?ниетану п?нінен о?у ба?дарламаларын ме?гертудегі болжамды н?тижелерге с?йкес критерийлер бойынша ба?алау?а м?мкіндік береді. Ба?алауды? критериалды ж?йесі м??алімге ба?аны объективті ?ою?а ж?не е? бастысы,о?ыту мен о?у ?дерісін жетілдіру ?шін о?ушыларды? жетістіктері туралы а?парат жина?тау?а м?мкіндік береді.

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?НИЕТАНУ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ »

ДҮНИЕТАНУ САБАҒЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫ

ТИІМДІ ҚОЛДАНУ


Жомартова Н.Н.

бастауыш сынып мұғалімі

«Дүниетану» пәні бағдарламасы оқушылардың тану, зерттеу, дәлелдемелерді қарау және мәселелерді шешу арқылы пайда болатын сыни тұрғыдан ойлай білу дағдыларын дамытады, сонымен қатар жеке және топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына бағытталған.

Бүгінгі білім беру жүйесінде критериалды бағалау   зор маңызға ие.  Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасау, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.

Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі формативті (ағымдық) бағалау (ҚБ) және ішкі жиынтық бағалауды (ІЖБ) қамтиды.

Критериалды бағалау дүниетану пәнінен оқу бағдарламаларын меңгертудегі болжамды нәтижелерге сәйкес критерийлер бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалімге бағаны объективті қоюға және ең бастысы,оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру үшін оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат жинақтауға мүмкіндік береді.

Бағалау критерийлері – оқу мақсаттарының бағалануы және сәйкестендіруі туралы белгі (сипаты). Критерийлер оқушыға оқу тапсырмасының орындалуы туралы нақты мағлұмат беруі қажет (әрбір жұмысқа беріледі), ал бағалау балл қою кестесі бойынша жүреді, бұл оқушының қойылған мақсатқа қаншалықты жақын екенін көрсетеді.

Білім алушылар американдық педагог Б.Блумның мақсаттар таксаномиясымен таныс болуы керек. Оларға тек пирамиданың өзі ғана емес, сонымен бірге критерийлердің пирамидаға сәйкестілігі де түсіндіріледі. Оқушыларға критерийлерді өздеріне құрастыруға және солар бойынша өз еңбегін бағалауға үйрену қажет, сол үшін мұғалім барлық критерийлердің сақталуына қол жеткізе отырып, әр сабақта сол әдіске үйрету керек.

А.Білу, түсіну

Оқушы арнайы терминдерді, фактілерді, ақпараттық материалдарды меңгеріп түсінеді, орындалу ретін біледі.

В.Қолдану, талдау

Оқушы ұғым мен қағидаларды жаңа жағдайда қолданады, олардың салдарын ажыратады.

С.Жинақтау, бағалау

Оқушы тапсырмаларды шығармашылықпен орындаудағы өзіндік стильді көрсете біледі.Оқу материалының логикасын жазбаша түрде бағалайды.


1-сыныпта оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тек қана қалыптастырушы (формативті) бағалау қолданылады. 3-4 тоқсандарда тоқсандық бағалар қойылады.Жылдық баға қалыптастырушы бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады.

2-сыныпта ішкі жиынтық бағалау енгізіледі. 1-4 тоқсандардың тоқсандық қорытынды бағалары формативті бағалаудың нәтижесі бойынша қойылады. Оқу жылының соңында ішкі жиынтық бағалау жүргізіледі.Жылдық баға қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың пайыздық арақатынасының есебімен қойылады.

3-4 сыныптарда қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалаудың нәтижесі бойынша тоқсандық баға түрінде және төрт тоқсандағы жылдық баға түрінде.

Кесте-1


І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІV тоқсан

Жылдық

1-сынып

ҚБ

ҚБ

ҚБ

ҚБ

ҚБ нәтижесі бойынша

2-сынып

ҚБ

ҚБ

ҚБ

ҚБ

ІЖБ

ҚБ

ІЖБ нәтижесі бойынша

3-4 сынып

ҚБ

ІЖБ

ҚБ

ІЖБ

ҚБ

ІЖБ

ҚБ

ІЖБ

ҚБ

ІЖБ нәтижесі бойынша


Бағалау жүйесінің өзгеруіне байланысты мұғалімдерде критериалды бағалауды практикада «қалай қолдану керек?» , «не үшін қолдану керек?» деген сұрақтар туындатты. Сол себепті мұғалім ең алдымен критерий, дескриптор, рубрика және тексеру парағы деген не екенін түсіну қажет.

Критерийлер дескрипторлармен сипатталады, оларда оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі (әрбір нақты жұмыс үшін).

Дескрипторларда -оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы (әрбір сұрақ үшін балл нақты) көрсетіледі.

Тапсырмаларға берілген дескрипторлар –оқушының ағымдағы білімді қалай меңгергенін анықтау үшін, оқушы мен мұғалім арасындағы қолма–қол байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.

Рубрика – бұл қалыптастырушы жұмыс кезінде қолданылатын бағалау құралы. Олар алдын ала жоспарлаған тапсырмалар мен критерийлердің арасындағы «көпір»  болып табылады.

Тексеру парағы –тапсырманы нәтижелі орындау барысында өз жұмысын бақылай алатын бағалау құралы. Кез келген тапсырманы орындауда тексеру парағын пайдалануға болады.

Рубрикалар мен тексеру парағы оқушылар үшін белгілі бір тапсырмаларды орындаудағы талаптарды білуде, өз жұмыстарын бірнеше рет тексере алуға қолжетімді болып табылады және орындалған жұмысты мұғалім тексергенге дейін өз беттерінше бағалауға мүмкіндігі болады.

Рубрикалар оқушылар не үшін оқитынын көрсетеді.

Критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады.

Дескрипторлар( түйінді сөз) оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді.

4-сыныпта "Жер-ғарыш денесі" тарауындағы "Жер-шар тәрізді дене" деген тақырыпты өткен кезде оқушыларға төмендегідей тапсырмалар ұсынылады.

Кесте-2 "Жер-шар тәрізді дене"


Тапсырмалар сипаты


Критерий

Дескриптор

Жалпы ұпай


6 ұпай

4 ұпай

2 ұпай


1.Глобус деген не?

2.Неліктен ертедегі адамдар Жер тегіс деп түсінген?

К1

Берілген негізгі терминдер мен түсініктерге аңықтама береді,мысалдар келтіре алады


Толық анықтама бере алады, мысалдар келтірді

Анықтама бере алады, бірақ келтірілген мысалдар толық емес

Аңықтама беруі шамалы,оқулықта берілген кейбір деректерді ғана жазды


Айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыр

(жер, глобус)

К2

Жер мен глобустың айырмашылығы мен ұқсастығын толық салыстыра алады

Толық салыстырды

3-4 мысал ғана келтірді

1-2 мысал ғана келтірді


Сұраққа жауап бере отырып түсіндір:

1.Глобус-Жердің дәл үлгісі. Сен қалай ойлайсың, Жер тегіс пе, дөңгелек пе?

2.Жердің дөңестігіне байланысты теңіз жағасында тұрсаң не байқар едің?

К3

Сұрақтарға түсіндіре отырып жауап жаза алады, өз ойын толық жеткізеді

Тапсырма толығымен дұрыс орындалды


Тапсырманы жартылай орындады.

Тапсырма жартылай орындалды, өз ойын толық түсіндіре алмады




Кесте-3

Тексеру парағы


Оқушының аты-жөні

Ұпайлар

Жинаған ұпайы

Баға

К1

К2

К3



1







2







3








Кесте-4

Бағалау парағы


Критерийлер бойынша ұпайлар

Жинаған ұпайы

Баға

К1

К2

К3

18-16

"5"

6

6

6

15-13

"4"

12-10

"3"

1-9

"2"


Бағалаудың критериалды жүйесі мұғалім мен оқушыға кері байланысты ұстануға жол береді, өйткені оқушы оның әрі қарай нені жетілдіру керектігін жақсырақ түсінеді. Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерийлерімен танысып,  хабардар болады.            

Білім беру жүйесі мақсаттарының бірі – оқушылардың жеке қабілетін дамыту болып табылады.Сондықтан білім берудің сапасын арттыру мақсатында бағалаудың дәстүрлі тәсілдерінен басқа критериалды бағалауды енгізу және дамыту қажет.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Екінші (негізгі) деңгей www.cpm.kz

2. «Педагогикалық диалог» ақпараттық - әдістемелік журнал №2 (8) 2014 ж.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Д?НИЕТАНУ САБА?ЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ БА?АЛАУДЫ ТИІМДІ ?ОЛДАНУ

Автор: Жомартова Назым Нурхасымовна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170327


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства