kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Доклад "Оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық қабілетін арттыру"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данный доклад предназначен уителям начальных калассов. Цель данной работы состоит в том, чтобы дать направление молодым специалистам.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Доклад "Оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық қабілетін арттыру"»






«Оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық қабілетін дамыту барысындағы мәселелердің ролі»

Математика сабағындағы шығармашылық есептердің маңызы

Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы,индустрияның қарыштап өсуі,әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәденит тарихи,рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген азаматтарға қоғамның сұранысының өсуі мектептерде жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып,білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартады.Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында

төртінші басымдық білім беру формасы –Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі –деп атап көрсетілген.Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше.Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру ,нәтижеге бағдарлап оқыту,ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойында қалыптастыру,білім беруді ізгілендіру,оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру,фундаменталды білім беру,қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру,басым бағыттарды 12 жылдық мектептің бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын ,оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.

Өркениетті елдердің мектептің бастауыш сатысында пәндерді оқыту технологиясын жетілдірудегі тенденциялары айқындалады:

-ойын арқылы оқытуға басымдық беру,

-оқушының өз ойын ,өз пікірін ескере отырып оқыту,

- зерттеу тәсілдеріне үйрететін инновациялық оқыту,

- оқытуға ақпараттық және коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану.

Ж.Аймауытов пікірінше оқыту –білім көбейту,ақыл күшейту.Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида.Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөніндегі түсінігі қалыптасып ,айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп ,біртіндеп тұжырымдалып ,реттелген сипатқа ие болады.Олар өмірде кездескен әртүрлі қиындықтардан ,ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып,өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет.Сонда оқушы өзі ойланып,өзі дұрыс шешім қабылдауға ,өзін -өзі басқара білуге ,өзінің ісіне өзі жауап беруге кіші жастан дағдыланады.

Мектептің бастауыш сатысында білім сапасын жетілдіру үшін әдіс-тәсілдер пайдаланылады.-

  • диалогтық ,қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну/мұғалім-оқушы,оқулық-оқушы,оқушы-оқушы/

  • эвристикалық,өз бетінше іздену ,іс-әрекет жасау арқылы білім алу.

  • -зерттеу,обьектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау.Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологиясын жетілдірудің маңызы ерекше.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын ,олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін ,ойлауға қабілетті болуын талап етеді.осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар,олардың ақыл-ой белсенділігін ,шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр.

Математиканы оқытудағы негізгі талап- оқушыларға есеп шығара білу жолдары мен тәсілдерін меңгерту.Бұл мұғалімнің үлкен шеберлігін,сабақты жоспарлы жүргізілуін

қажет етеді.Математика сабағында оқушылардың ынтасын

арттыру үшін өз бетімен жұмыс,ауызша есептеу, мате-

матикалық диктант, ойын элементтерін пайдалану әдістері

қолданылады.

Өз бетінше жұмыс оқушылардың талабын дамытып,алған білімін іс жүзінде пайдалануға үйретеді.Оқыған материалды терең де, тиянақты меңгеруіне ,логикалық ойлау қабілетін

жетілдіруге ықпал етеді.

Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыруда ауызша есептеу-

дің маңызы зор.Күнделікті сабақты меңгеруде математикалық диктанттың ролі ерекше.Мұнда математикалық терминдер мен амалдарға көңіл бөлінеді.

Ойын элементтері оқушылардың белсенділігін ,сабаққа деген ынтасын арттырады.Бұл оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.,тапқырлығын,ізденімпаздығын,

теориялық білімін практикада қолдануға себін тигізеді.

Математика пәнінің қарастыратын обьектісінің табиғат заңдарымен ,байланыста болуы,оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың зор мүмкіндіктерін

туғызып,олардың жоғарғы деңгейдегі іс-әрекеттерін қажет етеді.Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын,оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін математикалық есептерді шығару-

дың мәні зор.

Математикалық есептердің мазмұнына ,шығару тәсіліне ,

функциясына ,қиындық дәрежесіне қарай классификациялау

мәселенің негізгі жағын –есепті шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатын ескермейді.Барлық математикалық есептер есепті шығарушы оқушының іс-әрекетінің сипатына қарай шығармашылық және жаттығу есептері болып бөлінеді.

Есеп шығару балаларда математикалық ұғымдарды қалыптастыруда олардың бағдарлама анықтап берген теориялық білімді игеруі өте маңызды.

Ал,шығармашылық есептердің мәнінде жасырын жатқан заңдылықтарды ұғыну мақсатында оқушының танымдық ізденістегі іс-әрекеті оның қарапайым өзгеше шығармашылық сипатымен ерекшеленеді.Шығармашылық есептер оқушы санасында білімнің логикалық құрылымын ғана емес,ақыл-ой қызметінің эвристикалық тәсілдерін де қалыптастырады.

Оқушының шығармашылық есептерді шығару мен оның мүмкіндік нәтижелерін алудағы сұранысы оның шығармашылық іс-әрекет талпынысын туғызады.Математикалық есептерді шығаруда оқушының сұранысы есепті шығаруда қойылатын талаптар арқылы тудырылады.Мұнда шығармашыдлық есептердің

Қарапайым есептерден айырмашылығы – оқушының есепті шығарудағы іс-әрекетінің тек сыртқы талаптармен ғана шектеліп қалмауын ескеру қажет.Оқушының есепті шығаруға бағытталған іс-әрекеті шығармашылық есептердің мазмұнында жасырын жатқан заңдылықтарды ұғынуға ұмтылдыратын іс-әрекетке айналуы жүзеге асуы керек.

Шығармашылық есептерді шығаруды осындай тұрғыда қарастыру оқушылардың потенциялдық мүмкіндіктерн ашып,оның ой қызметінің шектеусіз қозғалыста болуына мүмкіндік туғызады.оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдысын қалыптастыру ,жүйелі қорытынды жасай білу,дәлелді пікір айту,іскерлігін арттыру ,жалпылай алу,дедуктивті ойлау ,логикалық икемділіктер –салыстыру,талдау,жинақтау,жүйеге келтіруматематика пәніноқытудың өн бойында жүзеге асыруғаболатындай мүмкіндіктер өте көп.

Мектеп курсында логика жеке пән ретінде өтілмейді.

Логикалық білім мен дағдыларды қалыптастыруға барлық

сабақтардың үлесі бар, олардың ішінде математика сабағының ара салмағы үлкен.

Логика дұрыс ойлаудың заңдары мен жүйелі де дәлелді

түрде пайымдауға қойылатын талаптар туралы ғылым.Анық-

тама ,дәлелдеме,пайымдау,жіктеп –саралау сияқты т.б логикалық амалдарын әрбір оқушы өзінің ойлау қызметінде қолданып отырады.

Логикалық есептер кеңірек ойлануды қажет етеді.Есеп жауабы бір немесе бірнешеу болуы мүмкін.Есептің бұл түрі мұғалімнен де ,оқушыдан да аңғарымпаз болуын талап етеді.

Логикалық есептің шешуі қатаң дәлелге сүйеніледі.Мұндай есептер логикалық ойлауға қиялдауға ,ұстамдылыққа ,еңбек-

тене білуге тәрбиелейді.

Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін ,бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін шығармашылық ,логикалық есептер астарласып келуі тиіс.Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып,оқушыны жасытпай қайта жігерлендіретін,мате-

матикалық құлшынысын арттыратындай ,түсіндіруі жеңіл,

тұжырымдалуы қысқа болғаны жөн.Шығармашылық есеп

зерделілікке ,қиялдауға ,логикалық ойлауға,тапқырлыққа ,байқампаздыққа,есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбие-

лейтіндей болуы керек.Сондай-ақ шығармашылық есеп өмір-

ден алынатындығын танытатындай болуы керек.Мысалы:

1-сынып оқулығындағы «Кестелік қосу және азайту» тара-

уында Ойлан ,тап. □ *2 4 түрінде шығармашылық тапсырманы орындаудың оңай жолы былай болады.Алдымен «жұлдызшаның» орнына «+» таңбасы қойылады.

Бақылау-ақпарат алудың ең маңызды әдістерінің бірі және зерттелетін обьектілерді мақсатты,әрі жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс.Бақылау жасауды дұрыс ұйымдастыру оқушылардың математикалық деректі табысты игеруіне жағдай жасайды.Заңдылықтарды көре білуіне және қорытып, тұжырымдап айтуына жәрдемдеседі.

Мысалы: 3-сынып математикасында «көбейту мен бөлу»тақырыбын өткенде «кестені толтыр» тапсырмасын орындайды.

Бөлінгіш

4

6

8

10

12

14

16

18

Бөлгіш

2

2

2

2

2

2

2

2

Бөліндінің мәні









Бұл тапсырманы орындауда оқушы бөліндінің мәнін тауып кестені толтырады.Сол толтырылған кестеге қарап отырып,оқушылар бөлгіштің мәні өзгеріссіз қалып,бөлінгіш артатын болдса,бөліндінің мәні де артатынына назар аударады.Сондай –ақ бөлінгіш неше есе артуына қарай бөліндініңмәні де соншаға артатынын байқайды.Осыған ұқсас заңдылықтардың көбейту ,қосу және азайту амалдарына қатысы да бар екендігін бақылауларына болады.

Эксперимент /тәжірибе/-зерттеушінің тікелей белсенді араласуы арқылы зерттелетін обьектінің қасиеттерін анықтау мақсатында әдейі арнап қажетті жағдайлар туғыза отырып,

танып білу әдісі.Олай болса жаңа білімге жету үшін,обьектінің бейнелері мен модельдерін зерттеуге болады.Яғни ,ғылыми тануда ойлау арқылы жүргізілетін

эксперимент ерекше орын алады.

Мысалы: Бірінші бұтақта 3 алмұрт,ал екінші бұтақта 4 алмұрт бар.Бұтақта барлығы неше алмұрт бар екенін қалай табуға болады?

Барлығы неше алмұрт екенін екі тәсілдмен табуға болады.

Біріншісі 3+4 немесе 4+3 .Демек:3+4 = 4+3 = 7 Осындай бірнеше мысалдар келтіру арқылы қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосынды өзгермейтіндігі туралы ережені пайдалануға болады.

Нақтылау –екінші жиынның элементтерін қарастырудан

Бірінші жиынның элеметтерінқарастыруға көшу.Нақтылауда не айнымалы тұрақтымен алмастырылады немесе зерттелетін

Обьектіге қандай да бір шектеу қойылады.

Мысалы: х 2 ,5 ,10 деп алып,

а/ 90 : Х өрнегінің мәнін тап.

ә/ 30 . Х өрнегінің мәнін тап.

Яғни Х-тің мәнін 2 ,5 ,10 деп алып нақты жағдайлар үшін төмендегіше қолдануға болады:

90 :2 = 45 90 : 5 = 18 30. 2 = 60 30 . 10 = 300

Аналогия /сәйкестік,ұқсастық/- обьектілердің кейбір белгілерінің ұқсастығына сүйеніп,олардың басқа белгілерінің де ұқсас болатындығы туралы қорытынды шығаратын танымдық әдіс.

Аналогияны жаңа білімдерді игеруде және оларды прак –тикалық қолдануларда да пайдаланылатыны белгілі.Мысалы: бір есептің жолын іздестіру үшін берілген есепке ұқсас есептер қарастырылады.

Бастауыш мектеп математика курсын оқытуда ғылыми таным әдістерін пайдалану арқылы математика пәнін оқытудың мақсатына қол жеткізуге болатындай жағдайлар жасау мүмкіндігі мол.Осылайша оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алу іскерлігі мен дағдыла-

рының берік қалыптасуынаөз бетінше шығармашылықпен

жұмыс істей алуына жағдайлар жасалады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Доклад "Оқыту үрдісінде оқушылардың математикалық қабілетін арттыру"

Автор: Жанқылыш Жаңагүл Зейнуллақызы

Дата: 28.01.2017

Номер свидетельства: 384835

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Доклад по познанию"
    ["seo_title"] => string(19) "doklad_po_poznaniiu"
    ["file_id"] => string(6) "541524"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1582989733"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1460 руб.
2430 руб.
1460 руб.
2430 руб.
1580 руб.
2640 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства