kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дарынды о?ушылармен ж?мыс жоспарыны? жобасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жоба та?ырыбы:   Дарынды балалармен ж?мысты? жа?аша т?рі.

?зектілігі:  О?ушыларды? ?зіндік танымды? ж?мыстарын ?йымдастыру, о?ушыны? ?здігінен о?ып, ой-?рісін тере?детуге баулу ар?ылы ?ылыми ізденіске жетелеу.

Ма?саты: О?ушыларды білім ж?йесімен ?ана ?аруландырып  ?оймай, оларды? назарын, білгендерін, жадында са?тай білу ?абілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге ??штарлы?ын, ?мірге к?з?арасыны? д?рыс ?алыптасуына, ы?ыласын, т?зімділігін, іскерлігін, ізденімпазды?ын, шы?армашылы? ?абілетін, бас?а да ?асиеттеріні? жетілуіне жа?дай жасау.

Міндеттері:

1.      П?н бойынша о?ушыны? білім, білік, икем да?дыларын тере?дету.

2.      Тапсырманы орындауда себебін аны?тап, ?ортынды жасай білуге итермелеу.

3.       Баланы ?ызы?тыратын  та?ырыптар бойынша ?ылыми ізденістеріне

          к?мектесу, білім жолын тере?дету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дарынды о?ушылармен ж?мыс жоспарыны? жобасы »

Дарынды оқушылармен жұмыс жоспарының жобасы


«Ұрпағымыз бәсекеге қабілетті болу үшін

алдымен білім жүйесін нықтап алуымыз қажет»

М.Әуезов.


Жоба тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі.

Өзектілігі: Оқушылардың өзіндік танымдық жұмыстарын ұйымдастыру, оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу арқылы ғылыми ізденіске жетелеу.


Мақсаты: Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, басқа да қасиеттерінің жетілуіне жағдай жасау.


Міндеттері:

1. Пән бойынша оқушының білім, білік, икем дағдыларын тереңдету.

2. Тапсырманы орындауда себебін анықтап, қортынды жасай білуге итермелеу.

3. Баланы қызықтыратын тақырыптар бойынша ғылыми ізденістеріне

көмектесу, білім жолын тереңдету.


Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық нышандар болып табылады деген пікір Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінде айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л.С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді.

Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Шығармашылық қабілет – бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері – шығармашылықтың нәтижесі.


Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.

Дарында балаларды анықтағанда және олармен жеке жұмыс жүргізгенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Дарында баламен жұмыс жасай алатын мұғалімнің сыныптағы атмосферасы мен дамытушылық жігері жағымды танылуы тиіс.

Осындай туындаған проблеманы шешу жолын іздеудегі мақсатым – оқушыларға сапалы да, тиянақты білім берудің негізі - өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы сапасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану.

Ұстаз ретінде өзімнің оқытып жүрген оқушыларымның өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана оларды дамыту деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударып келемін.


Мұғалімнің шеберлігімен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу арқылы ұйымдастырылған сабақтар, үйірмелер, факультатив сабақтар оқушылардың дарындылығын дамыту жолдарының бірі болып табылады.


Сабақ, үйірме барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ әдістерін қолдануға тырысамын.


Дарындылықты дамыту шаралары: баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар құру.


Аз да болса өз еңбек тәжірибемде ойлау, қабылдау, есте сақтау қаблеттері ерекше балалармен жұмыс жасау бақытына ие болдым. Дарынды балалармен жұмыс жасағандағы маған ұнайтыны, біреуінің ойлағанын екіншісі басқа қырынан жеткізе білетіндіктерінде.


Қазіргі мен сабақ беріп жүрген 4-сынып оқушыларының ішінде математика пәніне, ән өнеріне, би өнеріне, мәнерлеп оқуға, бейнелеуге бейімі жоғары оқушылар бар. Әрбір сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарды осы балалардың қабілетінің ары қарай дамуына көмек беруді ұстаздық парызым деп санап, үнемі үздіксіз жүргізіліп отырған жұмыс түрлерін басқа ұстаздармен бөлісуді жөн көріп отырмын.4-сыныпта математика пәніне қабілеті жоғары үш оқушы бар. Ол оқушылармен жұмыс жүргізу төмендегі кезеңдер арқылы жүзеге асады:



1. Қабілеті жоғары деген оқушыны мұғалім толық зерттеуі керек. Мысалы оқушыға педагогикалық-психологиялық карта құру, бала бейімін анықтаудың ең басты жолы болып табылады (үлгі).




2. Мінездеме, қабілет бағытын анықтау(үлгі).


- Көшеков Бекзат. 4-сынып оқушысы - математика пәнінен өте алғыр,ауызша, жазбаша есептеуге шапшаң,тапсырманы өз бетімен орындағанды ұнатады.


- Сыныптастарына әрқашан қолұшын беруге әзір. Әкесін, анасын және кішкентай қарындасын өте жақсы көреді.


- Спорт мектебіне барады. Атақты боксшы болғысы келеді.


- Болашақта кім боласың? –деген сұраққа... - Әлі ойланған жоқпын дейді, салмақтылық танытып.


- Қандай пән ұнайды? – деген сауалға (баланың жауабы)


- Маған математика пәні ұнайды. Өйткені бұл пән адамның ойын дамытады, логикаға үйретеді.


Зерттеу қортындысы:


«Мінезі сабырлы, тиянақты, ойланып сөйлейді, әр ісінде байсалды. Өзіне сенімді, достарының алдында мақтанғанды ұнатпайды, отбасы тәрбиесіне түзу көзқараспен қарайтын, өтірік айтпайтын, үнемі сөзінде тұратын, әрқашанда сабаққа кең дайындықпен келетін үздік оқушы».



Осылай қабілетті балалардың мінез-құлықтары толық зерттелгеннен кейін сынып ішіндегі бейімі ұқсас балалардан топ құрылады (бұл бала бейіміне қарай жұмыс жоспарын құру үшін жасалады).


3. Балаларды бейімі жағынан топтастырып, олармен жұмыс жоспары құрылады.


4. Сол жоспар бойынша сабақ кезеңдерінде және сабақтан тыс уақыттарда баланың деңгейіне сай тапсырма түрлері дайындалып, бала оны орындау барысында өзінің жолын, іздейтіндей жағдай жасалады.


Тапсырма үлгілері:


1. Шабаданның массасы сөмкенің массасынан 8кг артық. Егер барлық жүк бұрынғыдай қалу керек болса, олардың массасын теңеу үшін не істеу керек?


2. Балалар жарысып ойнап жүр. Санжар Айдостан бұрын, бірақ Дәулеттен кейін жүгіріп келеді. Арман Дәулеттен бұрын, ал Данияр Айдостан кейін келеді. Олардың қайсысы бәрінен бұрын келеді?


3. Қатарды орналастыру заңдылығын анықтай отырып, сандар қатарын жалғастыр.


11, 10, 9, 8, 7, 6, 5..., ....


10, 20, 60, 240, ... ,..., ...


24 000, 12 000, 6 000, ... , .... , .... , ....


4. Үшбұрыштың әр қабырғасындағы цифрлардың қосындысы 20-ға тең болатындай етіп, дөңгелектердің ішіне 1-ден 9-ға дейінгі сандарды жаз


5. 4-сыныпта 28 бала бар. Ата аналар жиналысына 24 ана, 18 әке келді. Жиналысқа неше баланың анасы да әкесі де келді?


6. Айдос дүкеннен 3қорап шырын, 3 тәтті тоқаш, 3 самса сатып алды. Оған 940 теңгеге чек бергенде, ол кассирдің қателескенін түсінді. Мұны бала қалай білді?


7. Координата бойынша бала бояуының нәтижесінде бейне пайда болады.Бұл көп жағдайда баланың өз-өзімен болып, тынығуы мақсатында берілетін тапсырма.


Мұндай жұмыс түрлері баланың тек ой-өрісін шапшаңдатып қана қоймай, пәнге деген қызығушылығын одан әрі арттырып, өздігінен тапсырма түрлерін ойлап табуға деген құлшыныстарын арттырады.


Осындай көптеген әдістердің нәтижесінде оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді, зерттейді, салыстырады, жаңа ұғымдарды ғылыми негізде меңгереді. Осының нәтижесінде оқушы ғылыми негізде сабақ айтуға, және өз ойын жаңа негізде тұжырымдауға талпынады.


Оның бір дәлелі, осы жобадағы үлгі ретінде алынып отырған оқушым терең ойлай білуінің нәтижесінде, және сол терең ойлауға жетелеген тапсырма түрлерін орындаудың нәтижесінде математиакалық қозғалыстарға деген қызығушылығы артты. Бала өзіне-өзі сұрақ қойып, соған жауап іздеп, өзін қанағаттандыратын жауаптар ала-алатындай болды. Бұндай жағдай тек адам ойының тұрақтанған кезінде ғана жүзеге асатынын ескерсек, бала өз ойын пайдалы әрекетке икемдей алатын жағдайдың туғанына көз жеткізуге болады.


Оны толғандырған мәселе:


«Неге сағат тілі күндізгі 12-ге жеткеннен кейін келесі күндізгі 1 мезгілін 13 деп атаймыз?» Бала соған дәлел таба білді. Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады.


Осыдан-ақ дұрыс, жүйелі, тиімді жолға қойылған жоспар мен атқарылған жұмыстың арқасында дарындық қасиеті бар баланың одан әрі қабілетінің дамуын арттыруға қолұшын беру, баланың болашағына кең, жол салумен бірдей деп ойлаймын. Сонымен қатар оқушының білімінің тереңдеп, танымдық-ғылыми бейнесінің қалыптасуына септігін тигізеді.


Өз ойымды қортындылай келе дарынды балаға педагогикалық қызмет көрсетудегі дарындылық моделін ұсынамын.


Ойлауы, қабілеті өмір бойы жүйелі түрде дамып, іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс сирек кездесетін жоғарғы нәтижеге жете білетін балаларымыз арта берсін. Ол әрбір ұстаздың қолында.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дарынды о?ушылармен ж?мыс жоспарыны? жобасы

Автор: Маулетова Н?рг?л Шарменовна

Дата: 22.02.2015

Номер свидетельства: 177402


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства