kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дамыта о?ыту технологиясы саба?та

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                Раисова ?лтуар То?ымбек?ызы

                               Ба?тыбай Жолбарыс?лы атында?ы №18

                                Орта мектеп-лицейіні? бастауыш сынып м??алімі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дамыта о?ыту технологиясы саба?та»

Раисова Ұлтуар Тоғымбекқызы

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18

Орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі


Дамыта оқыту технологиясы сабақта

Дамыта оқыту технологиясы –күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі, көзделіп оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көзделген мақсатында, мазмұнында, дамытушылардың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын әдіс-тәсілінде.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен «дамыта оқыту» технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар «дамыта оқыту» технологиясына негізделе жасалған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.

1 Бағдарлау –мотивациялық кезең

Бұл кезең-оқу міндеттерін қою кезеңі. Дәстүрлі педагогикалық үй тапсырмасын тексеру барысының орнына алынған бұл кезең іштей екі құрылымға бөлінеді:

1.Оқушылардың білімдерін бір деңгейге алып келу.

Оқушыларды жаңадан түсіндірілетін тақырыпқа логикалық бірізділікпен алып бару үшін, өткен сабақтың материалымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа тақырыпты игеруіне қажетті тірек білімдердің барлығының маңызы арта түседі. Оқушылардың барлығын бірдей деңгейге жеткізіп алу үшін мұғалім алдын- ала оқушылардың есіне түсетін, толықтыратын, бірдей мәреге жеткізетін тестік сұрақтар мен тапсырмалар даярлайды.

2. Оқу міндеттерін айқындау.

Оқушыларға мазмұндық жағынан тізбектеле құралған сұрақтар легі арқылы мұғалім оқушылардың өздеріне ОМ (оқу міндетін) анықтауға басшылық жасайды. Соның негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа қарай бет бұруына жағдай туғызады, жаңа тақырыпты танып –білу мотивациясын қалайды.

Негізінде осы екі құрылым арқылы І кезеңде 7-8 тапсырма орындалады. Соның ең соңғысында оқушыға сұрақ қойылады немесе тәжірибе көрсетіледі. Оқушы неге таң қалады? Өйткені, оқушыға соңғы тапсырма мүлде таныс емес. Шындығында, бұл сұрақ өткеннен туындап тұрады. Ал мұғалім өткенмен әлі өтілмеген оқу материалдарын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы оқушылар үшін проблемалық ситуация туғызады.

Проблемалық ситуация туғызу –сабақтың ең күрделі де маңызды бөлшегі болып табылатындықтан, бұл сәттің айқын өтілуіне үлкен мән бере қарау керек. Өйткені, басты тетік осы проблемалық жағдайды туғызуда жатыр. Жаңа тақырыптың сәтті меңгерілуі осы түйінделген проблемалық ситуацияны қалай және қандай мазмұнда жасалғандығына тікелей байланысты. Мен бұл сәтті былайша түсіндірер едім.

Оқушылардың білетін біліміне сүйене отырып, жетекші сұрақтар мен тапсырмалар арқылы біртіндеп тереңдей берген проблемалық ситуация туғызу сәтін мұғалім тұтас бір көрініс ретінде оқушыларға сезіндіруі керек. Оқушылардың осы сәтті сезінуі мұғалімге олардың таң қалысы мен кез болған проблеманы шеше алмаған қиналысымен танылады. Мұндай ерекше сәтті туғызуда бастауыш сынып мұғалімі сол пәннің ішкі заңдылықтарын тауып ала білуі керек және мұғалім сол сәтте өзінің эмоционалдығын қоса жұмсауы керек. Туындаған проблемалық ситуация оқушыларды осыны туғызған себептерді іздеуге күшті түрткі болады. Ал мұғалімнің сезімге толы сөзі мен түсіндіру барысы оқушылардың танымдық, ізденімпаздық қабілеттерін оятып, іске қосуға күшті фактор ретінде қызмет атқарады. Осындай үдерістің ОМ анықталып, күн тәртібіне қойылады.

Жоғарыда айтылған сабақтың құрылымын сақтай отырып, бастауыш сыныптарда зат есімді дамыта оқытудағы сабақ жоспарының үлгісін ұсынамын.


Қазақ тілі 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Мақсаттары: 1. Зат есім ұғымы туралы білімдерін толықтыру, тиянақтау, сауаттылықтарын арттыру;

2. Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін, грамматикалық тапсырмалар арқылы сөздік қорын, тілін дамыту арқылы өз бетінше жұмыс жасауға баулу;

3. Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, қима қағаздар,интербелсенді тақта

Принциптері: біртұтастық, жүйелілік

Әдістері: қызығушылықты ояту, ойын, сұрақ-жауап, ассоцияция құру, көрнекілік, талдау,ажырату, жинақтау.

Түрі: қорытынды сабақ

Сабақ барысы:

1) Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. Қызығушылықты ояту.

-Балалар, менің қолымдағы мына бір бейненің жартысы көрінбей тұр. Бұл не? Кәне, кім табады? Көз алдымыздағы елестетіп ойлансақ, осы бейнені жалғастырып, көп нәрсе жасауға болатын сияқты. Кәне, ойланайық, не жасауға болады? (Оқушыларға көмек ретінде жұмбақтап айтуға болады.)

Ой-жұмбақ шешу.

Ол аспанда да, жерде де болады, шөлейт жерлерде де жүреді, атамның, әжемнің қолында да болады, партаның үстінде де жатуы мүмкін, оны жеуге де болады, ол барлық адамда болады.

Пайда болған заттарды атын жазайық: бұлт, құрт, түйе, көзілдірік, құс, алма, жүрек т.б.

Осы сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Не?

Парталар, орындықтар, дәптерлер деген сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Нелер?

Ал осы заттарды пайдаланатын адамдарға қандай сұрақ қоямыз? Кім? Кімдер?

Олай болса, «Кім? Кімдер? Не? Нелер?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қандай сөз табы дейміз? Зат есім

Сонымен, зат есім дегеніміз не? Ойымызды жинақтайық. Ассоциация құру (сызбаға түсіру).

Зат есім



Түрлері

Сұрақтары



жалқы

Жалпы туынды

Кім? не? нелер? Негізгі көпше жекеше

Кімдер?


Қазір тапсырмалар орындау арқылы зат есімнің түрлеріне жеке-жеке тоқталамыз.

2) Операциялақ орындаушылық кезең.

Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы берілген жаттығуларды орындап,зат есім түрлеріне ажырату, талдау жасау.

Білімді тиянақтауға арналған оқулықтан тыс грамматикалық тапсырмалар:

а )Ұжымдық жұмыс. Суретке қарап, зат есімдерді айту. Тапқан сөздерге сұрақ қою. Көпше түрге айналдыру.

Оқушы, кітап, үстел, қалам, орындық, мұғалім, дәрігер, тақта .

Кім? –оқушы,

Кімдер? –оқушылар (көптік жалғау туралы мәлімет беру.)


ә)Танымдық тапсырма. Көрсетілген көптік жалғауларына жалғанатын сөздер тауып жазып, зат есім жаса.

Зат есім

-лар

-тар

-дар


Зат есім

Зат есім



Ой тұжырымдамасы. Түбір сөзге көптік жалғауларын жалғау арқылы пайда болған сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.

Тапсырма: 1. Мақалдарды оқу, кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

Шешен сөз бастар,

Батыр қол бастар

Оқу - білім азығы

Білім-ырыс қазығы




2.Өз бетінше жұмыс. Берілген сөздерге -шы, -ші жұрнақтарын жалғап жаз.

Дойбы, мал, егін, би, күй, ән, жылқы, қой.



-шы -ші


Ой тұжырымдамасы. Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы пайда болған түбір сөзді туынды зат есім дейміз.

3.«Кім шапшаң?» ойыны.

Тапсырма.. Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім құрастыру.





-дік


-қыш







-тық





4.Шығармашылық тапсырма. Берілген жалқы есімдерден жалпы есім жасау.

Асан, Ақтөбе, Елек, Алатау, Есіл, Балқаш, «Ұлан», «Балдырған», Айгүл

Мысалы: Айгүл-оқушы.

Білімді бекітуге арналған сынақ сұрақтары:

  1. Зат есім дегеніміз не?

а) Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздер.

ә) заттың атын білдіретін сөздер

б) Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер.

2. Туынды зат есімді тап

а) қала ә)оқушы б) ағаштар

3. Көптік жалғаулы зат есемді тап

а) батыр ә)оқушы б) ағаштар

4. Жалқы есімді тап.

а) журнал ә)ағаш б) Алматы

5. Зат есімдер тобын тап

а) Үлкен, көгілдір, ащы

ә) Алатау, орман, алма

б) өседі, тербеледі, ұшады

Сынақ жауаптары интербелсенді тақта арқылы тексеріледі.

3) Рефлексиялық –бағалау кезеңдері.

Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өз жауаптарын жинағын ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға 5 ұпайдан беріледі.

4) Үйге тапсырма. Зат есімдерді қайталау.





Талдықорған қаласы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дамыта о?ыту технологиясы саба?та

Автор: Раисова ?лтуар То?ымбек?ызы

Дата: 03.03.2016

Номер свидетельства: 301732


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства