Дамыта о?ыту негізінде о?ушыларды? ауызша тілін дамыту
Дамыта о?ыту негізінде о?ушыларды? ауызша тілін дамыту
Та?ырыбы: Мені? Отаным - Т?уелсіз ?аза?стан
Ма?саты:
Білімділік. О?ушыларды ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана ?аласымен таныстыру. Елімізді? ата?ты а?ындары, ?алымдары, а?артушылары жайында м?лімет беру.
Дамытушылы?. О?ушыларды? д?ниетанымын ке?ейту, тіл байлы?ын, логикалы? ойлау ?абілетін дамыту.
-С?леметсіздер ме, ??рметті о?ушылар, арда?ты ата-аналар! Сіздерді биыл?ы бастал?алы отыр?ан жа?а о?у жылымен ??тты?таймын! Жаз?ы демалыстары?ызды жа?сы ?ткізіп келді?іздер деген ойдамын, енді міне 1 сынып?а келіп, жа?а о?у жылын жа?а к?шпен бастайтын уа?ыт келіп жетті. Келе жат?ан о?у жылында с?ттілік, шыдамдылы?, биік белестерді ба?ындырулары?ды, ыл?и 4 ж?не 5 деген ба?алар?а о?улары?ды тілеймін.
Б?гін ?аза?стан Республикасы, я?ни бізді? Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы ??гімелесеміз. Саба?ымызды? ма?саты: елімізді? тарихы жайлы, Астана ?аласы ж?нінде, Президентіміз туралы м?ліметтер алу. Ізгі тілекпен б?гінгі саба?ымызды бастайы?.
Балалар кішкене паравоз ??рып 1 аялдама?а келеді.
1 аялдама «Мемлекеттік р?міздер»
-Егеменді ?аза?тан!
?н ?раным – жан ?раным,
Айтар ?нім – с?йлер с?зім,
Ту?ан жерім са?ынарым.
М??гі ба?и шыр?алады,
Республика ?н?раны.
?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік ?н?раны орындалады.
Жа?а?ы бізді? шыр?ап айт?ан ?німіз б?л жай ел туралы ?н емес, б?л бізді? еліміз ?шін ерекше,??діретті, е? ?асиетті, ?рі ?демі ?н. Б?л ?н ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздеріні? бірі. Біле білсе?дер ?Р-ны? ?ш мемлекеттік р?мізі бар. Ол ?н?ран, Ту ж?не Елта?ба. Жер шарында бар ?р мемлекетті? ?зіндік ?ш р?мізі болады. Мемлекеттік р?міздерді біз ?астерлеп са?тауымыз керек. (б?л жерде ?Р-ны? р?міздеріні? суреттері к?рсетіліп, р?міздерімізді? авторы мен оларда?ы суреттерді? не білдіретінін т?сіндіру)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дамыта о?ыту негізінде о?ушыларды? ауызша тілін дамыту »
«Железин ауданының Еңбекші жалпы білім беру орта мектебі» ММ
Келісілді: Бекітемін:
ДТІО директордың м.а.
Е.Р.Танарбергенов _____ Ж.А.Тлебалдина ______
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:Менің Отаным –Тәуелсіз Қазақстан
Дайындаған: 1 «а» сыныбының жетекшісі
Камалиденова Р.Қ.
2014 жыл
Тақырыбы: Менің Отаным - Тәуелсіз Қазақстан
Мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, тарихымен, ел ордамыз Астана қаласымен таныстыру. Еліміздің атақты ақындары, ғалымдары, ағартушылары жайында мәлімет беру.
Дамытушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік. Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру.
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды отырғызып, зейіндерін сабаққа аудару.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ардақты ата-аналар! Сіздерді биылғы басталғалы отырған жаңа оқу жылымен құттықтаймын! Жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп келдіңіздер деген ойдамын, енді міне 1 сыныпқа келіп, жаңа оқу жылын жаңа күшпен бастайтын уақыт келіп жетті. Келе жатқан оқу жылында сәттілік, шыдамдылық, биік белестерді бағындыруларыңды, ылғи 4 және 5 деген бағаларға оқуларыңды тілеймін.
Бүгін Қазақстан Республикасы, яғни біздің Отанымыз, алтын бесігіміз жайлы әңгімелесеміз. Сабағымыздың мақсаты: еліміздің тарихы жайлы, Астана қаласы жөнінде, Президентіміз туралы мәліметтер алу. Ізгі тілекпен бүгінгі сабағымызды бастайық.
Балалар кішкене паравоз құрып 1 аялдамаға келеді.
1 аялдама «Мемлекеттік рәміздер»
-Егеменді Қазақтан!
Ән ұраным – жан ұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жаңағы біздің шырқап айтқан әніміз бұл жай ел туралы ән емес, бұл біздің еліміз үшін ерекше,құдіретті, ең қасиетті, әрі әдемі ән. Бұл ән Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Біле білсеңдер ҚР-ның үш мемлекеттік рәмізі бар. Ол Әнұран, Ту және Елтаңба. Жер шарында бар әр мемлекеттің өзіндік үш рәмізі болады. Мемлекеттік рәміздерді біз қастерлеп сақтауымыз керек. (бұл жерде ҚР-ның рәміздерінің суреттері көрсетіліп, рәміздеріміздің авторы мен олардағы суреттердің не білдіретінін түсіндіру)
2-ші аялдама « Ел тарихы - жер тарихы»
Еліміз тәуелсіз ел атану үшін біздің Отандастарымыз, ата-бабаларымыз көп тер мен қан төккен, біздің елдің болашағы үшін өмірлерін қиған. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай сынды еліміздің батырлары жоңғарлармен соғыста ерлік көрсетті. «Желтоқсан оқиғасында» да батырлығымен есімізде қалған ерлер мен қыздар бар. Олар Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Мінеки, осындай ардақты ерлердің қанымен келген келген тәуелсіздік қазақ еліне қайырлы болды. (Батырлардың суреттері көрсетіледі, Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады)
Біздің Отанымыз осы 22 жылда қандай жетістіктерге жетті соны тізбектесек:
* 1991 жылы 29 тамызда ҚР президентінің нұсқауымен Семей полигоны жабылды.
* 2 қазанда қазақстандық тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
* 1991 жылы 1 желтоқсанда Президент сайлауы болды.
10 желтоқсанда Қазақстан Советтік Социалистік Мемлекеті Қазақстан Республикасы болып ауыстырылды.
16 желтоқсанда ҚР Президенті «ҚР мемлекетінің тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда Конституция қабылданды. 2015 жылы, яғни бір жылдан кейін Конституциямызға 20 жыл толады. Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерзім. Конституция кітабы 9 бөлімнен, оның ішінде 98 баптан тұрады.
1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз айналымға шықты
Сергіту сәті:
Қара жорға биін қойып билету
3-ші аялдама Астана қаласы
1998 жылы 6 мамырда ҚР президентінің нұсқауымен Ақмола қаласы – Қазақстан Республикасының астанысы Астана қаласы болып аталынды. Қазіргі кезде ел ордасы Астана қаласы ертегі қалашығына айналды. Түрлі мәдени құрылыс мекемелері, үйлер, ескерткіштер салынды. ( Бұл жерде Қазақ елінің бұрынғы астаналары жайлы айтылып, Астана қаласының суреттері көрсетіледі )
Қазақстан бүкіл әлемге қуатты, тәуелсіз, халық арасында бейбітшілік орнаған мемлекет ретінде танымал болды. Туризм, спорт, білім беру, медицина салаларында жетістіктерге жеттік. Халықтың тұрмыстық жағдайы әлдеқайда жақсарды. Мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салынды, қалалар гүлденді. Зейнеткерлерге, дәрігерлер мен мұғалімдерге жалақыларын арттырды. Жалпы алғанда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі артты.
4-ші аялдама «Президент»
ҚР-ның Президентінің портреті көрсетіліп, туған жылы, туған жері туралы әңгімелеу.
Сұрақ-жауап сайысы
1. Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Біздің еліміздің басшысы кім?
Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген балаға сыйлық беріледі.
Қорытынды: - Сабағымызды аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңімен қортындылағым келеді: