Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазм?нын жа?арту ресурсы ретінде
Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазм?нын жа?арту ресурсы ретінде
Елімізді? басынан ?тіп жат?ан жанартаудай «сілкіністер» б?гінгі білім беру ж?йесіне де т?рлі ?згерістер енгізуде. Осы?ан орай білім берудегі ескі мазм?нны? орнына жа?асы келіп, білім беруді? ?зіндік ?лтты? ба?дарламасы ?алыптасуда. Президент жолдауында: «?лтты? б?секеге ?абілеттілігі бірінші кезекте білім де?гейімен аны?талады»- деген байламы ?стаздар жауапкершілігін арттырып отыр. ?йткені ?ай заманда болмасын, ?андай жа?а реформа жасалмасын мектепті? басты т?л?асы – м??алім болып ?ала бермек. Мемлекетті? білім саясаты да осы м??алім ар?ылы ж?зеге аспа?. М??алімні? ?асиетті міндеті – рухани бай, жан-жа?ты дамы?ан, б?секеге ?абілетті жеке т?л?а ?алыптастыру. Жа?а білім парадигмасы бірінші орын?а баланы? білім, білік, да?дысын емес, оны? т?л?асын, білім ар?ылы дамуын ?амтып отыр. Ол баланы? ?зін- ?зі толы?тыруын ж?не ?зін- ?зі ж?зеге асыру?а ?мтылатын дамушы т?л?а ретінде ?алыптасуын к?здейді. Заман талабы «білу аз, сол білгені?ді іске асырып, ?мірде ?олдана біл» дейді. Осы?ан орай, елімізде о?ыту мазм?ны жа?артылып, 12 жылды? білім беру ж?йесіне к?шу ма?сатында жа?а буын о?улы?тарыны? негізінде жасал?ан ба?дарламалар бастауыш мектепті? жа?а ж?йеге к?шуін, ?рбір м??алімнен жа?аша ж?мыс істеуін, батыл шы?армашалы? ізденісін, о?ушыларды? белсенділігі мен ?ызы?ушылы?ын арттыруды талап етуде.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазм?нын жа?арту ресурсы ретінде»
«Еңбекшіқазақ орта мектебі» КММ
Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде
Бастауыш сынып мұғалімі Оспанбаева Б. О.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Осыған орай білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келіп, білім берудің өзіндік ұлттық бағдарламасы қалыптасуда. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады»- деген байламы ұстаздар жауапкершілігін арттырып отыр. Өйткені қай заманда болмасын, қандай жаңа реформа жасалмасын мектептің басты тұлғасы – мұғалім болып қала бермек. Мемлекеттің білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қамтып отыр. Ол баланың өзін- өзі толықтыруын және өзін- өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптасуын көздейді. Заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске асырып, өмірде қолдана біл» дейді. Осыған орай, елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мақсатында жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етуде.
Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Бастауыш білім беру оқушыларда оқу, жазу, санау, оқу іс-әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін меңгеруін, сонымен қатар оқу -әрекеттерін өзін - өзі бақылаудың қарапайым дағдыларымен, тәрбие және салауатты өмір салтымен жеке бас гигиенасы негіздерімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Әрине бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Міне сондықтан да әлем педагогтарының зерттеулерінде қолданылып, тиімділігі дәлденген баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары тәжірибеге енгізілуде.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» - деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С Выгодский, И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. Л.В. Занков ақыл – ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс- әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді. Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде «әрекет» алынады. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі болып саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды интербелсенді оқыту сабақтары деп білеміз.
Мектебіміздің өзекті мәселесі:Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың оқуға қызығушылығы мен ынтасын арттыру. Мектептің өзекті мәселесінен туындата отырып мен де «Жаңа мазмұнға бағытталған оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді» өзектендіріп алдым.
Не ексең, соны орасың дейді халық даналығы. Өзекті мәселелер айналасында ой қозғамақпын. Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Интербелсенді оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайлыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Сондықтан мұғалімдер өз кәсіби білімін жан-жақты жетілдіріп, оқушыны қызықтыра отырып білім беріп өмірге бейімдеуге тиіс. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Педагогика саласындағы озық тәжірибелерге сүйеніп, өмірде дұрыс жол табу үшін өз іс-әрекетімнің негізінде ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білетін жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат етіп отырмын.
Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады. [1, МАН, 33б.]
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Өз іс-тәжірибемде білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған педагогтардың бірлесе ұсынған оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін басшылыққа аламын. Әр сабақта оқушылар оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатыса алады және келесі сипаттамаларға ие болады: олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін баланың өз бетінше білім алуын, тұжырым, қорытындыға келу қабілетін, ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білуін, проблеманы шеше білуін, пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыруда қолданып келемін. Оқушы ойын дамыту үшін оқытудың интербелсенді әдістерін шеберлікпен қолдануға болады.Ұтымды әдістерді пайдалана отырып оқушының білімге деген ынтасын арттырып, таным-білім көкжиегін кеңейтуге ықпал етемін. Шәкірт жүрегіне жол табу үшін сабақтың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу қажет. Оқушы тек берілген мәліметті қабылдаушы ғана емес, сондай-ақ терең ой иесі, тұлға екендігін естен шығармаған жөн. Ол әрбір іске сыни тұрғыдан қарап, өз ойын дәлелдей білуге, еркін ойлауға мүмкіндік алады. Сауат ашу кезіндегі сабақтар оқушының дыбыс пен әріпті меңгерумен қатар сөздік қорын арттыру. Тілін дамыту да сабақ барысында жүргізіледі. Сабақта диалогты сөйлеуге үйрету, түрлі тапсырмалар беру, оқушының ой - өрісін арттырады. Әрбір сұрақ оқушының ойын дамытуға лайықтанып берілуі тиіс. Мысалы: «Мына заттың аты не?», «Бұл заттың атынан қандай жаңа дыбыс естіп тұрсың?», «Қалай ойлайсың?», «Бұл қандай дыбыс?». Оқушылар жауап бергенде бірін-бірі толықтырып,ойланып,түзетіп отыру арқылы есте сақтау, іздену және зерттеу қабілеттерін дамытады. Жазуды ауада жазып,кеспе әріптермен жазып үйренеді. Ол оқумен қатар меңгеріледі, текшелер арқылы қателеспей дыбыстық талдау жасауға үйренеді, буындап оқи отырып, буындарды жазуға, тұтас сөзді оқи отырып, тұтас сөзді жазуға үйренеді. Психолог Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Деңгейлік курс бағдарламасы ұсынып отырған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарса, мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым – қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Алайда топтық жұмысты бастауыш сыныптарда, әсіресе 1-сыныпта қолдану тиімсіз, бастауыш сынып оқушылары бірлескен оқу әрекетін ұйымдастыра алмайды, өз ойларын жеткізе алмайды деген пікірлер айтылып жүрді. Мен алғашқы күннен бастап сынып оқушыларын топтық жұмысқа үйрете бастадым. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру оқу іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Сондықтан сыныпта қалыпты психологиялық ахуал тудырып алуға баса көңіл бөлемін. Психологиялық тренингтер жүргізіп, сергіту сәттерін түрлендіріп отырамын. Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» жинап өзара сыйластыққа тәрбиелейтін «Ыстық лебіз», «Жүректен жүрекке», «Көршімнің жақсы қасиеті», өзін-өзі тануына ықпал ететін «Менің бойымдағы жақсы қасиеттер», «Айна», «Мен ақылдымын, өйткені ...» «Тілек айту» «Айна» , «2 жалған, 1 шындық» , « Мен қуаныштымын», «Алғысым шексіз» тағы басқа тренингтерді жүргізіп, оқушылардың бір-бірімен жақын танысуына, сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға ықпал етіп отырамын. Осының нәтижесінде оқушыларымда өзіндік ой-пікір қалыптаса бастағандығын байқадым. Бірінің ойын екіншісі қайталамауға, ерекше пікір айтуға тырысады. Сабаққа деген қызығушылықтары, белсенділіктері артады. Сондай-ақ сыныптағы ұлдарға қарағанда қыздардың өз ойларын толық және нақты жеткізетіндігі, шығармашылық ойлау қабілеттерінің басымдығы байқалды. Әліппеге дейінгі кезеңде «Мектеп. Сынып. Оқу құралдары», «Көшеде жүру ережесі. Көліктер», «Құстар. Үй құстары», «Жабайы жануарлар. Аңдар», «Көкөністер. Жеміс-жидектер» тақырыптары бойынша қима суреттерді пайдаланып, постер жасауға, оны қорғап, таныстырылым жасауға үйрете бастадым. Топтық жұмысты көбіне дүниетану сабағында қолданамын. Оқушыларым жазуды меңгермесе де постермен жұмыс істеуді үйренді. Табиғат денелері тақырыбын өткенде түрлі сурет қиындыларын топтарға үлестіріп беріп, өлі табиғатты бөлек, тірі табиғат денелерін бөлек топтастыруды ұсындым. Оқушылар бірлесе отырып жұмысты өте жақсы орындады.
Білім мазмұнын жаңарту бағытында құрылған инновациялық сабақтар проблеманы айқынду, проблеманы шешу, проблема шешімін қолдану кезеңдерінен тұрады. Проблеманы айқындау - үйрену процесі - бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа мағлұматтармен толықтыра түседі, білімін кеңейтеді. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Бұл кезеңде «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Инсерт кестесі» т. б. оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып жүрмін. Бір ескеретіні бұл кезеңде «Инсерт кестесінің» бірінші Білемін бөлігін ғана толтырамыз. Осындай тәсілдер арқылы оқушының белсенділігін арттырып аламын. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап етеді. Нәтижесінде оқушыларым өз білгендерін еске түсіріп қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, өз ойларын ортаға салу арқылы белсенділігі артады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайында ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған инновациялық сабақтың келесі кезеңі проблеманы айқындау (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Тапсырмамен танысу барысында оқушы өзіне таныс емес жаңа мағлұматты Білдім бөлігінетолтырады.Бұл оқушының оқығанын жете түсінуіне, өзіне керекті мағлұматты іріктеп алуына, өзінің сезіміне басшылық етуіне ықпал ететін әдіс.
Жаңа ақпаратты меңгерту кезеңінде білім беру үдерісі нәтижелі болу үшін оқушының білімді өздігінен игеруіне баса көңіл бөлемін. Ол үшін оқушылар не біледі, оларда қандай қате пайымдаулар бар және бұны қалай түзету дұрыс екенін білу үшін оқытудың тиімді әдістерін пайдаланамын. Оқу үдерісінің басында оқушылардың талқыланатын тақырып туралы шамалы білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын ескеремін. Ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуге тырысамын. Уақытты тиімді пайдаланудың тиімді жолы - топтық жұмыс. Оқу-жаттығу ортасын ұйымдастыра отырып түрлі ресурстарды пайдаланып қолдау көрсете отырып білімді өздігінен игеруіне ықпал етемін. Ұқсастығын немесе белгілі бір құбылыстардың айырмасын жариялау қажет болса «Ойлан, жұптас, пікірлес», «Көршіңмен бөліс», «Топта талқыла», «Стикердегі сауалдар», «Т кестесі», «Джигсо» стратегиялары арқылы оқушылар әр түрлі топтармен бір мәселе бойынша пікіралмасып өзара үйрету, үйрену процесі жүзеге асырылады.
«Джигсо» «Т кестесі» «Көршіңмен бөліс»
Проблема шешімін қолдану - бағдарламаның үшінші кезеңі. Бұл кезеңде үйренуші бүгінгі сабақтан не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде алған білімін толықтырып, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне деген сенімділік пайда болады. Меңгерген жаңа ақпаратты тапсырмаларды орындау баорысында тиімді қолдана алады. «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Жиынтық кесте» толтыру, «Постер» дайындау, «Ыстық орындық», «Сәйкестендіру», «Топтастыру», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдістері арқылы оқушыларымның алған білімдерін жинақтап, нені меңгерді, нені меңгере алмай отыр бақылап, назарда ұстаймын.
«Сәйкестендіру» «Постер» дайындау Таныстырылым «Жиынтық кесте»
Күнделікті оқыту процесінде оқушының ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Бағалауға баса назар аударамын. Оқыту үрдісі барысында оқыту үшін бағалаудың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, оқушыларды өзара және өзі-өзін бағалатып отырамын.
Мектебімізде "Оқытудың белсенді әдістерін пайдалану - білім беру мазмұнын жаңартудың тиімді тәсілі" тақырыбында семинар өткізіп, серіктес мектеп мұғалімдерімен тәжірибемізбен бөлістік. Осы семинарда «Көзбен көру айғақтары арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» тақырыбында коучинг сессиясын өткізіп, мұғалімдерді «Дананың кілті», «Тарихи тұлғаларды топтастыру» секілді оқушылардың сыни ойлауына ықпал ететін әдіс-тәсілдермен таныстырып өттім.
«Көршімнің портреті» тренингі «Дананың кілті» әдісі «Топтастыру» стр
«Түстер» арқылы бағалау «Бес саусақ» әдісі Рефлексивті талдау
Ең маңызды қасиеттерді – адамгершілікті, төзімділікті, әдептілікті, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді бала бойына сіңдіре отырып, білімді, қоғамға қажетті, белсенді тұлғаны тәрбиелеп шығару біздің, яғни мұғалімінің міндеті. Сондықтан да жастарға қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы бола білейік.
Әдебиеттер тізімі:
1. Б. А. Тұрғанбаева «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000
2. АОМКДИ «Білім технологияларын оқу үрдісінде пайдалану жолдары»
Алматы -2010
3. Жарқынбеков С. Д. Сманқұлова Ж. Е. «ХХІ ғасыр мұғалімі»
Алматы 2006
4. АОМКДИ «Оқушылардың шыңармашылық қабілетін дамыту жолдары» Алматы -2010
5.USTAZ KZ сайты
6. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, І ілгері деңгей, 33 бет
7. А.Әлімов.Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері . Алматы -2013жыл
Пайданылынған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы. 2014ж 2.«Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003жыл. 3. Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер-кластары Алматы-2014жыл 4.
Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыратын білім дағдысы» деп Ахмет Байтұрсынов айтып өткен. Ал білім дағдысының бастауыштан бастап қаланатындығын ескерсек, мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беруде маған да үлкен жауапкершілік жүктелуде.
Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім – оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс – қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс – қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады. Сабақ үстінде оқушылар бір - біріне сұрақ қоюға, қойылған сұрақтарға толығымен жауап беруге үйренеді. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты түрлі техникаларын пайдаланамын. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Сұрақты қарапайым етіп қоя отырып өткен материалға оралуға, ой салуға болады. Оқушылардың жауабының дұрысын қабылдап және толығырақ жауап беруге итермелеп отырамын. Оқушыларымның жас ерекшелігін, санитарлық талап нормаларын ескере отырып, жаңа сабақты меңгертуде оқушыларды жұппен отырғызып дыбыстық талдау жасау, буыннан сөз құрау, берілген буындарға буын жалғай отырып сөз жасау секілді тапсырмалар беремін. Жұппен жұмыс барысында бірін-бірі оқытатындығын, үйрететіндігін байқадым. Олар дыбыстық, буындық талдау жасай отырып негізгі ұғымдарды меңгереді, білімдерін пысықтап, бекітеді.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген екен В.Сухомлинский. Мен де әр сабағымда нені дұрыс ұйымдастыра алдым, оқушыларым қай материалды меңгерді немесе меңгермеді, қалай үйретсем тиімді болады деген сауалдарды жиі қоямын. Оқытушының еңбегінің нәтижесі білімді, білікті оқушыларынан көрінетіні белгілі. Мен де оқушыларымның білімді, білікті болғанын қалаймын.
Интербелсенді оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Осыған орай, мен де өзімнің іс-тәжірибемді әріптестермен бөліскім келеді. Математика сабағында сондай-ақ логикалық қызықты есептер ұйымдастырдым. Бұл, әрине, олардың логикалық ой - өрісін шыңдаумен бірге қызығушылығын арттырды, тіпті әр сабақта осындай логикалық есептің болуын сұрады. Жаңа тақырып өтетін сабақтарымда оқушыларға жаңа тақырыпты меңгертуде сұрақтар қоюды Блум таксономиясына сүйене отырып ұйымдастырдым, яғни «білу» процесіне «Бұл туралы не білесіз?», «Кімде қандай пікір бар?», « Тағы не айта аласыз?» деген сұрақтар пайдаландым, «Түсіну» процесінде «Неге олай ойлайсыңыз? Неліктен? Не себепті? Қалай дәлелдейсің?Сенімдісің бе? Кімде қандай ұсыныс бар?» сияқты сұрақтарды пайдаландып , «талдау» процесінде Айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? өткен тақырыптардың қайсысымен байланысып тұр? сұрақтарын пайдаландым, ал жинақтау процесінде дұрыс жауаптардың барлығын жинақтай отырып, жаңа тақырыпқа анықтама ұсынуды және қасиеттерін табуды оқушылардың өздеріне ұсындым. Соңғы «қолдану» процесінде алған білімдерін, түсініктерін, анықтамаларды практикада есеп шығаруда қолдануды ұсындым. Ал, келесі сабақтарымда осы сұрақтарды оқушылардың өздері бір-біріне қоя отырып қаншалықты меңгергенін анықтау үшін, арнайы жетекші сұрақтарын дайындап әкеліп, оны жұппен талқылауды және топпен бөлісуді ұсынып отыратын болдым. Мұғалім көмегіне сүйенетін кездерінде, менің жауап табуға жетелеуші сұрақтар беруім арқылы проблема шешіп отырдым. Көбіне сабақ нәтижелі шығады, оқушылар өзара пікірлесе отырып, бір-біріне сұрақтар беруде қызығушылық танытып, «Сіздер бұған келісесіздер ме? Қалай ойлайсыңдар?» деген сұрақтары мені таң қалдырды. Болашақта оқушылардың өздері сұрақтарды ұйымдастырып,менің көмегімсіз нәтижеге жетіп отырды. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтарында күтпеген жауаптар логикалық әзіл есеп ұйымдастыруымда кездесті, осы есеп барысында сыныпта үнемі үндемей отыратын Айдаулеттің ойлау қабілетінің жоғары екенін байқадым.
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Әрбір талантты бала еңбекке бейім, шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарға байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз – теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығармашылық ізденістегі адам. Аудандық мектепішілік семинарларда сабақ өткізіп, бұл бағдарламаның білім саласында өте тиімді екенін әріптестеріме түсіндіріп өттім. Оқушыларды бағалауда марапаттау арқылы оқыту үшін бағалауға көп көңіл бөлдім. Үнемі үндемей отыратын оқушылардың сабаққа қызығушылықпен қатысып, өз пікірлерін ортаға салып отыруы мен үшін жетістік болды және олардың әрбір жетістігін ескеріп оқушылармен бірге марапаттап отырдым. Сондай ақ әр сабақта оқушыларға бағалау критериі мен өзара бағалау әдістерін, соңғы сабақтарымда кубизм әдісі арқылы және де «табыс ағашы» арқылы бағалау әдісін түрлендіріп отырдым. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаның маңыздылығы ой бөлісіп, әдістеме алмасуда мүмкіндік туғызуында және ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндік тудыратындығы. Мен сондықтан,тосы оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенемін. Ойымды қорытындылай келе, Питер Клайнның мына сөзімен аяқтағым келеді: « Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі.»
Ұстаз деген киелі мамандықты таңдап, қыры мен сырына қанығып, білім деген тұңғиық терең теңізде жүзіп келе жатырмыз. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.