kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бурабай мені? ма?танышым

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абстракт 

Зерттеуді? ма?саты. Бурабай ??ірі, бурабай к?ліні? пайда болу тарихы, ихтиоландшафы,биоландшафы, жануарлар ?лемі туралы тарихи м?ліметтер жинау ар?ылы, бурабай елді мекеніні? -м?дени м?рамыз, д?ст?рлер саба?тасты?ын тап?ан ?асиетті   мекен екеніні? ма?ыздылы?ын д?лелдеу. 

Зерттеу гипотезасы: Егер адам баласы келешекте  Бурабай к?ліні?  экологиялы? тепе-те?дігін са?тауды? ма?ыздылы?ын білсе, оны? игілігіне ?лі де пайдаланады деген ойдамын. Бурабай-Еуразияны? екінші Швейцариясы болып ?ала бермек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бурабай мені? ма?танышым »

«Рудный қаласы әкімдігінің №7 орта мектебі» КММ




Мазмұны

І. Кіріспе.

ІІ. Зерттеу бөлімі.

2.1. Бурабай демалыс орталығының маңызы.

2.2. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі-ашық табиғат астындағы табиғи мұрамыз.

2.3. Бурабай көлінің жануарлар әлемі.

2.4. Бурабай өңіріндегі мәдени орталықтарының тарихы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.










Абстракт.

Зерттеудің мақсаты: Бурабай өңірі, Бурабай көлінің пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтер жинау арқылы, Бурабай елді мекенінің-мәдени мұрамыз, дәстүрлер сабақтастығын тапқан қасиетті мекен екенінің маңыздылығын дәлелдеу.

Зерттеу гипотезасы: Егер, адам баласы келешекте Бурабай көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын білсе, оны игілігіне әлі де пайдаланады деген ойдамын. Бурабай- Еуразияның екінші Швейцариясы болып қала бермек.

Зерттеу нәтижесі: Бурабай көлінің пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтерді кітапша түрінде, видео-фильм ретінде шығару, Бурабай елді мекенінің, көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын барша қазақстандықтарға түсіндіру. Осы жұмысымыз басқа да адамдарға пайдасын тигізеді деп үміттенемін. «Бурабай-дәстүрлі, мәдени мұра » деп Елбасымыз айтқан даналық сөздерге көзім жетті.

Әдіс-тәсілдері: зерттеушілік жоба, сұхбат, тәжірибе








Кіріспе.

Менің « Бурабай менің мақтанышым» атты зерттеу жұмысымды жазуға жазғы демалысымдағы алған әсерім себеп болды.Бурабай өңірі түрлі-түсті табиғи ландшафымен көз тартты. Табиғат одан өзінің сыйын барынша аямаған екен. Бурабай қорымы — қола дәуірінен қалған зираттар тобы. Ашық табиғат астындағы дәстүрлер сабақтастығын тапқан табиғи, мәдени мұра. Солтүстік Қазақстан облысы Щучье ауданы Бурабай ауылының (Бурабай курортының) жанында. Алғаш 1927 — 30 жылы П.И. Преображенский, Ю.А. Орлов, Б.Н. Жданов зерттеген. Жүйелі қазба жұмыстарын археологтар К. Ақышев, А. Оразбаев жүргізді (1954). Тас дуалдармен шаршы және дөңгелек етіп қоршалған 122 оба бар. Оның 32-сі қазылған. Әркелкі орналасқан қабірлердің басым көпшілігі Андрон мәдениетінің Нұра кезеңіне, ал кейбіреулері Атасу және Замараев кезеңдеріне жатады. Бірінде тас, бірінде топырақ, енді бірінде ағаш сияқты қосымша материалдар пайдаланылған. Қабірлер тас плиталармен, ішінара ағашпен жабылған. Ашылған қабірлердің алтауынан жерленген мүрде қалдығы табылса, қалғандарында өртелген басқа мүрделердің күлі мен тірісінде пайдаланған заттарын (сәнді қыш ыдыстар, қола пышақтар, алтын жалатылған қола сырғалар, алқалар, ине, біз, т. б.) қоса көму әдісі қолданылған.«Бурабай» – Ақмола облысының Щучье ауданындағы қымызбен емдейтін республикалық маңызы бар курорт. Щучинск қаласынан 20 км жерде, Бурабай көлінің жағасында орналасқан. Көкше тауы (абсолюттік биіктігі 947 м) солтүстіктен соғатын өкпек желге тосқауыл болады, оның баурайында қарағайлы, қайың аралас ормандар өскен. Ауаның орташа температурасы: қаңтарда –16ӘС, шілдеде 19ӘС; жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-дей. Бурабайда қымызбен емдейтін тұңғыш емхана 1910 ж. ашылған. Курорт 1920 жылдан жұмыс істей бастады. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. «Бурабайдағы» негізгі ем – қымыз, сондай-ақ климаттық факторлар (қарағайлы орман, шипалы таза ауа, сұлу табиғат) кеңінен пайдаланылады, физиотерапия тәсілдері, Балпашсордың тұзды балшығы, Майбалық көлінен тасылатын хлорлы-натрийлі-магнийлі минералдық су, т.б. қолданылады екен. Бурабай өңіріндегі Оқжетпес пен Жұмбақтас уралы аңыздар, олардың пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтер жинау мені қатты қызықтырды. Бурабай өңірінің, көлінің экологиялық тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын дәлелдегім келді.

Зерттеу бөлімі. 2.1. Бурабай демалыс орталығының маңызы. Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 км жерде, аудан орталығы — Щучье қаласынан 22 км, Бурабай көлінің солтүстік-шығыс жағасында, қарағайлы-қайыңды орман өскен сұлу Көкшенің етегінде орналасқан. Тұрғыны 6,5 мың адам (1998). Іргесі 1910 жылы қымызбен емдеу санаторийінің ашылуына байланысты қаланған. 1939 жылдан кент. Оның төңірегінде көптеген денсаулық сақтау мекемелері ұйымдастырылған. Мұнда Қазақстандағы ең ірі "Бурабай” курорты орналасқан. Одан басқа балалар санаторийі, әскери санаторий және демалыс үйі, медициналық жабдықтар жөндеу шеберханасы, орман шаруашылығына, жалпы білім беретін мектептер, музыкалық мектеп, мәдениет үйі, кинотеатр, табиғаттану музейі, т.б. мекемелер бар. Бурабай көлінің пайда болу тарихы, ихтиоландшафы, биоландшафы, жануарлар әлемі туралы тарихи мәліметтер жинауды жазғы демалысымнан бастадым. Осы табиғатты көркем жеріміздің тарихы, көлдер жайлы аңыздар мені өте қызықтырды. Ақмола облысының территориясында табиғаты көркем - Бурабай Мемелекеттік Ұлттық Табиғи Паркі орналасқан. Мемлекеттік Табиғи Парктің ауданы 83511 га құрайды. Парк территориясында мөлдір, суық таза көлдер орналасқан. Осы әсем табиғатты көрікті жерімізді сақтаудың маңыздылығын дәлелдеу үшін Бурабай Мемелекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің қызметкерлерінен түрлі кеңестер алынды. Олардың айтуынша, Бурабай Мемелекеттік Ұлттық Табиғи Паркіндегі экологиялық тепе-теңдікті сақтау қажет.Себебі, Бурабай-Қазақстанның кішкентай Швейцариясы.

2.2. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қазақ ұсақ шоқылы аймағының (Сарыарқаның) солтүстік-батыс бөлігіндегі Көкшетау қыратының шығыс бөлігінде орналасқан Бурабай таулы орман сілемі кіреді. Жер аумағы 83,5 мың га. Саябақ орналасқан аймақта ауа райы континенттік, қысы суық әрі ұзақ, ал жазы қысқа, ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –16,7°С, шілдеде –18,6°С. Бурабай сілемдерінде Бурабай, Шортанды, Қатаркөл, Үлкен және Кіші Шабақты, т.б. табиғаты әсем көлдер көп. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Саябақ аумағында шағын өзендер мен жылғалар да бар. Бурабай орман сілемінде қылқан жапырақты және аралас жапырақты қалдық ормандар плейстоцен дәуірінен бері сақталып келеді. Онда республиканың солтүстік аймақтарына тән өсімдіктер мен жануарлардың реликт түрлері де сақталған. Саябақта өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер (мыс., ірі гүлді шолпанкебіс, қара қандыағаш, бұғы қынасы, Фукс сүйсіні, т.б.). Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі – қарағай. Одан басқа көктерек, тал, ырғай, бозарша, итмұрын, долана, қарақат, т.б. өседі. Реликті түрлерден – қырықжапырақ, қырықбуын, плаун, қияқөлең, мүкжидек, т.б. бар. Сондай-ақ саябақтың флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Саябақтың фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Орманды алқаптарда сілеусін, ақкіс, ақ қалақ, орман сусары, т.б. мекендейді. Саябақ аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркіт, қарақұс, үкі, т.б. бар. Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т.б. кездеседі. Саябақ ландшафтысының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді. Мұнда үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан. Мыс., «Оқжетпес», «Ұйқыдағы батыр», «Бүркіт», «Түйе», «Құдыр», «Сфинкс».

Бурабай өңірінің жануарлар әлемі.

Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл,құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады Балықтар-көлдегі негізгі су жануарлары. Балықтардың Қызыл кітапқа енген түрлері туралы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерінен білдім.

2.4. Бурабай өңіріндегі мәдени орталықтарының тарихы.

Бурабай кеніші, "Бурабай қазынасы” — Солтүстік Қазақстанда IV — V ғасырлардағы қабірден табылған материалдық мәдениет ескерткіштері. Бурабай орман техникумы маңынан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде кездейсоқ ашылып, кейін А.Н. Бернштам зерттеген. Беті үлкен тас плитамен жабылған қабірдің ұзындығы 4,5 м, ені 1,5 м, тереңдігі 0,7 м. Оның ішінен адам сүйектерімен қатар, қоладан құйылған қазан, айылбас, темірден соғылған найза, ауыздық, 7 жебе ұшы, алтын мен күмістен жасалған түрлі әшекей бұйымдар, тастан, сүйек пен шыныдан істелген моншақтар, т.б. алынды. Қазынаның арасындағы алтын тәті (диадема), сырғалар, қапсырмалар мен тұмаршалар өзінің орындалу әдісі мен әсемдігі жағынан көне дәуір қолөнерінің теңдессіз үлгілері болып саналады және түгелдей ежелгі ғұн тайпалары мәдениетіне жатады. Типологиялық тұрғыдан бұл бұйымдар сақ дәуірінің "аң стилінің” орнына келген "полихромдық стиль” үлгісіне жатады. Әшекей бұйымдарды түрлі асыл тастармен безендіру (инкрустация), оның негізгі бөлігіне ұсақ алтын түйіршіктер қондыру (зернь), т.б. тәсілдерді қолданумен ерекшеленетін бұл "стиль”, шын мәнінде, сонау сақ өнеріндегі "аң стилінен” бастау алады. Бурабай кеніші бұйымдарындағы көркемдік және тех. әдістер Қазақстан жеріндегі басқа ескерткіштерде де (Орталық Қазақстандағы Қарағаш, Қанаттас обалары) кездеседі. Ғалымдардың пайымдауынша, Бурабай кенішіндегі обада ғұн дәуірінің бай әрі батыр шонжарлар әулетінен шыққан ақсүйек әйел жерленген. Бурабайдағы Абылай хан ақ ордасын тігіп, содан Абылай хан алаңы атанып кеткен жерге 2004 жылғы 8 шілдеде қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қырық жыл бойы аттан түспей күрескен ұлы ханға арнап ескерткіш орнатылғанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз сөзін былай деп бастағаны: "Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады. Қазақ халқының тарихындағы киелі тұлғалардың бірі ғана емес, бірегейі – Абылай хан.Бурабайды Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин сынды ақиық ақындар жырға қосса, Бурабайда Ақан сері, Біржан сал сынды алып тұлғалар серілік құрған. Құлагердей тұлпарлар бәйгеден озып келсе, Батыр Баян сияқты хас батырлар ерлік қылған. Сондықтан да Бурабай –ашық аспан астындағы дәстүрлі, мәдени мұраларымыздың бірегейі екенін есте ұстаған жоқ.

Қорытынды.

Бурабай өңіріндегі ихтио, био , жануарлар ландшафы және адамдар өзара үзілмейтін шынжыр тәрізді экологиялық тепе-теңдікте, байланыста екенін ұмытпайық. Көлдегі биоландшафсыз ихтиоландшаф болмайды. Ал ихтиоландшафсыз жануарлар әлемі тіршілігін тоқтатады. Жануарлар әлемі толықтай жойылса, Бурабай көлі мен өңірі де өз құнын жоғалтады.

Бурабай табиғат аясындағы мұражай десе де болады. Қазақстанның Швейцариясы атанған Бурабай адамзаттың ғана туған жері емес. Ол сонымен қатар, өсімдіктер, жануарлар әлемінің де алтын бесігі екенін ұмытпайық. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мәңгі жырдай жырланған Бурабай-біздің нағыз мақтанышымыз. Дәстүрлер жалғастығын тапқан небір ақындар, жазушылар қаламымен жырланып ұрпаққа аманат етілген қасиетті мекен екенін есте ұстағанымыз жөн. Бурабайымыз-бағымыз, арайлап атқан әрбір таңымыз екенін әрдайым есте ұстайық!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бурабай мені? ма?танышым

Автор: Молдабекова Бакытжамал ?орен?ызы

Дата: 20.04.2015

Номер свидетельства: 203825


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства