kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Біз салауатты өмірді ұстанамыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

1. Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету
2. Оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту.
3. Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Біз салауатты өмірді ұстанамыз»



Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

Кантемир бастауыш мектебі

Жамбалхан М.

Сынып сағатының тақырыбы: Біз салауатты өмір салтын қалаймыз!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың салауатты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жағымсыз әдеттердің ішімдік, темекі, есірткінің адам ағзасын бұзатын қасиетін ашып көрсету
2. Оқушылардың зиянды әдеттерге негативті көзқарасын дамыту.
3. Оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі: сынып сағаты

Әдісі: ойын,сұрақ-жауап, плакаттар, тақпақ,ақпарат айту,сұхбат алу.

Сабақтың көрнекілігі: Ноутбук, стикер,тақта,плакат,суреттер, нақыл сөздер.
Сынып сағатының барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылардың назарын аудару

Мұғалім:

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі  сынып сағатымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.

II.Кіріспе кезеңі

Оқушылар ақпарат береді,тақпақ айтады.

5-сынып оқушылары:

СПИД – ғасыр обасы. СПИД – Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі, яғни ЖҚТБ. Адам денесінде Т – лимфоцит деп аталатын қан клеткаларының саны күрт төмендейді. Қазқсатнда 4,5 мыңнан астам жүре пайда болған. Иммунитет тапшылығы син дромы , яғни СПИД – ке шалдыққан. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18 мамыр 1998 жылғыжарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді.

4-сынып оқушылары

1-оқушы. Денің сау болу үшін, салауатты өмір сүру керек. Таңертең тұрып гимнастика жасау керек, және жүгіру керек.Таза ауамен тыныс алу керек.Ішімдік ішпеу керек.

2-оқушы. Денің сау болу үшін жемістер, көкеністер және витаминдер жеу керек. Себебі жеміс пен көкөністер витаминге бай. Ал витаминдер өсіп келе жатқан ағызаға өте қажет

3-оқушы. Денің сау болу үшін спортпен айналысу керек.Мысалы: жүзумен,жүгірумен, күреспен,өрмелеумен және тағы басқа көптеген спорт түрлерімен –Себебі спорт ол өмір!

3-сынып оқушылары

1-оқушы

Дүниеге дерт болып жетеді,

Әдет боп жаман кетеді.

Есірткі затты көп тұтсаң,

Өмірің қор боп өтеді.

2-оқушы

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын.

Дені сау ұрпақтың,

Ұрпағы көбейсін.

3-оқушы

Кім мұндайды естіпті,
Есірткі жұртты есіртті.
Иіскеген жастардың,
Жан - тәнін түгел кесіпті.
Сақ болайық, ағайын,
Қатерлі жау – есірткі.

III.Негізгі бөлімі

Оқушыларды екі топқа бөлеміз

1-тапсырма:

Егер сендер министрлік әкімшілік болсаңдар қандай тыйым салынған белгілер ойлап табар едіңдер?

2-тапсырма:

Салауатты өмір салтын қалайтын гүлдің суретін салыңдар

3-тапсырма:

Журналистер мен қоғам арасындағы сұхбат.(Оқушылар өз сұрақтарын қояды)

IV. Қорытындылау

Тақтада ағаштың суреті ілулі тұрады. Оқушылар стикерға өз ойларын жазып, ағашқа жапсырады.Зиянды әдеттер: темекі тарту (шылымқор), ішімдік ішу (маскүнемдік), улы заттарды иіскеу(токсикомания), есірткі тарту(наркомания). Бұл әдеттердің барлығы да адам өміріне өте зиян келтіреді. Бұл заттар организмді біртіндеп улайды. Темекіні алғаш ұстағанда, темекіні тартқанда адам жөтеледі, түтін шығады, қақалады. Ағзамызды қинаймыз. Темекіні жас кезінен тартқан бала ұмытшақ, беті сарғыш тартады, тісі сарғаяды, ұрысқақ, ашуланшақ болады. Дауысы өзгереді, ойлау қабілеті төмендейді, темекі қатерлі ісік, асқазан жарасы, қан тамырларының тарылуы сияқты ауруларға әкеп соқтырады. Темекі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш ауруларынан болатын жаман ауруға өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады. Жағымсыз әдеттердің бірі маскүнемдік. Емделуі қиын ұзаққа созылатын ауру. Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр, бүйрек ауруы және жүйке жолы ауруларына шалдықтырады. Есірткі заттарды, токсикомания яғни, уландырғыш заттарды пайдаланудан бас жиі ауырады, ми зақымданады, құсқысы келеді, бойы өспейді, әр түрлі ауруларға шалдығады. Ал, балалар осы естіген ақпараттардан қандай шешім қабылдауға болады?
1. Бұл аурулардан қалай сақтануға болады? 2. Салауатты өмір салты дегеніміз не? 3.Жаман әдетке үйір болмай өмір сүру мүмкін бе?










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Біз салауатты өмірді ұстанамыз

Автор: Жамбалхан Маржагуль

Дата: 04.11.2017

Номер свидетельства: 436745


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства