Білім беру саласындағы жаңартылған жаңа бастамалар
Білім беру саласындағы жаңартылған жаңа бастамалар
Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды жақсы жағынан қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім беру саласындағы жаңартылған жаңа бастамалар»
Мақала авторы: Орынбаева Лаура Әділбекқызы
Жұмысорны: Астана қаласы №53мектеп-лицей Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖАҢА БАСТАМАЛАР
Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. Хэтти (2011) жылы білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан астам метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында қол жеткізген жетістіктерден кейін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі оқушылардың алға жылжуына, нәтижелі білім алуына айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйренуге ұмтылу қазіргі мұғалімдердің басты қабілеттеріне айналуда.
2016-2017 оқу жылында мен де «Өрлеу»педагог кадрлардың біліктілігін арттыру орталығында «Жаңартылған білім мазмұны бастауыш сыныптар бойынша» үш апталық оқу курсынан өттім. Бұған дейін деңгейлік курстан өтіп келген маған курста айтылған дүниелер аса жаңалық бола қоймады десем де, курсты оқып, терең түсіне келе бұл курстың да өз ерекшелігі мен жаңалықтары мен үшін аса құнды дүние болды. Кураторымыз Бахыт Серікқызынан да, басқа мектептен келген әріптестерімнен де үйренерім көп болды. Біз мұнда тек қана тыңдаушы болып қана қоймай бір-бірімізбен күнделікті тәжірибе алмасып отырдық.
Нақтылап айтар болсам, қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі де түбегейлі өзгерістер еніп жатқаны бәрімізге мәлім. Жаңартылған білім беру жүйесіндегі басты мақсат-бәсекеге қабілетті, рухани бай, жан-жақты дамыған, жеке-дара, қандай қиын іс болмасын одан жол тауып шыға алатын, алған білімін өмірде қолдана білетін дарынды тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Курс барысында бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша толық ақпарат алып, сабақ жоспарын құру мен сабақты өткізу, сонымен қатар бағалау түрлерінің жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелік тұрғыда меңгерді.
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныптарда әр пәнді деңгейлеп оқытуда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланған. Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке дамуын анықтауға мүмкіндік беретін формативті бағалау мен суммативті бағалау түрлері белгіленген. Жаңа стандарт оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсы жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, функционалды сауатты, сыни тұрғысынан ойлай алатын мұғалімдер қатары да көбеюде десем артық айтқан емес.
«Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі де осыған дәлел іспетті.
Осындай өзгерістердің айқын көздерінің бірі – «Жаңартылған білім мазмұны» бұл жаңа форматтағы білім жетілдірудің Кембридж тәсілдеріне негізделген оқу бағдарламасы. Бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы (конструктивті) оқыту теориясына негізделіп жасалынған. Яғни бұл дегеніміз, мұғалім бағыт-бағдар сілтей отырып, балаларды өз бетімен білім алуға жетелеу. Оқушыны өз ортасында сол сабаққа қатысты проблемалық сұрақ тастап, оған жауапты да өздері таба білуге дағдыландыру. Сонымен қатар пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, өмірде тиімді қолдана білу.
Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды жақсы жағынан қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс. Бұл жұмыс мазмұндарын іскеасыру өзімнің кәсіби деңгейде өсуіме және сынып жетекші ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді Оқушылардың іс-әрекетін зерттеу кезінде байқағаным- олардың бойындағы өзгеріс, қуанышты жүздері мен құнды ойлары, сабаққа деген белсенділіктері, қызығушылықтары мұғалімнің өзіне деген сенімін арттырып, мәртебесін өсірумен қатар болашаққа үлкен жүк артып, одан әрі шыңдала түсуге шабыт пен жігер береді екен.Мен өзімнің іс-тәжірибемде оқушыларға ойларын еркін жеткізуге, ізденуге, ойлануға уақыт беріп, пікірлерін дәлелдей алуға мүмкіндік беру керектігіне тағы көз жеткізгендей болдым. Оқушы сұраққа дұрыс жауап бермесе немесе ойын еркін жеткізе алмаса мұғалім қатені өзінен іздеп, өзіне сыни көзқараспен қарау керек. Мұндай жағдайда жаңартылған оқу бағдарламасының тиімді әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасаған абзал және өте тиімді деп есептеймін. Жұмыстың тиімділігіне оқушы біліміндегі нәтиже барысында көзім жетті. Себебі оқушылартопта жұмыс жасап, өз пікірлерін талқылап, білмегендерін бір-біріне үйретіп, үйренеді. Сосын жұпта жұмыс жасайды. Оқушы жаңа ақпараттың мағынасын өзі ашып, пікір алмасып, қызу талқылау жасау арқылы үйренеді. Ортаға шыққанда мұғалім рөлінде ақпаратты талдап, ойын талдауда жүргізілген осы оқу процесін жақсы меңгеріп қана қоймай, сыни ойлауы қалыптасып, шығармашылығы дамиды. Бұл үйренгенін оқушы енді қорыта келе жеке жұмыс жасау барысында пайдалана алады, яғни қиналмай жұмыс жасайды, сабақты түсінуіне мүмкіндігі болады.
Сонымен қатар, осы жаңа әдістер бойынша құрылған сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың бір-бірімен, мұғаліммен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне қажет етеді. Әрбір мұғалім шығармашыл жұмыс жасаған жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндігі бар. Шығармашылық іздену мұғалімнің еңбегіне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді. Шығармашыл тұлғаның бойында өзіне тән ерекшелігі, қиялының ұшқырлығы, танымдық қызығушылығы,шабыты басым болады. Бала осы қасиеттерімен ерекшелінеді. Шығармашыл тұлғаның бойында ақындық, жазушылық, әншілік, суретшілік сынды қасиеттер қатар жүруі мүмкін. Менің мақсатым осы қасиеттерді әрі қарай дамытып, баланы шығармашылыққа баулып, болашақта жоспарлы, мақсатты жұмыс жасау. Бұл тақырыпты өзекті етіп алу себебім, күнделікті сабақтардаоқушылар өз білімдерін, ойларын еркін жеткізіп айта білуге дағдыландыру.
Сыныптағы орыс тілді балаларды және қарапайым сөйлем құрауда қиналатын оқушылардың тілдік, сөздік қорын молайту болды. Сол себепті де кітапты оқу әдісін қолдану арқылы оқушыларды сауаттылыққа, ойын еркін жазуға дағды етіп қалыптастыруды алдыма мақсат етіп қойдым.