Білім беру салаларын интеграциялау ұстанымдарын іске асыру
Білім беру салаларын интеграциялау ұстанымдарын іске асыру
Мамандар интеграцияны білім беру сапасына қол жеткізу жолдарының бірі, баланың жеке тұлғасын дамытудағы оның жаңаруы мен тиімділігі, балалық шақтың еркін кеңістігі мен денсаулығын сақтау ретінде анықтайды. Интеграциялық тәсілдің өзектілігі мынадай себептермен түсіндіріледі: – балалар қоршаған дүниені өзінің саналуандығымен және бірлігінде таниды, ал мектепке дейінгі білім беруші бағдарламалар «Зерек бала» мен «Біз мектепке барамыздың» тараулары жекелеген құбылыстарды зерделеуге бағытталған және көбінде біртұтас туралы ұғымдар бермейді, оны шашыраңқы бөлшектерге бөледі;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Білім беру салаларын интеграциялау ұстанымдарын іске асыру»
Білім беру салаларын интеграциялау
ұстанымдарын іске асыру
Мамандар интеграцияны білім беру сапасына қол жеткізу жолдарының бірі, баланың жеке тұлғасын
дамытудағы оның жаңаруы мен тиімділігі, балалық шақтың еркін кеңістігі мен денсаулығын сақтау ретінде анықтайды.
Интеграциялық тәсілдің өзектілігі мынадай себептермен түсіндіріледі:
– балалар қоршаған дүниені өзінің саналуандығымен және бірлігінде таниды, ал мектепке дейінгі білім беруші
бағдарламалар «Зерек бала» мен «Біз мектепке барамыздың» тараулары жекелеген құбылыстарды зерделеуге бағытталған және көбінде біртұтас туралы ұғымдар бермейді, оны шашыраңқы бөлшектерге бөледі;
– сабақтардағы кіріктірілген тәсіл тәрбиеленушілердің әлеуетін ашуға септігін тигізеді, оларды дүниені белсенді танып білуіне,себепсалдарлық
байланыстарды ой елегінен өткізуге және табуға, логиканың,ойлаудың, қарымқатынастық қабілеттіліктерінің дамуына және т. б. түрткі болады;
– қызметтің алуан түрлері балалардың назарын әрбір сабақтың барысында жоғары деңгейде ұстап тұрады,
бұл олардың жеткілікті тиімді екендігі туралы айтуға мүмкіндік береді.
Істәжірибелік мәнділігі мектепке дейінгі білім беру интеграциясының теория үшін де, сондайақ істәжірибе үшін де мәнді және заманауи екендігінде. Оның өзектілігі мектепке дейінгі ұйымдарға (бұдан әрі – МДҰ) қойылатын жаңа әлеуметтік сұратуларға байланысты. Интеграциялық тәсілдің мәнділігі білім берудің 5 саласын: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным»,
«Шығармашылық», «Социумды» тең құқықтық негізде біріктіруінде. Мұндай тәсілді сабақтарда пайдалану
тәрбиеленушілердің әлеуетін дамытады, қоршаған өмір шындығын белсенді таныпбілуге,себепсалдарлық байланыстарды пайымдау мен табуға, логиканың, қатынасбайланыстық қабілеттіліктердің дамуына қозғау салады.
Олар әдеттен тыс ойлануға, салыстыру мен жалпылауға, қорытындылар жасауға үйретеді.
Интеграция тетігі – әртүрлі құралдармен жасалған және балалар қызметтің әралуан түрлерінде қайта жаңғыртатын бейне:
– қатынас тілдік: сөз (шолушылық анықтамалар, эпитеттер, салыстырулар, ырғақ);
– шығармашылық: қозғалыстар, ымдау қимылдары, мимика, дауыс, дауыс екпіні, кейіптер;
– бейнелеушілік: сурет (форма, шамасы, түсі, композиция, екпін);
– музыкалық: әуен, екпін, үйлесім, серпіндік, дыбыс ырғағы және басқалар;
– танымдық: қоғамдық өмір құбылыстарымен, заңдылықтарымен және т. б. танысу;
– денсаулық сақтаушылық.
Осылардың бәрі әртүрлі білім беру салаларын интеграциялауға мүмкіндік береді.
Мазмұнды интеграциялау ұстанымдарына құрылған педагогикалық үдеріс барлық мамандардың (әдіскер,
тәрбиеші, музыкалық жетекші, қазақ тілінің мұғалімі, дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы және басқалар)
неғұрлым тығыз қарымқатынас
жасауына жағдай жасайды. Бұл педагогтарды біріктіріп қана қоймайды, сондайақ
балалардың қабілеттерін кешенді дамытады да.
Сабақтар санын әрбір тәрбиеші жеке белгілейді, оларда нақты құрылым болмайды, бірақ өзіндік ерекшеліктерге
ие болады:
оқу материалының барынша айқындығы, жинақтылығы, ақпаратының молдығы қажет;
кіріктірілген пәндердің қисынды өзара жағдайластырылғандығы, өзара байланысы;
көрнекті материалдың ерікті орналастырылуы;
серпінді кейіптерді ауыстыру;
сабақтарды өткізуге тар бағыттық мамандарды және атааналарды
тарту.
Интеграцияланған сабақтар – тәрбиеші ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі – ҰОҚ) бірнеше білім
беру саласын пайдаланады. Кіріктірілген тәсіл мектепке дейінгі дидактиканың негізгі талаптарының біріне
сәйкес келеді: білім беру көлемі жағынан шағын, бірақ сыйымды болуы тиіс. ҰОҚн
ұйымдастырудағы мұндай
тәсіл тәрбиеленушілер әлеуетінің ашылуына жағдай жасайды, оларды дүниені белсенді таныпбілуге,
себепсалдарлық
байланыстарды ой елегінен өткізуге және табуға, логиканы, ойлауды, қатынасбайланыстық
қабілеттіліктерді дамытуға және т. б. қозғау салады.
Мұндай сабақтарды жоспарлау және өткізу кезінде тәрбиеші мен мамандардың қызметін үйлестірудің мәні зор.
Оларға өздерінің перспективалықтақырыптық
жоспарларын келісіп алу қажет. Бұл ретте әрбір педагог өз білім
беру саласына арналған материалдың мазмұнын, оқытудың әдістері мен құралдарын ойластырып алуы тиіс.
МДҰда
интеграциялауды жүзеге асыру бойынша жұмысты бастардың алдында бірқатар ісәрекеттерді
орындау қажет:
кіріктіру мақсатқа лайық болатын және балада зерделеу объектісі туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға
жағдай жасайтын білім беру салаларын анықтау;
бұл салалардан мазмұны, интеграциясы неғұрлым маңыздыларына талдау жасау және іріктеп алу;
мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен бағдарламалық талаптарды есепке алу;
білім беру мазмұнын интеграциялаудың бір немесе бірнеше базалық бағытын анықтау;
кіріктірілген сабақтар жүйесін (мысалы, тақырыптық) құрудың негізгі ұстанымын айқындау және
сабақтардың міндеттері мен мазмұндық материалын соларға сәйкес бөлу;
дамытушы міндеттерді ойластыру;
қызметтің бірбірін
интеграциялау мүмкіндігі және олардың оңтайлы жүктемесі болатын саналуан
түрлерін ойластыру және пайдалану;
мектеп жасына дейінгі балалар ойлауының (көрнекілікбейнелік,
көрнекілікпәрмендік)
ерекшеліктерін
есепке ала отырып, саналуан, толып жатқан көрнекті және атрибуттық материалды (көрсетілетін,
үлестірмелі, ойындық) пайдалану;
кіріктірілген сабақтарды құру, ұйымдастыру және өткізу үдерісінде жеке тұлғалықбағдарлаушылық
тәсілді
назарда ұстау, ересектер мен балалардың арасындағы оңдыэмоциялық
қатынастар стилін сақтау.
Кіріктірілген сабақтардың түрлері
Бинарлық сабақтар. 2 педагог қатысады, мысалы, тәрбиеші – қазақ тілінің мұғалімі; тәрбиеші – музыкалық
жетекші; тәрбиеші – дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы. Мәні – әртүрлі салалардағы білімдерді тең құқықтық
негізде біріктіру. Бұл ретте педагогтар дамытудың бірнеше міндетін шешу мүмкіндігіне ие болады, ал мұнымен
қатар балалар «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларының әртүрлі тарауларының мазмұнын
меңгереді, бұл ойындық және дербес қызметті ұйымдастыру, таза ауада серуендеу үшін уақыт үнемдеуге
мүмкіндік береді. Міндеттерді іске асыру проблемалық жағдаяттар, эксперименттік жұмыс, дидактикалық
ойындар және басқалар арқылы өтеді. Бинарлық сабақтар қызығушылық тудырады, оларды қызметтің саналуан
түрлеріне тарту есебінен аса қауырттылыққа, асқын жүктемеге және шаршапшалдығуға
жол бермеуге жағдай
жасайды.
Полинарлық сабақтар. Оларға 3 немесе одан көп педагог қатысады. Мысалы, тәрбиеші – қазақ тілінің
мұғалімі – музыкалық жетекші; тәрбиеші – музыкалық жетекші – дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы; тәрбиеші
– қазақ тілінің мұғалімі – психолог.
Байланыстырушы буын сабақта қарастырылатын тақырып (бейне) болады. Кіріктірілген, бинарлық және
полинарлық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде кіріктірілген сабақтардың құрылымына қойылатын
талаптарды сақтау қажет:
оқу материалының айқындығы, жинақтылығы, нұсқалығы;
әрбір сабақта зерделенетін материал бағдарламасы тарауларының ойластырылғандығы мен
логикалық өзара байланысы;
сабақтың әрбір кезеңінде кіріктірілген салалар материалының өзара жағдайластырылғандығы,
өзара байланыстылығы;
сабақта пайдаланылатын оқу материалының үлкен ақпараттық сыйымдылығы;
материалды баяндаудың жүйелілігі мен қолжетімділігі;
ҰОҚ уақыттық шеңберлерін сақтаудың қажеттігі.
Бұл тақырып бойынша жұмыс бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді, және де біз кейбір бақылауларымызды бөлісе
аламыз:
Кіріктірілген сипаттағы сабақтар дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруға жағдай жасайды, өйткені зат
немесе құбылыс бірнеше: теориялық, істәжірибелік,
қолданбалық жақтарынан қарастырылады.
Балаларда танымдық қызығушылық қалыптасады, және де сабақтар жоғары нәтижелілік береді.
Қызметтің бір түрінен басқасына ауысу әрбір баланы белсенді үдеріске тартуға мүмкіндік береді.
Кіріктірілген сабақтар балаларды ортақ әсерлермен, толқыныстармен біріктіреді, ұжымдық өзара
қатынастардың қалыптасуына жағдай жасайды.
Мұндай сабақтар барлық мамандардың неғұрлым тығыз қарымқатынас
жасауына және атааналармен
ынтымақтасуға жағдай жасайды, нәтижесінде балалар мен ересектер қауымдастығы құрылады.
Интеграция сабақтардың санын қысқартуға, ойындық қызмет пен серуендеулерге уақыт босатып алуға
көмектеседі, бұл балалар денсаулығын нығайтуға жағдай жасайды.