БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Әлібекова Базаркүл Ералықызы «№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі. Шиелі кенті. Қызылорда облысы. Қазақстан Республикасы Аннотация Тема доклада - использование новых образовательных технологии в учебном процессе. В докладе отражены цели современного образования, новые методы обучения, технологии развития критического мышления через чтение и письмо, вопросы использования методов информационно - коммуникативной технологии, вопросы дифференцированного обучения с учетом возрастных особенностей учеников, Автор отмечает рациональность использования интерактивной доски и электронных учебников в решении многочисленных дидактических задач. Аңдатпа Бұл баяндамада жалпы қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды ( АКТ - ны ) пайдалану әдістері, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу, білім беруді басқару және көшбасшылық оқыту модульдері туралы қысқаша тоқтала отырып, осы оқыту технологиялардың кезеңдері мен ерекшеліктеріне тоқталып өттім. Интерактивті тақта құралдарын пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектесетінін және тиімді екенін атап өттім. Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі - мультимедиялық оқулығымыз электрондық оқулықтың тиімділігі жөнінде баяндалды. Summary Topic - the use of new educational technologies in the educational process. The report reflects the goals of modern education, new teaching methods, technology, development of critical thinking through reading and writing, the use of methods of information - communication technology issues differentiated learning age-appropriate students, author notes rational use of interactive whiteboards and electronic textbooks in solving numerous didactic tasks. Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп, үш айлық оқу курсын оқып келген мұғалімдермен тәжірибе алмаса отырып сабағымда үнемі пайдаланатын модуль туралы қысқаша тоқталайын. 1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады. 4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет. 7. Білім беруді басқару және көшбасшылық Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады. Аталып өтілген технологиялардың кезеңдері: • Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау; • Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу; • Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою. Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі. Тексеру құралдары арқылы сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырады, жаңа мақсат қойылады. Сонымен мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдіруіне кедергі жасалады. Оқыту технологияның ерекшеліктері: • Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру. • Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу. • Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру. • Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау. Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез - келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс - әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс - әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс - әрекет дейді. Іс - әрекет үйрену репродуктивтік іс - әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдердің қолданып жаттығулар жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқанда дайын білімдерге ештеңе қоспайды. Өз бетімен ізденіп біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс - әрекетті продуктивті (өнімді) іс - әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір - бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс - әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В. П. Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
1 – деңгей (оқушылық) – репродуктивтік іс - әрекеттің ең қарапайым түрі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
2 - деңгей (алгоритмдік)- репродуктивтік іс - әрекеттің күрделі түрі. Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды: • Құбылыстың сыртқы белгілері. • Ол өткен кездегі жағдай. • Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау). • Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы. • Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру. • Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
3 - деңгей (эвристикалық) Эвристика грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді. Эвристикалық оқыту мақсаты – оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, проблемаларды жасату, проблемаларды өз бетімен шешуге үйрету.
4-деңгей (шығармашылық) Шығармашылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндеріне қорғалатын білімдік өнімдердің 3 түрі бар. Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, ереже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, қойылым, сценарий, газеттің мазмұны. тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. Пән аралық және пәннен тыс өнімдер – бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері. Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған есеп, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу технологиясы, өздік жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс - әрекеттерін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын - пікірлер жазу). Оқыту қандай болуы керек. Негізгі талап – оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгеру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпаратттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Осы ретте ақпаратттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады. Қазіргі таңда жаңа технологияның жетістіктері интерактивті тақта мен электрондық оқулыққа тоқталар болсақ... «Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бағдарламалық-теникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: - Пән бойынша базалық білімді меңгерту; - Алған білімді жүйелеу; - Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; - Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; - Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық. Білім берудің кез келген саласында танымдық белсенділікті арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайтын – электрондық оқулық. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып тұратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады. Компьютерлер мен интерактивті тақта оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстететикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Өзім күнделікті сабақта деңгейлеп оқыту техналогиясын көбірек қолданам. Бұлар:әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері. Әңгімелесуші-оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама, ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін, жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді. Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға: Жаттап алуға лайықталған болуы керек. Яғни, Алдағы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек. Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде-олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн. Екінші деңгейдегі тапсырмаларға: 1.Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардагы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады. Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с. 2.Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар: 1)танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек. 2)әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру: және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар. 3)Өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар. Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары: 1) Оқушылардың алған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару). Сонымен, айтатын болсақ бұлар: Бірінші деңгей үшін - игерілгенді пысықтау мен қайталауға, командалар мен операторлар қызметін жаттауға арналған. Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге оларды, тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар. Оқытудың осы жаңа технологиясы жағдайында: -оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күнделігі төрт деңгей бойынша қарастырылып; -оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп; -барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған.Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбак, сөзжұмбақ, ребус математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертен жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.Осы жерде, "үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын окушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет? " - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған. Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі; Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып оқушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады. Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мек бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау тек бағалаудың ерекшелігі неде?Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды түрді әртүрлі топтарға болуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.Денгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны "есепке" алынып отырылады. Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, жұмысын "оқушылық", "міндетті", 1-дегі деңгейдің, ол. үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды. Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді бұл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыга тірек білімін ғана Меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп болады. Нақтырақ айтсақ: Әр оқушының, әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді. Олардың әрқайсысы 1-ші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау құқылы, Осылайша, бір деңгейден бір денгейге, өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетінде жетілдіреді. Бұл жағдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергені сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 15 ұпай, үшінші деңгей үшін - 30 ұпай. Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушы орындай алады. Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарынды қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады. Сонымен, әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушы жанында ілулі тұратын жалпы ведомосқа және өздеріндегі арнайы деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомосқа (шеңбер) -мен белгілеп отырады. Бұл оқушылар арасында, олардың бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жұмыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан демеп жіберуге жол беріледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін табылады. Сабак дұрыс орындалған барлық тапсырмалар үшін жинаған ұпайларды есептеумен аяқталады. Жинаған ұпайларын оқушылар 2-ші кестеде әр сабақтың соңында нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын түзу сызықтармен біртіндеп қосса, график шығады. Ол - оқушының даму мониторингі деп аталады. Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгерген қадағалап, үлгермеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді. Тақырыптық бақылау жұмысы да әр деңгейлі тапсырмалармен беріледі. Бұл жағдайда ол бөгде біреудің көмегінсіз, шпаргалкасыз орындалады және мұғалім тарапынан оқушылар қатаң бақыланып, өздерінің нақты алған білімдеріне тиісті ұпайларын алады. Осындай бақылау мен бағалауды біз сыртқы бақылаумен сыртқы бағалау ретінде қарастырамыз. Бұл ұпайлар да оқушылардың даму мониторингтеріне белгіленеді. Оқушының даму мониторингі, оның жеке басының қабілегіне қарай, тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушының даму деңгейі - басқалармен емес, уақыт өткен сайын, өзімен - өзін салыстыру арқылы анықталғандықтан, ол оқушыларға деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Бағалау жүйесінің негізі болып оқушы білімнің ең төменгі деңгейі алынады және ол деңгей мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді. Бұл деңгейдегі тапсырмаларды дарындылығына да, бейімділігіне де, жоғары даму деңгейіне де қарамастан оқушылардың барлығының дұрыс орындауы міндетті. Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар», -Алматы, 2003. 2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында», « Егемен Қазақстан» газеті// ІІІ-2005. № 13 3. Істеміров Н «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары», Алматы, 2007. |