kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білекті бірді, білімді мы?ды жы?ар" интеллектуалды ойын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі:о?ушыларды? білімге деген ??штарлы?ын, білім ны?айтып, біліктілігі  мен білімдерін дамыту.

Дамытушылы?ы: о?ушыларды?  логикалы? ойлау ?абілетін, д?ниетанымын, ?ызы?ушлы?ын арттыру.

Т?рбиелігі: О?ушыларды шы?армашылы? ізденіске баули отырып,??ыптылы??а,бірлікке, ынтыма?тасты??а, шапша?ды??а, белсенділікке баулу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білекті бірді, білімді мы?ды жы?ар" интеллектуалды ойын»

«Білекті бірді, білімді мыңды жығар» интеллектуалды ойын

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың әдісі: Ойын элементтер
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте
Ойынның жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей,

«Білекті бірді. Білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар. Бұл ойынға құрамында 5 оқушы болатын 2-4 сыныптардан 3 топ қатысады. Әр сыныптан құрылған топтан 1 оқушы шығып, кітаптың бір түсін таңдап алады.Бұл кітапта топтың аты жазылған.Таңдап алынған топ атауы бойынша бөлініп отырады.

1топ- «Жас өркен»

2 топ – «Болашақ»

3 топ- «Жалын»

Сайыс 7 айналымнан тұрады.
I айналым: «Бәйге».
II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
III айналым: «
Тапқыр болсаң, талас жоқ»
ІҮ айналым: «Ойлан тап»

Ү айналым: «Кім жылдам?»
ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»
ҮІІ айналым: Халық тағлымы – тәрбие бастауы.

Жүргізуші:  Біреуінің жүрегінің түгі бар

                      Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

                      Біреуінің күмбірлеген күйі бар

                      Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.

                     Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп

                     Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп

                     Дайынбысың жарысуға достарым

                    Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын – деп біз ойынымыздың І-ші айналымын бастаймыз.

I айналым: «Бәйге»
Бұл шартта топтарға 10,20,30, сандары жазылған ұяшықтарда тапсырма беріледі.Берілген жауап ұяшықтың саны арқылы ұпай болып саналады және ұпай саны көп топкелесі айналымды бастайды.

1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, (10 ұпай)

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)

 

2. Шырылдауық шегіртке 10 ұпай

Ыршып жүріп ән салған

Көгалды қуып, гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған. (Шегіртке мен құмырсқа. Аударған Абай. И.Крылов)



3. Өнер, білім бар жұрттар, (ұяшық - 20)

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)



4. Ең бірінші бақытым – халқым менің 20 ұпай

Соған берем,ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын.

Қымбаттырақ алтыннан нарөым менің (Үш бақытым. М.Мақатаев)



 5. Үй суық. Жыртық терезеден кірген ызғырық шекеден шыққандай. Үйдің ішін жылытуға отын жоқ.Қара судан басқа түк татпағанына бүгін үшінші күн... (Күлпаш. Б.Майлин)

30 ұпай



6. Тышқан жып беріп, өзінің ініне еніп кетті де түбіне қарап жатып: О , шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?Өзі тар,өзі қараңғы, өзі қауіпсіз,- деді. ( Кімнің мекені жақсы?) 30 ұпай



Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып, ІІ айналымды бастаймыз.

II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
Бұл шартта оқушылар төменде берілген сөздерге байланысты мақал - мәтелден жарысады.    Тақта берілген түстерді таңдап, тақырыптар бойынша мақал—мәтел айтады.        

1.Отан   2.Денсаулық

3.Туған жер  

4.Батыр  

5.Еңбек  

III айналым: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.Әр топқа плакаттар беріледі.Сөздерді дұрыс жазып, оқып береді.
1- топ: Кесіб – бесік Сод-дос Арыбмод - домбыра Анызақ - қазына

2 –топ:Саж - жас Сытай – айтыс Екерем - мереке Атқат-тақта

3 –топ:Ысабот - отбасы Келйокит - иткөйлек  Зыбоқ – қобыз Шенеш –шешен

ІҮ айналым: «Ойлан тап» Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1ұпай беріледі. Топтың жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
1 топ
1.Шұбат - түйенің сүті ма? иә
2.Мамыр жаз айында басталады ма? жоқ
3.Абай - қазақ халқының ұлы ақыны ма?иә
4.Қазақстанның Астанасы - Алматы қаласы ма? жоқ
5. 45 - тің 5 - тен бір бөлігі 8 - ге тең.(жоқ

2-топ

1.Ь, Ъ белгісі дыбыс па? жоқ

2.Абай жолы романын М.Әуезов жазды ма? иә
3.5 саны жұп сан ба? жоқ
4.Теңге алу - қазақтың ұлттық ойыны ма? Иә

5.Ұстаз ауруханада жұмыс жасайды ма? жоқ

3 топ

1.Судың 4 күйі бар ма? жоқ

2.Роза Рымбаева - Ресей әншісі ма? жоқ
3.Біздің ауылымыз Ресеймен шектеседі ме? иә

4.Дөңгелектің 4 бұрышы бар ма? Жоқ

5.Асу сөзі 2 буыннан тұра ма? Иә

Музыкалық үзіліс: Ана туралы Қайыржанов Әділжан
Ү айналым: «Білгенге маржан» пән бойынша сұрақтар

Бұл айналымда 4 негізгі пән әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика пәндері бойынша білімдері тексеріледі. Тақтадан қатардағы 4 пәннен сұрақ нөмірін таңдаймыз. Әр топ әр пәннен 5 сұраққа жауап береді..

                              





 Әдебиеттік оқу

1. Абайдың 5 асыл іс дегені не?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

2 . “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің қай тобына жатады?(Қиял-ғажайып)

3. “Алтын ұяң-Отан қымбат” деп  басталатын шешендік сөзді кім айтқан? (Қазыбек би)

4 .«Қоңыр қозы» мәтіні кім туралы айтылған?
5. Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)

                                     Қазақ тілі

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3)

2. Сөз құрамын ата ( түбір, қосымша)

3.Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Не істеді? Не қылды? Қайтті?

4. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?(3)

5. Жалғауы жоқ септікті ата? (Атау септік)

              математика

1. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
2.Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін. (шаршы)

3. Есік алдында 3 гүл өсіп тұр. Оның біреуі қызыл, біреуі сары және біреуі көк. Сары гүл ортасында емес және қызыл гүлдің қасында емес Онда гүлдер қалай орналасқан? (сары, көк, қызыл)

4.Сантиметр қай бірлікке жатады? (ұзындық)

5. Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы алды?( түйеқұс ұшпайды)
                                                   

  



ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»
Бұл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.
«Жас өркен» топ басшысы

1.Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?( домбыра, жетіген, сырнай)
2.36+22-20 38
3.16 желтоқсан қандай мереке?( тәуелсіздік күні)

«Болашақ» топ басшысы


4.Абайдың шын атын атаңыз ( Ибраһим)

5.Қазақтың ұлттық ойындары

6. 6 ондық пен 8 ондықтың арасындағы толық ондық?(70)

«Жалын» топ басшысы

1. Алдауыш таяғымды әкелемін деп, байдың атын мініп кеткен кім?

2.120 : 60 бөліндісі нешеге тең? 2 –ге тең

3. Ғарыш көлігі. (зымыран)

ҮІІ айналым: «Халық тағлымы – тәрбие бастауы.»

Бұл кезеңде ата –бабадан мұра болған тәрбиелік маңызы бар,нақыл сөздердің мағынасын ашу.

Слайдтағы гүлдердің астындағы тапсырманы орындау.

1. Не жетім?

  Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім,

Тыңдаушысы болмаса – сөз жетім.

2. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

******

Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ.

Әкенің жүрегі қатты.

 3. Не қымбат?

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Қуат береке – атаң қымбат.

Аймалайтын апаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Мұғалім:

– Балалар, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт – дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкенді тыңдау, оның сөздерін еске түйіп құрметтеуіміз керек.

Қорытынды:

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау. –
деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Жеңімпаздарға марапаттау айтылады. Ең көп ұпай жинаған топ анықталады.Алған жұлдызша арқылы есептелініп, жеңімпаз топтар марапатталады.

Музыкалық үзіліс. Үнді би 4 сынып оқушылары

Құрметті оқушылар осымен біздің «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» атты интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сынағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.



7



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Білекті бірді, білімді мы?ды жы?ар" интеллектуалды ойын

Автор: Тастемирова Конырша Ендешбаевна Атырауский область Курмангазинский районы село Котяев

Дата: 21.02.2016

Номер свидетельства: 296822


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства