kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Батырлар-ел қорғаны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген (18).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Батырлар-ел қорғаны»

Бастауыш мектепте жеке пәндерді оқыту барысында дамыта оқыту технологияларының практикалық мәселелері Бастауышта білім беруді

ұйымдастырудың тарихи мәселелері


КІРІСПЕ


Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.

Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей, гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықтанып жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек, олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол. Дей, тұрғанмен, жаңа үлгідегі мектептер тәжірибесінде өз мақсат – міндеттерін дұрыс түсінбеуден, оларға лайықты ғылыми – педагогикалық негіздің болмауынан бар екенін айта кету керек.

Соңғы он шақты жыл ішінде оқыту процесін ізгіліндіру оның практикалық бағытын күшейту, дамытушылық функциясын арттыру мақсатында біраз шаралар атқарылуда.

Дей тұрғанмен, әлі де болса білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетіндей баяндау, түсіндіру үлгіні, көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Оқытуды дамытудың міндеттерін іс жүзінде шешудегі қателіктер бастауыш мектеп оқушыларының абстрактілі ойланудағы мүмкіндіктерін жеткілікті бағаламаудан туады. Осының нәтежесінде мектептерде шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интелектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде құрылып жүр. Осы себептен оқушылар игерген білімдерін іс - әрекетте пайдалана алмау қиындығына тап болуда.

Педагогикалық процесс бастауыш мектеп оқушысының жеке басын демократиялық бағытта қалыптастыру және оны жан – жақты дамыту үшін неғұрлым қолайлы қандай талаптарға жауап беруі тиіс?

Біріншіден, қарым - қатынастық мазмұны, атмосферасы, өзара қатынастық түрі баланың оқуына, адамгершілікке жататындардың бәрін меңгеруіне, өзін адам ретінде тануын, ізгілік, өзін - өзі сыйлау сезімін, өзімен есептесетіндігін, өзін керек ететіндігін, өзін елеп, бағалап отыратындығын түсіне білуін тәрбиелеуге көмектесуі тиіс.

Екіншіден, педагогикалық процесс оқытудың әлеуметтік мәні бар шарттарын қалыптастыруға, рухани өсуге, адамгершілік жағынан ширауына, ынтымақтастық, өзара көмек сезімін оятуға, балалар ұжымын ортақ мақсат, өзара қарым - қатынастық бірыңғай принциптері негізінде біріктіруге ықпал етуі керек.

Үшіншіден, педагогикалық процесті балалардың творчествосына, алғырлығына, дербестігіне, танымдық және қоғамдық белсенділігіне кең өріс берілуі қажет; балар коллективінде өрілетін қарым - қатынас сипаты әр баланың өзіне тән адамдық болмысын дамуына көмектесуі тиіс.

Сонымен бірге педагогикалық процесті балалардың белгілі жас топтарының психалогикалық ерекшеліктерін ескере отрып, бір ізге келтіру керек. Біз алты жасар балалардың әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесі жетіспейтіндігін, олар актуальді талабы, албырт белсенділігі, ойын қызметіне деген тенденциясы болатындығын, бұл функционалды күштер қимылы мен дамуының шағын екенін, ал балалық шақтағы жетекші белгілердің бірі – баланың есеюге талпынысы екенін жоғарыда айтқанбыз. Егер осынау психологикалық ерекшеліктерге ден қойылмай, өктемдік позициясындағы педагогикалық процесс құылатын болса, балалардың талаптары мен потенциалдық мүмкіндіктерінің толық түрде, жан – жақты ашылып дамуы үшін жағдайлар жасалмайды. Бала біртүрлі тұйықталып, өзіне - өзі қорғана бастайды: оның дамуға тырысқан функционалдық тенденциясы ықтиярсыз мәжбұр болу салдарынан өзінің қимыл қарқынын бәсеңдетеді, ал, оқуға деген енжарлық өзінің жеке басының кемсітуге қамыққан кездегі ыза ретінде туады. Және керісінше, оқушыларға өзіндік-ар-ождан тұрғысынан қарау әдісін дәйекті түрде жүзеге асыру, олардың жетекші псииологиялық ерекшеліктерін есепке алу, адамгершіліктік жағдай туғызып, әр баланың өзін адам ретінде сезінуіне мүмкіншілік беруі ықтимал.













І тарау. Бастауышта білім беруді

ұйымдастырудың тарихи мәселелері

1.1. Бастауыш мектепте дамыта оқыта теориясының тарихнамасы.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонмен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігін саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыруды балаға ақыл – ой әрекетін меңгертуге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту – сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана бала интеллектісінің көзін ашып, шығармашалығын дамытады.

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ ойшылдар білім мен ақыл – ой тәрбиесінің арақатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған.

Біз оқытудың формалары туралы айтқанымызда, оқушылардың белгілі бір оқу әрекетін ұйымдаструын еске аламыз. Оқыту формалары өзгермейтін дүние емес. Мектептің дамуына, оқытудың міндеттері мен мазмұнының өзгеруіне қарай оқытудың ұйымдастырудың формасы да өзгереді; ескілер өледі, жаңалар туады. Оқытудың кейбір формалары, мәселен, Мұның өзі оқытудың формасы ретінде сабақ ғасырлар бойында өзгермеді деген сөз емес. Алғашқыда балаларды оқыту, негізінен алғанда, жеке – дара жолмен жүзеге асырылды. Бірақ мұндай жолмен оқушылардың шағын ғана мөлшерін оқытуға болатын еді. Қоғамның дамуы барған сайын сауатты адамдарды көп мөлшерде керек етті, осы қажеттің көрінісі ретінде оқытудың сыныптық сабақтың жүйесі келіп туады.

Мұның сыныптық деп аталатыны мұғалім белгілі бір жастағы мықты қоғамы бар, сынып делінетін оқушылар тобымен сабақ жүргізеді. Сабақ делінетіні – оқу процесі қатаң белгілі бір уақыт шегінде – сабақта өткізіледі. Әрбір сабақтан кейін үзілістер жасалады.

Сыныптық - сабақтық жүйесі өмір сүргелі үш жүз жылдан асып барады. Оның теориялық тұжырымын тұңғыш рет Я. А. Коменский берді. Ол оқытуды жыл бойынша шектеуді, әр жылға өз программасын беруді, жастарына қарай оқушыларды сыныптарға бөлуді, бір күннің шебінде оқытуды сағатпен жүргізуді ұсынды.

Коменскийдің ойы бойынша әрбір сабақ - сағат сабақтардың ұйымдастырылуы мен мазмұны қақысында тұтас бір бүтін болып келуге тиісті еді. Ол сабақтың төмендегідей құрылымын белгіледі:

а) мұғалімнің жаңа материалды оқып қайталауы;

ә) мұны кітап бойынша оқушылардың кезекпе–кезек пысықтауы;

б) кітапсыз пысықтау.

Сабақтың соңында ол мұғалімге оқушылардың сұрақ беруіне мүмкіндік жасау қажет деп есептеді.

Коменский сабақтың сапасы мұғалімнің оны өткізу шеберлігіне байланысты деп дұрыс пайымдады.

Сабақ теориясын жасауда К. Д. Ушинский едәуір үлес қосты. Ол сабақты сан алуан етіп құруды, оларға мұғалімнің кіріспе әңгімесін, алғашқы және жаңаны пысықтай оқуды, бастысын табу, фактілерді салыстыру, ережелер мен қортындыларды тұжырымдау мақсатымен оқылғандар жайында әңгімені енгізіп отыруды ұсынып, мұғалім сабақты өткізгенде балалардың ойлауын, есінде сақтауын дамытуға үлкен көңіл бөліп, сабақты ұйымдастырудың көптеген мәселелеріне терең ғылыми негіздеме берді.

К. Д. Ушинский сабақтың басты ойын оқушыларға көрсете білуді, сабақта оқушының белсенді жұмыс істеуі жолымен оны мықты орнықтыруға жетуді, оқып үйрену тәсілдерін игеруді әрбір педагогтың қажетті қасиеті деп санады.

ХІХ ғасырдың аяғында америка мектебінде оқушылардың толық дербестігіне есептелген оқыту формасы қолданыла бастайды. Бұл формалар әуел баста бір мұғалім бірінеше сыныптармен жұмыс істеген шағын село мектептерінде туды. Бұдан кейін бұларды белгілі жүйеде Долтон қаласының қалалақ мектептерінің біріндегі мұғалима Елена Паркхерст қолданады. Жеке – дара тапсырмалар бойынша оның жұмыс жүйесін американ педагогі Джон Дью мақұлдады да, бұдан арғы жерде дальтон – жоспар деген атпен кеңінен таралды.

Оқушылардың оқу сабақтары оқу кабинеттерінде, лабораторияларда, кітапханаларда жеке – дара өткізілді. Мұғалімдер тапсырмаларды жете тексеріп, оқушыға қажетті көмек көрсетті. Тапсырмаларды орындау есебі жеке – дара карточкаларда жүргізілді, бұлар әрбір оқушыда және сыныптың жалпы карточкасында болды.

20 – шы жылдардың аяғында мектеп балаларының дербестік идеясын совет мектебінің оқу жұмысын ұйымдастыруда пайдалануға әрекет жасалды. Біздің мектептерімізде оқу тапсырмалары жеке оқушыларға емес, бригадаға немесе звеноға берілді. Тапсырма беруге дейін мұғалім оқушылармен кіріспе сабақ өткізді, содан соң тапсырманы орындауға байланысты жұмыс түрлерін өз ара бөлісіп алып, бригада дербес жұмыс істеді. Жаттығуларды орындау барысында оқушылар мұғалімнің консультациясын ала алатын, тапсырмаларды орындағаны үшін бригадир немесе звено жетекшісі есеп беретін. Оқу жұмысының мұндай формасы бригадалық - лабораториялық әдіс деп аталды.

Шамамен осы кезде біздің мектептерімізде жұмыстың басқа формасы – жобалар әдісі де пайдаланады. Мұның мәні мынада еді: оқушылар өзінің жұмысы үшін әйтеуір бір жобаны (істі) белгілеуге тиіс болды және осы жобаның айналасында бұлардың таным – білімдік әрекеті құрылатын еді. Бірақ бұл істер (астықты жинау, кәсіпорының жоспарын орындауға қатынасу) жиі кездейсоқ сипатта болды, ал істі орындаумен байланысты оқу сабақтары оқушыларға сындарлы жүйелі білім бермеді.

Оқу жұмысының бұл формасы оқу процесінде оқушылар дербестігінің молдығымен педагогтардың назарын аударды. Алайда бұларды пайдалану барысында оқу жұмысын осылай ұйымдастырудың осал жақтары да табылды: оқу жұмысында ұйымдастырылу нақтылығы болмады. Мұғалім оқушылардың тәрбиешісі ретіндегі өзінің негізгі функциясынан айырылды, ол консультатқа, бақылаушыға айналып кетті. Барлық негізгі жұмысты оқушылар кәсіпорында, колхозда, кітаппен жұмыс істеу үстінде өткізді.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада “мақсат” “әдіс” және “тәсіл” сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғылымдарға ортақ ұғымдар. Сондықтан оларға біз тоқталмаймыз.

Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие. Тәрбие жайлы осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субьектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау ролін атқармайды.

Тәрбие баланы өздігімен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің ролі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.

Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан біржақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндірмекші. Бұндай пікірді қуаттаушылар прагматистер. Олардың айтуынша, тәрбие баланы тұрмыс қалпына бейімдейді. Сондықтан ол өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруі қажет. Осы жағдайда бала жеке басының қамын ойлап, өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді.

Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбие құрамды бөліктері – білім беру мен оқыту ұғымдары бөлшектеніп жеке мағына бере бастайды.

Білім беру – бұл ұғымды ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоции.

Білім беру деп – табиғат және қоғам жайлы ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.

Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеді. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми техникалық прогрестің құдіретті факторы болып отыр.

Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс - әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден оқушы таным міндетін жеке түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. Оқыту процесі өзінің белгілі құрылысы және компоненттерімен сипатталды. Олар:

  1. Білім, іскерлік, дағды. Білім – обьективті дүниені бейнелейтін адам баласының жинақталған тәжірибесі. Оқу процесінде табиғаттағы, қоғамдағы құбылыстарды, ұғымдарды және заңдылықтарды оқушылардың білуі, яғни жинақталған бай тәжірибені игеруі мұғалімнің басшылығымен іске асырылады. Іскерлік деп алған білімін пайдалана отырып, оқушының саналылықпен орындайтын практикалық ісін айтады. Мысалы іскерлікке есеп шығару, кітаппен жұмыс істеу т.б. жатады. Оқушының бірнеше рет практикалық істі орындау арқылы машықтануын дағды деп атайды. Мысалы, оқушылардың мәнерлеп жылдам оқу дағдысы немесе лабораторияда топырақ құрамындағы қоректі элементтердің тез анықтау дағдысы бірнеше рет қайталанылып орындалатын практикалық жұмыстардың нәтижелері.

2. Мұғалімнің өмірге, ғылымға көзқарасы, қатысы және оқу-шылармен қарым - қатынасы.

3. Оқушылар ұжымы.

4. Оқыту әдісі.

5. Оқытудың дидактикалық және техникалық құралдары.

Сонымен оқыту – оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын және таным қабілетін (зейін, ес, қиял, ойлау т.б.) дамыту, қалыптастыру процесі.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдық жағынан да біліммен қаруландыру жағынан да оқытудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Коменский мектеп білімнің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан – жақты білім беруге шақырды.

Алған білімінің тиянақталығы жөніндегі мәселе – Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйелілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұскаулар ұсынды. “Ұлы дидактиканың” ХХІ тарауы “Өнер – білім әдісіне арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты бірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам “практикалалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс”, “қандай да болмасын қызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі қажет”, “жаттығу жұмысын оқушылар өнер – білімді толық меңгергенше жүргізу керек”, - деген өте орынды пікір айтылды.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан абстрактылыға”, “жеңілден ауырға қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды”.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбірімен бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына әріктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т.б.). Ал И. Г. Песталоццидің пікірі бойынша оқыту бақылауға, тәжірибеге негізделіп ұйымдастырылып, қортынды жасауға, жалпылауға қарай жүргізілу керек деді. Адамды жан – жақты дамыту идеясын ұсына отырып, Песталоцци білім беруді моральдық тәрбие берумен байланысты жүргізуді, яғни оқыту арқылы тәрбиелеуді талап етті. Бақылау арқылы балада көру, есту және т.б. түйсінулер пайда болады. Солардың негізінде ойлау және сөйлеу дамиды. Оқыту балаларға, біріншіден, білім беретін болса, екіншіден, олардың ойлау қабілетін дамытады. Оқытудың осындай екі жақты мәнін атап көрсету ол дәуірде өте құнды пікір еді. Бұл пікір өз мәнін әлі жойған жоқ. Бірақ Песталоцци өз тәжірибесінде оқытудың бұл маңызын екі айырып, баланың ойлауын формальды түрде дамытуды бірінші міндет етіп қойды.

Оқытуды жеңілдету мақсатымен Песталоцци дүние заттары туралы білімнің ең жай элементтерін білу арқылы адам айналадағы дүниені таниды деп көрсетті. Ондай элементтерге ол заттың санын, формасын және атын жатқызды.

Оқыту прцесінде өлшеу арқылы бала заттың формасын, санау арқылы санын, тілін дамыту арқылы заттың атын таниды деп санады. Сөйтіп, элементарлық білім беру өлшеу, санау және сөзді меңгеруден тұрады деп есептеді.

Песталоцци оқудың негізін оны көрнекі болуы деп санады. Көрнекілікті кең түрде қолданған жағдайда ғана айналадағы дүние туралы дұрыс білім қалыптасады, ойлау және тіл дамиды деп көрсетті.

Білім белгілі жүйемен, ретпен берілу керек деп есептеді. Балаға оның әлі келетін білімді ғана берген дұрыс. Баланың ойлауын дамытумен қатар, онда белгілі дағдыларды қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Алған білімін пайдалана білмеу тәрбиенің үлкен кемшілігі болып табылады. Мектеп баланың қабілетін дамыту және білім берумен қатар, оларды іс-әрекетке, дағдыға үйретеді, ол үшін балаларды жаттықтыру қажет деді. Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, Пестолоцци мұғалімдерге үлкен талаптар қойды. Мұғалім білімді адам ғана емес, сонымен тиісті дайындығы бар адам болуы қажет. Сондықтан мұғалімнің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, мұғалім балаға оның ата – анасындай қарауы керек, баланы оқыту және тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Мұғалім балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.

Өзінің жалпы дидактикалық пікірлеріне сүйене отырып, Песталоцци бастауыш білім берудің методикасының негізін салды. Ана тілін оқытудың міндеті баланың сөйлеуін дамыту және сөздік қорын байыту деп анықтады. Песталоцци әріптерді қосып оқытудың орнына бірден дыбыстарды қосып оқытуды ұсынды. Балалардың сөздік қорын байыту жөнінде бірнеше бағалы кеңестер берді. Ана тілін оқытуды көрнекілік негізде жүргізіп, жаратылыс, география және тарих пәндерінен жүйелі элементарлық білімдер беруді ұсынды. Бірақ Песталоццидің өз сабақтары кейде ұзақ жаттығуларға айналды. Бірыңғай ондай ұзақ жаттығулар балаларды жалықтыратынына ол мән бермеді.

Жазу үйретуде Песталоцци алдын ала әріптердің элементтерін жазуға ұзақ жаттықтыруды ұсынды. Мұндай жаттығулар қазіргі мектептерде кең пайдалануда. Әсіресе алғашқы жылдарда орфографиялық дұрыс жазуға ол үлкен мән берді. Жазуға үйретуді ол сурет салумен байланыстырып, баланың тілін дамытуға үнемі көңіл бөлуді талап етті.

Ережені жаттауға негізделген әдістің орнына Песталоцци арифметиканы оқытуда әр санды өзінің бөлімдеріне, ондарды бірлерге бөлуді, көрнекі түрде сандардың арасындағы айырманы түсіндіруді, алдымен бірлерді, одан кейін ондарды оқуға көшуді ұсынды. Бөлшек сандарды оқытуда квадратты бүтін сан деп алып, оны екіге, төртке бөлу арқылы түсіндіруді талап етті. Песталоцци санымен буржуазиялық - демократикалық педагогиканың үлкен ірі өкілі болып табылады. Ол кедейдің балаларына тәрбие беру мәселелеріне өз өмірін арнады. Оның қоғамдық көзқарасы тар шеңберде болды, халықтың тұрмысының нашарлығының шын себебін түсінбеді, бала тәрбиесі арқылы оларға көмек көрсетуді көздеді.

Элементарлық білім берудің теориясын ұсынып, дене тәрбиесі, моральдық тәрбие және білім беруде көптеген құнды пікірлер айтты. Оқуды өнімді еңбекпен ұшырастыруға көп көңіл бөлді. Бастауыш мектепте берілген білімнің көлемін кеңейтпек болды, оны халыққа жақын етуге тырысты.

А. Дистервергтің педагогикалық ой – пікірі. Педагогиканың дамуының негізі ретінде педагогикалық тәжірибені атап көрсетті, оны жинақтау қажет деп түсінді. Тәрбиеге қойылатын негізгі міндеттердің бірі ретінде балалардың белсенділігін дамытуды ұсынды. Песталоцци сияқты Дистверг те оқытудың негізгі міндеті балалардың ақыл – ойын, қабілетін дамыту деп көрсетті. Оқыту арқылы адамды жан – жақты дамытумен қатар, балаға моральдық тәрбие беру қажет, мектепте оқытылатын әрбір пәннің білім берумен қоса тәрбиелік әсері болуға тиісті деп есептеді.

Дистерверг бастауыш мектепте берілетін білімнің кеңейтілуін, атап айтқанда жаратылыс, география, физика және геометрия пәндерінен қажетті білім берілуін қостады. Орта мектептерде өмірге қажетті білімдердің берілуін жақтады. Дистерверг әрі білім беретін, әрі тәрбие беретін оқытудың дидактикасын жасады. Оның дидактикасы оқыту мәселесі жөнінде 33 заңмен жинақталған ережелерден тұрады. Оқытуда алдымен балалардың қабылдау ерекшелігін ескеру қажет деп санады. Оқытуды жеке мысалдардан ережеге қарай, заттың өзінен оны білдіретін сөзге қарай жүргізілуін қолдады. Дистерверг сезім мүшелерін әсер ететін заттың тікелей өзімен балаларды таныстыруға зор мән берумен бірге, қабылдаған материалдың жете түсінікті болып, барынша ойландыратындай болу өте қажет деп түсінді.

Дистерверг оқыту ісінде балалардың оқу материалын саналы түрде игеруіне зор мән берді. Саналы түрде материалды игерудің көрсеткіші – негізгі мәселені толық түрде айтып бере алуында. Сондықтан ол “Балалар түсіне алмайтын материалды балаларға оқытпа” немесе “Уақтынан ерте ешнәрсеге оқытпа” деген ережені ұсынды. Білім берік болуы үшін балаларға шамасы келмейтін мәліметтерді бермей, тек қана негізгі мәліметтерді ғана түсіндіру керек деп есептеді. Оның үстіне жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын материалды ерекше екшеп алу қажет екенін ескертті. Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы деді.

Матералды пысықтауға Дистерверг үлкен мән берді. Ол жөнінде оқытудың мынадай: “Оқушылардың оқыған материалын ұмытпауына қамқорлық жасау керек” деген ережесін ұсынды. Сондықтан оқылған материалды жиі пысықтап отыру қажет деді.

Оқытудың жемісті болуы оның тәрбиелік мәнінің болуында деп санады. Оқыту баланың ақыл – ойын ғана дамытып қоймайды, оның еркін, сезімдерін, мінез - құлқын қалыптастырады. Сондықтан мектептегі оқушылардың тәртібін мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру мәселесімен тікелей байланыстыру керек. “Кім жақсы оқытса, сол тәртіптілікке дұрыс тәрбиелейді”, - деп тұжырымдады ол.

Дистерверг оқыту әдістерінің мәнін балалардың ақыл – ойын дамытуға тигізетін әсеріне қарай бағалады. Оқытуда әсіресе әңгіме әдісінің рөлін өте жоғары бағалады. Әңгіме балардың ақыл – ойын дамытады, іздеуге, талдауға, ойлауға үйретеді деп санады.

Иоганн Гербарттың бүкіл педагогикалық жүйесінің орталығы оқыту теориясы болды. Тәрбиенің мақсаты – ізгілік, жақсылық, ол оның маңызды құралы – оқу, ол оқудың тәрбиелі сипатта болу идеясын ұсынды.

Өзінің оқыту теориясының негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығушылықтарын алды. Адамдағы қызығушылықтар айналасын қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болды. Біріншісіне жататын қызығушылықтар: эмпирикалық; бұл – айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген акыл-ой қызығушылығы; этикалық қызығушылық - оқушыларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетті. Қызығушылықтардың екінші тобына жататындар: симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады, әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық ұйымдардың ара - қатынасын анықтайды; дінге қызығу – діни ұғымды күшейтеді.

Осы алты түрлі қызығушылықтар оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды деді. Гербарт анықтаған қызығушылықтар жүйесі оның идеалистік көзқарастарынан туған логикалық тұжырымдар еді. Жоғарыдағы қызығушылықтар ақыл – ой түріндегі топшылаулар сипатында болды да, практикалық өмірмен байланыспады. Сөйткенменде оқушылардың әрсалалы қызығушылықтарын дамыту тұрғысынан және оқуды соларға негіздей жүргізу жөнінен Гербарт топшылауының құптарлық пікірі де болды.

Гербарт оқудың мазмұны жөніндегі проблеманы оқытудың сатысы жөніндегі теориямен тығыз байланыстыра зерттеді. Оның ойынша оқу процесі немесе сабақ төрт сатыдан тұрады, мұны әдетте оқытудың формальды сатылары деп те атайды. Олар: 1) анықтық - айқындық, 2) ассоцация, 3) жүйе, 4) әдіс.

Бірінші – анықтық - айқындық сатысында оқытылатын материалды оқушылар басқалардан бөліп алып, тереңірек оқиды. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, бұл сатыда оқытушы жаңа материалдарды хабарлап, көрнекілікті қолданады.

Екінші саты - ассоцацияда жаңа материал оқутудың мұнан бұрынғы өткен сабағында алған мәліметтері өмірден алған елестетулерімен ұштасады. Дидактикалық жағынан бұл кезде оқытушының оқушылармен әңгіме жүргізуі тым сәтті болады.

Үшінші саты – жүйе. Мұнда оқушылар оқытушының басшылығымен өткен сабақта алған мәліметтерімен байланыстырып, жаңаның негізінде тұжырымдар мен қорытындыларды, анықтамаларды және заңдарды іздестіреді. Дидактика саласында бұл сатыда әртүрлі оқу жаттығулары жүргізіледі, оқытушылар оқушылардың бұрынғы меңгерген білімдерін талап етеді, олардың логикалық және творчестволық ойлауын бақылайды.

Тәжірибелі мұғалім оқушылардың сабаққа зейінін арттырып, оқу материалына ынтасын оята біледі, ал мұның өзі, Н. И. Пироговтың түсінуінше, оқытудың желісті болуы үшін аса қажет.

Негізгі дидактикалық принциптерді Н. И Пирогов саналылық, көрнекілік, оқушылардың белсенділігі мен дербестігі деп санады.

Н. И. Пирогов балалардың меңгеретін білімдерінің терең және тиянақты болуын талап етті. Ол методикалық өнердің негізгі көрнекілік пен сөзді орынды бірлікте қолдана білу деді. Оның пікірінше, мектептегі бүкіл оқу жұмысын бір ғана көрнекілікке, не болмаса баяндау түрінде құруға қарсы болды.

Кіші жастағы мектептен балаларын оқыту мен тәрбиелеуде Н. И. Пирогов ойын әдістерін пайдалануды ұсынды. Ойынды ол алғашқы білім берудің күшті құралы деп атады. Балалар ойынын жоққа шығару, пайдаланбауды тәрбиешілердің әлсіздігі деп есептейді. К.Д. Ушинскийдің педагоггтық пікірінің ең негізі мәні -әрбір елде халықтық мақсат –мүддесіне, мұқтажына сәйкес өзіндік ағарту жүйесі болуы керек деген халықтың идеясында еді. -Дүние жүзінің басты міндеттеріндегі мектептердің білім жүйесін зер сала зерттей отыра, Ушинский өзінің білім беру жүйелерінде кейбір жалпы ұқсастық жақтарының болғанымен, әр елдің білім жүйелерінде өзіне тән ерекшеліктері болатынын байқайды, бұл ерекшеліктер сол ел халқының қалыптасқан тарихи өмірі мен тұрмысын,талаптары мен мұң-мұқтажына байланыстығын көрсетті. Ушинский орыс халқына тән тарихи қалыптасқан мынадай ерекшеліктерді көрсетті: ғасырлар бойынша сиынып өткен өз отанына деген терең сүйіспеншілік, оның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында әрдайым күреске әзір болу, жоғары азаматтылығы мен гуманизм, мол творчестволық сезімділік.

Тәрбие халықтық сипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді; халықтың өмірін жөндеу оның санасын дамытуға көмектеседі деп есептейді Ушинский. Ол “Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін,ол халықтық болуы тиіс”, - деді. Ушинский тәрбие саласындағы орыс халқының ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесін мойындамаушыларды, тәрбиедегі халық тілегін ескермеушілерді, орыс мектебінде орынсыз түрде шетелдің педагогикалық теориялары мен тәрбиесін енгізушілерді аяусыз сынады.

Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский мынадай негізгі жолдарды белгіледі:

1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын көздеді. Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін помещиктік – буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің көзқарасында қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.

2. Халықтың идеяның басты бір сипаты-қоғамшылдық, соған байлансыты тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.

Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да көңіл бөлді. “Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол әрі өте пайдалы тынығу”, -деп есептеді.

Сөйтіп, дидактиканың негізгі проблемасы формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.

Ушинкий білімнің осы екі бағытын қамтитын пәндерді де анықтайды. Оның ойынша, мектеп те табиғат және қоғам жөнінде білімдер оқытылуы тиіс, олар: ана тілі, тарих, география, математика, жаратылыс, шет тілдер, өзінің халықтық идеясына сәйкес бұл пәндердің негізгісі-ана тілі деді.

Ана тілі баланы тек жазуға және оқуға үйретіп қоймай, айналасын қоршаған дүниені білуге, оқиға мен құбылыстардың ішкі сырына түсінуге көмектеседі. Сондықтан да Ушинский: Ана тілі бүкіл ақыл – ой дамуының негізгі және тәрбие мен оқу процесін ана тіліне байланыстыра құрған жөн. Ана тілін оқытуда негізгі назар картиналар бойынша әңгіме жүргізуге бөліну тиіс.

Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете алатындай ғана бағытта оқыту керек деді: “Бірде – бір мұғалім өзінің ең басты міндеті – тәрбиеленушілерді ой еңбегіне үйрету екендігін, бұл міндет сол пәннің өзін оқудан әлдеқайда аса маңызды екенін ұмытпауы керек” – деді. Бұл үшін Ушинский оқыушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігін баса көңіл бөліп, мұғалімдерден де осыны талап етеді. К. Д. Ушинский дүние жүзілік классикалық педагогиканың қорытқан мұрасын ескеріп, орыс мектебі мен педагогикасының тәжірибесіне сүйене отыра, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.


К. Д. Ушинский оқыту жұмыстарының негізгі жолы сыныптағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский шығармаларында ретті, дұрыс ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіріп отыру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.

К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әртүрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әртүрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).

Әрбір сабақтың сапалы болуы – мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді Ушинский. Бұл жөнінде ол: “Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрсеткіші” – деді.

К. Д. Ушинскийдің айтуынша әрбір сабақтың басы өткенде меңгерілген білімді анықтау, оны жүйеге келтіру болуға тиіс. Әрбір берілетін білім мен дағдыларды оқушылар сыныпта өтіліп жатқан сабақ үстінде меңгеріп алатындай болсын. Үйге берілетін тапсырмаларды ретсіз үйіп – төгіп, ауырлата беруге болмайды.

К. Д. Ушинский сабақ жүргізудің кейбір мәселелері жөнінен: сабақты жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық мәселелерді іріктеудегі талаптарды сабақта қолдану, сыныптағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау жөнінде нақты нұсқаулар береді.

Л. И. Толстой мектеп пен мұғалімнің оқу жұмысының ұйымдастырудағы міндеті – барлық балалардың сабаққа үлгеруін қамтамасыз ету деп есептеді. Ол үшін оқу матиралы қызғылықты және балалардың жеке көңіл күйі материалды жақсы қабылдайтындай дәрежеде болу керек деп санады. Сыныпта балаларды алаңдататын, үйреншіксіз, басы артық нәрселердің болмауын талап етті, мұғалім мен оқушылардың арасында еркін қарым - қатынас болуын, балалардың мұғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке даяр болуын қажет деп есептеді.

Л. Н. Толстой оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: балаларға қиын, түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау, артық нәрселерді айтып баларды шаршатпау, сабақ материалының балалар тым қиын немесе жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтау қажет деп санады. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге, көп көңіл бөлді. Л. Н. Толстой оқытуда әр түрлі әдісті қолдануды, әсіресе көркем әңгіменің болуын талап етті. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л. Н. Толстой балаларды байқағыш-тыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасауды көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады.

Л. Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірінде бастауыш мектептің оқулығының қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен оқулықтағы материалдың қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер ететіндей есте қалатын болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап етті. Оқулық балаларға білім ғана беріп қоймайды, сонымен бірге олардың тілін дамытады деп есептеп, балаларға арналған кітап тілінің жақсы жазылуына ерекше мән берді.

Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі, ол жөнінде жазылған пікірлерді мұғалімдік шеберлікті жетілдіруге Л. Н. Толстойдың зор мән бергендігін айқын көрсетеді. Оқытудың барлық тәсілдерін меңгеріп, оны оқушының және мектептің ерекшелігіне қарай пайдаланып, балаларды қызықтыра алса, оқушылардың белсенділігін арттырса, сонда ғана мұғалім жемісті, жұмыс істей алады. Мұғалім балаларды оқытып қана қоймай, оқу процесінде белгілі педагогикалық мәселелерді шешуге араласуы тиіс. Мектеп оқу орны ғана емес, ол әрі педагогикалық лаборатория деп саналады.

Ы. Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер ролінің айырықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында: “Халық ағарту жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін…”.

“Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұхият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды”, - деп мұғалімдердің беделін жоғары көтерді. Оның ауылдық мұғалімдерге арнаған нұсқау хаттары, сірә, жайдан – жай жазылмаса керек. Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі өткізіп, жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім – тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көп шілігінде жылдық қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі де оның асыл қасиеті екенін көреміз. Ы. Алтынсарин оқыту процесінде балалардың білім дәрежесін ескеріп отыруды мұғалімдерден талап етіп отырды. Оның өзі де оқулықты орыс - қазақ мектептері жағдайына лайықтап жасады. Мектептегі оқыту жұмысы сол заманның техника жаңалығы дәрежесінде болуы керек, бұл өте маңызды жағдай деп көрсетті. Міне, осыдан келіп ол түрлі құрал – жабдықтар сатып алу, модельдер, коллекциялар жасау мәселесіне көп қаржы бөлді.

1.2. Бастауыштағы білім беру жүйесінде

оқыту процесінің өзіндік ерекшіліктері

Қазіргі күні ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни танымдық тәжірбені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу білім алу деген сөз.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.

“Даму” ұғымы философиялық сөздікте “… мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,” – деп түсіндіреді. Диалектика заңы бойынша кез – келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу – дамудың қозғаушы күш. Терістеу – белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

“Даму” ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағананы береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

1. Биологиялық фактор.

Бұл ата – анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым - қатынасының нәтежесі.

2. Әлеуметтік фактор.

Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым - қатынас жасайтын адамдардың сипаттары мінез - құлқы және ақыл – ой бейнелері олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

3. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмысын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.

Оқыту мен дамыту арасындағы тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төменгідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан –жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәнінде ертеңгі күнге меңзеу орын алады. Ғылым психологтар Л. В. Занков, А. А. Любинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертулерге арналған зерттеулер жасалады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова – Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И. Я. Лернер “даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы” деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс - әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл – ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П. П. Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса және Д. Н. Богоявленский, Н. А. Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді. Н. Д. Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады.

Л. В. Занков ақыл – ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуда іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс әрекеттер атқара білу.

В. В. Давыдов ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қортындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Бізге белгілі алғашқы дидактиктердің бірі Квинтилиан мектеп алдына, баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез - құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз ету міндетін қойған.

ХVІІ ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл – ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И. В. Песталоцци баланың ақыл – ойын, барлық қабілет қасиеттерін оқыту әдістемесін әрекет етеді. Дамыту идеясымен арқауланған бастауышта көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңында білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен анықталады.

Көп білгенмен ешқандай да шығармашылық қабілеттің байқалмауы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жақсы білетін ғылым саласында да жаңа жағдайдың, құбылыстың шешімін өз бетінше таба алмай қиналатын сәттер адамдар басынан жиі өтеді. Бұл қалыптан тыс ойлай алмаудың салдары. Осы екінші деңгейге дамыта оқыту арқылы жетуге болатындығы жайлы өз пікіріміз бар.

“Дамыта оқыту” деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Лентьев, С. Л. Рубинштейн) және психиканы басқа да функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Любинская, Н. А. Менчинская) және т.б. іс - әрекет теориясының психологиясын жан – жақты талданды. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты – Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды.

Жүйенің авторлары “дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды” атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу. Әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалақ ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды даярдауда негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде.

Сондықтан да шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесінің ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.

Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Ол оқыту барысында баланың ақыл – ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субьектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

“Дамыта оқыту” идеясын алғашқылардың бірі болып 1959 – 60 жылдары қолға алған академик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанмен, белгілі себептерге байланысты өрістетіп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолдана бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланып келеді.

Л. С. Выготскийдің теориясы Д. В. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғасатырылады. Баланың өзін - өзі өзгертуші субьект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді.

Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарады. Ослайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс – тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды.

Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин – В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады.

  1. Үлгілі көрсету.

  2. Түсіндіру.

  3. Бақылау, бағалау.

Яғни мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Сонан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгенін анықтау мақсатын-дағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта – ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

  3. Шешімінің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин – В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компонеттері.

Дәстүрлі оқытуда оқу процесіне қатысушылардың “басқарушылар мен орындаушылар” түріндегі рольдері белгіленген. Басқарушы лардың қарым - қатынасы қарапайым басқару түрінен қатал әкімшілікке дейінгі шеңбер ішінде жүзеге асып жатады.

Дамыта оқытудың Л. В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктерімен айқындалады.

  • оқыту мазмұндағы өзгешеліктер;

  • мақсаттағы айырмашылықтар;

  • дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

  • әдіс – тәсілдегі ерекшеліктер;

  • оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

  • мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынастар.

Л. В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту.

Дәстүрлі педагогикада “қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай” деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді. Мысалы: “А” әріпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі формасы қалай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатыннын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын “жақсы”, “жаман” оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек ету ойластырылған.

Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған дамыта оқыту жүйесінде баланың білімін бағалауға үлкен мән беріледі.

Дамыта оқыту жүйесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтас-тың, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Баланың өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуалда болуы басты назарда ұсталынады.

Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтежелігінің басты көрсеткіштері болып, ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей болып табылады. Егер балалар осы аталған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектенгені болып саналады.

Бастауыш мектепте барлық оқу – тәрбиелік процесінің балалардың потенциалдық мүмкіндіктері мен талаптарына жауап беру үшін оның қалай ұйымдастырылуы тиіс екендігінде. Басқаша айтқанда, кішкентай оқушылардың көпқырлы, сезімге бай, функциональдық күштері мен бойына біткен талаптарының жедел дамуын ынталандыратындай мектептік өмірі болар ма екен.

Дамудың ертеңгі күніне бағыт ұстану, даму қалай жүреді? Мұнда қандай психологиялық заңдылықтар бар? Мен осы сұрақтардың мәнін Л. С. Выготский мен Д. Н. Узнадзенің баланы жас кезінде оқыту мен дамытудың арақатынасы жөніндегі психологиялық концепциялары негізінде ашуға тырысып көрейін.

Л. С. Выготский дамудың өзара байланысқан екі өрісі – актуальды және іргелес өрісі жөніндегі идеяны ұсынды.

Актуальды даму өрісі бала игеріп, үлгерген және соның негізінде танымдық және басқа да мәселелерді өзі дербес шеше алатын іскерлік пен дағдылар жүйесіне әсер етеді. Актуальды дамудың деңгейі іргелес өрісті, яғни оқу процесінде баланың өзі (спонтанды) немесе үлкендердің көмегімен игере алатын іскерлік өрісін белгілейді. Іргелес даму өрісі дегеніміз баланың ертеңгі күні. Қолайлы жағдайлар туған кезде ол ерте ме, кеш пе әйтеуір ертеңгі күніне өздігінен әкетеді. Арнайы ұйымдастырылған, мақсатты педагогикалық процесс жағдайларында мұның өзі әлдеқайда ертерек әрі тиімдірек өтеді. Егер сыртқы жағдайлар ішкі күштердің кез келгенінің дамуына қолайлы жағдай жасамаса, онда соңғыларының мүлдем ашылмай қалуы да мүмкін немесе қызмет етудің бұрмаланған формаларын қабылдауы ықтимал.

Тақаудағы даму өрісі актуальды даму өрісімен өзара қызметтесе отырып, бала оны біртіндеп игеріп әкетеді. Сөйтіп бала актуальды дамудың жаңа сатысына көтеріледі, демек тақаудағы дамуға жаңа өріс ашылды. Соңғысын жақындаған сайын алшақтай беретін көкжиекпен салыстыруға болады. Алайда мұнда көкжиектің шексіз алыстай беруіне себеп болатын айырмашылық бар, ал актуальды даму өрісіне жақындай түседі, яғни потенциалдық мүмкіндіктер өздерінің қалыптасуын тоқтатады.

Бұдан әрі не болады? Психиканың бүкіл саласының қалыптасуы адамның белсенді қызметі өрістетуіне мүмкіндік береді. Бұл процесте ол, бір жағынан, өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып, жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан, материалдық және рухани байлықтар жасап, сол арқылы жалпы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Адам өмірінің осы кезеңінде даму туралы іс - әрекеттің танымдық, еңбек және басқа да қызмет түрлерінің әдістерін байыту ретінде айтуға болады. Баланың потенциалдық күштері неғұрлым жан – жақты үйлесімді және толығырақ келешекте, ол есейген кезінде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады, оны жүзеге асырудың тәсілдерін ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады.

Оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі мәселелердің шешілуі дамудың екі өрісіне байланысты. Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс әкелмейді, немесе ол баланың кежемесін кері кетіреді, және әлбетте, баланың дамуға деген функционалдық қажеттерін қанағаттандыра алмайды. Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды.

Егер оқыту актуальды деңгейден озып, тақаудағы даму өрісіндегі күштерді қозғалысқа келтірген жағдайда ғана жеделдете даму болады. “Педагогика бала дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады”. “Балалық шақтағы дамудың озып, оны өзгертіп отыратын оқыту ғана жақсы”. Л. С. Выготскийдің ойынша, бала өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейілденген тенденциялардың деңгейінде болады. Оның ертеңгі күнін дәл осы тенденциялар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былай сабақтайды: “Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір – бірімен өте күрделі қарым - қатынаста ғана екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана жақсы. Сонда ол тақаудағы даму өрісіндегі пісіп жетіле бастаған бірқатар функцияларды оятып, өмірге келтіреді… Оқыту тақау даму өрісі анықтайтын кезеңде жүзеге асырылғанда ғана неғұрлым жемісті болмақ”.

Мұның қалай түсіндіруге болады? Дамуды талап ететін және даму барысында 7 – 8 жасында, ал 9 жасында тіпті бала сауаттылық пен қарапайым математикалық операцияларды меңгере алатын функциялардың одан әрі әсерін тоқтататындығымен немесе дәлірек айтқанда, қолданудың неғұрлым күрделі саласын қарастыратынды-ғымен түсіндіреміз.

Іргелес даму дәрежесіне сай келетін танымдық мәселе танымдық күштерді, іске жаңаша қарауды талап етеді, пісіп жетілген және іске дайын функцияларды актуальды етеді. Бала мәселені шешуге ынталанып, оның әдістерін меңгеруге талпынады, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құмарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесінің өзін ықтиярсыз мәжбүр ету емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.

Сөйтіп, шын мәнісіндегі педагогиканың міндеті баланы өзінің ертеңгі күніне мегзейді: Әйтсе де бар ауыртпалық актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауда болып тұр. Жекелеген оқу міндеттерін шешу кезіндегі дербестік дәрежесі оларға қолданылатын өлшем қызметін атқарады. Егер бала тапсырманы өзі орындаса, онда оған қажетті қабілет актуальды даму өрісінде деп есептеуге болады. Егер ол тапсырманы ересек адамның (мұғалімнің, тәрбиешінің) көмегінсіз орындай алмаса, демек тапсырманы орындау процесінде тірек ететін механизімдердің әлі пісіп жетілмегені, іргелес даму өрісінде тұралап тұрғаны. Бала тапсырманы тіпті ересек адамның көмегімен де түсіне, оқиғаның мәнін жете ұғына алмаған жағдайда осы оқу қызметіне сәйкес функционалдық күштер іргелес даму өрісінен тысқары жатыр деп есептеу керек. Олар жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен тиімділігін анықтау ұстаздың шеберлігіне, оның дер кезінде көмектесе, оқушымен ынтымықтастық қарым - қатынасын орната білуіне байланысты екені аян. “Ынтымақтастықта дербестіктен гөрі жетекшілік етумен, біреудің көмегімен бала әрдайым көбірек тындырады және қиындырақ мәселелерді шеше алады… - деп жазды Л. С. Выготский. – Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі …”

“Оқытудың бүкіл психологиясы үшін, - деп толықтырады ол, -ынтымақтастық интеллектуалды биік баспалдаққа көтерілу мүмкіндігі баланың қолынан келмейтіннен қолынан келетінге ұмтылу мүмкіндігі орталық сәт болып табылады”.

Оқу материалы – мұғалім – оқушы. Д. Н. Узнадзе Л. С. Выготский сияқты бастауышта оқытудың басты міндетін баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудан көреді. Білім беруде басты нәрсе оқылатын пән емес, осы процесте ширай түсетін күштердің дамуы болып табылады. Әрине, психиканың барлық саласының мақсатты даму меңгеруге таным, ерік – жігер, сезім күштері бағытталған белгілі оқу матералынсыз болуы мүмкін емес. Бұл оқу материалы балаға сырттан беріледі де, оның мазмұны алдын ала белгіленеді. Бұл орайда оқыту процесі ықтиярсыз күшейту сипатына ие болады: оқушы белгілі потенция-ларды іске қосып, оларды қалыптастыруға бағыттау үшін қажетті білім мен шеберлікті игеруі тиіс. Алайда баланың ішкі күштері мен оқу материалы арасындағы қатынас олардың дамуына оқу процесінің көмектесуі үшін қандай болуы керек?

Ең алдымен, бір жағынан оқу материалы дамудың актуальды деңгейіне сәйкес келуі, екінші жағынан, одан алшақ болуы, яғни күрделігі жағынан одан басым түсуі керек. Өйтпесе даму негізін жоғалтады. Егер балаға берілетін оқу – танымдық тапсырмалар оның күштеріне сай келсе онда соңғылары әрі дами алмайды. Бірақ өзінің күші жетпейтін оқу материалын оқушы қалай игереді? Баланың өзі әрине, ол күштерді жұмылдырып, оқу материалын игеруге жұмсай алмайды: мұны қалай жасауды ол білмейді: міне, осы тұста оқушы мен оқу материалы арасындағы дәнекер - ұстаздың рөлі түсінікті болады. Тек мұғалім ғана баланың оқып отырғанын түсінуіне, саралай білуіне, онымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруіне көмектеседі, таныс еместі таныспен, жаңаны белгілімен байланыстырып, сол арқылы оқушы білімінің неғұрлым биік сатысын құрайды. Мұғалім оқушылардың оқу – танымдық қызметін басқару жүйесін өздері меңгеруі тиіс оқу материалын методикалық өңдеуден өткізе отырып анықтайды. Егер осы тұста мектеп оқушысының ішкі күштерінің даму тенденциясы ескерілмей, оған неғұрлым күрделі материал берілетін болса онда мұның өзі оқушының білім мен мұғалімге деген теріс көзқарасын туғызады. Мұндай оқиға егер түсінік (жұмыс әдістемесі) оқу материалы мен баланың күшіне сәйкес келмеген жағдайда болуы мүмкін.

Д. Н. Узнадзе білім беруге ұстаздың жеке басының маңызын ерекше атап көрсетеді. Бала, әрине саналы емес, оқу арқылы, мұғалімнің көмегіне арқа сүйей отырып, өзінің мүмкіндіктерін дамытуға талпынады. Ол ол ма, мектеп ол үшін ең алдымен мұғалім! Бала үшін және оның ойындағыдай оқуы үшін мұғалімнің жеке басының қаншалықты зор маңызы бар екені осыдан-ақ айқын көрінеді. Мұғалімсіз оқыту болмайды. Алайда оның өзі де беделсіз мұғалім емес. Тек мұғалім беделді болғанда ғана оқушы педагогикалық ықпалға бейім болып, ұстаздың көмегі, ақыл – кеңестері мен нұсқаулары оның оқуға деген белсенділігін тежемей, керісінше, соны ынталандырып отырады.

П. Ф. Каптерев енгізген “педагогикалық процесс” ұғымы балаларды оқыту, тәрбиелеу, жетілдіру, қалыптастыру, үйрету процестерінің мәнін қамтиды. Бұл процестердің нақтылы практикада бір – бірімен тамырлас жататыны соншалық, бір – бірінен ажыратып алу тым қиын. Педагогикалық процеске жалпы сипаттама бере келіп, П. Ф. Каптерев былай деп жазды: “Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні түйістіреді, олар организімнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және адамның жан – жақты жетілуі”.

Мен ең алдымен өзі жетілу, өзіндік даму жөніндегі пікірге көңіл аударғым келеді. Өзіндік даму дегенім не, педагогикалық процесте оған қалай көмектесу керек? П. Ф. Каптеревтің өзіндік даму және оның педагогикалық процеспен ара қатынасының мәні жөніндегі айтқандарын неғұрлым кеңірек келтірейік: “Педагогикалық процес творчестволық сипаты бар қайталанбайтын процесс. Белгілі организм бар, белгілі орта бар. Осы деректер болып тұрған сәтте организм мен ортаның қаситтері анықтайтын өзіндік даму процесі дереу басталады. Ол процесс өзіне тән заңдарға сәйкес организм әсерлерді қозғалысқа келтіріп, өңдеу және соның ықпалымен жұмыс істеу қажеттігі арқылы жүреді. Бүкіл процесс қайталанбайтын творчестволық сипатқа ие болып, тосын нұсқау бойынша емес, органикалық қажеттілік бойынша жүреді. Педагогикалық шығармаларда дербес жұмысты дамыту жөнінде көп айтылады, сонымен бірге оны дамытуға қамқорлық жасау қажеттігі осы қасиеттің құндылығынан туындайды. Бірақ дербес жұмыс ең алдымен оның өмірде қолданылатындығынан емес, оның педагогикалық процестің - творчестволық өзіндік дамудың мәніне жауап беретіндігімен маңызды болып отыр. Дербес жұмыстан басқаша жолмен адам жетіле де алмайды: оның табиғаты осындай. Тәрбие мен білім беру көп ретте адамның өздігінен творчестволық дамуына қарсы қиянкескі күрес сипатында болып, оны ескіше, мезі қылған жолмен жүргізу мақсатымен күні бұрын дайындалған шектеуге қарай тықсырады, тәрбие беру ісінің жалпыға бірдей ықтиярсыз жүргізілгенінің өзінде де әңгіме дербестік жайында болып отыр. Шын мәніндегі бұрмаланбаған педагогикалық процесс болып табылады. Мұнда дербес жұмыс лажсыз құбылыс. Ал егер тәрбие мен білім беру ықтиярсыз жүргізілетін болса онда дербес жұмыс жөнінде сөз қозғаудың керегі де жоқ, бұл мен не деймін, қызым не дейдінің кері, қисыны жоқ нәрсені қиюластырғанмен бірдей”.

Бұл топшылауда педагогикалық және психологиялық құнды көп идеялар бар. Ең бастысы организмге тән өздігінен даму процесі мен өздігінен дамуға қарсы бағытталған педагогикалық процесс екеуінің өзара қайтсе де қақтығысатындығында және адамның қалыптасуын бұрмалап жіберетіндігінде болып отыр. Өздігінен даму, өзіндік қызмет, педагогикалық процесс біртұтас болуы тиіс, ал олардың соңғысы айқындауыш роль атқарады. Есеюге көмектесу баланың дамуын, іс - қимылын, қалыптасуын қоғамның адамға қоятын талаптарына сәйкес бағыттауды білдіреді. Көмектесу ықтиярсыз көндіруді, қыспақты және жасанды тоқыраруды немесе керісінше дамуды жеделдетуді білдірмейді. Өздігінен дамудың тенденцияларын есепке алып, түсіну, баланы оған баулу педагогикалық процестің өктемдігіне жол бермейді.

Егер оқыту баланың өзіндік ерекшеліктері мен талаптары есепке алынбастан құрылып, ол педагогикалық ықпалға іштей қарсылық білдіре алмайды, оқу оған ауыр жүк болады деп топшылаған жағдайда ғана оқыту өктемдік сипатқа ие болады. Мұндай тәсіл кезінде қызметтің оқыту немесе басқадай түрлеріне назар аударылмайды ал баланың өзі жаңартудың, ұстаз талаптарына бағынудың обьектісі ретінде қарастырылады.

Мұндай жағдайда бүкіл бағалау қызметі – мұғалімнің құдіретінде: ол өзіне шақырады, сұрақтар қояды, тексереді, бақылайды, баға қояды және т.б. жүзеге асырады. Сонымен қатар себептердің мазмұны мен сипаты, ақиқатқа өзіндік көзқарас, өзіндік ойлар мен пікірлері, ынталық, әуесқойлық, бейімділік емес, білімді өздігінен игеру, оны меңгерудің сапасы, белгілі іскерлік пен дағдыларды игеру деңгейі бағалау затына айналдырады. Сөйтіп білімге қатысы бар адамның өз басы мен моральдық - этикалық байлықтарын емес, оқушылардың санасына, репродуктивті ойлауына, жүріп – тұру ережесінің формальды орындауына сүйенеді. Басқаша айтқанда, бұл жерде ең бастысы оқушының оқу тапсырмасларын себебі бар қандай негізді (құлқымен бе, әлде құлықсыз ба, танымдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін бе?).

Мәселен, оқыту процесінің бастауыш мектеп оқушыларын жалпы дамытуға мегзеулі балаларға төрт жылдық бағдарлама курсын үш жылда меңгеруге мүмкіндік береді, мұның өзі төрт жылдық бастауыш мектепті үш жылдық етіп қайтадан құруға жетеледі (Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған жаппай эксперимент). Оқу материалының теориялық жағынан ден қою және ойлау тәсілдеріне мегзей үйрету бастауыш мектеп оқушыларының оқу – танымдық қызметінің дәрежесін едәуір арттырады (В. В. Давыдовтың зерттеулері). Ал егер педагогикалық процесс балаларға деген өзіндік – ар – ождан әдіс принципінің негізінде құрылатын болса, онда мұның өзі оларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде өзінің белсенді одақтастарына айналдыруға мүмкіндік береді. “Адамгершілік жағдайлар жасау” педагогика тілінде оқу – тәрбие процесіне оқушының қосылуын, оның жеке басының жан – жақты дамуына елеулі дәрежеде жәрдемдесетіндей етіп, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда білдіреді, яғни балалардың әлеуметтікке жат қылықтарын тудыратын көздер жойылып, тәртіптің адамгершілік нормаларын қабылдауды, еркімен таңдап алуды және оларды сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы тиіс.

“Халықтың өзі және оның ұлы адамдары ғана болашаққа жол сілтейді, тәрбие осы жолмен ғана ілгерілейді”,- деді.

Ушинский: “Адам өзінің жеке басының еңбегінсізбір адым да алға ілгерілей алмайды, бір жерге тұрақтап тұрып тұрып қалуға да тиісті емес, ол адам қайта кері кетеді”, -деді.

Ұлы педагогтың айтуынша, еңбек, біріншіден, адам өмірінің негізгі, өмірінің негізгі, өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек –адамгершілік, ақыл –ой тәрбиелерінің, адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Сондықтан еңбек-тәрбиенің күшті құралы.

К. Д. Ушинскийдің педагогттық талаптарының ең бастылары-ның бірі –еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Ол кімде –кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі.

Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасын сәби кезінен –ақ етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс істеуге тырысушылыққа және қандай істі болса да шын ниет пен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. «Тәрбие шәкірттің еңбекке деген сый-құрметі мен сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіредің,- деді.

К. Д. Ушинский селолық мектептерде еңбек ауыл шаруа-шылығына тікелей байланысты болу керектігін талап етті. “Балалар жұмыс істейтін іргесінде бағы, бақшасы аз да болса жері жоқ метеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес”, -деп атап көретті.

Баланың жеке басын дамыту тұрғысынан туындайтын жоғарыда аталған психологиялық ерекшеліктерден қандай педагогикалық қортындылар жасауға болады?

  1. Педагогикалық процесте баланың еркін таңдау сезімі тұрақты болу керек.

Бірден ескертейік: мұның өзі әсте іс - қимыл еркіндігін ( ойына келгенін істесін; құлқы қашан соқса, сонда оқысын) білдірмейді, демек ұйымдастырылған, бетімен жіберілген дамуды білдіреді. Балалардың өз болашағын түсіне алмайтындығы, оған өз қызметін бағыттай алмайтындығы, олар өздерінің актуальды талаптарының тұтқындары және олардан құтылып кетуі қиын екендігі бізге белгілі. Олардың қызбалық жетегінде жүруі бай потенциалдық мүмкіндіктерінің толық ашылмағандығы білдіреді.

2. Педагогикалық процесс жарқын бейнеленген даму тенден-циясымен сипатталуы тиіс. Дамудың психологиялық механизмі жөнінде жоғарыда айттық. Енді оның педагогикалық қырын қарастырайық, өйткені мұғалімдердің бәрі бірдей дамып келе жатқан оқыту методикасын біле бермейді. Бұл жерде, анығын айтқанда, енжарлық күші, қажетті құралдардың жетіспеуі, педагогикалық процесті жобалауға трорчестволық тұрғыдан қарамау, дамудың мәнін жете түсінбеу (кейбіреулер проблеманы шешу “Неге? Дәлелде! Түсіндір!” деген сияқты сұрақтар мен тапсырмаларды көбейтуге саяды деп түсінеді) факторлар жер етеді.

Жалпы даму идеясын ұсына отрып Л. В. Занков оның мазмұнын кеңейте түседі: “… жалпы даму дегенде психикалық қызметтің жан- жақты дамуын ұсынамыз. Бұл жағындағы жалпы даму ой дамуынан айырмашылығы бар, ол тек танымдық процестерді ғана емес, сонымен бірге ерік – жігер мен сезімді де … (немесе эмоцияны) қамтиды.

Біздің ойымызша, жалпы дамудың мазмұнына ерік таңдап алу, талаптар мен себептер, шындыққа көзқарас, мүдделілік сезмі сияқты жекелеген сипаттар кіреді.

  1. Педагогикалық процесс балаға өмір қуанышын әперуі керек. Баланың өмірге дайындалып қана қоймай, қазірдің өзінде өмір сүріп отырғаны баршаға аян. Осы ойдан ақиқаттығына қарамастан, педагогикалық процесті бала өз өмірінің мәнін табатындай етіп ұйымдастыруға бүкіл классикалық педагогиканың ұдайы шақырғанына қарамастан, қалыптасқан практика мектеп оқушысының мүддесімен аз есептесіп келді. Мұндай тәртіп қазір де сақталып отыр. Оқушыларды ғылым негіздерінің ілімімен қаруландырып, оларға қажетті іскерлік пен дағдылар сіңіруді педагогикалық процестің басты мақсаты ете отырып, мұғалімдер мен тәрбиешілер оқушының өзіндік ішкі дүниесі, өзіндік талаптары, байлықтары, қарым - қатынастары, ойлары, тілектері, талпыныстары, өз қуанышы мен күйініші, өзіндік дара тіршілігі бар екенін кейде ұмытып кетеді. Көптеген ұстаздар мұндай тіршілікті бала мектеп табалдырығының сыртында қалдырып, сыныпқа кірісімен-ақ тек оқуға берілуі тиіс деп санайды. Алайда бұлай болмайды, бала өзін толғандырып, күйіндіргеннен, қуанышқа бөлгеннен, өзі талпынғанынан әсте қол үзбейді. Мектепке ол оқу үшін ғана емес, ол сонымен бірге жолдастарымен кездесіп, олармен бірге ойнау, жаңалықтармен, жаңа ойыншықтармен алмасу үшін және басқадай себептермен де келеді. Педагогикалық тұрғыдан жоспарланбаған осы қарым - қатынастар болмаса, бәлкім, оқудың өзі де ілезде жалықтырып жіберер еді.

А. Н. Леонтьевтің пікіріне қарағанда, оқу материалын меңгеруде (жалпы қандай да болмасын білімде) адам өмірінде танымның қандай орын алатыны, адам үшін ол нақты өмірінің бір бөлігі болып табыла ма әлде оның сыртқы күштен таңылған шарты ғана ма екендігінің шешуші маңызы бар.

Бала – тұтастай адам және ең алдымен, педагогикалық процесс оны толығынан, бүкіл өмірлік ынтасымен және талаптарымен бірге қызықтыруы тиіс. Бұл процесте бала өз өмірін ұдайы байыту, өзінің өсіп және барған сайын түрлене түскен танымдық және рухани талаптарын қанағаттандыру сезімін басынан кешіреді. Егер оқу баланың позициясымен басқарылып, дамуға, дербестікке, адамгершілік жағынан қалыптасуына әзір етсе ғана ол бала өмірінің мәніне айналады.

И. П. Павлов педагогикадағы ең бастысы емделудегі сенімді – біртіндеушілік және жаттығу деген болатын.

Ең қарапайымнан (нақтыдан) ең күрделіге, дерексіздікке және дағдыны қалыптастыруға дейін біртіндеп, дәйекті түрде жету үшін уақыт керек! Ол бізде бар!

Қиын тақырыппен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері бізде дәлме – дәл айқындалған.

Бірінші кезең - перспективалы дайындық: жаңа ұғымдармен байсалды, дәйекті түрде танысу, тақырыпты ашу. Бұл кезеңде тіректі пайдалана отырып, дәлелдеу сөзі белсенді дамытылады. Тек түсіндіре басқару арқылы практикалық жұмыстар орындалады.

Екінші кезең - оқулықпен жұмыс: ұғымды нақтылап, материалдарды жинақтау. Оқушылар енді үлгі – жинақтауларға саналы түрде меңзеп, дәлелдей біледі, мектептеде, үйде де тапсырмаларды дербес орындай алады. Қиын тақырыптар бойынша үй тапсырмасы арнайы дайындалған материалдан беріледі. Нақ осы кезде озу басталады, өйткені переспективалы дайындық кезінде оқулықтың көптеген тапсырмалары орындалған болатын.

Үшінші кезең - үнемделмеген уақытты (жасалған озушылықты) пайдалану. Үлгілер кетіп, үстірт қимыл дағдысы қалыптасады. Осы кезде жаңа переспектива көрінеді.

Оза оқу не береді?

  1. Үй тапсырмаларын барлық балалар өздігінен тез орындайды.

  2. Әр оқушы барлық мүмкіндік деңгейінде жұмыс істеп, бәрі де өздерінің білімдері мен іскерліктері жөнінен ілерілей түседі. Өзара көмегі мен ынтымастығы, бір – біріне ілтипаты, ой – толғамы, сөйлеген сөзі, өзін -өзі бағалауы дами түседі.

  3. Оқушылардың білімі мен іскерлігі (мұны бақылау жұмыстарының нәтежесі көрсетті) – төрт пен бес. Дау – жанжалсыз білім беру балаларды тәрбиелеп, дамытуда олардың ата – аналарымен шынайы ынтымақтыстық үшін жағдайлар жасалады.

Ең бастысы мұғалім мен оқушылар жұмысында қарбаластық, артық тапсырма, асығыстық, қызбалық жоқ. Балалар барлық істі ойланып, негіздеп, дәлелдеп орындайды. Жүргізуші оқушының “Дәлелдеймін, ережені еске түсіремін, тексеремін” деген сөздерді құлаққа естіледі.

Ойланып, - толғанбай тырп етпе!

Біздің сабақтарымызға қатысқан мұғалімдер бір ауыздан: “Балалар ойды саламақтап, саралап білуде өз тұстарынан озық келеді. Олардың табыс сыры - ұдайы қайталауда, жаңа материалды оза оқытатын тірек үлгілерімен жұмыс істеуде, амалдарды дауыстап айтып түсіндіру жолымен сөз сөйлеуді дамытуда, қызметтің бір түрін екіншісімен ауыстыру есебімен дем алуда, мұғалімнің көтермелеуінде, тапшылдығы мен ізеттілігінде” – деп атап көрсетті.

Творчествоға үйретуде біз мына ілгерідегідей ережеге сүйендік.

1. Оқушы, әсіресе, төменгі сынып оқушысы қажетті білімі, икемділігі, дағдысы болмаған соң нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек, оқу процесінде оған практикалық тапсырманы игерген біліміне сәйкес және оны сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше толық қолдана алатындай етіп беру керек.

2. Тапсырылған жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу және оны практикада іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп тірейді. Ал шеберлік – мамандық жолындағы ысылу, төселу. Нақтылы бір істі атқаруда (макет, үлгі, ертегі, ойыншық) творчестволық қиялды үстірт пайдаландыруға жол бермейміз.

3. Төменгі сынып оқушысы ересек адамға қарағанда өз бетінше көп салалы творчестволық жұмысты сауатты атқара алмайды. Тіпті жұмысты атқару барысында сақталатын ережелерді мұғаліммен бірге қайталап отырғанның өзінде іс жүзінде оны толық қолдана алмаған болар еді. Демек, мұғалім тапсырманы түсіндірумен ғана қанағаттанса, жұмыс ережесі бұрмаланатыны сөзсіз, ал ондай іс бізге қажет емес. Сондықтан бастапқы кезде тапсырманы біртіндеп күрделіндіре отырып, негізгі үлгіге байданып қалмай, бөлегірек кетуді де балаға мөлшерлете білдіру қажет.

4. Мектеп оқушысының творчестволық іс - әрекетін біз оның дербестігімен бірлікте қараймыз, аралық шек қоймаймыз, өйткені олар бір – бірімен тығыз байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың өзіндік дербестігі оның тапсырманы орындау вариантын, заттың формасын, жұмыс мөлшерін өзі айқындауынан көрінеді. Мұндай өзіндік дербестік болмаса творчество туралы байсалды әңгіме қозғау мүмкін емес. Ал творчество деген біздің ұғымымызда, ілгеріде атап өтілгендей, оқытылған ережені сақтай отырып, бәріне бірдей ортақ тақырыпта жұмыс істеп, ерекше соны зат жасай білуінен көрінуі керек. Демек тақырып және жұмысты ережесі бәріне ортақ болады, ал жұмыс варианттарын балалар өздері ойлап табу қажет. Біздің сабақтарымыздың мақсаты – оқу, тәрбие, жалпы мәселелердің ішінде тағы бір жеке – дара мақсатты да алға қою мүмкіндігі бар – баланың іс - әрекетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу. Бұлай ескеру нәтежесін келешекте өзінің икем - қабілетінде сәйкес сапалы, түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады. Осы мақсатты көздеп, әрбір оқушыға арнайы творчестволық күнделік жүргіздік. Онда оқушының өз ынтасымен дербес жасаған жұмыстары тіркелетін болды.




ІІ тарау. Бастауыш мектепте жеке пәндерді оқыту барысында дамыта оқыту технологияларының практикалық мәселелері

2. 1. Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың әдістемелік негізі

Ал, бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан – жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет – салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері шыққан түп – тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттың байлықты бүгкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстамдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне өзінің сенімін нығайтып, өзіне - өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың “мәнін” ашу, сол мәнді шығармашылық тұлғаға жетелеу.

Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы, дана Абайдың сөзі еріксіз ойыңа оралады. Өзіңе сен, өзіңді сүйреп шығар.

Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзіне шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті. Өзін - өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін - өзі тұншықтырып жүргеннен басқа жолға түсіп, адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен бір кездегі ұстаздары, мектебіңде жатқан жоқ па деген сауалдардың мұғалімдерді ойландыратыны жөн.

Технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлде деген түсінік артықтау. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай “науқандық” өтпеліктік көтере алмайтыны белгілі. Керісінше, адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек.

Педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл жөнінде В. П. Беспалько өзінің “Слагаемое педтехнология” деген еңбегінде былай дейді: Оқу – тәрбие үрдісінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлауы және оның тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Біз өз технологиямызда оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс - әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз.

  1. Алдын ала тапсырмалар беру;

  2. Мақсаттқа жету үшін көмек – бағдар, бағыт ұстану. Эвристикалық жобалау технологиясына жүгіну;

  3. Жаңа сабақта ең алдымен олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдындағы өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған мақсаттар-лың орындауына назар аудару. Ұжым болып талдау, жеткен жетістіктерін талдау.

  4. Жаңа білімді меңгеру кезінде оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей түседі. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің, қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Дамыта оқыту сабақтарын да жаңа материалды игеруге көп көңіл бөлінеді. Өйткені талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл – күйін бақылауға, ой – пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік бала бойына жұғысты болады.

Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі – салыстыру әдісі. Философияда “салыстыру обьектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты” – делінген. Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К. Д. Ушинский: “Салыстыру ойланудың және қабылдаудың негізі” – деген.

Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыра отрып, оқушы заттар мен обьектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың жалпы дамудағы негізгі психологиялық компанент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып бұрынғы өткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі. Салыстыра отырып заттардың тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себеп-терін айқындаудың бала дамуы үшін маңызы зор. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек. Жаңа оқулықтарда салыстыруға берілген тапсырмалар көп.

Қазақстан Республикасы ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ білім беру сапасына соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімінің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды Отандық ұлттық және әсемдік мәдениет арналарынан сусындату – басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу – білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамуда қажет етеді.

Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

1. Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.

2. Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.

3. Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

4. Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

ХХІ ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы жету үшін дүниежүзілік кеңестігіне ену білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіру міндеті туындап, білімге бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу мүмкіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын қазақ тілін оқыту процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктеледі. Сонау ХV ғасыр басында Жүсіпбек Аймауытов “Сабақ беру - үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер” деген екен.

Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Ұзақ жылға тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын, жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісі жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы (іс - әрекет арқылы) жүзеге асады. Мұғалім ұйымдастырушы, бағыт беруші.

Бастауыш мектептегі сауат ашу, тіл дамыту, грамматика сабақтарының оқушы шығармашылығын дамытудағы алар орны ерекше.

1 – 4 сыныпта оқылатын “Қазақ тілі” курсы бір – бірімен тығыз байланыста оқытылатын фонетика, морфология, синтаксис, лексикадом мәліметтер береді.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу технологиясына ыңғайлау қажеттілігі туды. Сол себепті оқытуда мұғалім де, оқушыда субьект ретінде алынуы қажет. Мұғалім мен оқушының бірлесе әрекет жасауы – Ж. А. Қараев технологиясының түп мақсаты. Біз бірнеше жыл профессор Ж. А. Қараев технология-сымен жұмыс істеп келеміз. Қазақ тілін оқытуда бұл технологияның басты тиімділігі:

  • оқушыны үнемі әрекетке қосады;

  • үш кезең арқылы өздігінен үзіліссіз білім алуға ынталандырады;

  • тілдік категориялардың лексика - грамматикалық құрылымын игертіп, ауызша, жазбаша тілде қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді;

  • оқушы әрі балдай, әрі салыстыра отырып, негізгі білімді өздігінен меңгеруге әрекеттендіреді.

Қазақ тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістік-тер саралап деңгейлеп оқыту технологиясында төмендегідей жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды көздеген жұмыстар құрылымымен іске асады:

1. Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстыра отырып ұғындыру әрекеті.

2. Жаңа білімді игерудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері. (І. ІІ. ІІІ деңгей).

3. Тест тапсырмалары.

4. Өзіндік жұмыстар.

  1. Қатемен жұмыс.

  2. Көп деңгейлікті бақылау жұмысы.

  3. Рейтинг, мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау.

Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат – оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсері өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуат-ты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекеттік тіл мәртебесіне көтеру. Сондықтан да саралап деңгейлеп оқыту технологиясы осы мұраттарды шешуге кепіл бола алатын технология екендігіне көз жеткіздік.

Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы – оқушылардың білім сапасын артырудың негізгі кепілі. Педагогикалық технология арқылы:

  1. Оқушыларға қазақ тілінің ғылыми негіздерін меңгертуге болады;

  2. Халықымыздың салт – санасын әдеп - ғұрпын, ұлттық асыл мұрасы, рухани азығы болар бай тілін, ұлттық шешендік өнерін, би, баба даналығы мен пәлсапаларын үйретуге мүмкіндік туады;

  3. Ертеден келе жатқан шешенде, дана, баба тіліміздің бал бұлағымен сусындыратын, сөздік қорларын молайтып, тіл байлығын игеруге де болады;

  4. Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін арттырып, баланы еркін сөйлеуге, жазбаша ойын жүйелі жеткізе білуге дағдыландырады.

  5. Тіліміздегі фразеологиялық, идиомалық тіркестерді, мақал – мәтелдердің қолдану аясын меңгертуге, тіліміздің асылдығына, айшықтығын, құндылығына жетелеуге мүмкіндік туады.

Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, адам дәрежесіне көтеру керек. Жеке адамды қалыптастыру үшін қазіргі мектеп ондағы сабақтар талапқа жауап бере алмайды. Жеке адамды қалыптастыру үшін не керек? Ол үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. Міндет - ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы әдеп - ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс - әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін рухани байлықты қастерлейтін өз ошағын Отанын қадірлейтін Азамат тәрбиелеу.

Ол үшін ұлттық мектебімізді жаңа типпен білім беруді жаңаша әдіс – тәсілмен жүргізуіміз керек.

Әр түрлі оқыту әдістерін сабақта тиімді пайдалану – білім сапасын арттыру жолының бірі. Бұл сабақтардың әркайсысынның өзіндік ерекшелігі бар. Бастауышта оқытатын кез келген пәннің мазмұнына сәйкес шығармашылыққа интеллектіні дамытуға берілген тапсырмаларды тиімді қолдану – бүгінгі мектеп бағдарламасының да өзекті мәселелерінің бірі. Тек қандай тапсырманы сабақтың қай сәтінде енгізу керек екенін мұғалім өзі шешеді.

Мұндай сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналады. Алған заттарды салыстыру, ұксастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте - бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан – жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастайды. Әсіресе дамытушылық мақсаты “жасырын” тұрған, бір қарағанда өте қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді. Солардың бірі - “Ол не?” ойын.

Ойынның шарты мынадай:

Оқушылар үйлерінен өздеріне ұнайтын бір заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеуі керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.

Мысалы: “Менің затым дөңгелек. Ол секіреді. Бір түсті, әр түстісі де болады. Үлкен және кішкентайы болады. Резеңкеден жасалады. Балалар өзін өте жақсы көреді”.

Шешімі: Доп.

Бұл ойынды әртүрлі вариантта, ұжым боп та, топпен де жүргізуге болады. Ең негізгісі баланы дұрыс меңзей отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойында одан әрі қыздыра түседі. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Мұнан басқа балаларды қиялдауға арналған ойын түрлері де бар. Соның бірі “Тапқыштар” ойыны. Ойынның негізгі идеясы қарапайым заттарды әдеттен тыс жағдайда пайдалана білу.

Балалар, болжамдау бойынша 2006 жылдан бастап біз қалдықсыз өмір сүретін боламыз. Осыған өзімізді қазірден бастап дайындауымыз керек. Ол үшін мына тапсырмаларды шешіп көрейік.

Тапсырма: - ішіндегі желімі біткен ыдысты тастай салмай, тағы қалай пайдалануға болады?

Жауаптар: - су ішетін ыдыс.

- су құйғыш ыдыс.

- қарандаш салатын ыдыс.

Тапсырма: - Енді 10 жылдан соң тақта қандай болады деп ой-лайсыңдар?

Жауаптар: - тұратын аяғы болады, оны биіктетіп және аласар-тып отыруға болады.

- шетінде су бұркетін приборы болады, сол арқылы еш қиындықсыз тазартуға болады.

- тақта орнында компьютер тұратын болады.

Бұл сияқты ойын – тапсырмалар оқушыларды еркін қимылдау-ға, шығармашылықпен кедергі келтіретін психологиялық селқос-тықты жоюға ықпал етеді. Оқушылардың оқу материалын игеруін жеңілдету мақсатында басқа да ойын түрлерін қолдануға болады. Қазақ тілінен фонетика бөлімін өткенде “Айырмашылығын тап” ойынын ойнатуға болады. Ойын шарты бойынша дауысты дыбыстар жазылған кеспелер қолданылады. Екі дыбыс қатар көрсетіледі, оқушылар олардың айырмашылығын табуы қажет.

А – жуан Ә – езулік Э – ашық

Ә – жіңішке Ө – еркін І – қысаң

“Үштің біреуі” ойны.

Әр балаға әр түрлі дауыссыз дыбыстар жазылған 3 кеспе таратылады. Мұғалім бірін айтқанда тиісті кеспені көтеру керек. Мұндай ойындар тек қазақ тілі сабағынан білімді игеруге мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге танымдық белсенділігін, шығармашылығын арттырады.

2.2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану барысындағы озат педагогикалық тәжірибелер

Ертеңге қарап білек сыбанамыз – демекші бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Демек, бұрыннан қалыптасқан бағдарлама мен тәртіп ол үшін ескірген, тозған. Ал, қазір ол барлық тұлғасымен жаңа тұрмысқа, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Сондықтан оған жүйелі жәрдем беріп, ынта – ықыласын дұрыс бағыттайтын, қабілет - қасиеттерін дамытатын мектеп қажет. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім алып тәрбиелетіп жатқан жас ұрпақ алдында “Қазақстан - 2030” бағдарламасындағы “Барлық қазақстандық-тардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл – ауқатының артуы” – деген ұзақ мерзімдік міндетін іске асыру жауапкершілігі тұр.

Оқытудың мәңгілік сауалы: “Нені оқыту, қалай оқыту” күрделеліленіп барады.

Оза оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтежесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесінекөтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Оза оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көзделген мақсатында, мәнінде, мазмұнында мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде т.б.. Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуын қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс – амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні Л. С. Выготский-дың идеяларына негізделген. Ал, бастауыш сыныптарла Л. Н. Лысенкованың іс - тәжірибесін алатын за оқыту идеялары кеңінен таратылған.

Педагогикалық технологиялары мазмұнына қарай жетілдіреді және топтайды.

1. Педагогикалық қарым - қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыру негізіндегі технологиялар. Оған Ш. А. Амонашвили, Е. И. Ильина әдістемелері жатады.

2. Оқушылардың іс - әрекеттерін белсендіру мен тиімділігін арттыру педагогиканың технологиялары. Оған ойын элементтері, проблемалық оқыту, тірек сызбалары, В. Ф. Шаталов және Е. И. Пассовтың коммуникативті әдістемелері кіреді.

3. Оқыту үрдісін басқару мен ұйымдастыру тиімділігін арттыратын педагогикалық технологиялар. Оған бағдарламалап оқыту, дифференциалдап оқыту, топтық және ұжымдық оқыту, ақпараттық технологиялар жатады.

4. Оқу материалдарының дидактикалық құрылымын әдіснама-лық тұрғыдан жетілдіретін әдістемелер. Дидактикалық бірлектерді түрлендіру жөніндегі П. М. Эрдниев әдістемесі.

5. Модульдік оқыту технологиясы, оқушыны дамыту құралы ретінде қарастырған М. М. Жанпейісованың әдістемесі.

Қандай технологиямен жұмыс істеп, қандай оқыту әдісін пайдалану мұғалімнің өз ерінде. Маңыздысы – түпкі нәтиже, яғни жас ұрпақты жан – жақты дамытып, оқыту.

Сабақты үнемі қалыптасқан бір формада өткізу, әсіресе бастауыш сыныптарында оқушы әрекетіне қозғау сала бермейтіні баршамызға аян. Сондықтан оқушылардың белсенділігін арттыру, олардың іс - әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой санасын туғызумен қатар, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материал-дарының мазмұнын қоршаған ортаның өзгерісімен, қозғалысымен, шындығымен үнемі байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.

Жаңа технология түрлерін қолданып, сабақты түрлендіріп өткізу үшін мұғалім мен оқушының мүмкіндіктері толық ескерілуі қажет. Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға ерекше назар аударылуы тиіс.

Бүгінгі таңда мектептердің негізгі мақсаты – зерделі, дарынды балалардың шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік туғызу және дамыту. Сондықтан да оқудың жаңа технологиясын зерттеу, оны ісінет қолданып, жоғары нәтижеге жету – мұғалімнің міндеті.

Дамыта оқу идеялары бойынша оқушыны оқу үрдісінде өздігінен білім жинап, белсенді және өз бетінше қарым - қатынас жасай алатындай тәрбиелеу ең басты мақсат.

Қазіргі кезде қолданып жүрген педагогикалық технологиялардың бірі - модульдік оқыту технологиясы. Бұл технологияда оқушылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасы-мен жұмыс істейді. Модульді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назардан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі қателерді дәл мерзімде анықтауға мүмкіндік береді. Оқушылар еркін сөйлеуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Сабақ оқушылар үшін қызықты іс - әрекетке айналады., үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды.

Оқу модульі дегеніміз – оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні. Модуль – оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше геру деңгейі мен оқу – таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы. Оның ерекшелігі оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі жөнінде жазылған жазбаша түрде тапсырмалар алады. Модульді сабақтарды құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпарат беретін: оқулық, қосымша әдебиеттер, кесте, сызба нұсқалар, суреттер, технологиялық жабдықтар, ауызша қралдар пайдалануға болады. Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруді тексеретін әртүрлі бақылауларды қолданады.

Олар: өзін-өзі тексеру, мұғалім тексеруі, ағымдағы және аралық тексеру, т.б. осылар аркылы білім олқылықтары, модульді игеру деңгейі анықталады. Қосымша жұмыстар жүргізіліп, әр оқушы өз мүмкіндігінше білім алады.

Модульдік оқытуда ең алдымен, оқушы өзінің жеке интеллектін саналыф түрде дамыта отырып, оқу мазмұнын жіктеп меңгереді, ал мұғалім тек ұйымдастырылған баламалы түрі. Сабақ үрдісіне модульді біртіндеп енгізген дұрыс. Модульге оқушылардың оқу – таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлкерін пайдалануға болады. Мысалы, жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу оқытудың сапасын тиімділігін арттыруға болады.

Модульдік сабақты әзірлеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, модульдік жиынтығынан тұратын модульді бағдарламаны құрастыру керек. Сондан соң мұғалім оқу эелементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін сабақтың соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін іріктелген мақсаттарды айқындайды.

Оқу модульі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қортынды бөлімінен тұрады. Әр оқыту модульінде сағат саны әртүрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол ьақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. 7 – 12 сағаттан тұратын оқу модульінің тиімді екеін тәжірибе көрсетті.

Оқу модульінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қортынды бөлімдерге 1 – 2 сағат беріледі. Барлық уақыт сөйлесу бөлімінде.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модульінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады.

Сонан соң мұғалім осы оқу модульінің барлық уақытына есептелген оқу материалын, қысқаша сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсчіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдану сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында, кейіннен – алынған білімді талдау, жинақтау, бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. Оқушыларға мемлекеттік стандарт талаптарына сай үш деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Оқу модульінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі – оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолданып оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте қайта оралып жұмыс істеуі, Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу барысы бойынша әр оқушы өзінің қалай немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырылады.

Оқу модельінің сөйлесу бөлімінің құрудағы мұндай тәсілдің оқушы тұлғасын дамытуға жағымды ықпал ететініне зерттеу нәтижелері мен эксперименттік жұмыс көз жеткізіп отыр.

Оқу модульінің қортынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарына оқушылардың бір – біріне көмегі, бірін – бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қортынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма, диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модульінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.

Сонымен модульдік оқыту технологиясында оқушылардың дамытуға баса көңіл аударылады. Бұл технологияда:

  • Оқушының, тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

  • Танымдық процесстерді дамытуға;

  • Белсенді әрекет етуге;

  • Оқуға деген жағымды көзқарас қалыптастыруға және т.б. ықпал етеді.

Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар дүниеге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгерген, онан соң оны оқу мазмұнына, оқушылардың жас және псхологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс – тәжірибемізде жиірек қолданып, практикаға енуде. Ал педагогкалық технология – педагогкалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдарымен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеуге реті – деп түсінік береді В. Кларин. Яғни педагогкалық технология тәжірибеде жүзеге асатын педагогкалық жүйенің жобасы. Ал педагогкалық дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы педагогкалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдардың технологияны дамыту практикада қолдану шарт.

Қай технологияны қолдану мұғалімнің өз еркінде. Қай технологияны алсақта оқу материалын оқушыға оңай игерту, шығармашылығын дамыту екенін есте сақтау керек. Таңдап алынған педагогкалық технология өтілетін сабақ мазмұнына сай болуы, оқушының танымдық қабілетін дамыта алатындай болуы шарт. Сонда ғана мұғалім оқу үрдісіндегі негізгі мақсатына жетеді.

Модульдік оқыту технологясында қолданатын ойындардың түрлері өте көп, “Брейн - ринг”, “Білім биржасы”, “Қатені тап”, “Бақтыты сәт” және т.б.. Мұндай ойын арқылы берілген оқу материалын бала тез игереді, өзі сабаққа белсенді түрде қатысады. Бастауыш сыныпта бала әлі де ойын баласы, сондықтан мұндай сабақтар баланы қызықтырады. Мысалы, қазақ тілі сабағында “Түбір мен қосымша” тақырыбын өткен кезде мынадай ойын түрларін қолдануға болады. “Бүр жинау” ойыны.

Ойынның мақсаты: түбір мен қосымша туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Ойын барысы шыршаның суреті беріледі, бүрлері бар. Сиқырлы бүрлердің артындағы сұраққа жауап беру керек.

  • Түбір сөзге қосымша жалғанғанда қандай өзгеріс болады?

  • Қосымша қандай қызмет атқарады?

“Түйені жетектеу” ойыны.

Мұғалімнің үстеліне түйенің макеті қойылады. Кімде кім жаттығудағы сөздерді көшіріп жазып, түбірін тауып астын сызса және алдымен орындаса, сол бала түйенің жібін алып жетектейді.

“Мақал қуаласпақ” ойыны.

Мұғалім мақалдың алғашқы бөлігін оқушылар мағанасына қарай мақалдың жалғасын табу керек.

  1. Жығылып жатып …

(Сүрінгенге күлме)

  1. Біреуге ор қазба …

(Өзің түсесің)

  1. Жауға жаныңды берсең де …

(Сырыңды берме)

  1. Жас жемісті жұлма …

(Жас баланы ұрма)

Тағы бір ойын түрі “Терме диктант”.

  1. Тақтада жазылған ырым – тыйымдар арасынан дәмге бай-ланысты ырымдарды теріп жаз.

  2. Тақтада жазылған ырым – тыйымдар арасынан малға бай-ланысты тыйымдарды теріп жаз.

Мұндай тірек – сызбаны ана тілі, қазақ тілі сабақтарында жаңа оқу материалдарын игертуге қолдануға болады.

Мәселен 2 – сыныпта өтілетін мысал, ертегілерге мынадай сызба түрлерін қолдануға болады.

№1 таблица. Байлық пен ақыл (ертегі).

Сәндік киім

2 - ұл


ШАЛ

Күміс жүзік

Асыл жүзік

Үлкен ұл 3 - ұл


4 - ұл



Асыл тас Сәндік киім Қымбат белдік




жоқ

  1. Еңбек сүйгіш қол

  2. Қайрат – жігерге толы жүрегі

  3. Ақыл


Тек Бар



№2 таблица. Түлкі мен тиін. (мысал) Ә. Асылбеков.

Түлкі

қасқырға жем болды



қасқырдан құтылып кетті

мақтаншақ

өтірікші


тапқыр

ақылды



Тиін


Қазақ тілі сабағында. Сөйлем түрлерін өткен кезде “Шаңырақ” атты әңгіме жазып көрсетуге болады:

Шаңырақ


Кіші отау Бөлек отау Үлкен отау



Хабарлы сөйлем сұраулы сөйлем лепті сөйлем

  1. Оқушылар сөйлем мүшелерімен танысады

  2. Қазақтың салт дәстүрін де біледі. Тірек сызбаны “сөз топтары” тақырыбын өткен кезде де қолдануға болады.

СӨЗ ТАПТАРЫ



ЕТІСТІК

СЫН ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ


ҚАНДАЙ? ҚАЙ?

НЕ ІСТЕДі? ҚАЙДА?

КІМ? НЕ?




Педагогикалық технологияның келесі түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Бағдарламасы әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім бірлескен еңбегі.

Мақсаты оқушыларға кез – келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзеледі. Енді осы кезеңдердің мақсаттарына тоқталайық:

1. Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты – баланың белсен-ділігін арттыру. Оқушы өзі білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

2. Мағынаны тану – бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушыға оқу тақырыппен тансу барысында.

V – білемін

– – білмеймін

+ – мен үшін жаңа ақпарат

–? – мні таңқалдырады белгілерін қойып отыру тапсырылады. Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға дағдыланады.

3. Ой толғаныс кезеңі. Бұл кезеңде оқушы өзінің нені үйренгенін саралап, оны қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Бұл әрекетті тиімді өтуге лайықталған “Бес жолды” өлең “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта” сияты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр – жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір – бірінен ой алмастыруын, ой түйіндеуін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Бұл әдістерді қазақ тілі сабақтарында тиімді етіп қолдануға болады. Мысалы 2 – сыныпта “Сөйлемдегі сөздердің байланысы” тақырыбын өткенде балаларға мынадай тапсырма беруге болады.

  1. Күз тақырыбына ассоциялық аймақ жасату, яғни күз дегенде ойымызға не келеді, соның бәрін жазу.




Мектеп



Жапырақ КҮЗ алма


Бақша жаңбыр бұлт


2. Енді осы тірек сөздерімен қысқаша әңгіме құрау барысында сөйлемдегі сөздердің қалай байланысқанын айтқызу. Әр топтан бір оқушы шығарып әңгімесін оқыту.

Сонымен бірге “Бес жолды өлең” әдісін де қолдануға болады. Бір мәтенді оқып беріп, бес жолды өлең әдісі бойынша сұрақтар қою.

  1. Тақырыпты суреттейтін сөз. Зат есім болуы тиіс.

  2. Тақырыпты суреттейтін екі сын есім.

  3. Іс - әрекетті көрсететін үш сөз. Етістік.

  4. Төрт сөзден тұратын мағыналы сөйлем.

  5. Соңғы сөз синоним болуы керек. Мысалы: “Ұр тоқпақ” ертегісі.

  1. Балалар

  2. Ұрлықшы, ұятсыз

  3. Алдады, ұрлады, таяқ жеді

  4. Балалардың қылығы дұрыс емес

  5. Балалар – жеткіншектер

Немесе

  1. Шал

  2. Аңқау, ақкөңіл

  3. Алданды, қайтарды, мұратына жетті

  4. Шал балаларға алданып қалды

  5. Шал - қария

Бұл әдістердің барлығы да балалардың белсенді іс - әрекет етуіне жағдай жасайды.

Сол сияқты “Қазақ тілі” сабағында ой – толғаныс кезінде “Венн диаграммасын”, яғни шеңбер ойынын ойнауға болады. 2 – сыныпта “Мәтін деген не?” тақырыбын өткен кезде А. Байтұрсыновтың аударған “Ағаш” мысалын оқып беріп, сол мәтін бойынша балалардың өздері білетін ағаш түрлерін шеңберге жазғызу.


Жабайы ағаштар Бақта өсетін ағаштар

Екеуі де тірі табиғат. Ауа, су, жылу керек.

Пайдалы

ЕМЕН, ТЕРЕК, ҚАРАҒАЙ, ШЫРША, ҚАРАҒАШ, ҚАЙЫҢ, СЕКСЕУІЛ

АЛМА, ШИЕ, ӨРІК, АЛМҰРТ, АЛША, ҚАРАҚАТ, ЖҮЗІМ







Екі шеңбер ортасына екеуіне тән қасиеттер жазылады.

Ой толғаныс кезеңінде пайдалануға тиімді әдістің бірі – еркін жазу. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қортуға оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез – келген сабақта қолдануға болады.

Сын тұрғысынан ойлануды дамыту жобасының келесі әдісі - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі, белсенділігі артады. Әдісті қолдану былайша ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4 – ке санау арқылы 1 – лер бөлек, 2, 3, 4 - өз алдына “жұмыс” тобын құрайды.

Оқуға ұсынылған материалдың тақырыбы, талқыланған соң, осы мәтінді түсіну екендігі ескеріледі.

4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің бір бөлігі 1-лер, 2-бөлі-гін 2 саннан алғандар, 3, 4 – нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екендігін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға сол арқылы ойлауға үйренеді. Бұл әдісті қолдану оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады, ұжымда жақсы қарым - қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

64




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Батырлар-ел қорғаны

Автор: Сембиева Татикуль Лесовна

Дата: 04.12.2017

Номер свидетельства: 442071


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства