kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бата т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ал?ы с?з

Д?ниетануымызды? ?лтты? бір ж?йесі – бата. Бата бізді?

хал?ымыз ?шін ой, ниет, тілек, істі? жиынты?ы, к?ллі сенімні?

бірлігі. «Бабадан ас?ан ?з болмас, батадан ас?ан с?з болмас»

деп тіке байлам жаса?ан халы?: «Жауынменен жер к?герер,

батаменен ел к?герер» деп на?ты шешім айт?ан. А? бата

?р?айсымыз ?шін де те?десі жо? асыл с?з.  Бата баста?алы т?р?ан істі? ?асиетті т?мары.  Ілгері бас?ан ?адамны?  т?сау кесері.

Батаны? т?пкілікті ма?саты – ел – ж?ртыны?  бір – біріне деген

мейірім шапа?атын, с?йіспеншілігін айту, досты??а, береке –

бірлікке, ырыс – ынтыма??а ша?ыру; жа?сы іске бас болу, ?лкен –

кішіні? жолын ашу, алда?ы ?мірге ма?саттар белгілеу. ?анымыз?а

сі?істі, жанымыздысерпілдететін, мар?айтып ?анаттандыратын осынау білек – бата с?здер ?лтты? т?рбиені? бастау б?ла?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бата т?рлері»



Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі










Айтишева Қарлығаш Жылқышықызы








2013 – 2014 оқу жылы






Алғы сөз


Дүниетануымыздың ұлттық бір жүйесі – бата. Бата біздің

халқымыз үшін ой, ниет, тілек, істің жиынтығы, күллі сенімнің

бірлігі. «Бабадан асқан әз болмас, батадан асқан сөз болмас»

деп тіке байлам жасаған халық: «Жауынменен жер көгерер,

батаменен ел көгерер» деп нақты шешім айтқан. Ақ бата

әрқайсымыз үшін де теңдесі жоқ асыл сөз. Бата бастағалы тұрған істің қасиетті тұмары. Ілгері басқан қадамның тұсау кесері.


Батаның түпкілікті мақсаты – ел – жұртының бір – біріне деген

мейірім шапағатын , сүйіспеншілігін айту, достыққа, береке –


бірлікке, ырыс – ынтымаққа шақыру; жақсы іске бас болу, үлкен –

кішінің жолын ашу, алдағы өмірге мақсаттар белгілеу. Қанымызға

сіңісті, жанымыздысерпілдететін, марқайтып қанаттандыратын осынау білек – бата сөздер ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы.
















Арыстандай болсың қайратың,

Аюдай болсын айбатың!

Гүлге толсың өмірің,

Көңілді өтсін өмірің,

Асқа толсын табағың,

Ашық болсың қабағың!


******

Бақыт берсін басыңа,

Береке берсін асыңа,

Келмесін дұшпан қасыңа.


******

Ішкенің адал болсын,

Айтқаның әділ болсын.

Тарамды берекелі бол,

Ақ жүзді кеңпейіл бол.


******

Болмасың ешбір уайым,

Шаңырағың биік болсын.


******

Босағаң берік болсын,

Алла іске жолдасын.

Көрген күндер ашық болсын.


******






Көш көлікті болсын!

Дос серікті болсын!

Жан ерікті болсын!

Жар көрікті болсын!

Жер құнарлы болсын!

Жас елеулі болсын!

Қыз шырайлы болсын!


******


Тау өрісті болсын!

Бау жемісті болсын!

Нәресте батыр болсын!

Жыл табысты болсын!


******


Жиырма жаста алғыр бол,

Отыз жаста озат бол,

Қырық жаста қыран болып самға,

Елу жаста ел ағасы,

Алпыс жаста арманыңа жет,

Жетпіс жаста тапқан

Табыстарыңның жемісін же!


******








Оқуда алғыр бол,

Ойлауға даңғылбол.

Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол.

Ісіңде шебер бол.

Ақылға кемел бол.

Қиынға батыл бол,

Еңбекте батыр бол.

Уәдеңе берік бол,

Ауылыңа керек бол.


******

Жас нәрестенің шілдеханасында берілетін бата


Нәрестенің бауы берік болсын,

Ата – анасына серік болсын!

Азамат болып ер жетсін,

Ақсақал болып төрлетсін,

Азамат болсын көрікті,

Ғұмыры ұзын берікті,

Қол қанаты көп болып,

Артынан еріте берсін серікті,

Азамат болсын ардақты,

Мінезі болсын салмақты,

Өнері болсын жан - жақты,

Осы айтқанның бәрі келіп,

Алла берсін зор бақты,

Аллау әкбәр!...



Сәбилерге бата


Бала, бала, бала деп,

Аңсап едің жаңа леп,

Сол арманың әлі есте,

Құтты болсын нәресте.

Берген екен құдайым,

Айналдырмай елеске.

Берік болсын бауы оның,

Тілегің ақ бауырым.

Арқалаумен жүр енді

Жауыр болып жаурын.

Өссін ертең ер болып,

Жауы жүрсін жер болып.

Ел билеген естімен,

Терезесі тең болып

Осы айтқанымның

Бәрі келсін.

Құдайым бір өзіңе

Бере берсін!

Әумин!


******










Ер балаға ақ тілек


Ал, қолыңды жәй балам,

Ақ батамды берейін.

Ақ көңілден ақтарып,

Ықыласымды төгейін.

Қалауыңды қыдырың,

Өзіңді әмән жақтасын.

Қуат беріп бұл ырым,

Бар пәледен сақтасын.

Ақ пейілдің жолыңда,

Адалдықпен жүргейсің.

Адамдықты, білгейсің.

Әруағы Бабамның –

Немересін қорғасын,

Қорғасын да қолдасын.

Ақ таң атсын алдыңнан,

Жаратқаным жар болсын,

Намысыңа шабысың,

Әмән – әсте пар болсын.

Әумин!


******










Туған күнге бата


Құтты болсын туған күн,

Кіндігіңді кесіп ап,

Жібек жіппен буған күн.

Шілдехана суымен,

Алғаш рет жуған күн.

Орап алып жөршекке,

Белден жайлап буған күн.

Ақ сүтін асыл анаңның,

Емірене емген күн,

Әкең келіп төбеңнең,

Тебірене төнген күн.

Қуанғаннан ел - жұрттың,

Көрімдігін берген күн.

Кімге тартты екен деп ,

Бетіңді ашып көрген күн.

Туған күннің жыл сайын,

Жүз жыл бойы тойлансын.

Не бердік деп жыл сайын

Дос - жараңдар ойлансын,

Өсіп үрім - бұтағың,

Арманыңа жете бер.

Өмір шексіз көк теңіз,

Тоқтамастан кеше бер,

Әумин!


******





Тұсау кесер бата


Тұсауың кесілді құлама,

Тізеңді жаралап жылама.

Құлындай құлдырап жүгірші,

Кәнеки өзіңді сына да.

Секірсең құздардан сүрінбе,

Шыңдарға шыққанда бүгілме.

Болаттай қабырғаң қатайып,

От ұшқын ойнасын түгіңде.

Ұзақ боп Иншалла өмірің.

Тасысын шатқыттан көңілің.

Жарқырап күн санап өсе бер,

Жарқылдап семсердей сенімің,

Әумин!


******


Әр кезде ибалы бол,

Жаны жаз иманы мол.

Алланың өзі сүйіп

Қымбатын қиғаны сол,

Қор болмай алтын басың,

Алдыңнан Аллам жарылқасын!

Әумин!


******






Сүндет тойға


Бисмилләһи – и - раһман - ир - раһим.

Мұсылман болдың, қарғым,

Кәне бері қарағын.

Шырағын жағар ұлымсың,

Ата менен ананың,

Таудай болсын талабың.

Көрімдігің мінекей,

Бар ма тағы қалауың?

Қой сұрасаң қой берем,

Тай сұрасаң тай берем,

Зат сұрасаң зат берем

Ат сұрасаң зат берем.

Батырлығың байқалса,

Сауыт берем ақ берен.

Мұратыңа жете бер,

Күннен - күнге өсе бер.

Ұзақ болып өмірің

Өз қолыңмен шеше біл.

Адам болып өсе біл!

Әумин !



******








Қыз балаға ақ тілек


Сымбатың сұңғақ болсын,

Сырласың ұрпақ болсын,

Ажарың атқан таңдай,

Сабырың сұңғақ болсын,

Мүсінің көркем болсын,

Айналаң өркен болсын,

Жанарың ойлы болсын.

Жан дүниең жайлы болсын.

Анаға шуақ берген,

Аға қуат берген,

Ініге ақылшы болып,

Бәйгеден ту ап келгін,

Білімнің молдау болсын,

Ортадан қолдау көрсін.

Ақылың астам болмай,

Еліңнің көңілі толсын.

Ошағың орнықты боп,

Төріңнен күнің күлсін.

Қонағың арылмасын,

Қабағың жабылмасын,

Қай жақта жүрсеңде де,

Әрқашан бағың жансын.

Әумин!








Мектеп бітірушілерге


Ұландарым, ұл қызым,

Болсын бата бұл сөзім!

Кеше ғана қаз тұрған,

Бал балалық бал тұнған,

Артта қалды өмірің.

Самғап ұшып салыңнан,

Азамат бол жаны ерек,

Білім алдың мәуелеп,
Көрсін жұрттың биіктен,

Бағың жансын әуелеп.

Аулақ болып жылтылдан,

Ардақты бол алтыннан.

Көгерсін әркез көсегең,

Алғыс алып халықтан

Әумин!


******














Ер азаматқа бата


Сөзің аталы,

Атың жоталы болсын.

Биең құлынды,

Түйең боталы болсын.

Қойың егізден,

Ешкің сегізден тапсын.

Келін аяғымен,

Қойшы таяғымен жақсын.

Көңілің дилы,

Басың сыйлы болсын.

Қызың ибалы,

Ұлың милы болсын,

Қосағың сарамжал,

Айшадай ақ адал болсын.

Кемімей парқын,

Қадірлі халқың,

Басыңды бағалар болсын.

Өзің сартісті қария,

Дәулетің дария болсын,

Әумин!


*******









Жас жұбайларға бата


Шаңырақ биік

Босағаларың берік болсын.

Бау бақтарың,

Алма мен өрік болсын.

Басыңда дәйім,

Құлпырған құндыз бөрік болсын.

Ақ жүзіне жарыңның,

Ақ кимешек көрік болсын.

Құдай қаласа,

Көп ұзамай жерік боп ұл туып,

Ол өзіңе серік болсын,

Әумин!


*******


Келін түскенде


Семьяң үлкен бай болсын,

Төрт түлігің сай болсын,

Ата анаңның көңілі жай болсын,

Шаңырағың жоғары, биік болсын,

Мал басты үйіп берсін,

Босағаң берік болсын,

Тату тәтті махаббаты

Бір біріне серік болсын,

Дастарқандарыңа береке берсін,

Бастарыңа мереке берсін,

Астарыңа адалдық берсін,



Бастарыңа амандық берсін,

Дендеріңе саулық берсін,

Қызметтеріңе табыс берсін,

Қол жеткісіз ырыс берсін!

Дастархандарың тоқ болсын,

Уайым қайғыларың жоқ болсын,

Отбастарың шуылдап,

Күлшашарларың көп болсын!

Бақ дәулет берсін бастарыңа,

Пәле жала, жын шайтан

Жоламасын қастарыңа!

Аллау әкбәр!.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бата т?рлері

Автор: Айтишива Карлыгаш Жылкышыкызы

Дата: 21.05.2016

Номер свидетельства: 329063


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства