kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып о?ушыларыны? танымды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

??рметті сайт ?жымы! Бастауыш сынып о?ушыларыны? танымды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру  та?ырыбында?ы баяндама ?зімні? ?зекті м?селем бойынша жоспарланып, ??рылды. Балаларды? шы?армашылы?ын ?андай ?діс- т?сілдер ар?ылы арттыру?а болатыны туралы толы?тай жазылды. Біліктілік санатымны? арттыруына байланысты осы баяндамамды сайт?а жариялауы?ызды с?раймын.

Е?бектері?ізге шы?армашылы? табыс тілеймін. Ж?лдыздары?ыз биіктен жана берсін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларыны? танымды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру»


Ел ертеңі жас ұрпақты саналы тәрбие,сапалы біліммен қаруландыру .Сондықтан өз іс-тәжірибемнен «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық- шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары. Дарындылыққа баулу» тақырыбындағы баяндаманы сіздермен бөліскім келеді.

Осы мақсатпен жіберіп отырған баяндаманы «Бастауыш сыныпта оқыту барлық пәндер бойынша»әдістемелігі журнал беттерінде жарияланса деген өтінішім бар.

Жыл сайын осы журналға үзбей жазылып отырамын.

Құрметті редакция ұжымы, еңбектеріңіз әрдайым жемісті де табысты болсын!

Жұлдызыңыз биіктерден жана берсін!

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақсоғым ауылы

Восход жалпы орта білім беретін мектебі

Хами Сандуғаш Беркінқызы

Бастауыш сынып мұғалімі


Баяндама (тамыз педагогикалық кеңесі)

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық- шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары. Дарындылыққа баулу.




Мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып білімді, жаңашыл, бәсекеге қабілетті,ұшқыр ойлы, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының  дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды кезең.Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы, қиын да жауапты жұмыс. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңдығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі ойлап табу. Яғни, оқушының қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаттарының бірі. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың мәні зор. Ал сол шығармашылық қабілеттерді дамытудың көптеген әдістері мен тәсілдері бар. Енді соларға көңіл аударайық:
Шығармашылық қабілеттер әр бастауыш сынып оқушысының бойында болады. Қабілеттердің бірдей еместігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілеті болғандығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болып келеді. Мысалға: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара қатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.
Бастауыш сыныпта көп берілмейтін шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі- өлең жазғызуға баулу. Бұл жұмысты 1- ші сыныпта әліппеден кейінгі кезеңнен-ақ бастаған жөн. Ол үшін оқушыларға ең алдымен ұйқас сөздің мәнін түсіндіріп, өлеңдердегі ұйқастарды табуға тапсырма беріледі. Сонан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, сосын буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:
1)у-у-у сыныпта дос болу

2) та-та-та түйенің төлі бота

Ауылға барамын, ботаны іздеп табамын. Осы тәртіппен үйретіле бастаған бұл жұмыс кейіннен күрделене түседі.
3) өлеңнің бірінші жолын беріп, қалған 2-ші,3-ші,4-ші жолдарын ұйқастарды ескере отырып, балалардың өздеріне жалғастыру ұсынылады.
Әрине, бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін мұндай әдісті тұрақты түрде және жиі қолданып отырған жөн. 2,3,4 сыныптарда оқушылар өлең шығаруға төселіп алады.
Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы- әңгіме, ертегілер жазғызу.

Осы тәріздес жұмыстар баланың қиялын шарықтатып, шығармашылығын дамытуға ықпал етендігіне көз жеткізуге болады.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар және мақал-мәтелдермен жұмысты жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиуі мүмкін.

Жұмбақтар- көркем миниатюра. Оларды салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды.
Бастауыш сыныптардың “Ана тілі” оқулықтарында берілген мақал-мәтелдерді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Бұл жанрмен жұмыс төмендегідей ұйымдастырылады:
1. Оқиғаға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.
2. Керісінше, мақал-мәтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау.
3. Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айтқызу.
4. Мақалдың мағынасын ашатын суреттер жинау.
Бала шығармашылығын тек ана тілі, қазақ тілі сабақтарында ғана дамытуға болады деу дұрыс емес. Кез-келген сабақта баланың бойындағы қабілеттерді дамыту басты мақсат болуға тиісті.



Әсіресе бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабақтарында балалар шығармашылықтың түрлі- түрлі қырларын көрсете түседі. Портретті ойлап тап та, жинап ал – шарты : мұғалім көз, мұрын, ауыз, құлақ, шаш үлгілері салынған карточкаларды тақтаға іліп қояды, ал оқушылар сол үлгілерге қарап отырып ойлап тапқан адам бейнесін құрастырады.
• Аңдардың бейнесін құрастыр – шарты: мұғалім әр балаға аңдар немесе жануарлар бейнеленген суреттерді дене мүшелерін бөлек қиып таратып береді, ал оқушы сол бөліктерді құрастыру керек.

Балалардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашудың және дамытудың тағы біртәсілі: әңгіме бойынша сурет салу.
Оқушылардың жаңа ғана айтылған ертегі немесе нақылға орай қандай да болмасын сурет салуды сұрау. Бала өзін бейнелеу өнерінің шебері ретінде сезінеді, сонымен бірге әңгіменің мазмұнын есінде жақсы сақтап қалады. Өйткені ол әңгіменің мазмұнын ішкі сезімімен жеткізуді көздейді.
Белгілі бір суретке қарап, соның суретін салғызуға болады. Ол үшін:
1. Суретті мұқият қарауға уақыт беру.
2. Оқушыларға берілетін тірек - схемалар:
- Сенің ойыңша мына сурет қашан салынған?
- Суретші қандай көңіл күйде болған?
Осы сияқты тағы басқа да суреттер бойынша әңгіме құрастыруға болады.

Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Мұражайға апару;

  • Әртүрлі кездесулер өткізу;

  • әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;

  • Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.
Әрине баланың шығармашылығын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын жаттығулар мен тапсырмалар, әдістер мен тәсілдер сан алуан. Сабақ құрылымына шығармашылық пен зерттеуді ендіру және қолдана алу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бастауыш сынып оқушысы ермексаз тәріздес, қандай пішінге келтірсең сол қалыпта ары қарай орта буынға кетеді. Баланың шығармашыл не болмаса қалыпты, басқалардан ешбір айырмашылығы жоқ тұлға болары біздер, бастауыш сынып мұғалімдерінің қолында.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Бастауыш сынып о?ушыларыны? танымды? шы?армашылы? ?абілеттерін арттыру

Автор: Хами Санду?аш Беркін?ызы

Дата: 12.02.2016

Номер свидетельства: 292454


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства