Бастауыш мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру
Бастауыш мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру
Сауаттылы? т?л?аны? т?ра?ты ?асиеті болып табылатынды?тан, функционалды? сауаттылы? сол т?л?а ме?герген белгілі бір білім-біліктерден к?рініс табады. ?йткені функционалды? сауаттылы??а адам на?ты білім алу кезе?дерінен ?ткеннен кейін ?ол жеткізеді. Б?л орайда білім белгілі бір сауаттылы? де?гейін ?амтамасыз ететін ??рал ж?не на?ты іс-?рекеттерді? н?тижесі ретінде ?арастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді о?ытуда білімні? т?пкі н?тижесі деп саналатын ??зыреттіліктерді? бірт?тас бірлігі ретіндегі функционалды? сауаттылы?ты? м?нін, р?лін ай?ындауды?, оны мектеп т?жірибесіне ендіруді? уа?ыт талабымен толы? сай келуі де зерттеу та?ырыбыны? ?зектілігін д?лелдей т?седі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш мектеп о?ушыларыны? функционалды? сауаттылы?ын ?алыптастыру»
«Атбасар ауданы білім бөлімінің
Атбасар қаласы №7 қазақ орта мектебі» КММ
Мектепішілік педкеңесте оқылған баяндама
Баяндама тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Дайындаған: Халел Марзия
2015ж
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, мемлекеттік тілді оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзыреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындаудың, оны мектеп тәжірибесіне ендірудің уақыт талабымен толық сай келуі де зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдей түседі.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.
Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:
оқу, жазу сауаттылығынан;
жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;
математикалық сауаттылығынан;
компьютерлік сауаттылықтан;
денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;
құқықтық сауаттылығынан.
Қоғамның ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін еліміздің мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі – еліміздің жастарын сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғалар қалыптастыру болып табылады. Білім мен ғылымның түрлі саласында білікті жастарды тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыруға өз үлестерін қосатын азаматтар етіп тәрбиелеуде қазіргі заманғы ұстаздардың еңбектері орасан зор. Себебі бүгінгіоқушылар ертеңгі әртүрлі салалардың мамандары екені айдан анық. Сондықтан еліміздің болашағы жастардың қолында болса, ал олардың алып жатқан білімдері мен тәрбиелері ұстаздардың қолында екені түсінікті. Демек, еліміздің кемелденіп өсіп-өркендеуі ұстаздар қауымына тікелей байланысты екендігі даусыз. Шәкірт өздігімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, солай ғана ол білімді өз өмірінде қолдана алады. Шәкірт өздігімен және басқалармен бірлесе ізденіп, оны қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгеретінін шешіп, бұл білімнің өз өміріне қалайша қажетті болатындығын айқындауы керек. Міне, осы мәселелерді шешуге оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар жол сілтеуші және бағыт-бағдар беруші ұстаз шәкірт үшін – өмірлік бағдаршам іспетті. Бүгінгі күннің басты талабы оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана алуға тәрбиелеу болып табылады. Ал ол үшін мұғалімнің атқаратын қызметі өте маңызды.Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, әрбір шәкірттің жүрегіне жол таба білуі.Құзіретті ұстаз ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Күнделікті жаңа ақпараттармен қаруланып отыратын өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға қызметі. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Бүгінгі жаһандану заманындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі, яғни бүгінгі ұстаз тек мектепте білім берумен қатар, шығармашылықпен (оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жобаларға дайындау және жинаған тәжірибесі бойынша оқу-әдістемелік құралдар жазумен) айналысу арқылы өзін жан-жақты шыңдап, пысықтап бәсекеге қабілетті етіп үнемі үздіксіз ізденіп дамып отыруы керек.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үрдісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын процесс қажет. Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білім мен практикалық біліктілігі – құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады. Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу – бүгінгі күн талабы.Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек.