-О?ушыларды? санасына ту?ан хал?ына деген патриотты? сезім ?ялатып, ?лтты? рухты сі?іру. Сондай-а? тілі мен ?дебиетін, тарихы мен ?нерін ?астерлеп, салт д?ст?рін ме?герту;
-?р о?ушыны дара т?л?а деп танып, оларды? бойына ?немі о?ып ?йренсем деген ізденімпазды? ?асиет дарыту, олар?а ?здігінен білімдерін толы?тырып тере?дету т?сілдерін жа?а технологиялармен, ?діс т?сілдермен байланыстыра отырып дамыту;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
-Өз мүддесі мен қоғамдақ мүдделерді ұштастыра білетін, зиялы, адамгерші-лігі мол, денсаулығы мықты жеткіншек тәрбиелеу;
-Оқушылардың санасына туған халқына деген патриоттық сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру. Сондай-ақ тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт дәстүрін меңгерту;
-Әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып тереңдету тәсілдерін жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту;
– Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық.Қазіргі кездегі білім беру саласындағы заман талабына сай инновациялық оқыту технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдары және заманауи әдістерін қолдану арқылы келер ұрпаққа сапалы білім беруге мүмкіндіктер жасалған. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Американ профессоры Дэвид Клустер «Сыни тұрғыдан ойлау-өзіндік, жеке ойлау. Ал сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін, бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біреу үшін біреу сыни ойлай алмайды, әркім барлығын өзі үшін жасайды. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады. Өз бетінше жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек» деген екен. Сондықтан да мен сабақтарымда оқушыларды ойландыратындай стратегияларды көбірек пайдаланғанды жөн көрдім.
Сыни тұрғыдан ойлау-бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Бұл жоба атақты ғалым зерттеушілер Ж.Пиаже мен Выготскийдің даму теорияларында басшылыққа алынған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды деп көрсетілген [1. 49].
Сыни ойлауды дамыту модулін жүзеге асыру бағдарламасының құрылымы үш фазадан тұратындығын ескеру керек. Олар өздерінің қызметтеріне байланысты аталады: қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс. «Үш сатылық құрылым белгілі стратегиялармен қатар бұрынғы білімді жаңа біліммен ұштастыруға; өзінің мүмкіндіктеріне ой толғау жасауға; пайда болған білімдерді қоршаған ортамен арақатынасты көруге ықпал етеді, өзіндік ойлауды дамытады және барлық іс-әрекетке оқыту үдерісіне ықпал етеді» [6. 12] .Сыни ойлауды оқыту барысында толық теориясымен танысқаннан кейін оны тәжірибемізде қолдана аламыз. Сыни ойлауды дамыту бағдарламасының дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыларды сыни ойлауға үйрету оңай нәрсе емес. Оны белгілі кезеңде орындап, кейін ұмытып кетуге болмайды. Бұл процес жүйелі әрі тиянақты түрде өтілуі қажет. Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторларды яғни,балалардың білім алу үдерісін түсінуі, нені оқу керектігін түсінуі, білім алу үдерісін қалай құрылымдау туралы ұғымның қалыптасуы, сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруді[3.14-бет]назарда ұстай отырып, оқушыларға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсетуді ұстандым. Нәтижесінде, оқушы осындай факторларды жүзеге асырғанда ғана білімді сапалы түрде алады деп топшыладым. Сондықтан да сабақтарды жоспарлағанда оқушыларда сыни ойлауын тудыратын сұрақтар немесе деңгейлік, кеңейтілген, құзырлылық тапсырмаларды сабақта қолданамын. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімдісі оқытудың жаңа стратегиялары.
Сабақтарымда жаңа заман талаптарына сай түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, оның жемісін көрудемін. Атап айтсам:
1-кесте Диалогті оқытуда қолданылатын стратегиялар:
2-кесте Сыни ойлауда қолданылатын стратегиялар:
ТВ шоуға оқушылар қатысқанда қысылмай, ашық сөйлеп, белсенділік танытқанын байқадым. Оқушылар «Кешкі тамақты қай кезде ішкен дұрыс?» сияқты түрткі және ашық сұрақтарды қоя білді. Жалпы ТВ шоу бағдарламасына оқушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысып, диалогтік қарым-қатынасқа түскенде емін-еркін сөйледі. Бұл бағдарламада оқушылардың ойлау, сөйлеу, сыни ойлау қабілеттері артып, тіл байлығы, сөздік қоры диалогтік оқыту әдіс-тәсіл аспектісі арқылы жүзеге асты. «Блум текшесі» әдісін қолданғанда «Қандай?» сұрағына «Жүйке жүйесінің қызметі қандай?», «Не үшін?» сұрағына «Адамға жүйке жүйесін күту, сақтау қажет пе? Не үшін?», «Неліктен?» деген сұрақты «Неліктен басқа ағзаларға қарағанда ең бірінші жүйке жүйесі шаршайды?» ашық сұрақтарымен оқушылар толықтыра білді. Ол әдістің оқушылардың сыни ойлай білуіне септігін тигізеді. «Балық сұлбасына» және өз қиялдарынан әр түрлі постерлер салып, оны қорғай білу дағдылары қалыптасып келе жатыр. Оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде идеялармен пікір алмасып, болжамдар ұсынып, талқылап, диалогтің зерттеушілік әңгімесі іске асты. Оқушылар зерттеуге үйреніп, бір шешімге келуге үйренгенін байқадым.
«Ақылдының алты қалпағы»- Эдвард де Боно әзірленген әдістеме, ол әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегіндегі шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.[1. 73-бет] Бұл әдісті қолдануда оқушылар фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде бере білуге; ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіруге; оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстарды бере алуға; жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар және жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіріп қорытындылай білу дағдылары қалыптасты.
Диалогті оқытудың маңыздылығы оқушыларды терең ойлауға, сынып ішінде топқа бөлу, сандық бағалау емес сапалы бағалау жүйесіне және әр оқушыға жақындай түсуге мүмкіндік туды.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдану барысында, оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқу үдерісі мен материалды терең игеруге ықпал етті. Оқу барысында, оқушылар оқшауланып қалмады. Бірлескен зерттеу жұмыстарда, үнемі бір-біріне қолдау жасап, топтық рух мадақтау көрініс табуы, олардың арасында топта жұмыс істеу, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттері қалыптасты.
Диалогтық интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті ойлауына әсер етеді. [4. 9-бет].Диалогтық қатынаста сұрақ түрлерін қою түрлерін қолдану маңызды әрекеттеріміздің біріне айналды. [3. 14-бет] Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. [1. 101-бет]
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың әр түрлі техникаларын пайдаландым: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы керек. Қайта бағыттауға арналған сұрақтарда мысалы, «Топ мүшесіне көмектесе алатындар бар ма?»
Мен өз тәжірибемде, оқушылардың жауаптарының ұзақтығына қарамастан, күтіп басқа оқушыларға бағыттап отырамын. Сол арқылы диалогтық қарым-қатынастың жақсаруын бақылап, әрі қарай қалай жұмыс істеу керектігіне түрткі болады. Тaлқылaу мeн диaлoг өзiнiң тaнымдық әлeуeтiмeн epeкшeлeндi. Диaлoг бapыcындa бaлaлapғa бaлaмaлы мүмкiндiктep бepiлiп, бacқa aдaмның көзқapacын өзiнiң тұжыpымдaмaлық түciнiгiн тepeңдeтiп, дaмуын ынтaлaндыpaтын әдicтepмeн қapacтыpу ұcынылaды.Oқушылapдың тaқыpыпты түciнуiнe қoл жeткiзуi үшiн мұғaлiмдep қoлдaнaтын cұpaқтapдың eкi түpi: төмeн дәpeжeлi жәнe жoғapы дәpeжeлi cұpaқтap кeң қoлдaнылaды. Oқушының бiлiм aлуын қoлдaу үшiн cұpaқ қoюдың түpткi бoлу, cынaқтaн өткiзу жәнe қaйтa бaғыттaу cияқты әpтүpлi тeхникaлapын пaйдaлaнуғa бoлaды.Бастауыш сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақ тақырыбына байланысты ойын элементтерін көбірек енгізіп, сабақты түрлендіріп және сабақтың кезеңдері арасында байланыс орнату үшін, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырып отыру үшін, сергіту сәттерін ұтымды ұйымдастыру үшін АКТ-ны пайдаланамын. Ойын арқылы баланың сөйлеу қабілеті, оқуға деген ынтасы, белсенділігі арта түседі. Сабақта пайдаланылған стратегияларды оқушылардың өзіндік, топтық жұмыстары арқылы жүзеге асырып отырамын. Мәселен оқушылардың өздік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру сабақ сапасының артуына септігін тигізеді. Теориялық білімнің терең бекіп, жүйелі қалыптасуына өздік жұмыстың дұрыс таңдалып алынып, құрастырылуына байланысты болады. Мұғaлiмдep oқушылapды жұмыcқa ынтaлaндыpaды жәнe cыныптa бoлaтын жaғдaйлapдың бәpiнe бeлceндi қaтыcуғa мүмкiндiк бepeдi. Oқушы oқу үдepiciнe бeлceндi қaтыcқaндa ғaнa мaтepиaлды тepeң мeңгepугe қoл жeткiзeдi. Жәнe oлap өз бeттepiмeн жұмыcты oйлaнa, бipiгe ынтымaқтacтық aтмocфepa қaлыптacтыpa oтыpып aтқapaды. «Oйлaн, жұптac,бөлic» әдiciн қoлдaну бapыcындa мeн oқушылapымның cыни тұpғыдaн oйлaу apқылы мeн өз cыныбымдa жұптacып жұмыcтaну бapыcының тиiмдi тұcтapының тиімділігіне көз жеткіздім. Ceбeбi oзaт oқушылapым нaшap oқитын oқушылapғa шығapылғaн eceптepдiң шығapылу жoлын eгжeй-тeгжeйлi түciндipiп cыныптыcтapын aлғa жeтeлeумeн бoлды. Бұл көpiнicтeн мeнiң түйгeнiм oқушылap бipiн-бipi үйpeтiп, жaңa caбaқтapды мыcaлдap кeлтipiп бipiн-бipi cыни oйлaнуғa жeтeлeп oтыpды дeп eceптeймiн. Әp oқyшы caлыcтыpy, түciндipy cипaттay , пiкip құндылығын түciндipy apқылы жaңa бiлiмiн пaйдaлaнa бiлiп, aлынғaн aқпapaттapды жiктeп тeкcepe бiлy coңғы шeшiм бapлық көpгeн бiлгeнiн қopытy apқылы өзi шeшiм ұcынa бiлy шeбepлiгiмeн epeкшeлeнiп, caбaқ бoйындaғы aқпapaттapын, дәлeлдeмeлepiн cыни кpитepийлep apқылы oй түюiн қaлыптacтыpy.
Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет – журналдармен, интербелсенді тақтамен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесінде оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім жетті. Сабақтың барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім секілді ерекшеліктерге мән бере отырып, сабақ барысында әрдайым оқушылардың белсенді болуға, дәлелдерді талдай алуға, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат тұттым. Осында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін-бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан-жақты болуға, ынымақтастықпен бір-бірін құрметтеуге үйретті.
Сабақта оқушыларға эссе жазғызу арқылы олардың ішкі жан-дүниесіне үңілуге және сыни тұрғыдан ойлауын саралауға болады. Мен әр сабақтарымда эссені түлендіріп жазғызамын. Мысалы сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссені жиі қолданамын.Осы тұрғыда оқушылардың жазып келген «Ең жақын кім адамға?» тақырыбындағы эсселерін оқыттым. Ерғали өз эссесін «Ең жақын кім адамға?» деген сұрақпен бастап, керемет ой-толғауын жаза отырып, анадан жақын адам бола ма? деген сұрақпен аяқтапты. Осындай ойлар тұрғысында ұйымдастырылып ұсынылған жұмыстар аз да болса оң нәтиже көрсете бастағандай болып көрінеді
Осы уақытқа дейінгі өткен сабақтарым бойынша: мотивациясы төмен оқушы сабақта мұғалімнің көмегімен, жетелеуімен ойын жеткізе алмайтын еді, ал жаңа әдістерді сабақта қолданудың тиімділігі оқушы топпен жұмыс істеу кезінде топтағы оқушылармен ілесіп, өз ойын жеткізіп, сабаққа қызығушылық танытып, өздігінше қосымша материалдар іздеп, өзінің шығармашылығын көрсетуде. Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмаға қол жеткізу үшін топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасап, оқушылармен бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге арналған ой-пікірлер айтып талқылады, бұл диалогтық оқыту оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне ықпал жасап, сабаққа қызығушылығымен қатар өз ойларын толық жеткізуге көп көмегін тигізді. Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі үйретіп жатқанын көрдім. Топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, көшбасшылар қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жаңашырлықпен көмектесе бастады.
Оқушыға сыни тұрғыдан ойлауға үйретпесек, олар өз-өзін қалай бағалайды? Шульман айтқандай, мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса, бала бәрін де сезеді.
Сабақтарымды ерекше, жаңа стратегияларды пайдаланып өтуім, оқушыларыма еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы болғандықтан, осы талаптарды әрі қарай дамыту әрине әр мұғалімнің парызы.
Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.
Мен өз баяндамамды: “Оқушы толтыратын ыдыс емес, оқушы – бұл алау, оны жаға білу керек” – деген ұстанымыммен аяқтаймын.
Пайдаланған әдебиет:
[1] Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013 ж.
Үлестірме материалдар екінші апта. [2] «Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» C. Бич, 2012ж
[3] Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар
[4] Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы, 2014ж.
[5] Бастауыш сынып журналы-2014
[6] С.Мерсейтова.«Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту» 2012