kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауыш сыныпта математикадан дарынды оқушыларды анықтау және қолдау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім алуда.

Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл- күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауыш сыныпта математикадан дарынды оқушыларды анықтау және қолдау"»

Бастауыш сыныпта математикадан

дарынды оқушыларды анықтау және қолдау

Қазіргі мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды балалармен жұмыс. Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп білім алуда.

Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар қажет, сондықтан мектептің міндеті осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету. Бүгінде бұл- күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.

Математика үйірме жұмыстарында, факультативтік сабақтарда пәнге қызығушылық танытқан оқушыларға олимпиада, логикалық есептерді талдай отырып шығарту - олардың ой-өрісін математикалық қабілетін дамытудағы тура жолдың бірі. Оқушылардың математикаға қабілеттілігі - ол бір құбылыс . Ол қабілеттіліктертің төмендегідей 3 компонентін бөліп алуға болады: алгоритмдік, геометриялық, логикалық. Сондықтан оқушыларға осы 3 компонентті де қамтитындай есептерді біртіндеп шығару арқылы олардың математикалық есеп шығару мәдениеті қалыптасады. Сондай тапсырмаларға мысал келтірсек, 6 тең шаршыдан құрастырылған фигурадан 3 шаршыдан тұратын фигура шығатындай етіп 5 шырпыны алып тастау керек.


Шешуі:







Көрсетілген фигурадағы 6 шырпының орнын ауыстыру арқылы 6 бірдей төртбұрыштан тұратын фигура құрастыру.


Шешуі:



 








Дарынды оқушыларға арнайы жоспар құрылып, әрбіріне арнайы пака жасақталады. Олардың даму
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтер арасындағы пікірталастардың негізі болып келеді. Дарынды балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін қарастыра отырып олардың арасындағы жекелеген айырмашылықтарға көңіл аударуымыз қажет. Бұл айырмашылықтар балалардың қай бағытқа қызығатынына, ақыл-ойының даму қарқынына, яғни дарындылық қасиеттерінің дамуына байланысты. Мектеп табалдырығын аттаған 6-7 жасар баладан белгілі бір білім мен дағды ерекшеліктерін күтуге болады. Мысалы, әріптерді білуі, сөздерді буынға бөлуі және 20-ға дейін санай білу, жұмбақ пен ертегілерге деген қызығуы, т.б., яғни дарындылық белгісі әр жастағы бала ерекшелігіне сай түрлі сипатта болуы мүмкін. Мектептегі күрделі пәндердің бірі-математика. Психологиялық-педагогикалық зерттеу көрсеткендей 6-7 жастағы балалардың барлығы бірдей математика курсын мектеп бағдарламасына сай меңгеруге дайын емес. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің міндеттерінің бірі - баланың математикадан білім деңгейін анықтау және оқып-білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар мынаны білуге тиісті:

  • Санау, сандық және реттік сандарды дұрыс пайдалану;

  • 10-ға дейінгі сандарды салыстыру, қайсысы көп, аз екенін ажырата білу, тең емес заттардың санын теңестіре білу;

  • Заттардың пішінін ажырата білу;

  • 10 затқа дейін көлеміне қарай салыстыра және реттік өсуі, кемуіне қарай орналастыра білу керек.

Осыған орай, бастауыш сыныптан бастап логикалық ойлау қабілетін дамытатын вербальді  тапсырмаларды орындатуға дағдыландырған жөн. Мысалы, комбинаторика және логика бөлімінде берілетін комбинаторикалық есептер балаларды терең ойлап әрі қызыға орындайтын тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмаларды таңдап алу, тармақтар ағашы арқылы орындайды. Мысалы 100 метрге жүгіруден финалға Арман,Серік және Нұрлан шықты.Оларға жүлделі орындар берудің мүмкін нұсқаларын қарастыр. Мұнда шешімін табуда тармақтар ағашы арқылы мүмкін нұсқаларды табады.

Дарынды балалармен жұмыстар жүргізуде арнайы бағдарламалардың қажеттілігі қазіргі өмір талабы. Ол қандай болу керек? деген сұрақтың толғандыратыны даусыз.

Қосымша жұмыс – дарынды оқушының жеке қабілеттерін, ынта-ықыласын, қызығуын, құнды бағдарын шыңдап жетілдіреді, индивидтің тұлғалық мінез –құлқын реттейді. Сонымен бірге, оқушы еңбегінің жемісін күнделікті бағалап отырудан да көруге болады. Өйткені, еңбегінің жемісін күнделікті бағаланатынын сезінген бала алға ұмтылып, жақсы оқуға ынталанады. Бұның негізгі мәні мұғалімнің оқушыны үлгеру, үлгермеушілігіне байланысты қабылдауының себебіне тәуелді. Мұғалім бойындағы мұндай стратегияларды жою үшін төмендегідей белгілер міндетті түрде орындалуы қажет:

Оқушының мүмкіндігін шектемеу.
2. Оқушыны психологиялық тұрғыдан зерттеп білу.
3. Бағалаудың объективтілігі, жариялылығы, оперативтілігі, кезінде атқарылуы.
4. Оқушының сабақтағы қиыншылығын бөлісу.
5. Мұғалім өзінің субъективті ішкі пікірлерін жоя білу.

Бұл белгілер жойылған кезде, бала бойындағы таным әрекеті белгілі бір жүйеге енеді. Оқушының танымдық әрекетінің жоғары деңгейде дамуы шығармашылық әрекетке әкеліп тірейді.

  Дарынды балаларды оқытудың мақсаты жекелеген тақырыптарды тереңдете оқыту, ғылымға ұмтылу. Дарынды балалардың қызығатын пәнін өз қатарынан тереңірек меңгеруге мүмкіндік беру жолы. Терендетілген оқыту бағдарламалары балаға бір немесе бірнеше білім саласында жоғары құзыреттілік деңгейіне жетуіне көмектеседі. Жеделдете оқытуды ескере отырып баланың кейбір ерекшеліктерін арттыруға болады: баланың таңдауға қызығуы артады, ақыл-ой қажеттілігі дамиды.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандылық, қабілеттілік дегеніміз не?», «Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Неліктен кейбір қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жасай алмақ. Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбіне мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық. Өкінішке орай дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алынып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан еліміздегі жоғары оқу орындары осындай категориялы оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдерді даярлау мәселелерін қарастырмаған. Дарынды оқушыны анықтау, дамыту және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақталған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды.

Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезеңде бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жоба жұмысына қатысып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ бастауыш сынып оқушысы әрине, өз бетінше еш әрекет ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы, баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын білуге, ізденуге құштарлығын шыңдай түседі.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бастауыш сыныпта математикадан дарынды оқушыларды анықтау және қолдау"

Автор: ТЕНИСБАЕВА ЛӘЗЗАТ МАРАТКЫЗЫ

Дата: 27.11.2022

Номер свидетельства: 618524


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства