Бастауыш сыныпта ннтерактивті оқытудың әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану
Бастауыш білім беру дегеніміз бұл оқушы санасының ең жылдам дамитын аса құнды, қайталанбас кезеңі болғандықтан да бастауыш мектеп-оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы екендігі сөзсіз. Яғни, санасын қалыптастырып, білімге деген құлшынысын оятатын, ертеңге сеніммен қараудың бастамасын беретін бастауыш мектептің мойнына артылған жауапкершілік өте үлкен. Сол бастауыш мектептің асқан жауапкершілігін жүзеге асырушы бірден бір тұлға мұғалімнің өз ісінде интерактивті оқыту технологияларды қолдануы оқу үрдісінің сапасын арттырып, қай қырынан алса да тиімділігін танытады. Заман талабына сай интерактивті оқыту технологияларды оқу үрдісінде қолданудың ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең бастысы технологияларды әрқашан да тиімді, жүйелі қолдану керек. Интерактивті оқыту технологияларды бастауыш сыныптарда оқыту үрдісінде қолданып, біраз нәтижелерге қол жеткізуге болады: 1) түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі. 2) оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады. 3) олардың әрқайсының деңгейін анықтай алуға болады. 4) оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар. 5) оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. 6) оқушылардың қабілеттері, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады. 7)жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады. математика , қазақ тілі, дүниетану, әдебиет сабақтарында топқа бөліп оқыту, рөлдік ойын элементтерін, пікір сайыс, жұппен жұмыс интерактивті оқытудың элементтерін пайдаланамын.Әсіресе топтық жұмысты математика сабағында көп қолданамын.Топпен жарысқанда ,оқушылар тапсырмаларды шапшаң, тез орындайды. Балалардың қызығушылықтары мен талпыныстары өте жоғары деуге болады.
Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады.Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйренеді, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданамын.
Пікір-сайыс сабағы,проблемалық іздену сабақтары,интеллектуалды ойлау сабағы осы жаңашылдықтардың барлығы да оқыту үрдісінде интерактивті технологияларды қолдана отыра, сабақ сапасын арттыру элементтері болып табылады. Мектептің бастауыш сатысында оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың өзара іс-әрекетпен мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыру арқылы оқушының ойлау белсенділігін арттыруға, сабақта интерактивтік әдісті тиімді пайдалануға болады. Мұнда негізгі және жетекші үрдіс – іс-әрекеттегі оқытуды ұйымдастыру. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушылардың өздері ақпараттар жинап, өздері жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп, жауабын тауып, өзінің көзқарасын логикалык, түрде дәлелдейді. Ол өз пікірін бір-біріне топта, сынып алдында айта алады. Мұнда жеке оқушылар тапсырмаларды шапшаңтұлғаның рухын тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысын қалыптастыруға басты назар аударылуы тиіс. Білім мазмұнын меңгеруде оқушылардың жаңа процессуальдық біліктілігіне, ақпаратты алдын-ала болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөлінеді. Математика сабағында оқушылардың оқу біліктілігімен қатар ойлауы, іс-әрекеті, өзара қарым-қатынасы және өзінің сана-сезімі дамып, қарапайым ойлау операциялары (анализ, синтез, салыстыру, сұрыптау) және шығармашылық іс-әрекеті қалыптасады. Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі деген ойдамын.Интерактивті оқыту әдісінің қай элементтерін алсақта, оқушылардың шығармашылығын дамытуға маңызы зор және де әлі де білімдерін шынықтырып, сабақтарда үлкен жетістікке жетемін деген ойдамын. Назарларыңызға рахмет, еңбекте табыс, шығармашылық жетістіктер тілеймін.