kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша жазуларын қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жазу тілі көзбен қабылданады. Қолмен іске асырылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша жазуларын қалыптастыру»


Мектеп:Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,

Ақжар ауылы,Сарытау жалпы білім беру орта мектебі

Мұғалім: Калиева Жанна Айткеновна

«Бастауыш сынып оқушыларының сауатты жазуын қалыптастыру жолдары » баяндама

Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты- балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірі-мен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есіту- кинестезиялық нерв байла-ныстары арқылы өтеді.Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты,сон-дықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа түрлі суреттермен белгілеп , қалдырған. Бұл кезең – идеографи-калық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.Кейінірек иеро-глифтік жазу шықты.Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген, іздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Жазудың құралына алфавит, графика және орфография (емле) енеді. Алфавит -тіліміздегі әріптердің белгілі бір жү- йемен орналасу тәртібі.Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің ай-тылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавит пен графиканы меңгеру- оқу мен жазудың (сауат ашу-дың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалып-тастыруды көздейді. Алайда жазу-ды меңгеру оның тағы бір басты бө-лігі орфографияны (немесе жазу, са-уатты жазу) игеруді қажет етеді. Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графика-лық түрде қарым-қатынас жасу мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтере береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады. Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл оқушы қауымға арналады; онда автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңайюы, т.б.с. бәрі сол арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді.Бұл айтылғандар бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екен-дігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, қосу сызықтары) сызып,жүргі-зу арқылы жаттықтырылады. Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйым-дастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автомат-талып, әуелі әріптерді, сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады. Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде-ақ дағдыланады деудің жөні жоқ . Себебі олардың кей біреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйым-дастырылады.Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет- сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады. Орфогра-фия жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ереже-лері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу), оны дұрыс қолдану жатады. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді. Бір орфографи-ялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша, орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі- мор-фологиялық принцип, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша ара-лығында да (басшы, башшы емес), сөз шекарасында (боз құнан, бозғұнан емес) біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай емес) сақталып жазылады. Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс-әріптерге бірік-кен бірсыпыра сөздер бар (клуб, педагог т.б.).Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң ды-быстарға айналады, яғни д, г,б дыбыс-тары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады.Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады: педагогке, клубтан т.с Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі. Қазақ тілінде фоне-тикалық принципке сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қа-лам, кітап т.б. Кейде көнерген, біріккен сөздер дәстүрлі принциппен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б. Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.Бұл жұмыстардың мақсаты -балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету.Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады : 1.Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішін-дегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болуы.2. Әріптердің биіктігі біркелкі болып шығуы.3. Сопақша және жарты сопақша құрсау түріндегі әріп элеметтерінің, сондай-ақ қисық түзу сызықтан құра-латын әріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырылмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы. 4. Әріптердің кескіні қабылданған үлгіге сәйкес дұрыс жазылуы.5. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы.Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету.Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады. Жазу барысында орындалуға тиі ережелерді мұғалім бала-ларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бырыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3см қашық ұстап түзу отыру керек.Екі иық кеудемен бірдей, түзу тұруға тиіс. Дәптерге жарық сол жақтан түсіп, қолы жазуды кө-леңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дәптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түскен сайын жоғары жыл-жытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дәл орта тұсында болу керек. Дәптер де оқушының көкірегінің дәл орта тұсында жатсын. Әйтпесе басты оңға я солға қисату немесе дәптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен және жазу аспаптарымен таныс-тыру,партаға қалай отыру, дәптерді қалай қою,қаламды қалай ұстау ере-желерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттық-тыру, білекті қимылдатуға жаттықтандыру керек.Әріп элементтерінің, әріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу әдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйре-теді. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дәптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дәптер-лері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі.Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізі-леді:1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады. 2. Са-бақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жатты-ғуды, әріп элементтерін, сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұға-лімнің қолының қалай қимылдау жайын қарап, бақылап отырады.3. Мұ-ғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан-ұқ-пағандарын анықтап алып, жазуға кіріседі.4.Мұғалім партаны аралап жүріп, жазу процессін бақылайды.5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылар-дың кемшіліктері мен жіберген қателері айтылады, үзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфогра-фиялық танымның әсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздер мен олардың формаларының әсерінен аз да болса білім, тәжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дәрежесіне же-теді. Бірақ неге олай жазғанын әлі айтып бере алмайды. Мұндай құбы-лысты кейде орфографиялық сезім деп те атап жүр. Кейінірек грамма-тикалық білім алғанда мұндай орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.Жазуға үйрену тілдің ерекше-ліктеріне қарай, әр түрлі дәрежеде өтеді: фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізу, дыбыстарды дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды танытады, сөздердің мағынала-рын түсініп, ережелерді үйрену басым болады.Жазуға үйрену үшін қа-жетті жағдайлардың бастылары:1. Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау.Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыра-тын сөздерінің,сөйлемінің, мәтіннің мағынасын оқушылардың анық тү-сінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн. 2. Сөздің айты-луына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал,тыңда,зейін аудар, т.б. Жіберілген қателермен жұмыс жасау: жазғаныңды тексер,түзет, қайта жаз осыған ұқсас мысал ойлан, т.б. оқу-шылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға бау- лау.3.Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, «неге?» сұрағын көбірек қою. 4.Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық-әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жат-тығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шы-ғарма) кезектестіріп өткізу.5.Грамматикалық жаттығуларды сөздік- орфо-графиялық жаттығулар мен кезектестіру. Орфографиялық дағдыға төсе-луіне қарай, ереженің оқушы үшін мәні өзгереді.Алғашқы кезде бала ере-жеге мұқтаж болса, бірте-бірте сауатты жазуға жаттыққан сайын оның мәнділігі жойыла бастайды .Оқушы жазуға дағдыланға кезде оған ереже-нің мүлде қажеті бола қоймайды.Орфографиялық дағды жөнінде айтыл-ғандар пунктуацияға да қатысты. Оның да өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сынып оқушыларының жазбаша жазуларын қалыптастыру

Автор: Калиева Жанна Айткеновна

Дата: 16.04.2018

Номер свидетельства: 466363


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства