Бастауыш сыныптарыны? ?аза? тілі саба?ында инновациялы? технологияларды ?олдануды? тиімділігі
Бастауыш сыныптарыны? ?аза? тілі саба?ында инновациялы? технологияларды ?олдануды? тиімділігі
«Білім беру ж?йесіні? басты міндеті – ?лтты? ж?не жалпы адамзатты? ??ндылы?тар, ?ылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды ?алыптастыру?а ж?не к?сіби шы?дау?а ба?ыттал?ан білім алу ?шін ?ажетті жа?дайлар жасау, о?ытуды? жа?а технологияларын енгізу, білім беруді а?параттандыру», - делінген ?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» За?ында.
?азіргі та?да елімізде болып жат?ан жа?артулар о?у-т?рбие ж?мыстарыны? ба?ыт-ба?дарыны? заман талабына сай жасалуын міндеттейді.
ХХІ ?асыр – жеке т?л?аны ?алыптастыру, ізгілендіру, дамыту ?асыры. Олай болса, м??алімдерді? алдында т?р?ан бірден-бір ма?сат о?ушылар ал?ан білімдерін пайда?а асырып, ?з бетінше ?рекет ете алатын, оларды т?рлі ?мірлік жа?дайда ?олдана білетін, ?мірге ?зіндік к?з?арасы бар азамат болып жетілуіне к?мектесу.
М??алімні? шеберлігіні? негізі к?рсеткіштеріні? бірі - ?дістеме саласында?ы ?ылыми жа?алы?тар мен озы? т?жірибені жетік ме?геру, игеру. Оларды ?зіні? к?нделікті ?ызметіне пайдалана білу, м??алімні? шы?армашылы? е?бегі е? алдымен саба?пен байланысты.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарыны? ?аза? тілі саба?ында инновациялы? технологияларды ?олдануды? тиімділігі »
Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
1.1. Деңгейлеп оқыту технологиясы
1.2. Жобалап оқыту технологиясы
1.3. Модульдік оқыту технологиясы
1.4. Дамыта оқыту технологиясы
ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
2.1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдіс – тәсілдері
2.2. Қазақ тілінен дамыта оқыту сабағының үлгісі
2.3. Қазақ тіліннен жай сөйлемдерді оқытуда тест тапсырмаларын пайдалану үлгісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру», - делінген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жаңартулар оқу-тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарының заман талабына сай жасалуын міндеттейді.
ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өз бетінше әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.
Мұғалімнің шеберлігінің негізі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру, игеру. Оларды өзінің күнделікті қызметіне пайдалана білу, мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты.
І тарау. Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру.
Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, іс-тәжірибеге енуде. Жаңа технологияларды қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына жан-жақты білім алуына белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Педагогикалық технологиялардың атқаратын қызметіне қарай келесі кесте ұсынылады.
Кесте -1
Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасын көші. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі:
- мұғалім – оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
- оқушының жеке басына ізгілік қарым-қатынас;
- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.
Проблемалық оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен іздеуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда;
- оқушының белсенділігін арттыру;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе;
- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерту;
- оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстыру.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы мынаны көздейді:
білім, білік, дағдыны қалыптастыруды;
барлық баланы оқытуды;
оқытуды жеделдету, үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тірек сигналдарын қолдануды;
тек бағдарды қарым-қатынас, ықпал; ізгілік еркімен оқытуды;
әр оқушының жобасының жариялығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасауды;
оқыту мен тәрбиенің бірлігін.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Оқу материалының бірізділігі, жүйелілік саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңуге, тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озатты, сосын орташаны, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады. Бірте-бірте толық дербестікке жету, сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру, түсіністік өзара көмек ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамытып меңгерту; түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгей саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағдыны меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкін деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушыларды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. Білімінің базалық деңгейі барлық оқушылар үшін міндеттілік оқушыларға берілген тапсырманың сараланып, тапсырма оқушының күші жететіндей жайлы қолайлы болуы шарт.
Бағдарламалық оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізі оқытушылық тиімділігін арттыру, баланың жақсы қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаның оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен берілген.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастырып және қатынас қабілетін дамыту, жеке баланы «ақпараттық қоғамға» даярлау. Мұнда оқушының тікелей компьютермен қатынасу арқылы орындалады. Яғни баланың жақын қасиетттеріне қарай компьютерге бейім информатикамен есептеу технологиясының негізгі ұғымдарын білу, т.б.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту. Аталмыш бағдарламның ерекшелігі ішкі құрылымында. Құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғанысы кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйрену не үйренгенін саралап салмақтап, оны қандай жағдайда, қаншалықты керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім жолына қайта қарап өзгерістер енгізді.
Өздігінен дамыту технологиясы. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала саласында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге «мына менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады.
1.1. Деңгейлеп оқыту технологиясы
Білім алушылардың даму деңгейінің біркелкі болмауынан, олардың жеке қабілеттерінің әртүрлі болуынан топта үлгермеушілер мен оқу үздіктері пайда болады.1 Сондықтан мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, тексеру, бағалау кезінде деңгейлеп, саралап оқытуды ұйымдастыруы тиіс.
Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.
«А» - бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
«В» - бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» - бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
«С» - бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық
1. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары. Шымкент, 2005.
ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.
«А» - бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді.
«В» - бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.
«С» - бағдарламасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.
Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзімен ойласа отырып жүргізіледі. Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Мұндай сабақтар бірнеше рет 3-5 дейін өткізіледі.
Үшінші – қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары.
Төртінші – материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (оларды тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды).
Бесінші – пратикум сабақтар.
Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.
Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.
Кесте-1
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Диагностикалық кезең
Оқушылардың білім деңгейін диагностикалау
Мұғаліммен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдау
Оқушыларды топқа бөлу
Әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындау
Топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу
Оқытуды іске асыру
Мұғалімнің материалды оқу топтарын беруі
өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы
Білімді меңгерту нәтижесін бағалау
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау (Кері байланыстың дұрыс орнатылуы)
Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыру
Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы:
- әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететіндігі болып табылады;
- деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б. ескеру керек;
- мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін құрып ұсынып отыруы тиіс. Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға бағытталған жұмыстар уақтылы жүргізіліп отырылғаны жөн.
1.2. Жобалап оқыту технологиясы
Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей. Ол жоюалау әдісі туралы былай дейді:1
- оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс.
- жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;
- оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;
- ұжымда жұмыс істеп үйренеді;
- зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;
- оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.
Жобалап оқыту технологиясының объектілері нақты өмірден алынған практикалық маңызы бар жобаға енуі тиіс. Осындай қолдануға мысал ретінде бір болуы ықтимал жоба келтірейік.
Жоба тақырыбы: «Көлкент көлі»
Зерттелетін тақырыпқа жақын оқу пәндері: экология, сызу, экономика, гоеграфия, әдебиет, информатика.
Жобаның мақсаты: Көлдің экономикалық жағдайын зерттеу.
Жобаның міндеттері:
Оқушыларды өз бетінше ақпарат жинауға үйрету.
Социологиялық сұраулар жүргізу.
Экологиялық проблемаға талдау жасау.
Экономикалық талдау жасау.
Жоба тақырыбы бойынша балаларды жеке және өзгелермен бірлесе жұмыс істеуге үйрету.
1.3. Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясында оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен (толық немесе бөлімдерімен) оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді, қайта құрады.1
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі дегеніміз не екенін нақты анықтап алуымыз керек. Ол:
ақпараттардың аяқталған блогынан;
оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан;
бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқыту - білім мазмұны. Білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша өзге тәсілдерге қарағанда ерекшеліктері бар. Бұл технологияның өзгелерден ерекшелігі мынадай:
1. Оқу мазмұны қойылған мақсатқа сәйкес меңгерілетін жекеленген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып онда оқылатын мазмұн көлемі мен меңгеру деңгейі анықталады.
2. Оқушы мұғалімнен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады. Жазбаша нұсқаулар әрбір модуль үшін құрылады.
3. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынас түрі өзгереді. Ол ақыл беруші мен орындаушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асады.
4. Оқушы уақытының көбінде өз бетінше жұмыс атқарады. Ол мақсат қоюға, өзін жоспарлауға, өзін ұйымдастыруға және бағалауға үйренеді.
5. Модульдік оқытудың басты мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Ол оқушының жүйелі түрде жүргізілетін белсенді іс-әрекетіне негізделген. Оқушының әркезде ғана емес жүйелі іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі. Сондықтан
1 Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары. Шымкент, 2005.
мұғалімнің дайындаған тапсырмалары оқушыларды оқу мақсатына бағыттайтын, жетелейтін болуы керек.
6. Мұғалім балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін құрып, сол арқылы рефлексивті оқу процесі жүруіне ықпал етуі тиіс.
7. Модульдік технология дамыта оқыту идеясын пайдаланады. Егер оқушы тапсырманы өзгелердің көмегін пайдаланып орындаса ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұған баланың психикасы дамиды, ертең ол тапсырманы өзі орындаса оқушы актуальді даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңгейде келесі цикл бастау алады.
8. Модульдік технология бағдарламалап оқыту идеясын да пайдаланады. Бағдарламалап оқытудың оқушының өз бетінше жұмыс істеуі, нәтижелерді салыстыру, өзін-өзі бақылау сияқты элементтері модуль әдісінде де қолданылады.
Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің жүйесі
1. Сыныптағы оқу мазмұнын модульдер жинағы түрінде құру. Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі. Содан соң кешенді дидактикалық мақсат анықталады, онда алған білімнің оқушының дамуына, білімі мен біліктілігіне әсері көрсетіледі.
2. Әр блоктағы міндетті оқу көлеміне сәйкес келетін негізгі мазмұн, бағытты анықтау.
3. Анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейдегі дидактикалық мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.
4. Әр оқушының мүмкіндіктеріне, бейіміне қарай технологиялық карта жасалады. Онда пәнаралық байланыс, қиын меңгерілетін тақырыптар және оқушының қиындықты жеңу жолдары көрсетіледі.
5. Оқушылардың дайындығын анықтайтын алдыңғы бақылау тапсырмалары беріледі.
6. Оқу элементтері құрылады. Оқу элементтеріне мақсат қою, оқушылардың іс-әрекет алгоритмі, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бақылау және түзету тапсырмалары кіреді.
7. Оқу және дидактикалық материалдар жеңіл, түсінікті, нақты, мәнерлі, диалогты түрде түсіндіріледі.
8. Тапсырмалардың орындалу барысын қорытындылайтын модуль элементі резюме толтырылады. Соңғы бақылау тапсырмалары құрылады, ол модуль мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды.
Модульді құрастырудың қадамдары
Оқушылардың білімді меңгеру процесін бақылау және басқару үшін кері байланыстың маңызы үлкен. Сондықтан ағымдағы және аралық бақылауларды уақытылы жүргізіп отыру керек. Модуль құрылымы сабақтың типіне сәйкес болады.
Сыныптағы курс көлеміне кешенді дидактикалық (КДМ), ал моудль көлемінде кіріктірілген, интеграциялық (КИДМ) мақсат, ал сабақ үшін жеке дидактикалық мақсат (ЖДМ) қойылады. Модуль құрудың қадамдары мынадай:
Модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау.
Сабақтың типіне қарай оқу элементтеріне бөлу.
Әрбір оқу элементтерінің мақсатын анықтау.
Әрбір оқу элементтерінің мазмұнын анықтау.
Оқушыларға берілетін кеңестер мен нұсқауларды анықтау.
Оқу элементтерін былай құру керек.
Оқу элементтері №
Тапсырмаларда көрсетілген оқу материалдары
Мұғалім кеңесі
Оқушыларға арналған тапсырмаларға қойылатын талаптар: мазмұны мен танымдық дейгейі сараланған, проблеманы қойып, оны шешуге бағытталған, білімді игеру механизмін көрсететін және қайталау материалын қосатын (таблица, құрастыру, салыстырмалы мінездеме беру) болуы тиіс және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Оқушының іс-әрекеті оның жақын даму аймағынан өтеді де, баланың өзін-өзі басқаруына бағыттайды, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әр сабақта оқушының рефлексивті қабілетін жүзеге асырады.
Атап айтатын жағдай сол: мұғалімнің іс-әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты – модульдік бағдарламаны, модульдерді құру. Сабақта ол ұйымдастырады, үйлестіреді, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқытуды рефлексивті жүйеге түсіреді.
Бір блокты меңгеруде мұғалім жұмысын келтірейік.
Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.
Сыныпты берілген тарау бойынша жоспармен таныстыру.
Мұғалімнің материалды көбіне баяндау түрінде оқыту.
Диагностикалық тест бойынша ағымдағы тексеруді өткізу.
Тексеру бойынша тарауды толық меңгерген оқушыларды анықтау.
Тарауды толық меңгермеген оқушылармен «түзету» оқуларын жүргізу.
Диагоностикалық тест жүргізіп «түзету» нәтижесін тексеру.
Модульдік оқыту технологиясында мынадай қиындықтар болуы мүмкін:
оқушылардың өз бетінше оқуға дайындық деңгейі төмен болуы мүмкін;
уақыт тапшылығы туындап берілген уақытта материалды оқып үйренуге оқушылар үлгермеуі мүмкін.
Қолданылатын терминдер:
«Модуль» - бір жүйенің ажыратылатын, өзінше дербес бөлігі, Джон Локк: «рефлекция дегеніміз ақылдың өз әрекетіне бақылау жасауы» - деген анықтама берген.
М.Жанпейісова ұсынған Ақтөбе облысында сыналған педагогикалық технологияның мазмұны төмендегідей:
1. Жалпы оқу мақсатын қою.
2. Жалпы тұжырымдалған мақсатты анықтау.
3. Оқушылардың білім деңгейін алын ала анықтау.
4. Жедел кері әсер негізінде оқыту үдерісіне түзетулер енгізу.
5. Нәтижені бағалау.
Осындай құрылыстағы блоктардан тұратын оқу процесі модульдік сипат алады. Алдыңғы жалпы модульдік оқу технологиясынан М.Жанпейісова нұсқасының ерекшелігі сол, мұнда балаларды оқуға ұмтылдыру емес, жеке танымдық әркеттерін ұйымдастыру, оқу поцесіне диалогтық қатынас негезінде құру көзделген. Мысалы, бір блокты меңгеруде мұғалімнің жұмысы мынадай болады:
Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.
Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша құрылған блоктармен оқушыларды таныстыру.
Мұғалім сызба, кесте қолдана отырып матариалды қысқаша баяндайды. Оқушыларды зерттеуге іздеуге жетелейді.
Оқу материалына бірнеше рет орала отырып тарауды аяқтау. Өтілген тарау бойынша тестілеу жүргізу.
Үш деңгейлік жүйемен дайындалған билеттер бойынша зачет, бақылау жұмысы, сын жұмысын өткізу.
Модульді үш бөлімнен тұрады деп қарастыруға болады.
Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа ену)
Диалог, сұқбат арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру бөлімі.
Қорытында бөлім (бақылау жұмыстары)
Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
М.Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі өте тиімді екендігін көрсетті. Кіріспе бөлімге 1-2 сабақ, қорытынды бөлімге 2-3 сабақ, қалғаны түгелдей сұқбат бөліміне беріледі. Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай оқу материалын үш деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған.
Мысалы мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат – кіріспе бөліміне, 2 сағат – қорытынды бөліміне, 6 сағат – сұқбат бөліміне бөлінеді. Осы сұқбат бөлімінде сыныптағы 4-7 баладан тұратын топтарға бөліп, олардың өзара әрекетін ұйымдастыру керек. Мұғалім бұл жерде ынталандырушы рөлінде болады.
Мұғалымнің алдын ала дайындық жұмыстары келесі түрде болады:
1. Тарау немесе блок бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдыны анықтау. Модульдегі негізгі ұғымды бөліп көрсету.
2. Тақырып бойынша тірек-сызбаларды салу.
3. Тексеру бөлімі үшін оқу модулінің бүкіл мазмұны бойынша 15-20 тапсырмадан тұратын тест құрастыру. Зачет немесе бақылау жұмысы үшін модуль бойынша сұрақтар мн тапсырмалар блогын құрастыру.
4. Диалогтық сұқбат бөлімі 3 деңгейдегі өз бетінше жұмысқа арналған тапсырмаларды бүкіл сынып үшін дайындау.
Модульдің әр бөлімінде пайдаланатын әдістемелер
1. Кіріспе бөлімінде Л.Фридман келесі іс-әрекеттерді ұсынады:
1. Проблемалық ситуация тудыру.
2. Негізгі оқу міндетін анықтау.
3. Өзін-өзі бақылау және бағалау.
4. Жұмыс жоспарын жасау және талқылау.
2. Диалогтық, сұқбат бөлімі.
Бұл бөлімде сабақтарды өткізудің әртүрлі түрлері қолданылады. Оқытылатын оқу материалының мазмұнына қарай жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орта деңгейдегі және қиын деңгейдегі зерттеу элементтері бар барынша күрделенген тапсырмаларды әр оқушы үшін алдын ала дайындап қою керек.
Көтерілген мәселе бойынша пікір алмасуды ұйымдастыру педагогикалық тәжірибеде кеңінен белгілі. Мысалы «Дөңгелек стол», «Форум», «Симпозиум», «Британдық дебат», «Аквариум техникасы» сияқты көптеген пікір алмасулар белгілі. Мұғалім пікірталастың өзі қалған кез келген түрін алады.
3. Оқу модулінің қорытынды бөлімі. Оқу модулінің қорытынды бөлімінде бірінші міндетте тест, екінші мұғалімнің қалауы бойынша бақылау жұмысы алынады.
Оқушылардың оқу білігі
Оқыту жалпы табиғаты жағынан және оны ұйымдастыру ерекшеліктері жағынан алып қарағанда күрделі процесс, Психологтар қолайлы жағдай жасалған кезде баланың оқуға деген қабілеті жақсы дамитындығын атап көрсетіп, мұғалім оқушығы осындай жағдай жасауы тиіс деп көрсетеді.
Әрбір оқушының оқу білігі (дағдысы) – оның оқу тәсілі деп есептеуімізге болады. Осы біліктердің бастылары:
1. Оқушылардың өзін-өзі ұйымдастыруы.
2. Оқу-интеллеутуалды немесе логикалық білік.
3. Оқу ақпараттық білік
4. Оқу коммуникативтік білік.
Жаңа технологияларды игеру
Жаңа технологияларды үйрену кезінде көптеген міндеттер шешіледі. Мысалы, педагогика мен дидактиканың кейбір мәселелері жаңа аспектіде қаралады, мұғалімдер жаңа технология туралы жаңа білім алады, технологияны практикада қолданып үйренеді. Ол үшін:
1. Мұғалімнің жаңа технологияларға бет бұруы, ынта қоюы.
2. Қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасалуы.
3. Өз іс-әрекеттерінр жоспарлауы, тиімді ұйымдастыруы және оған талдау жасап отыруы.
4. Жұмысын белгілі технологиялардың біріне бейімдеуі керек.
1.4 Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясының авторлары белгілі ғалымдар Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов. Олар дамыта оқыту деп «оқыту мақсат-міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту»1- деп атайды.
Ал адам ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесс жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі даилектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді.
1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйелі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор. Бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бқл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі. Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады.
Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасы, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасы, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткеннен нәтиже бермейді. Баланың организмі дамуы мен жеке басы ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Ғалымдар алғаш рет бала дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.
1. Бала дауының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруыды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсу керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мынадай жағдайда үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолдарын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі – дамыта оқытудың В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі
1 Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. Москва, 1989. Давыдов В.В. Проблемы развивающеге изучения, Москва, 1986
компоненттері. Мақсатты шешу іштей талқылау, сонан соң жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес, дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылап үйренеді.
Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді деген қағиданы негізге алады. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту – сабақтардағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім – бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Дамыта оқыту технологиясын барлап қарасақ, ең алдымен нені дамыту керек деген сұрақтарға жауап іздестіреді. Әрине, ол оқушының:
сезім түйсігін;
қабылдауын, тұтынуын, ынтасын;
зейінін, есте ұстауын;
ұғынуын;
ойлау, қиялдау, болжау қабілетін;
ерік-қайратын;
оқу іс-әрекеттерін, дағды – машықтарын;
жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін (жеке адам қасиеттерін).
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар – ынтымақтастық өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – сынып оқушыларын жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы да ол өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді деп есептелінеді.
Оқушы дамуныың негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру, өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы, әрі қарай дамытуы керек.
Дамыта оқытумен дәстүрлі оқыту жүйесінің айырмашылықтары, ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне тоқталсақ. Дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеттері, атқарар істері де ұшан-теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған оқушылар кедергі келтірмей, тып-тыныш отырып тыңдау керек. Дамыта оқыту жүйесінде оқу мақсатын шешу кезінде, яғни мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің негізінде жүзеге асады. Демек, мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысында бағдар береді, жетелейді. Яғни оқушы белсенді субъектіге айналады да, ал мұғалім көмек беруші, ұйымдастырушы, бағыт беруші деңгейде болады. Дәстүрлі оқытуда балаға білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделеді. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға үйретсе, дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің айырмашылықтары.1
Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Сабақта дамыта оқыту технологиясы жиі пайдаланудың тиімді жағы оқушылардың ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Білімді меңгеру осы жүйенің әр сатысында дами түседі.
Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, ажамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Яғни, сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.
Қазіргі таңда оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өз дәрежесінде көрінбей келеді. Оқушыларды құрметтеу, олардың жеке басын сүйіспеншілікпен қарау, сөйлесу, пікір алысу, ойын білу, оқушы қабілетін мөлшерлеу, білімге ынталандыру, белсенділігін арттыру, оқушы білімін әділ бағалау сияқты толып жатқан мәселелерге мән берілуі керек. Бұл оқыту жүйесінің жас ұрпақтың оқуға деген ынтасы мен білім алуға қызығушылығын арттыру, әділ бағалау, әр істі ақылдасу оқытушының беделін арттырады.
ІІ тарау. Бастауыш сыныптарда жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
2.1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың әдәс – тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінде тіл байлығын дамыту әдістеріне тоқталмақ бұрын біз жалпы қазақ тілін оқытудағы әдістерді қарастырайық.
Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерін оқушы мен мұғалімнің ара қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.
Оқыту әдістері мектептегі оқыту жүйесіне байланысты түрлі кезеңдерде, өзгерістерге ұшырап отырды. Мысалы, 1932 ж. 25 тамыздағы қаулыда оқыту әдістері 4-ке бөліп көрсетілген: 1) ауызша мазмұндау; 2) оқулықты пайдалану; 3) өздігінен жазба жұмыстарын орындау; 4) лабораторияда оқыту әдістері.
Дидакт Р.Лембергтің "Дидактические очерки" кітабында мектептегі оқыту әдістерін 10 түрге бөліп көрсетеді: ауызша мазмұндау, байқау, оқулықпен жұмыс, әңгіме, лабораториялық, мақсатқа жету, жаттығу, оқушының хабарлауы, практикалық жұмыс, көркем өнерді пайдалану [132].
1965 ж. жарық көрген "Қазақ тілін оқыту методикасы" атты еңбекте Д.Әлімжанов пен Ы.Маманов оқыту әдістерінің 6 түрін көрсетеді: байқау, түсіндіру, әңгіме, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау [133].
Ал С.Рахметова оқыту әдістерін негізінен 3 топқа бөлген.
1) балалардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыру және оны іске асыру әдістері;
2) оқу-таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау, әсер ету әдістері;
3) оқу-таным әрекеттерінің тиімділігін тексеру әдістері [6, -14].
Бұлардың әрқайсысына бірнеше жекелеген әдіс енеді. Мысалы, 1-ші топқа
- сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (олар қабылдау мен есте сақтауға негізделеді);
- индуктивтік, дедуктивтік әдістер (логикалық ойлауға негізделеді), өздігінен орындау, мұғалімнің басшылығымен орындау әдістері (қиялға, ерікке негізделеді).
Ал 2-ші топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу, зейінін жинақтау және оқуда борыш, жауапкершілік туғызу әдістері;
3-ші топқа ауызша тексеру, жазуша тексеру, лабораториялық-практикалық тексеру және өзін-өзі тексеру әдістері енеді.
Қазақ тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, таңдап қолданады.
Тіл дамыту әдістерін тілдің әр саласына тоқтала отырып қарастырғанды жөн көрдік.
Төрт жылдық бастауыш мектеп бағдарламасында: «Бағдарламаның мақсаты — бастауыш сынып шәкірттеріне әр пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игертіп, оқушылардың іс-әрекетке икемділігін қалыптастыру болып табылады»[134]. Ал мектептегі «Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістері бағдарлама талаптарына сай оқушылардың тиянақты білім мен дағдылар алуына мүмкіндік беретін болуға тиіс», — деп жазылған [5,-3-4]. Бастауыш сыныпқа арналған типтік оқу жоспары негізінде жасалған бұл бағдарламада белгіленген білім берудің мазмұны және балалардың оқуға деген икемділігі мен дағдыларын анықтау саласында көптеген ғалым-әдіскерлер, тәжірибелі ұстаздар мен ғылыми-зерттеу мекемелері шұғылдануда. Мектепке арналған оқыту мазмұны жайында М.Н.Скаткин, М. А. Данилов, И. Я. Лернер, С. Рахметовалар өз еңбектерінде қарастырған.
И. Я. Лернер оқыту мазмұнына төмендегідей іс-әрекет тәжірибелерді жатқызады:
1). табиғат, қоғам, іс-әрекет амалдары және адам жайында білім жүйелері;
4) іс-әрекетке эмоционалды қатынас тәжірибесі [135,-18-21]. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған балада қоршаған орта жайында біршама түсінігі болғанымен, қоғам, табиғат құбылыстары туралы пайымдауы өте тар. Қарапайым болып келеді. Сондықтан мектептің алғашқы міндеттерінің бірі — оқушылардың, қоршаған ортамен табиғат туралы білімдерін тереңдету, сол арқылы кеңістік пен уақыт жайында түсінігін кеңейту.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілі бір жақты, тек от басы, ошақ қасында пайдаланатын сөздер ғана болуы мүмкін. Атап айтқанда, оның сөздік қорында ауыспалы мағыналы, жалпылық мәнді және түрлі білім саласында қолданылатын термин сөздер аз кездеседі, кейбіреуінде тіпті кездеспейді де. Бастауыш сыныптарда балалардың сөздік қорын молайта түсу, тілін дамыту екі бағытта өтеді: біріншіден, ана тілінің құрылымын, грамматикалық емлелерді үйрену арқылы болса, екіншіден, сөздік қорлары жаңа сөздермен толығу арқылы өтеді [136,-84].
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытуда мынадай мақсаттар қойылады:
1. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жөнінде түсініктері мен білімінің кеңеюі негізінде сөздік қорын молайту;
2. Оқушылар сөздік құрамындағы сөздердің мағынасын анықтау, оларды сөйлеуде (ауызша, жазбаша) қолдану, пайдалану дәрежесін белгілеу;
3. Сөздік қорын ауыспалы мағыналы сөздермен молайту;
4. Оқыған мәтіндеріне, не мұғалім сөзінде пайдалануға жаттықтыру, пассив сөздерді активтендіру;
5. Сөздерді дұрыс оқып, қатесіз жазуға дағдыландыру.
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту үшін мынадай жұмыстар жасау керек:
1) қоршаған ортаны бақылау (табиғат, балалардың оқу, ойын, еңбек іс-әрекеттері);
2) құрдастары және үлкендермен қарым-қатынас жасау;
3) сыныпта және сыныптан тыс оқу. Оқылған мәтін мазмұнын талдау және ол туралы пікірлесу;
4) арнаулы тілдік, орфографиялық және орфоэпиялық жаттығулар жүргізу арқылы қазақ тілі грамматикасын игеру;
5) әңгіме, ертегі, өлең т. б. мазмұнын баяндату, олардың ерекшеліктерін, тілін талдау, түрлі тақырыптарда мазмұндама және шығарма жаздыру арқылы баланың сөздік қорын молайтуға болады. Яғни бұл жаттығу жұмыстары тіл дамыту (ауызша және жазбаша) көздеріне жатады [85].
Баланың негізгі сөздік қоры, ең алдымен, сол сыныпта жүргізілетін пән оқулықтары, пайдаланылатын көрнекі құралдар және сыныптан тыс оқуға арналған көркем әдебиеттермен анықталады. Бірінші, екінші сыныптарда игерілетін сөздер осы сыныптарда жүргізілген оқу құралдарында берілген, міне сондықтан оқушылардың сөздік құрамына үнемі мән беріп отырғаны жөн. Мұғалім сабақ барысында балаларға түсініксіз бірде-бір сөз мағынасы анықталмай, назардан тыс қалмауыға тиіс.
Балалар жаңа сөздермен тек сыныпта өткізілетін сабақтарда ғана танысып қоймайды, сонымен бірге өз беттерінше кітап оқу, түрлі сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу, кино, театр, саяхатқа бару, радио тыңдау және теледидар бағдарламасын көру нәтижесінде де жаңа сөздер үйреніп, тіл сындырады. Оқушылардың ақпарат, білім көздерінен өз беттерінше меңгерген сөздерді дұрыс не бұрыс пайдалануды да мұғалімнің міндеті болып есептеледі. Бала сөзінде пайда болған жаңа сөз, сөз тіркестердің мән-мағынасын ашып, іс-тәжірибеде пайдаланудың жолын да мұғалім көрсетеді.
Мағынасы түсініксіз сөздерді меңгерту көбінесе ана тілі, қазақ тілі сабақтарында жүргізіледі. Бұл жұмыстар мынадай әдіс-тәсілдер арқылы орындалады.
Оқушылардың сөздік қорын байытудың, яғни жаңа сөздердің мағыналарын игертудің тәжірибеде сыналған мынадай тәсілдері бар:
1. Сөз бейнелейтін заттың не құбылыстың өзін көрсету. Бұл әдіс сыныпта сабақ барысында, мектеп, аудан, қала мұражайларын аралағанда: туған өлкенің табиғатымен танысу мақсатында саяхатқа шыққанда, бау-бақшаларымен танысу барысында жиі қолданылады. Мысалы, бірінші сынып оқушыларын ауыл бақшасына апарып, көкөніс түрлерімен (қияр, қызанақ, қыша, қызылша, сәбіз, пияз, қауын, қарбыз, асқабақ, бағбан, қатар, жүйек т. б.). оларды егіп, баптау жолымен таныстыруға болады (бұл жерде көрнекі әдістер пайдаланылған –Ә.Исабаевтың әдістеріне сәйкес беріліп отыр [137,-162].
2. Зат не құбылыстың суретін, макетін, қатырылған сұлбасын (чучело, муляж) көрсету тәсілі. Осы тәсіл арқылы сөз мағынасын түсіндіруге болады. Мысалы, мұғалім жыртқыш құстар (бүркіт, лашын, сұңқар, қаршыға, қырғи, күйкентай т. б.) жөнінде түсінік бергенде әрқайсысының суреттерін көрсете отырып, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын, ерекшеліктерін салыстыра отырып түсіндірсе, оқушылар жыртқыш құс атауларын жеңіл қабылдайды (көрнекілік әдісі).
3. Сөз мағынасын синонимдер арқылы анықтау тәсілі. Жаңа сөздердің мағыналарын оқушыларға айқын танытудың тиімді тәсілдерінің бірі — мағынасы түсініксіз сөзді оның синонимдерімен ашу және салыстыру. (осы орайда синонимдер сөздігін қолданған дұрыс). Мұғалімнің көмегімен оқушылар бейтаныс сөздің мағынасын өздеріне бұрыннан таныс сөздер арқылы анықтайды. Мысалы: Даурия мәшинеге дербес отыратын дәрежеге жетті (Иманжанов). Бұл сөйлемдегі дербес сөзінің мағынасын жеке, бөлек, дара, саяқ деген синонимдер арқылы түсіндіруге болады.
Оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында қолданылатын бұл әдістің есте ұстайтын тағы бір ерекшелігі бар. Синонимдік қатардағы кез келген сөздің өзіне тән реңкі болатыны белгілі. Демек олардың, мағыналары қанша жақын болғанымен, бір-бірін дәл қайталай алмайды. Сондықтан кездескен жаңа сөздің мағынасын оның синонимдері арқылы түсіндіргенде, мұғалім қосымша анықтама бере кетуі дұрыс болар еді.
Бастауыш сыныптада пайдаланатын пән оқулықтарында тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Сабақ барысында мұндай фразеологизмдерді де синоним сөздер арқылы түсіндіріліп, контекстік мағынасын игерту мақсатында сөйлемдер құралады. Мысалы, көзді ашып жұмғанша — тез, лезде, көзі ілінді – ұйықтады, су жүрек – қорқақ, жүрек жұтқан — батыр, ер т. б. (кітаппен жұмыс әдісі- яғни, сөздікпен жұмыс).
4. Сөздің морфологиялық құрамын талдау тәсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасын морфологиялық құрамын талдау арқылы түсіндіруге болады. Бұл тәсілдің артықшылығы сол морфологиялық талдау арқылы оқушы қазақ тілінің ішкі заңдылыктарын, жаңа сөз жасау жолдарына қанық болады. Сондықтан мұндай тәсілді түбір мен қосымша, біріккен сөздер, жұрнақ пен жалғау тақырыптарын өткеннен кейін кездесетін жаңа сөздерді түсіндіруге болады. Мысалы, бастық, басшы, баспана, бастау т. б. сөздердің түбір морфемаларын таптыру арқылы бұлардың түбірлес сөздер екенін, бір сөзден тарағанын танытуға болады.
5. Оқушыларға жаңа сөз мағынасын меңгертудің тәсілі—логикалық анықтама беру. Бізді қоршаған заттар мен құбылыстар негізгі және негізгі емес белгілерден тұрады. Сондықтан заттарға не құбылыстарға анықтама бергенде олардың басты белгілерін қамтудың өзі де жеткілікті болады.
Қазақ тілі оқулығында оқушыларға мағынасы түсініксіз сөздер жиі кездеседі. Мысалы, сахна, саябақ, еңбекақы, шаңырақ т. б. Мұғалім бұл сөздерге логикалық анықтаманы былайша беруіне болады. Сахна - әртістер мен әншілердін, өнер көрсететін орны, шаңырақ - уықтар бекітілетін киіз үйдің дөңгелек шеңберлі төбесі.
6. Жаңа сөзді сөйлем ішінде пайдалану тәсілі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасы сөйлем ішінде пайдалану арқылы да түсіндіріледі. Қазақ тілі жаттығуларында кездесетін ырық сөзінің тек сөйлем ішінде пайдалану арқылы түсіндіруге болады. Мысалы, шөпке жүгірген қойлар маған ырық берер емес.
Жаңа сөздің мағынасын айқындау мақсатында құрылған сөйлемдердегі басқа сөздер оқушыларға толық түсінікті болуы шарт.
7. Сөз мағынасын антонимдермен түсіндіру тәсілі. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндірудің тәсілдерінің бірі – сөздерді антонимдерімен салыстыру. Түсіндіргелі отырған жаңа сөздің антонимі оқушыларға бұрыннан белгілі сөздер болуы тиіс. Мысалы, қазақ тілі оқулығындағы жаттығуларда кездесетін ирек, баяу, кішіпейіл, қатігез, қоян жүрек т. б. Сөздердің мағынасын антонимдері арқылы түсіндіру әлдеқайда тиімді. Мысалы, ирек - түзу, баяу - тез, жылдам; кішіпейіл - менмен, дөрекі, қатыгез - мейірімді, қоян жүрек – батыр (ескере кететін жәйіт: бастауыш сынып оқушылары мағынасын түсінбейтін сөздің антонимін де білмеуі мүмкін, сол уақытта оқушыларды антонимдер сөздігімен жұмыс жасату керек). Сөздерді антонимдермен салыстырып қана қою жеткіліксіз, сонымен бірге бұл сөздермен сөйлем құрап түсіндірілсе, оқушылардың есінде ұзақ сақталады.
8. Абстракт мағыналы сөздерді өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндіру тәсілі. Мысалы, батыр, батыл, ержүрек сөздерінің мағынасын М.Мәметова, Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы сияқты аға ұрпақтың ерлік істері арқылы ашу (түсіндірме сөздікті қолдану).
«Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала бақшаларда аталмыш такырыптар балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау—дәптер, анау—қағаз, бұл—кітап, ол—тақта т. б. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, кұбылыстың аты «сөз» деп аталатындығын түсіндіріледі. Тәрбиешінің мұндағы мақсаты — әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіруін түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы сөз деп есептелетіндігін ұғындыру.
Тәрбиеші балаларға әр түрлі заттардың (үй жиһаздарының, жан-жануарлардың, құстардың, өсімдіктер мен жәндіктердің аттарын т. б.) суретін көрсету арқылы «сөз» деген ұғым түсіндіріле бастайды. Мұндай сабақтарда үй жиһаздарының аттары да (сандық, жүк аяқ, кереует, кілем, түскиіз т. б.), аң аттары да (қоян, арыстан, қасқыр, түлкі, т. б.), адам аттары да (Ержан, Нұржан, Дулат т. б.) аралас айтылып, таныстырыла береді. Нәтижеде балабақша тәрбиеленушілеріне қойылатын негізгі әдістемелік талаптардың бірі — жүйелілік ұстанымы бүзылады. Осының салдарынан оқу жұмысына әлі төселе қоймаған жалпы ой-өрісі мен түсіну деңгейі қалыптаспаған сәбилер ұсынылған материалды қабылдай алмайды.
Аталған олқылықты болдырмау үшін сәбилердің сөздік қорын дамытуға арналған сабақтарды жүйелілік ұстаным негізінде жүргізілетін логикалық жаттығулармен жетілдіру керек болады, яғни, сөз ұғымын үйрету кез келген заттарды не олардың суреттерін араластыра ретсіз көрсету арқылы емес, ондай таным көзі заттарды белгілі топқа, класқа бөліп, сөздерді топтарымен таныту арқылы, яғни жүйелілік ұстаныммен үйретілетін болса ғана тиімді нәтиже береді.
Бастауыш мектептің бірінші сыныбы үшін логикалық сөз топтарының төмендегідей негізгі типтерін ұсынуды дұрыс көреміз:
1) жеміс аттарын білдіретін сөздер (алма, шие, жүзім, өрік.)
2) көкөніс аттарын білдіретін сөздер (қауын, қарбыз, қияр, сәбіз).
3) үй жануарларының аттарын білдіретін сөздер (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.).
4) төл аттарын білдіретін сөздер (қозы, құлын, бота, лақ, бұзау).
5) кұс аттарын білдіретін сөздер (үйрек, қаз, тауық, торғай, бүркіт).
6) киім аттарын білдіретін сөздер (көйлек, шалбар, шапан, тон, ішік, жейде).
7) ыдыс аттарын білдіретін сөздер (кесе, қасық, шанышқы, табақ, тостаған.)
8) аң аттарын білдіретін сөздер (аю, түлкі, қасқыр, арыстан, піл).
9) ағаш аттарын білдіретін сөздер (қарағаи, қайың, терек, шырша).
10) дене мүшелерінің аттарын білдіретін сөздер (бас, қол, аяқ, көз, мұрын.).
11) үй заттарының аттарын білдіретін сөздер (кілем, алаша, орындық, диван, теледидар).
12) кісі аттарын білдіретін сөздер (Болат, Сәуле, Айгүл, Ақмарал).
13) дақыл аттарын білдіретін сөздер (бидай, арпа, тары, сұлы.).
Берілген сөз типтеріндегі сөздер міндетті түрде логикалық жүйелілік ұстанымы бойынша оқытуды керек етеді. Яғни, әрбір сөз топтарын бөлінбей игертіледі. Мұның өзі арнайы сөйлем құрамдарын жасауды керек етеді. Осындай сөйлем құрамдарының логикалық, байымдауға байланысты екі түрі бар: біріншісі, жалпылауыш компоненті бұрын (мысалы, төлдер: лақ, бота, бұзау), екіншісі санама (түсіндірме) компоненті бұрын келген сөйлем құрылымы (мысалы, қозы, лақ, бұзау, бота - төлдер). Аталған сөйлем құрамындағы белгілі заттың ұғымды білдіретін жеке сөздерді бір сөзбен атауға, жалпы атауды жеке-дара таратып, талдап айтуға үйрету арқылы оқушылардың таным жүйесін, жалпы ой-өрісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасайды.
Сөз ұғымын меңгерту арнайы логикалық жаттығулар арқылы оқылады. Тіл байлығын дамыту мәселесі – күрделі әрі ұзақ жүргізілетін процесс, сондықтан бастауыш сыныптарында тіл байлығын дамыту жұмыстарының алдына белгілі бір мақсат қойылады. Тіл байлығын дамыту жұмысын белгілі тақырыптарға негіздей отырып, мұғалім тілдік процестің төмендегідей басты мәселелерін үйрету мақсат етуі керек.
Ол мәселелер мыналар: белгілі бір тақырыпты оқытуға байланысты оқушының сөздік қорын байту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту, мәтінде кездесетін жаңа сөздерді үйрету, мағынасын ұқтыра отырып, оларды жасайтын формаларын меңгерту, сөйлем құрауға үйрету, ойын ауызша және жазбаша сауатты жеткізе білуге дағдыландыру, сөз бен сөзді байланыстыруға машықтандыру.
Тіл байлығын дамыту – үнемі жүйелі түрде жүргізіліп отыратын оқу жұмысы. Олай болса, тіл байлығын дамыту дегеніміз оқушылардың сөз байлығын арттырып, әр сөзді орынды қолдануы, ойын жүйелі түрде жеткізуі. Тіл байлығын дамыту оқушылардың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау процесі үнемі кеңейтіп отыру мұғалімнің басты нысанасы болуға тиіс. Сондықтан бастауыш сыныбында тіл байлығын дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Демек, оқушылардың тілін байлығын дамыту – олардың жалпы ойын дамыту деген сөз.
Енді біз оқушылардың сөздік қорын байыту арқылы, тіл байлығын дамытуға арналған жаттығулардың негізгі түрлеріне тоқталайық.
Оқушылардың тіл байлығын дамутыдағы кестемен жұмыс
Сабақта оқушылардың сөздік қорын молайтуға, тіл байлығын дамытуға арналған кестелерді пайдаланудың мәні зор. Кестелер балалардың материалды қабылдауын жеңілдетіп, одан игеретін білім негіздерін жүйелі меңгеруге мүмкіндік жасайды. Соны ескере отырып, біз жоғарыда берілген логикалық-семантикалық сөз топтарын мынадай кестелер арқылы оқыттық.
Бұл берілген кестеде мазмұны мен құрылысы «сөз» тақырыбын үйретуге толық мүмкіндік береді.
Сөз
Жеміс аттары
Көкөніс
аттары
Үй жануарлары
Төл
аттары
Құс
Аттары
Киім
аттары
Ыдыс
аттары
Аң
Аттары
Кестемен жұмыс жасаудың нәтижесінде оқушылар мынадай дағдыларға ие болады:
1.сөздерді жеке-дара, өзара байланыссыз қабылдамай, өзара байланысқан жүйесін қабылдауға дағдыланады;
2. жалпы ұғымдарды жеке ұғымдарға саналы түрде ажыратып талдап үйренеді;
3.жалпы және жеке ұғымды білдіретін сөздердің қатысымен дұрыс сөйлеу дағдысына аса қажетті сөйлем құрылымдарын меңгереді.
Балалардың тілінің дамуының динамикасы былай болған.
Баланың алғашқыда тілі«апа», «ата» деген сөздерге келеді.
Осы алғашқы сөздерден кейін оның сөздік қоры тез молая береді. - Оқуға даярлықтың негізгі көрсеткіші - бала тілінің дамуы. Даярлығы бар 6-7 жастағы баланың байланыстырып сөйлеу, күрделі сөйлем құру қабілеті дамиды, ал даярлығы төмен 6-7 жастағы бала сөздерінің байланысы жоқ, грамматикалық қателері көп болады, өз ойын жай сөйлем арқылы жеткізеді.
1 - сыныпта лексиканы оқыту арқылы тіл дамыту
Мектепке бірінші рет келген баланың сөздік қоры мен сөйлеу қабілеттілігі бірдей дәрежеде бола бермейді. Кейбір ата-аналарының қолында тәрбиеленген қыз-балалар арасында мұндай қабілет төмендігі кездеседі. Себебі, кейбір ата-аналар қыз балаларын жастайынан әдепті тәрбиелейміз деген мақсатпен: «өзінен үлкен кісініңбетіне тіке қарама. Сөйлегенде немесе жауап бергенде, дауысыңды қатты шығармай ақырын сөйле. Қасыңда отырған ересек кісінің көзінше жарыса сөйлеме. Біреуге жауап бергенде, айтар сөзің қысқа болсын» т.б. деп тәрбиелейді, талап етеді. Жастайынан мұндай мінез қалыптасқан, сәбилер көпшілік орындарда болсын, үй-ішіндегі бөтен адамдар арасында болсын, ұяңдық жасап, сөйлеместен төмен қарап немесе саусағын аузына салып, айтайын дегенойын жеткізе алмайды. Сөйлегенде де, жауап бергенде де дөрексізденіп, өз сөзінөзі ерсі көріп, «тыңдап отырған кісілер күлер», - деген оймен оларға тіке, батыл қарай алмай, төмен қарап тұрып қана естілер-естімес жауап берумен шектеледі.
Бала — ата-ананың игі істерін жалғастырушы, ертеңгі үміт болашағы. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты мін. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.
Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдынан өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздіңбала тәрбиесінде ықпалы зор.
Жеткіншекті тіл мәдениетіне баулудың тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды мектепке жан-жақты даярлау мақсатымен тілді барлық жағынан дамыту керек. Сөздің ана тілі нормаларына сәйкес айтылуын, грамматикалық жағынан дұрыстығын, өзара байланыстылығын, айтқан пікірдің дәйектілігін, бейнелігін үнемі қадағалау керек. Сонда ғана балалар сөзді дыбыстан талдауға және сөздердің дыбыстық құрамын ажыратуға тез жаттығады. Жаңа бағдарламаға сәйкес даярлық тобында оқитын 6 жастағы балалар сауат ашу кезінде 42 әріпті, яғни алфавитті толық меңгереді. Сауат ашуға дейінгі кезең - оқу жылының бастапқы 4 аптасы. Бұл уақыт ішінде даярлық топ шәкірттері дыбыс, буын, сөз, сөйлем деген ұғымдармен танысады. Екі-үш сөзден ауызша сөйлем құрай білуге және сөздердің орын тәртібін білуге үйренеді. Осындай әзірлікжұмыстарынан кейін олар а, ш, н, о, р, дыбыстармен және әріптеріментанысады.
Тапсырма орындауда балалардың еркін жігерін арттырады, дене күшінің жігерін арттырады. Бала жасынан енбекке үйреніп, тұрмыстың не екенін түсінсе, есейе келе ұқыпты, жинақы болады.
Мектеп жасына дейінгіжас сәбидің жастығына қарамастан, қолынан келетін жұмысты істейтін деген ықыластарын қайтармау керек. 6 ай өткеннен соңбала өзіншетамақ жеуге әрекетенеді, ұсақ-түйек заттарды бір орнынан екінші орынға әкеліп қою сияқты аздаған тапсырмаларды орындай алады.
2-3 жастағы балалар өздігінше тамақтанады, киімдерін шешіп, орнына қоя алады.
Мұндай жағдайларда балалардың қолданатын заттары, қол жуғыш, орамал, киім ілетін орны бойына сәйкес орналасуы керек. 3-5 жастағы балдырғандар өздері тамақтанып, киініп, ересектердің жұмысына аздап жәрдемдесе бастайды.
6-7 жасқа келген бала төсегін жинап, тамақ ішкен ыдыстарын жуып, тазалап, орындарына кояды. үй ішін, үй маңайын сыпыруға, еденді жууға, аяқ киімдерін тазалап, орындарына реттеп қоюға жарайды. Баланың жасы өскен сайын үй ішінде атқаратын қызметі де көбейіп, күрделене береді. Сонымен қатар ата-аналардың туған жер мен Отанды сүюге баулып, жауыздыкка, жалқаулыққа, үстемдікке қарсы сезімге тәрбиелейді.
Балалар ертегідегіоқиғаларды ынтыға қабылдайды және оған сенеді. Олардың адамгершілік қасиеттері мектепке дейін-ақ қаланатыны белгілі. Ертегілержас бала жүрегінде ең қымбат қасиетті - аяушылық сезімін тудырады.
Сәбидің бәрі тұрмысынан еңбек-сүйгіш, қайырымды бола бермейді. Ата-ана мен тәрбиешінің міндеті балаға сәби күнінде адамгершілік пен еңбексүйгіштік дәнін себу. Талапқа сай білім беру, сабақтың тиімді, қызықтыөтуі мұғалімнің жеке оқушыны тани білуіне де байланысты. Мектепке жаңа, келген шәкірттің жан дүниесіне, физиологиялық логикалық, және психологиялық дамуына, ұғу, сезу, түсіну қабілетіне үнемі зер салу — ұстаз парызы. Әсіресе жеке жұмыс жүргізуді бастарда оқушының сөз қоры, сөйлеу дағдысы, ойын дағдысы, ойын баяндай білуі, сөйлемді толық аяқтай білуі, сұраққа жауап беруі, өзін қоршаған дүниені тану таразыдан өткізілуі керек.
6-7 жастағы оқушылардың көбісінің зейіні тұрақсыз болғанымен тез қабылдағыш келеді. Бірақ ұққанын тез ұмытып қалады. Біраз күннен кейін сұрасаң жауап бере алмайды. Бұл зейіннің тұрақсыздығынан мұндай оқушымен жүргізілетін жеке жұмыс ерекше есте қалардай қызықты болуы керек. Қабылдауы баяу немесе мінезі тұйық, көп сөйлемейтін, тыныш отыратын сабаққа ынтасыз оқушыға берілетін тапсырма оны ширату, сабақта сөзге тарту, көңілдендіру, өзге оқушының берген жауабын қайталаттыру немесе сөзуар балалармен қабаттастыра сөйлету мақсатын көздеуі тиіс. Берген жауабын нақтылап, анықтап өзінің өзгелерден қалмай жауап беріп тұрғанына көзін жеткізіп, белсенділік туғызу шарт. Қабылдауы нашар оқушының жауапкершілігі де төмен болады.
Қазіргі кезде сабақты ғылыми - теориялық, және практикалық дағды қалыптастыру жағынан оқытуды жетілдіре түсудің тиімді жолдарын қарастырып отыр. Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуіне ерекше көңіл бөлудің және сапалы оқытудың әдіс тәсілдерін ұсынады. Оқушыларға тәрбие берудегі, білім негізін игертудегі ұстаз ролін еш нәрсе де алмастыра алмайтынын білеміз. Шәкіртке білім берудің негізі - сабақ. Сондықтан да мұғалімнің басты міндеті -сабақты ғылыми мазмұнға сай, білімділік, тәрбиелік және дамытушылық жағынан әсерлі, тартымды көрнекілік пайдалану арқылы өткізу, осыған орай торғайдың, шәйнектің, дәптер суреттерін тақтаға іліп қойып, көрсеткіш таяқшамен бірінші буынды (Тор...) көрсетіп, екінші буынды балалардан сұрасақ, олар суретке қарап отырып ауызша жауап бере алады. Сонымен қатар осы сөздерде неше дауысты дыбыстар болса, сонша буын болатындығында ескере кетуімізге болады. Сөзді буынға бөліп оқыту кезінде сөзді тұтас оқуға үйрету үнемі есте болған дұрыс. Осылайша балаларды дұрыс сөйлеуге жаттықтырамыз. Оқушылардың, ой-өрісін, сана сезімін отбасының, қоғамдық ортаның мектептегі оқыту мен тәрбиенің әсерінен қалыптасып дамиды.
2 - сыныпта лексиканы оқыту арқылы тіл дамыту
2-сынып оқушыларының ересектерімен мен қарым-қатынасын, түсініп танымдық іс-әрекеті өзгереді. Сондықтан олардың ақыл-ойын дамыту үшін сөйлемді дұрыс құра білудің, тақырып мазмұнына сай, тәрбие негізін нақты оқушының санасына дұрыс құя білудің маңызы зор.
Оқушының ой-өрісін дамытуда мұғалімнің білімділігі, мәдениеті, ұстамдылығы, тапқырлығы, балаға деген қамқорлығы негізгі күш. Оқушылар оқу материалдарын түсініп қана қоймай, оны керек жерінде, яғни тәжірибеде қолдана білуі керек. Жетілдірілген бағдарлама оқушыларға түрлі пәндерден білім берумен бірге олардың ақыл-ойын санасын дамытуды да көздейді. Ал ақыл-ойдың дамуы тілдің дамуымен тікелей байланысты. Өйткені тіл ойдың сыртқы көрінісі. Бала тілін дамытуда оларға түрлі жаттығулар, сан алуан жазу жұмыстарын орындату, мақал-мәтелдер, өлең жаттатқызу, әңгімелер оқыту арқылы іске асады. Бастауыш сыныпта ертегілер оқытудың маңызы зор. Ертегі - сабақтың сыныптан тыс оқудағы бір саласы. Ондағы кейіпкердің әрбір мінез-құлқына, сөз мағанасына сәйкес дауыс күшейтудің (кекесін, мысқыл, қуаныш, реніш) қажеттігіне оқушылардың көзін жеткізу керек.
Ертегі - балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады. Мысалы: «Түлкі мен ешкі», «Ақымақ арыстан», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр», сияқты ертегілерді балаларға алдымен өзіміз оқып беріп, одан кейін балалардың түсінігін сұрап дұрыс емес жерін сұрақ қойып толықтыру арқылы да балалардың тіл байлығын, сөздік қорын арттыруға әбден болады.
Тіл сабағының мақсаты - оқушыларға әбден тілімізді меңгерту. Бастауыш сыныптарды бітіргенде оқушылар байланыстырып сөйлеудің қарапайым түрлерін толық меңгерулері керек. Оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту күн, апта, тоқсан сайын күрделене түседі.
Сөздік жұмысы бастауыш оқушысының ойын дамытумен тығыз байланысты екені белгілі. Тілді, оның грамматикалық курсын меңгеру оқушыларға өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді. Мектепте жүргізілетін сөздік жұмысы ауызша, жазбаша болып екі түрге бөлінеді.
Ауызша тіл дамыту жұмысы негізінде кітап оқу, көрген-білгенді әңгімелеп айтып беру арқылы орындалса, жазбаша тіл дамыту мазмұндама, шығарма т.б.с.с жазу жұмыстары арқылы іске асады. Бұл жұмыстар арқылы қай-қайсысы болмасын, сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға үйретуге, оның шығармашылық қабілетін арттыруға сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін арттыруға, қамтамасыз етуге бағыталады.
М.Ермекбаев өзінің диссертациясында мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорының даму динамикасын берген[19,-51].
Біз оның берген кестенің бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорының даму динамикасына тоқталмақпыз:
р/с
Жас шамасы
Сөздік қоры
1.
6.6-6.11
3871
2.
7.0-7.5
5782
3.
7.6.-7.11
8930
4.
8.0-8.11
12566
5.
9.0-9.11
14862
6.
10.0
15686
Бұл кестені ғалым бастауыш сынып оқушыларына арналған оқулықтарына сүйене отырып берген.
Енді біз «Қазақ тілі» оқулықтарындағы тіл байлығын дамытуға арналған тапсармаларды екі топқа бөліп (шығарма жазуға және мазмұндама жазуға) арналған тапсырмаларды мына кестеде қарастырайық.
2-кесте. Оқулықтардағы тіл байлығын дамытуға арналған тапсырмалар
сыныптар
Сөйлем құрастыруға арналған тапсырмалар
мазмұндама жазуға арналған тапсырмалар
шығарма жазуға арналған тапсырмалар
1-сынып
сөздің тура мағынасын аңғару, сөз тіркесін құру, сөйлем түзе білу, олардың ара жігін ажырату
«Қысқы ойын», «Нағашы ата», «Наурыз», «Жылдың төрт мезгілі», »Кім болам», «Менің атам» тақырыптарға әңгімелер құрастыру, айту, жазу
2-сынып
№11. Суретке қарап сөйлем құрау,№23 суреттегі жануарлардың атын атап, атауларды қатыстырып сөйлем жазу, № 103. тірек сөздерін айдаланып, сөйлем құрастыру. № 187. Суретке қарап (70 б.) сұрақтарға жауап беру
№26 Мәтінінің мазмұнын айтып беру, дайын мәтін бойынша тақырыбын қою, жоспар жасау, жалпы фоннан негізгі фигураны ажырату, негізгі айтылмақ ойды табу
тақырыбына ауызша әңгіме құрастыру, №30.Ертегіні әрі қарай жолғастыру
№ 131. Абай мен Мұхтар Әуезов туралы білетінін айту, № 160. өз бөлмесін сипаттау,
№ 165. Жоспар бойынша мәтін құрастыру, № 166. "Тоқылдақ– пайдалы құс" тақырыбына 4-5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру,
№ 168. Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрау, № 176. "Әдепті бала-арлы бала" тақырыбына шығарма жазу.
2-сынып
№11. Суретке қарап сөйлем құрау,№23 суреттегі жануарлардың атын атап, атауларды қатыстырып сөйлем жазу, № 103. тірек сөздерін айдаланып, сөйлем құрастыру. № 187. Суретке қарап (70 б.) сұрақтарға жауап беру
№26 Мәтінінің мазмұнын айтып беру, дайын мәтін бойынша тақырыбын қою, жоспар жасау, жалпы фоннан негізгі фигураны ажырату, негізгі айтылмақ ойды табу
дайындалған жартылай мәтінді ары қарай өз беттерінше жалғастыру,қысқа немесе толық мазмұндама жазу, ой қорытындыла
рын жасау
Туған жері туралы әңгімелеу,"Бау-бақ шаның пайдасы" тақырыбына әңгіме құрастыру, хатты жалғастыру,№76. Сурет бойынша әңгіме құрастыру,
№114.Сурет бойынша кітапхана мәнінде әңгіме құрастыру.
№117. "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбына әңгіме құрастыру, №216. "Орманда" тақырыбына шағын шығарма жазу.
№246. Кітапханаға барғаны жайлы әңгімелеу.
№277. Мәтінді әрі қарай жалғастыру.
№294."Аңшы" тақырыбына шығарма жазу.
№309. "Кім болам? " тақырыбына шығарма жазу.
№ 252. Суретке қарап, шағын әңгіме құрап жазу, № 254. Еркін тақырыпқа шығарма жазу,
112 б. Ұста туралы әңгіме құрастыру.
4-сынып
№111 өз ойын дәлел деу (тіл дамыту)
№112 өз ойыңды дәлелде.... №119. Сөз тіркестерге етістіктер қойып сөйлем құрау,
№123. Сөйлем құрау.
№99. "Менің туған ауылым" тақырыбына әңгіме жазу, №100. Берілген тақырыпқа әңгіме құрастыру,№103.жоспар бойынша әңгіме құрастыру,
№113 «Мейірімді аңшы» тақырыбына шығарма жазу, №420. Ертегiнi әрi қарай жалғастыру.
№429. Әңгімені әрі қарай жалғастыру,
№443. Ауа райы туралы шағын әңгіме жазу,
№445.Б. Момышұлы туралы білетінін әңгімелеу,
№47. Ыбырай Жақаев туралы не білесің?
№494. "Ас атасы –нан" тақырыбына әңгіме құрастыру,
№561.тұрған жердің (қала, ауыл т.б.) көктемгі тіршілігін сипаттап шығарма жазу.
Оқулықтарда шығарма жазуға төмендегідей тапсырмалар берілген:
1-сыныпта -6 тапсырма;
2-сыныпта –37 тапсырма;
3-сыныппа - 67 тапсырма;
4-сыныпта -51 тапсырма берілген. Осы тапсырмалар тіл байлығын дамытуға үлкен әсерін тигізеді.
Осы тапсырмаларды саралап отырып, біз жалпы тіл байлығын дамыту әдістемесіне тоқталмақпыз.
Ә.Исабаев «Қазақ тілін оқыту методикасында» ұсынып отырған практикалық әдістерде «сөйлем құрату әдісі», «шығарма жаздыру әдісі», «дұрыс сөйлеуге дағдыларын қалыптастырудың тәсілдері», »Диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдістері» тақырыптарда тіл дамыту мәселелеріне тоқталған [137].
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесін негізін құрастырған ғалымдардың бірі – Сағира Рахметова. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл байлығын дамытудың профессор С.Рахметова сауат ашу кезеңнен басталатынын өзінің «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулығында мынадай бөлімдерде көрсеткен:
1) «Сауат ашу және тіл дамыту әдістемесі» (Сауат ашу кезеңде баланың тілі мен ойын дамыту). Ғалым былай деген: «Оқушылардың тілін дамыту үшін әліппедегі мәтіндер мен берілген сөздер өмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер өмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, өсімдіктер, жануарлар дүниесі» [6,-37].
2) «Әдебиеттік оқу және тіл дамыту әдістемесі» бөлімінде мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстарға тоқтала отырып, осы жұмыстарды жүргізгенде «...балаларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл ойы мен дүниетанымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді» - деп көрсеткен [6,-59].
3) «Грамматика және тіл дамыту» бөлімінде коммуникативтік әдістерге тоқтала отырып, эвристикалық және проблемалық әдістер оқушылардың тіл байлығын дамытуға әсерін тигізеді деген түсінік береді [6,-79].
4)»Жазу және тіл дамыту»
5)Байланыстырып сөйлеу [6,-95; 110].
Ғалымның пікірінше бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай мақсаттарды көздейді:
1) оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету;
2) оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай, дағдылар, біліктер қалыптастыру;
3) оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу;
4) қазақ тілі ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну;
5) мазмұндама мен шығарма мәтіндері арқылы балаларды өз Отанына берілген шын патриот, бірі-біріне достық, туысқандық рухта, бауырластық сезімге, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу [6,-117-118].
Белгілі ғалым Б.Ысқақов «Тіл дамытудың психолонгвистикалық негіздері» атты кітабында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, психологиялық, лингвистикалық негіздерін қарастырып отырып, былай деген: «Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – оқушыларға білім жүйесін меңгеруге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеін әдіс-тәсілдер мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымының бр саласы» [85,-3].
Екі ғалымның да тіл дамыту туралы пікірлеріне қосыла отырып, сөздіктер арқылы тіл байлығын дамыту әдістемесін ұсынып отырмыз. Тілді үйрету мақсаты туралы Ф.де Соссюр былай деген болатын: «Обучение неродному языку требует не закрепления стереотипных навыков говорения, а выработки гибких коммуникативных умений свободно выбирать оптимальную для данного случая речевую стартегию» [138,-147].
2.2. Қазақ тілін дамыта оқыту сабағының үлгісі
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:студенттердің сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, мысалдар арқылы жаңа сабақты игерту.
ә) тәрбиелік: қазақ тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылық: студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: шығармашылыққа баулу, тақырып бойынша студенттердің білімін дамыту сабағы.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, ребустар, плакаттар, кеспе қағаз, семантикалық карталар, «Киелі сандар», қағаздан жасалған талдың макеті мен алмалар, белгі беретін таяқша, техникалық құрал.
Сабақтың барысы:
І 1) ұйымдастыру кезеңі;
үй тапсырмасын сұрау;
топпен жұмыс: І топ – «Жеті қазына»
ІІ топ – «Үш байлық»
ІІ Екі топтың жарысы:
а) сан есімнен өтілген материалдар бойынша:
ә) сан есімге байланысты мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар
ІІІ тақтаға мысалды студенттердің өздеріне жаздырту арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
ІV Кітаппен жұмыс
V Дәптермен жұмыс
VІ Сатылай кешенді талдау жұмысынан жарыс.
VІІ Түрлі ойындар. (Сөзжұмбақ шешу, ребус шешу, «Адасқан сөздер» немесе «Құпиялы қосымшалар», «Құпия сан есімдер» ойыны)
VІІІ Семантикалық картаны тарату (тест орнына)
ІХ Екі топтың топ басшыларының жарысы.
І топ басшысына 12 айдың қазақша атауы
ІІ топ басшысына 12 жылдың қазақша атауы (ауызша айту)
І топ басшысына «Жорға»
1. Синонимге мысал келтір
2. –шаң, -шең ненің жұрнағы?
3. Қосымшаның неше түрі бар?
4. Дауысты дыбыстар қалай жасалады?
5. Жалғаудың неше түрі бар?
6. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
7. –сыз, -сіз ненің жұрнағы?
8. Сан есім мағыналық жағынан қаншаға бөлінеді?
9. Дерексіз зат есімге мысал келтір?
Х «Киелі сандар»
Жеті» санына байланысты
1. Жеті – жинақтық сан есім
2. Жеті қазына
3. Жеті күн (аптаның)
4. Жеті септік
5. Жеті керемет (әлемнің)
6. Жеті нан құдайы
7. Жеті есімдік
(мағыналық түрлері)
«Жеті қазына»
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Жүйрік ат
4. Қыран құс
5. Құмай тазы
6. Берен мылтық
7. Қақпан
«Үш» санына байланысты
Үш арсыз
тамақ
ұйқы
күлкі
Үш дауасыз
өлім
кәрілік
ауру
Үш байлық
денсаулық
ақжаулық
он саулық
Үш бәйтерек
Сәкен
Бейімбет
Ілияс
«Үш» санымен байланысты
Тәуелдіктің ІІІ жағы
Жіктіктің ІІІ жағы
Буынның 3 түрі
Дауысты дыбыстардың үшке бөлінуі
Дауыссыз дыбыстардың үшке бөлінуі
ХІ «Поэзия минуты», «Жалғасын тап», «Біріншіден не жаман? ...» Сөзжұмбақ
1. Дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағынасы бірдей сөздер.
2. Әкеңнің әкесі
3. Жыл басы
4. «Бақыт» деген сөз мағынасына қарай қандай зат есім?
5. «Қалың» сөзінің антонимі
6. Құлыптың қожасы
7. Жыл атауы
С
И
Н
О
Н
И
М
А
Т
А
Т
Ы
Ш
Қ
А
Н
Д
Е
Р
Е
К
С
І
З
С
И
Р
Е
К
К
І
Л
Т
М
Е
Ш
І
Н
«Адасқан сөздер» неме «Құпиялы қосымшалар», «Құпия сан есімдер»
Жығады, білімді, мыңды, бірді, білекті, жығады.
Мен ек ... курста оқимын /-інші/
Менің інім биыл он бір... сыныпты бітіреді /-інші/
Төрт аяқтыда ... тату /бота/
Екі аяқтыда .... тату /бажа/
Жаздың ... күні /бір/
Қыстың ... күнін асырар /қырық/
ХІІ Сабақты мақалмен түйіндеу.
І топ Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
ІІ топ Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
2. 3. Қазақ тілінен жай сөйлемдерді оқытуда тест тапсырмаларын пайдаланудың үлгісі.
Оқыту үрдісіндегі ең маңызды мәселенің бірі — оқытудың нәтижесін тексеру. Тексерудің барлық түрін, әдісін, формасын қажетті жағдайда орындау, жүйелі түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарлатып, оқушылар үлгеріміндегі кемшілікті дер кезінде ашуға мүмкіндік береді.
Оқушылар білімін тексерудің түрлі әдістемелік аспектілері Ю.К.Бабанскийдің, Т.И.Батуринаның, И.И.Кулибабаның,
В.П.Беспальконың т.б. еңбектерінде қарастырылды.
Оқушылардың даярлық деңгейін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде негізгі орындардың бірін тест бойынша тексеру алып жүр. Тест - ағылшын тілінен (test) аударғанда "байқау", "бақылау", "зерттеу" деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы педагогикалық тестіні 1864 жылы ағылшын Дж.Фишер кұрастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруді американдық педагог-психолог С.Пресси мен оның қызметкерлері шығарған деп есептейді.
Тест тапсырмалары қолдану аясына қарай: педагогикалық, әлеуметтік, т.б. болып бөлінсе, оның ішіндегі педагогикалық тест тапсырмалары атқаратын қызметіне қарай: окыту тапсырмалары (оқушылардың жеке белсенділігін арттыру, жаңа материалды игеру, өздігінен дамуы) және бақылау тапсырмалары (тоқсан, семестр, жылдың аяғында, күнделікті оқыту үрдісінде оқушылардың жалпы дайындығын тексеру, диагностика жасау) болып бөлінуі мүмкін.1i
Педагогикалық тест әдісі оқушылардың білімін тексеруде объективті құрал ретінде тек шетелдерде ғана емес, біздің мектепте де кеңінен қолданылуда, соңғы бірнеше жылдағы жоғарғы оқу орындары үшін талапкерлерден алынатын қабылдау емтихандары осы әдіске негізделген. Мектеп бітірушілердің кәмелеттік аттестат алу үшін тапсыратын емтихандары мен талапкерлерді жоғарғы оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіріп құрудың жоспарлануы (2004) оқу үрдісінде тест тапсырмаларын қолданудың көкейкестілігін аша түседі.
Енді педагогикалық бақылау тест тапсырмаларын (бұдан ары тест тапсырмалары) құру мен оған қойылатын талаптарға тоқталайық. Тапсырманы құру мақсатты айқындаудан басталады, содан соң Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты анықтап берген оқушылар дайындығының міндетті (минимум) деңгейіне қойылатын талаптар нақтыланады.
Бағдарлама мен оқулық мазмұныны белгіленген тақырып бойынша талдау нәтижесінде тексерілетін және меңгеруге тиісті ең қажетті, негізгі ұғымдар сарапталады. Содан кейін осы ең маңызды ұғымдарды, құбылыстарды, заңдылықтарды, олардың арасындағы себеп-салдарына байланысты тексеруге арналған тест тапсырмалары құрылады.
Тест тапсырмаларына қойылатын талаптар:
тест тапсырмалары белгілі бір жүйелі ойды бейнелейтін логикалық анықтама (тұжырым) түрінде болады;
форманың дұрыс тандалуы;
тапсырманың қысқа да нұсқа болуы;
жауаптың анықталған орнының болуы;
тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы;
тандап алған форма шеңберіндегі дұрыс жауаптарды бағалаудың бірдей болуы.
Тапсырманың белгілі бір ойды бейнелейтін анықтама түрінде берілуінің өзі сұрак түріндегі тапсырмада қолданылатын қосымша сөздер мен белгілерді болдырмай, тапсырманың қысқалығын қамтамасыз етеді. Оқушылардың қабылдауына қиындық тудыратын, мағынасы күңгірт, анық зерттелмеген, сирек кездесетін сөздер мен таныс емес белгілерді қолдануға болмайды.
Соңғы кездері тестілеу арқылы білім тексеру әдісі және тест тапсырмаларының мазмұны көптеп сыналуда, дегенмен бұл әдіс алдағы уақытта да кеңінен колданыла беретіндігі даусыз.
Оның себебі, "біріншіден, тест тапсырмаларын орындауға уақыт аз кетеді, мұғалімнің де, оқушының да уақыты үнемделеді. Екіншіден, әр оқушыға жеке тапсырма берілетіндіктен көшіріп алу мүмкіндігі болмайды. Демек оқушы пән бойынша өз білімінің объективті бағасын алады. Үшіншіден, тест тек білім тексеріп кана қоймай, оқыту функциясын атқаратындықтан әрбір тестілеуден кейін оқушы білімі терендей түседі. Себебі, оқушы дұрыс жауапты таба алмаған жағдайда оқулықтағы сәйкес тақырыпты қайталап окиды, пысыктайды. Төртіншіден, кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп берілуде:
I деңгей-тану,
II денгей -жаңарту,
III деңгей-білімді, білікті және дағдыны ұғына отырып қолдану.
Сондай-ақ IV деңгей-шығармашылық деңгей, оқушы білімінің ең жоғарғы деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады".1ii
Білім-білік пен дағдыны тексеруге арналған тестердің бірнеше түрлері бар. Тіл сабақтарына ыңғайлығына қарай солардың бірнешеуіне тоқталып, олардың дайындық жолдарын қарастырайық.
І. Тандау тест: Жиі қоданылатын бұл тест бойынша берілген сұрақтың бірнеше жауабы көрсетіледі. Соның ішінен тек дұрыс жауап қана таңдап алынуы керек. Жауаптар саны үштен кем болмауы шарт.
Мысалы:
1.Синтаксис нені зерттейді?
а) сөз мағынасы ә) дұрыс сөйлеуді
б) сөз тіркесін, сөйлемді
2. Атаулы сөйлемді көрсет?
а) Ышқынған дала дауыл ә) Аяз күшейді
б) Боран түні бойы соқты
3. Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
а) тұрлаулы мүшелері толық катыспаған сөйлем ә) бір ғана сөзден жасалады
б) сөйлемнің оқшау түрі
4. Берілген бес сөздің төртеуі ортақ бір белгімен байланысады. Бесінші сөз олармен үйлеспейді. Сол сөздің астын сыз.
а) сөйлем ә) сөз тіркесі б) сан есім в) сөйлем мүшелері г) синтаксис
а) толықтауыш ә) дыбыс б) пысықтауыш в) анықтауыш г) тұрлаусыз мүше
ІІ. Балама жауапты тест. Белгілі бір түсінік ереженің дұрыс я дұрыс еместігі жөнінде оқушының бір жақты жауабы алынады. Жауап «ия», «жоқ» (дұрыс, дұрыс емес) сөздері арқылы жазылады.
Мысалы:
1. А) Жай сөйлем күрделі ойды білдіреді. дұрыс емес
Ә) Сөйлем құралға қатысқан сөздерді сөйлем мүшелері дейді. дұрыс
Б) Сөйлем мүшесі бола алатындары: шылау сөздер, қаратпа сөздер. дұрыс емес
2. А) Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. дұрыс
Ә) Бастауышы жоқ сөйлем жақты сөйлем бола алады ма? Жоқ
Б) Атауы сөйлем іс – оқиға жайында баяндайтын жай сөйлем түрі. дұрыс емес
3. А) бидай өңді – есімді сөз тіркесі. дұрыс
Ә) қиын сөз - етістікті сөз тіркесі. дұрыс емес
Б) ауылдың маңы - көмекші есімді тіркес. дұрыс
4. А) Толымды сөйлем басқа сөйлемге тәуелді болмай дербес айтылады ма? ия
Ә) толымсыз сөйлем диалогта кездеседі. Дұрыс
Б) Жалаң сөйлем жақты да, жақсыз да сөйлем болуы мүмкін. дұрыс
5. А) Бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болмайды. дұрыс емес
Ә) Атаулы сөйлем одағайдан болады. дұрыс емес Б) Синтаксис — сөз тіркесін, сөйлемді зерттейді. Дұрыс
III. Толықтыру тест. Сыналушы бос орынға қалдырылып кеткен сөзді немесе сөз тіркесін қоюы керек. Бұндай тест грамматикалық ережелерді, көркем тексті толықтыруға қолданылады.
Мысалы: 1. А) "Синтаксис" деген сөз білдіреді?
(нені?)
Ә) Сөйлем болу үшін__________________________ болу керек?
(не?)
Б) Айтылуға тиісті мүшелері жай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз. (қандай?)
2. А) Сөздер тек сөйлемде ғана емес, _____________________
байланысады. (қалай?)
Ә) Тұрлаусыз мүше жай сөйлемді жалаң
сөйлем дейміз. (қайткен?)
Б) Бірыңғай мүшелердің__________________ортақ болады
(несі?)
3. А) Сөз тіркесі_______________________________ сөзден құралады
(қандай?)
Ә) Жақсыз сөйлемнің құрамында ___________________болмайды.
(не?)
Б) Бірыңғай мүшелердің арасында_________ қойылады.
(не?)
ІV Сәйкестендіру тесті. Екі бағанаға орналасқан сөздерді бір – бірімен мағанасына мазмұнына қарай сәйкестендіріп топтастыру керек.
Мысалы: Жай сөйлем түрлерін тиісті сыңарларымен сәйкестендіріңдер:
1.Жалаң сөйлем. а)Құрамында бастауыш қатысқан сөйлем.
2. Толымды сөйлем. ә)Баяндауыштың бір өзі сөйлемге ұйытқы
3. Жақты сөйлем болатын сөйлем.
4. Жақсыз сөйлем. б)Тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлем.
5. Толымсыз сөйлем в)Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің бірі түсіп калған сәйлем
г) Айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысқан
сөйлем
«В.П.Беспалько дайын жауаптармен берілген сұрақ білімді игерудің тек бірінші деңгейін ғана тексереді деген пікір білдіреді. Ал О.С. Зайцев дұрыс жауапты саналы түрде тандау оқушының сұрақ пен жауаптың мағынасын түсініп, жауаптардың мазмұнын талдай алғанда ғана жүзеге асады деп есептей тұра В.П.Беспалькомен келіспейді. I, II, III деңгейлі тест тапсырмаларын құрастырумен қатар, қиындығына қарамастан IV деңгейлі тапсырманы құрастырғанда оқушының өте жоғары білім дәрежесін анықтауға болады.»11
Сонымен оқушылардың білім-білігінің деңгей мен сапасын анықтап, оқу үлгерімін бақылау үшін тест әдісі тиімді болмақ. Көптеген дамыған шет елдерде ауызша сынақ (емтихандар) жүргізілмей, оның орнына неше түрлі жазбаша тест түрлерін қолданатыны да осыдан болса керек. Алайда, бір ескеретін жай тестті орынды жерінде, мақсат пен қажеттілікке қарай ойластыра қолдану қажеттігі. Әсіресе тіл мен әдебиет сабақтарында барлық жерде тесттік сынаққа көшу орынды бола бермеуі мүмкін. Олай дегеніміз тіл мен әдебиет пәндері өзінің табиғатында жанды қарым-қатынас құралы ретінде сөздің мәнін көрсететін, сөйлеу шеберлігі мен тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат ететін пәндер. Осыған орай бұл пәндердің өзіне тән ерекшеліктері ескерілуі керек. Атап айтқанда, байланыстырып шебер сөйлеу, баяндау, ой жеткізу, ішкі әсер мен фактіні дәлелдеу, талдау жинақтау машығын байқау сипатындағы жұмыстарда оқушының ауызша жауабын көп жағдайда тест әдісі алмастыра алмайтыны кәміл. Сондықтан да тестті орынды қолдана білу, қажет жерінде ауызша сынақ-емтихан жүйесін де ығыстырмау жөн деп білеміз.
Қорытынды
«Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі» тақырыбында бойынша мынадай қорытындыға келеміз.
1. ХХІ ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Мамандардың алдында тұрған бірден-бір мақсат - оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, оларды өз бетінше түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу.
2. Тіл маманы шеберлігінің негізгі көрсеткішінің бірі әдістеме саласындағы озық тәжірибені жетік меңгеріп, өз шығармашылығында пайдалану, сол арқылы келешек ұрпақтың еркін дамуына, белсенді болуына жағдай жасау.
3. Мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде деңгейлеп, саралап оқытуды ұйымдастырады. Сол арқылы деңгейлеп оқыту технологиясын іске асырады. Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик үш деңгейге бөліп оқуды ұсынады: «А»- оқытудың міндетті жүйесіне сәйкес; «В» - қосымша жаттығулар көзделеді; «С» - оқу-әдістемелік әдебиеттерден тапсырмалар орындалады.
4. Жобалап оқыту технологиясының негізін салған Карл Фрей. Бұл технология бойынша белгілі бір тақырыпқа студенттерді қызықтырып, жоба құрып, жоспар бойынша ұжыммен жұмыс атқарылады. Бұл жұмыс алдын-ала дайындық жұмыстарының орындалуын талап етеді.
5. Модульдік оқыту технологиясында оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен оқитындай етіп оқу процесін өзгертеді, қайта құрады, яғни оқу модулі құрастырылады. Мұғалімнен тапсырма алған оқушы өз бетінше жұмыс атқарады, жоспарлауға, өз жұмысын бағалауға үйренеді.
Жанпейісованың модульдік технологиясы диалогтік негізде және 3 бөлімнен тұрады; 1) кіріспе бөлім (модульге ену); 2) диалог арқылы танымдық әрекет ұйымдастыру; 3) қорытынды (бақылау жұмыстары).
6. Дамыта оқыту технологиясының авторлары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов. Олар дамыта оқыту деп оқыту мақсаттары, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескініңжоғалуы деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқыту баланың белсенділігін ұйымдастырумен іске асады.
7. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, мектепке дейінгі немесе бастауыш сыныптардағы білім беру жүйесінің білім алушыларға бүгінгі күннің талабына сай сапалы білім беру мақсатын алға қоюда.
1997ж. Қазақстан Лиссабонда Білім беру конвенциясына қол қойды. Бұл Қазақстан Республикасының білімге қоятын талабы дүние жүзі елдерінің білім талабына сай болуы керек деген сөз.
8. Мемлекеттік тілді меңгерту жұмысы сабақтан тыс уақытта түрлі интеллектуалды ойын сабақтарында, конференция сабақтарда жалғасын табады. Жалпы жаңа технологиялық әдістер көп, оны әрбір маман ерекшеліктеріне, тақырып ыңғайына қарай өз бетінше шешеді және бұл жұмыс тіл мамандарынан алдын-ала дайындық пен асқан шеберлікті, ізденімпаздылықты талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 7 ақпан, 2001ж.
2. Назарбаев Н. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына. Егемен Қазақстан, 27 мамаыр, 2006ж.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: телориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000ж.
4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың ғылыми негіздері. Алматы, 1997ж.
5. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары, Алматы, 2000ж.
6. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. Москва, 1987.
7. Занков Л.В. Избранные труды, Москва, 1990
8. Тәжібаев Т. жалпы психология, Алматы, 1998ж.
9. Қазақ тілі және әдебиеті№3,5, 2001ж.
10. Сарманов Е., Сапаров С. Оқытудың жаңа технологиялары, Шымкент, 2005ж.
11. Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании, Москва, 1994
12. Байзақ Ү. Оқытудың кредиттік технология жүйесі. Таным және тәрбие. №4, 2005
13. Адамбаева Ж. Орыс мектебінің 4-5 кластарында қазақ тілін оқыту, Алматы, 1984ж.
14. Карл Фрей. Жобалау әдісі. Бельц. 1977
15. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, 1990
16. Мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану. Семинар бағдарламасы. Шымкент, 2007ж.
17. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1977
18. Рахметова С. Тіл дамыту методикасының негіздері. Алматы, 1987
19. Ақбаева К. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерді қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, 1997
20. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1989
21. Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері, Алматы, 1962
22. Сеневко Т.К. Современные образовательные технологии. Москва, 1998
23. Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды, Москва, 1989
24. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998
25. Ысқақ Б. Тіл мәдениетінің негіздері, Шымкент, 2000
26. Бекмұхамедова Х. Орыс тілін оқыту әдістемесі, Алматы, 1978
27. Ысқақ Б. Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар, Алматы, 2000
28. Байтанаева-Молдалиева Д., Оразбаева Э. Мемлекеттік тілді меңгертуде жүргізілетін сөздік минимум, Шымкент, 2003