kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныптарда д?ниетану саба?ында?ы АКТ- ны ?олдану ?дістемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш сыныптарда д?ниетану саба?ында?ы   АКТ- ны ?олдану ?дістемесі

«М.О.?уезов атында?ы педагогикаалы? колледж» К?МК

Кенжебаева Мадина

?ылыми жетекші: Б.М.Байбулатова

?стаз  ?шін  н?тижеге жету ш?кіртіні?  білімді болуы  ?ана  емес, білімді ?здігінен алуы  ж?не ал?ан  білімдерін  ?ажетіне ?олдану болып табылады. Б?гінгі  бала – ертенгі  жа?а  ?лем. Б?гінгі  к?ні  а?параттар  а?ымы  ?те к?п.  А?паратты?  ортада  ж?мыс жасау ?шін кез келген педагог ?з ойын ж?йелі т?рде  жеткізе  алатындай, коммуникативті  ж?не  а?паратты? м?дениеті  дамы?ан, интерактивтік та?таны пайдалана алатын, Онлайн режимінде ж?мыс жасау ?дістерін ме?герген м??алім болуы тиіс. Заман талабына  сай  жа?а  технология  ?дістерін ?йрету, ба?ыт - ба?дар  беруші – м??алімдерміз. О?ушылар  жа?а  т?рмыс?а, жа?а  о?у?а, жа?а ?атынастар?а  бейімделуі тиіс. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарда д?ниетану саба?ында?ы АКТ- ны ?олдану ?дістемесі»


Бастауыш сыныптарда дүниетану сабағындағы АКТ- ны қолдану әдістемесі


«М.О.Әуезов атындағы педагогикаалық колледж» КҚМК

Кенжебаева Мадина

Ғылыми жетекші: Б.М.Байбулатова


Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт - бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылар жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс.

«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», – дейді француз философы Анри Барбюс.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»  деп елбасымыз     Н.Ә.Назарбаев айтқандай бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту.

ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім.

«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның  сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.
     Инновациялық білім беру құралдарына:

  • аудио-видео құралдар

  • компьютер

  • интерактивті тақта

  • интернет

  • компьютер – мультимедaялық құрал

Дүниетану сабағындағы интерактивті тақтаны қолдану тиімді болып келеді. Себебі дүниетану пәні өзге пәндерге қарағанда күрделі, қызықты. Дүниетану сабағы әр түрлі кестелер, сызбалар, диаграммаларды қажет етеді. Интерактивті такта аркылы дүниетануды өткізу мұғалімдер үшін қолайлы. Сабак материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, баскарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып, жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондык пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялык материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысалдар да бере алады, график құру арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тактаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.

  АКТ бастауыш сыныптарда үнемі пайдалана бермейді бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн. Заман талабына сай ашық сабақтар беру барысында  көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсетуге тиімді. Мұғаліммен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп, баланың ойлануына,көзбен көріп,қолмен ұстап нәтижеге жетеді.Баланың сауатты жазуына көмегін береді. Жіберген қатесін көзбен көріп,қолмен жазып түзете білуге үйретеді.

Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға  оқушыны бейімдеп тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек.






Әдебиеттер:

  1. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде еңгізу жолдары.- Алматы., 2002.

  2. Т.Қ.Оспанов, К.Ә.Ерешева, Ж.Т.Қайыңбаев, Қ.Ә.Өтеева. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған окулық. -Алматы., 1997.

  3. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина. Жаратылыстанудың бастауыш курсын оқыту әдістемесі.І-бөлім.- Алматы «Атамұра»., 1997.

  4. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина. Жаратылыстану және дүниетанудың бастауыш курсын оқыту әдістемесі.ІІ-бөлім.- Алматы «Атамұра»., 1995.

  5. М.Қалиева. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде еңгізу жолдары,- Алматы «Атамұра»., 2002.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Бастауыш сыныптарда д?ниетану саба?ында?ы АКТ- ны ?олдану ?дістемесі

Автор: Кенжебаева Мадина Амантайкызы

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321334


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства