kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныпта о?ушыларды? о?у - танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

?о?амды? ?згерістерге с?йкес о?ушылар?а б?гінгі та?да тияна?ты білім беріп, танымды? ?абілетін дамыту, танымды? белсенділігін арттыру ?шін оларды? ?р п?нге ?ызы?ушылы?ын, ?здігінен даму да?дыларын ?алыптастыру, ізденімпазды??а, шы?армашылы??а т?рбиелеу – мектепті? басты міндеті. Сол себепті білім мазм?нын жетілдіріп, о?ыту ?дістерін, т?рлері мен ??ралдарын, ?дістемелік ж?йені жа?асапалы? негізінде ?айта ??ру ?ажеттілігін естен шы?арма?анымыз ж?н. Білім мазм?ны а?парат к?зі ?ана болып ?оймай, о?ушыларды? ?здігінен білім алу ??ралына айналуы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта о?ушыларды? о?у - танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыту »

Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу – танымдық қызығушылығын дамыту мәселелері


Қоғамдық өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім беріп, танымдық қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру үшін олардың әр пәнге қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу – мектептің басты міндеті. Сол себепті білім мазмұнын жетілдіріп, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңасапалық негізінде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз жөн. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек.

Бұл мақсатқа жету жолында пәнаралық байланыс, оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз. Педогогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.

Бастауыш мектеп оқушыларын жан – жақты дамытып, қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу мектепте оқыту және тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Мектепте білім мен тәрбие алу барысында бастауыш сынып оқушыларының ақыл – ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, ойлау сезімі артады. Осыған орай бастауыш сатыда білім берудің түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны бар. Соның ішінде ана тілі пәнінің алатын орны ерекше. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудағы негізгі мақсаты - оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, қалыптастыру арқылы сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және олардың рухани дүниесін байыту.

Бастауыш сыныпта ана тілі оқулығына енетін материалдар дәстүрлік – тақырыптық ұстанымға негізделеді. Бірінші сыныпта бала жазушылардың мәтіндер, өлеңдер, қысқа әңгімелер арқылы қоршаған әлемді таниды және жыл мезгілдері, жан – жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбегі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқып біледі.

Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін сабақ барысында мәтін мазмұнына сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді. Мысалы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін өту кезеңінде оқытушы адам еңбегі және басқа да жәндіктердің, құстардың тіршілігі туралы сұрақ қойып оған оқушылар өз пікірін білдіреді.

Сондай – ақ тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар «Қайда? Қашан?», «Суретке қарап әңгіме құра», «Ойлан тап?», «Мәтін мазмұнына қарап сурет сал», т.б. ойындар балаларды ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға арналған. Мысалы; «Жайлау» тақырыбына байланысты «Қайда? Қашан?» ойынын сабақ барысында сұрақ – жауап әдісін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын артыруға болады.

  • Бір жылда неше ай бар?

  • Қандай жыл мезгілдерін білесің?

  • Жайлау табиғаты қандай? т.б.

Күзге байланысты тарауда «Кім тапқыр?» ойынын жаңа сабақ алдында өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында топтастыру әдісін қолдануға болады. Оқушылар топ бойынша:

1 – топ – күз ерекшеліктерін,

2 – топ – күздегі еңбек,

3 – топ – табиғаттағы өзгерістерді әңгімелеп беруі тиіс.

Мәтінмен жұмыс істегенде де, сөздікпен жұмыс жүргізгенде де, оған қажетті сөз формаларын, конструкцияларды оқушылардың сөйлеу белсенділігін арттыруға қажетті грамматикалық материал алып отырамын.

Мысалы «Менің отбасым» атты сабақ тақырыбына міндетті түрде ситуациялық жағдай туғызамын сурет арқылы және керекті грамматикалық материалды сұрыптап аламын: тәуелдік, көптік, жіктік жалғауларымен байланыстырамын.

Менің отбасым

  1. Отбасы мүшелерімен таныстырамын

  2. Түрлі мамандық аттарымен таныстырамын: суретші, дәрігер, сатушы

  3. Зат есімінің тәуелдік, жіктеу есімдіктерін қайталаймын.

(менің әкем, Сенің әкең, сіздің әкеңіз, оның әкесі), (мен оқушымын, сен оқушысың, сіз оқушысыз, ол оқушы)

  1. сызба арқылы жай сөйлем құрылысымен таныстырамын.

Менің ... бар. Әкем - жұмысшы

  1. Осы тақырып бойынша сұхбат құрастырамыз.

  2. Шағын шығарма жазамыз.

Кез келген үйретілуге тиісті грамматикалық құбылыс оқушылардың сөйлеу тіліне еңгізіледі: мәтін, жаттығу жұмыстарында, диалог қолдану арқылы жалпыланып, қорытындыланады. Е.И. Пассов шартты түрдегі сөйлеу жаттығуларын төрт түрге бөледі: еліктеу, тасымалдау, қайталау, коммуникативті.

Еліктеу арқылы сөйлеу жаттығуларын жүргізуде мұғалімнің айтқан сөйлеу үлгісінен оқушылар қажетті тілдік формаларды, жаңа сөздерді табады.Сол қалпында қайталайды.

Мақұлдап сөйлеу үлгілері:

  • Бүгін күн жылы ма?

  • Иә, жылы

  • Сериков жақсы оқушы ма?

  • Иә, ол жақсы оқушы.

Ал келесі жаттығу орындау барысында сөздерді ауыстырып қолдану арқылы сөздік қор, грамматикалық формаларды қолдануға үйретеді.

Мысалы, қарсы пікір айтыңдар:

  • Сенің үйің кішкентай ғой

  • Жоқ. Менің үйім үлкен

  • Сен бүгін киноға барасың ба?

  • Жоқ, мен бүгін театрға барамын.

Етістіктің осы шағын айтуға төселдіру мақсатында мынадай сұрақ – жауап жүргіземін.

  • Мен сабақ түсіндіріп тұрмын

  • Айгүл, сен ше?

  • Мен сабақ тыңдап отырмын

  • Айдын, сен не істеп отырсың?

  • Мен жазып отырмын

  • Ол жазып отыр

Бұл принцип оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады және сөйлеуін жеңілдетеді. Оқыту кезінде оқушыны аз да болса жетістігін айтып мақтап қоямын.

Коммуникативті технологияның ерекшелігі неде?

Ол баланы бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіншілік береді. Мысалы, мынадай сұрақтарды күнделікті қоямын:

- Сыныпта кім жоқ?

  • Сен қайда тұрасың?

  • Нешінші сыныпта оқисың?

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Қазір жылдың қай мезгілі? т.б.

Педагогикалық технологиялар – оқытудың мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс -әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.

Тілдің дыбысталу мәдениетін дамыту

«Қандай дыбыс естіп тұрсың?»

«Міне, осылай дыбыстар айтылады»

«Шар жарылды»

«Қар бүршігі»

Тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру

«Анасын табуға көмектес»

«Не қайда жатыр?»

Сөздік қорын дамыту

«Бұл кім? Бұл не?» (зат есім)

«Кім не істейді?» (етістік)

«Қандай екенін айт?» (сын есім)













БАЯНДАМА


«Бастауыш сыныпта

оқушылардың оқу – танымдық қызығушылығын дамыту»





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сыныпта о?ушыларды? о?у - танымды? ?ызы?ушылы?ын дамыту

Автор: Кожахметова Гульсара Жорабековна

Дата: 06.04.2015

Номер свидетельства: 197972


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства