Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыту Койтанова Ж.Т .Лебяжі ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібін шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген. Заман талабына сай педагогикалық теория мен практиканың даму кезеңінде актуальді проблеманың бірі- оқушының танымдық қабілетін арттыру. Жас ұрпақты өмірдің сан саласында еңбек етуге даярлау, ғылыми- техникалық өзгерістерге белсене қатыстыру сияқты негізгі міндеттер осы үрдіс барысында шешілмек. Республика ғалымдары Ж.А. Қараев, Н.Д. Хмель, М.Ә. Құдайқұлов, А.Е. Әбілқасымова, Қ.К. Жанпейісова, т.б. ғылыми еңбектерінде танымдық қызығушылық дағдыларын қалыптастырудың тиімді негіздерін зерттеген. Білім берудің әдісін қалыптастыруда танымдық қызығушылық ерекше маңызды. Оқытудың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызын И.Я. Лернер, Б.Г. Ананьев, М.А. Данилов, М.И. Махмутов, Ю. К. Бабанский, Б.П. Есипов, Г.И. Щукина, Т.И. Шамова, және т.б. еңбектерінде зерттеген. ХҮI ғасырда өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң маңыздылығы жөнінде: «Оқушыға мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Нәтижесiнде бiлімге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп атап көрсеткен. Сондықтан оқу материалдарының мазмұны, жан-дүниені қызықтыруға бағытталуы керек. Танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар: • Мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жарияланып өтілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған мәліметтерге тарихи бағдар беру, білімнің тәжірибелік мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау. • Өз бетінше жұмыс істеудің әр-түрлеріне негізделген, оқытудың проблемалық тұрғыда алған мәліметтерді зерттеу негіздеріне және оқушының шығармашылық, тәжірибелік жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері. • Оқушының қабілетін ұштау, оқытушының оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, оқушыларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылардың өзара бәсекелестігіне көмек көрсете білу қасиеті. Оқушылардың танымдық білімі мен білігін қалыптастыру мақсаты арнайы жүйеге негізделген: 1. Жаңа білім беруге дайындық 2. Жаңа білім беру 3. Жаңа білімді бекіту. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен түрлерін жетілдіру, қазіргі технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Осының арқасында дәстүрлі сабақтардың орнына оқу процесінің кезеңдерінен тұратын қазіргі талапқа сай жаңа технологиялар ( бейнеконференциялар, телефорумдар, телемарафондар, портфолио, интербелсенді тақта, электрондық оқулықтар) пайда бола бастады. Жаңа білімді меңгеру барысындағы дайындық тапсырмалары: а) қайталауға, нақтылауға, оқушының білетін материалдарын толықтыруға арналған тапсырмалар ә) өткен оқу материалдары мен жаңа білімнің логикалық байланысын орнықтыратын, ойлауға берілетін тапсырмалар б) жаңа оқу-танымдық міндеттерді меңгеруге және қиындықтарды жеңуге үйрететін тапсырмалар. Танымдық қызығушылық – оқушының табысқа жету дағдысын қалыптастырады. Танымдық қызығушылықты дамыту нәтижелері: - белсенділік, білімге деген қызығушылық - өздігінен іздену - орындалатын жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындау; - оқу- танымдық қызметтегі негізгі түйінді анықтау - игерілген білімді тасымалдай білу - өз іс- әрекетін бақылау, бағалау Танымдық қызығушылық 3деңгейде жүзеге асады: 1. Жоғары деңгей- білуге деген қызығушылық, іс- әрекетті бағалай білу 2. Орта деңгей- танымдық іс- әрекетті өздігінен орындау 3. Төменгі деңгей- тапсырманы қайталау, оқытушы көмегіне жүгіну Танымдық сапаны арттыруда қолданылатын әдістемеде көрнекілік, үлгі көрсету, проблемалық ізденістер туғызу, нақты өмір деректеріне жүктеледі. Танымдық процесc зейін қою, қабылдау, елестету, еске сақтау және ойлай білу арқылы жүзеге асады. Осы орайда халқымыздың ұлы ақыны Абайдың «Адам баласы өмірге келгеннен кейін ішсем, жесем, көрсем, білсем, үйренсем екен деп армандайды»- деген қара сөзі еске түседі. Бастауыш сынып оқушыларының таным мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай жобасы болуы керек: - мақсат қою (мақсатты түсіну) - мақсатты жүзеге асыру (тапсырманы орындау) - нәтижені бағалау (бақылау, баға) Математика сабағында төмендегіше проблемалық тапсырмалар қолданылады: а) 17+48+33= 98 ә) 48+33+17 = 98 Сұрақ: Сандардың орындары ауысса да нәтиже б) 17+33+48 = 98 бірдей. Неге? а) 20:4+1х12 = 12 ә) 20:(4+1)х12= 48 Cұрақ: Өрнектегі сандар бірдей болғанымен б) (20:4+1) х12 =72 нәтижесі неге әр түрлі? 7 санының құрамын табу үшін сұқ саусақты ортаға қарай жылжыта отырып 7 және 0=7 6 және 1=7 5 және 2=7 4және 3=7 екендігін есте сақтайды. «Қыс» тарауында «Кім тез табады?» ойынының шарты бойынша екі жыл мезгілін 2реттен айтып мақал немесе қанатты сөз құрастыру керек. (Қыс- қысыл, жаз- жазыл. Көктемде- көгер, күзде- күзел). Табиғат құбылыстарына байланысты «Ойлан тап!» ойыны өтілді.Кестеге сөздер көлденең жазылады (дауыл, боран, қырау) А А А Қорыта айтқанда, ойнай отырып ойлану- пәнге деген қызығушылықты арттырып, танымдық қабілетті дамытары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы – Астана, 2004. 2. Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық жолдары/Ізденіс, - Алматы, 2006. № 1 (2). Б.233-236. 3. Қызығушылықтың нәтижелігі/Қазақстан мектебі, 2006. № 3. б.16- 18. 4. Бастауыш мектеп №3 2005 |