kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп – баланы? дамуыны? жа?сы жа?тарын ж?йелі ?алыптастырып отыратын негізгі орын. Мектептік ?мір балаларды? мінез-??л?ыны? ?алыптасуында шешуші р?л ат?арады. Баланы? т?л?алы? дамуын, мінезін т?рбиелеу мен ?алыптастыруда басты міндет – оларды? жан-жа?ты болып ?суін ?ада?алау. Міне осы орайда балаларды? бойында?ы жа?ымды ?асиеттерді оятып, жа?ымсыз ?деттерді жою талабы психологиялы? ж?не педагогикалы? іс-?рекеттерді? тиімділігіне байланысты.    Мектеп – баланы? дамуыны? жа?сы жа?тарын ж?йелі ?алыптастырып отыратын негізгі орын. Мектептік ?мір балаларды? мінез-??л?ыны? ?алыптасуында шешуші р?л ат?арады. Баланы? т?л?алы? дамуын, мінезін т?рбиелеу мен ?алыптастыруда басты міндет – оларды? жан-жа?ты болып ?суін ?ада?алау. Міне осы орайда балаларды? бойында?ы жа?ымды ?асиеттерді оятып, жа?ымсыз ?деттерді жою талабы психологиялы? ж?не педагогикалы? іс-?рекеттерді? тиімділігіне байланысты.    

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ »

Абай ауданы №1 ЖББОМ











Бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

(Баяндама)





Орындаған: Малдыбаева А. К.











2014-2015 оқу жылы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Мектеп – баланың дамуының жақсы жақтарын жүйелі қалыптастырып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың мінез-құлқының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Баланың тұлғалық дамуын, мінезін тәрбиелеу мен қалыптастыруда басты міндет – олардың жан-жақты болып өсуін қадағалау. Міне осы орайда балалардың бойындағы жағымды қасиеттерді оятып, жағымсыз әдеттерді жою талабы психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің тиімділігіне байланысты.

Бала мектепке келгеннен кейін оқу оның негізгі іс-әрекетіне айналады. Мектепте бала белгілі бір мерзім ішінде қабелеттілік пен икемділіктің белгілі мөлшерін меңгеріп және оларды талдауды үйренеді. Қазіргі сәтте бала өзіне қызық емес, бірақ болашаққа маңызды материалдармен оқып танысады. Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы сыныбына келген балалар оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарды басынан өткереді. Қиындықтардың ең алғашқы себебі – мектептік оқуға деген қызығушылығының төмендігі немесе психологиялық дайын еместігі. Осыған қоса мектепте оқудың бастауы тек өмірдің жаңа шарттары ғана емес, сонымен қатар жаңа байланыстар, қарым-қатынас және жаңа міндеттер. Осыған орай бала өмірі өзгереді: бәрі оқуға, мектеп іс-шараларына бағынышты болады. Бұл өте маңызды кезең.

Алты жасар баланың мектепке баруы оның өмірінде ерекше оқиға болып табылады. Мектепке дейінгі кезеңнен мектеп жасына өтуі баланың іс-әрекетінде, басқа адамдармен қарым-қатынасында ерекше өзгерістермен байланысты. Кіші мектеп жасындағы баланың ең негізгі іс-әрекеті оқу болғадықтан, баланың өмір тіршілігі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы жаңаша қалыптасады.

Баланың мектепке бейімделуі-бірден болмайды. Мектепте толығымен меңгеруіне бір күн немесе бір апта жеткіліксіз. Бейімделу ұзақ мерзімді қажет ететін процесс.

Баланың мектепке беімделуіне негізгі үш жақты қиындық әсер етеді:

Біріншісі, мектептің жаңа күн тәртібі – ерте ұйқыдан тұру, тыныш отыру, сабақтан қалуға болмайды, дер кезінде сабақта орындау және тб. Мұндай дағдылар балада бұрын қалыптаспағандықтан олар шамадан тыс шаршайды, сабақтан қалығысы келіп тұрады, мазасызданады және т. б. Көбіне алты-жеті жастағы балаларда өзіндік әдеттрдің қалыптасуының алғышарттары қалыптаса бастағандықтан кейбір жаңа құбылыстарға бейімделу қиынға соғады. Ең бастысы мұғалім мен ата-ана осы жадайларды дұрыс ескергендері маңызды.

Екіншісі, баланың мектеп мұғалімімен, құрбыларымен және отбасымен өзара қатынасына байланысты туындаған мінез-құлықтар. Жай ғана мейірімділіктен мұғалім өзінің аторитарлық стилі талап етушілік, қаталдық, мінез құлықта қажетті әрекеттердің орындаулуын талап етуші болып көрінеді. Ол үнемі баланың жұмысын бағалап отырады. Кей жағдайда бала өзін құл ретінде сезуге дейін барады. Нәтижесінде кейбір балалар жасқаншақ, ал біреулері үйде басқаша ал мектепте мүлдем басқаша қылық көрсетеді. Кейбір оқушылар жаңа ортада өздерін дұрыс меңгере алмай, басқа балалармен танысуы бірден болмағадықтан, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі мұғалім барлық балаларға бірдей талап қояды, бірақ әр баланы жеке-жеке қадағалайды. Бала мектепке келгеннен соң оның үйдегі орны да өзгереді. Оның міндеттері де және құқықтары да жаңаша құрылады. Мысалы оның сабақ орындауына ерекше, бөлек уақыт қажет болғадықтан үлкендер оның ңүн тәртібімен санасады.

Үшінші түріне бірінші сынып оқушылары оқу жылының ортасына қарай сезінеді. Олар басында мектепке бірден жүгіріп, уақытынан ерте баратын болса, кейіннен ересектердің ықпалымен ғана барады. Өздерінің әрбір алған бағасына қуанып, сабақты қызығушылықпен орындаса осы кезеңде ол төмендейді және бәрібірлікке ауысады. Мұғалімдер бұл кезеңде оқушымен сыртқы жағдайларына да әсер ететін тапсырмалар береді.

Сонымен балада мектеп қабырғасына аттаған күннен бастап психологиялық қайта өрлеу басталады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады.

М.Н.Костикова «балаларды мектепке оқуға психологиялық даярлығы» ұғымының мазмұнын ашып, мектепке психологиялық дайындықтың типтерін ұсынған. Ол тұңғыш рет баланың мектепке психологиялық даярлығын анықтау мақсатында оқу әрекетінің жетістігі туралы, оны қамтамасыз ететін ғылыми – тәжірибелік шаралардың жасалуы мен психологиялық даярлықтың сапалық ерекшеліктерін талдайтын жіктемелерді бөліп көрсетті.

Сонымен қатар өз елімізде баланың мектепке даярлығы мәселесімен айналысқан ғалымдар да аз емес. Мысалы Б.Баймұратованың «Балаларды мектепке даярлау жөнінде», Қ.Сейсенбаевтың «Отбасы тәрбиесіндегі баланы мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибелерін пайдалану проблемасы» еңбектері бала бақшадағы оқу – тәрбие үрдісі арқылы баланы мектепке жан – жақты дайындау мәселесін қарастырған.

Оқушының мектепке бейімделуіне байланысты мұғалім мен ата-аналардың маңызды көңіл аударатын негізгі шарттары :

-         Оқушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезеңде бақылау.

-         Оқушыдан оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу.

-         Оқушы жөнінде достарымен, ата – анасымен әңгіме жүргізу.

-         Бала мектепке үлкен қызығушылықпен келеді, ең негізгі шарт бала бойындағы қызығушылықты жоғалтып алмау.

-         Бала бойындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу.

-         Оқушыларды қанағаттандыратын эмоционалдық жағымды өзара қарым–қатынас жүйелерін (құрбыларымен, мұғалімдермен, ата - аналарымен) қалыптастыру.

-         Сапалы тегін қосымша білімге балалардың қолын жеткізу (үйірме, секциялар).














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
БАСТАУЫШ СЫНЫП О?УШЫЛАРЫНЫ? МЕКТЕПКЕ БЕЙІМДЕЛУІ

Автор: МАЛДЫБАЕВА АКЫЛГУЛ КУРМАНИЯЗОВНА

Дата: 16.05.2015

Номер свидетельства: 212315


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства