kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан математикалы? ж?мба?тар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Онайбаева Багиткуль Бузаубаковна Лисаков ?аласы "№3 орта мектебі" КММ бастауыш сынып м??алімі болып ж?мыс істеймін. Е?бек ?тілі 23 жыл. Сіздерге жіберіп отыр?ан ж?мысым  ол бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан математикалы? ж?мба?тар. Б?л ж?мысты? ішінде ж?мба?тар мен ?атар жа?ылтпаштар, санама?тар ж?не ?тірік ?ле?дер енгізілген. Ж?мысты? ма?саты бастауыш сынып о?ушыларыны? тілдік ?орын, ойлау ?абілеттерін, логикасын арттыру. ?ала о?ушылары к?бінесе орыс тілді болып келеді. Сол себебті оларды? тілін дамыту ма?сатында осы ж?мысты ?олданамын. Ж?не б?л ж?мыс бас?ада ?стаздар?а к?мектессе екен. Сіздерге с?ттілік тілеймін! К?п рахмет!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан математикалы? ж?мба?тар»

Математикалық жұмбақтар.

  1. Егіз қайың, Бой – бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес – бестен. Бұл не? (Қос қол)

  2. Үш шырпыдан бір есік, Құрастырып көр шешіп. Бұл не? (П әрпі)

  3. Жоқ өзінде бас та, Қас та, Мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. Бұл не? (Сызғыш)

  4. Алпыс төрт тең бөлмеде Отыз екі тұрғын бар: Ақ, қара қып бөлгенде Бірін – бірі қуғындар. Ханы үшін де, жаны үшін де Бермейді олар намысын. Бұл не? (Шахмат)

  5. Жиырма төрт батыр, Бірін – бірі жеп жатыр. Бұл не? (Дойбы)

  6. Екі аяқты бір ізді, Үстіне адам мінгізді. Бұл не? (Велосипед)

  7. Тышқаннан басқа батпаған, Бір шланг, төрт баған. Бұл не? (Піл)

  8. Мың найзалы жалғыз батыр Жауларына алғызбай жатыр. Бұл не? (Кірпі)

  9. Жүз төрт түйме, Он бір ине. Бұл не? (Есеп шот)

  10. Қатар жазып саусақты, Түйістір екі бармақты. Екі қолдың арасы, Қандай әріп қарашы? Бұл не? (М)

  11. Айқасқан екі таяқ, Тұрады жоқты сұрап. Бұл не? (Икс)

Математикалық тақпақтер.

  1. «Екеу дегенше, бекем де».

Бірді бірге қосқанда,

Екеу болады.

Жалғызсырап, жасқанбай,

Бекем болады.

  1. «Есеп»

  • Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы, сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады?

  • Сол досым сол алманың

Бәрін алсын! – дей салдым.

  1. «Бес»

Қарсы алғанда анасы,

Мектебінен Қошайды,

«Бес» алған – ау шамасы,

Бес саусағы шошайды.

Математикалық өлең есептер.



  1. «Кім қаншада?»

Салтанат екіде,

Бақытжан жетіде,

Екеуін қосып шыққаның

Сәулеттің жасын ұққаның.

Білгің келсе егер сен,

Сәулеттен үш жас шегерсең,

Қиын емес онша да

Сағаттың жасы соншада.

(2+7=9 – Сәулеттің жасы, 9 – 3 = 6 – Сағаттың жасы)

  1. «Санамақ»

Бақшаға

Жақсы аға

Көп – көп

Ойыншық

Келді алып:

Бір балық,

Екі есек,

Үш үйрек,

Төрт түлкі,

Бес бүркіт,

Алты арғымақ,

Жеті жарқанат.

Сегіз саулық,

Тоғыз тауық,

Он торпақ.

Болма есепке сен шорқақ!

Ауызша,

Жазбаша

Қосып шық.

Бақшаға

Хақсы аға

Қаншама

Әкелді

Ойыншық?

(55 ойыншық)

  1. «Бәрі қанша құс болды?»

Мынау да бір санамақ,

Өздерің көр саралап:

Төбеден төрт бөктергі,

Аңдыпты қос кептерді.

Шаңқылдаса көк қарға,

Үн қоспапты көп қарға.

Секем ап бір дауыстан,

Безектеп бес сауысқан

Алты белден асыпты,

Тым – тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты,

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ

Отырғанда қаталап,

Топ – топ тоғыз тоқылдақ,

Қарғып кеткен топырлап.

Сөйтіп, қызық іс болды,

Бәрі қанша құс болды?

(31 құс)

  1. «Бәрін бірге ойлап қой»

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең бамқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

(17 бас мал)

  1. «Торғай нешеу?»

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу қостаушы.

Және тағы қарасақ,

Қайта оны санасақ,

Соңында біреу қап келеді,

Алдында төртеу, топ келеді,

Үшеуі қатар жарысқан,

Түзеліп үшеу қалыспан.

Ойың жүйрік болса егер,

Торғай нешеу есепкер.

(бес торғай)

  1. «Қосу»

Дүкеннен кеп сабын алдым,

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші,

Сонда бәрі,

Қанша болды,

Қолда бары?

(Алты)

Математикалық жаңылтпаштар.

  1. Ұшып кетті үш құс

Ұшып келді ұшқыш.

  1. Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

  1. Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым,

Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.

  1. Есет атам ет асатар

Ет асатса, бес асатар.

  1. Қырық үш қызғыш құсқа,

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады?


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан математикалы? ж?мба?тар

Автор: Онайбаева Багиткуль Бузаубаковна

Дата: 04.11.2015

Номер свидетельства: 248006


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства