kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАЛАНЫ? С?ЗДІК ?ОРЫН ОЙЫН АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ.

Нажмите, чтобы узнать подробности

БАЛАНЫ? С?ЗДІК ?ОРЫН ОЙЫН АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ.

Балалы? ша? – бала бойына адамгершілікті? негізін ?алайтын кез. Сонды?тан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылы? сезімдерін ?алыптастыру – ата-аналар мен ?стаздарды? міндеті. Балаларды? жан-жа?ты дамуы ?шін  дидактикалы? ойынны? ролі ерекше.

Дидактикалы? ойындарды?  т?рлеріне шек жо?. ?азіргі кездегі саба? материалдарыны? мазм?нына с?йкес м??алім белгілі бір ойын бойынша ?р?илы ойын ойлап табуына болады.

Білім беру саласында да елеулі ?рі ау?ымды ?згерістер ?рістеуде. Сонды?тан білім беру ж?йесін ?айта ??ру жа?дайында?ы негізгі ба?ыттарды? бірі – о?ушыларды? бойында?ы білімге деген ?ызы?ушылы?ын дидактикалы? ойындарды пайдалану ар?ылы дамыту.

Ойын – бала ?шін  на?ыз ?мір. Егер ?стаз ойынды а?ылмен ?йымдастырса, ол балалар?а ы?пал жасау?а м?мкіндік алады.  Балаларды о?ытып, т?рбиелеуге ?р тарапты ойын элементтерін ?олдану тиімді ?дістерді? бірі болып саналады.

Ойын баланы? ой-?рісін, ?иял сезімін дамытып, с?йлеу тіліні? жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог т?рінде ?зара с?йлесу машы?тарын ?алыптастырады. Д?рыс ?йымдастырыл?ан ойын негізінде баланы? ?о?амды? ?леуметтік сезімі оянады. ?жымды? е?бек процесіне ?йреніп, бірлесе ?ызмет ат?ару н?тижесінде оларды? жолдасты?, досты? ынтыма?тары ны?аяды.

О?ытуда ?олданылатын ойын ?дістері – ойынны? на? ?зі емес, ойын т?ріндегі ?дісі. Ол логикалы? дербес орындалатын жатты?у ж?мыстарына балаларды? зейінін аударып ?ызы?тыру, саба??а белсенділігін арттыру, ал?ан білімін тияна?тау, ке?ейту, кейде саба?ты т?сіндіру ма?сатында ?олданылады. Ойынны? танымды? сипаты ж?нінде М. Горкийді? «Бала ойынды с?йеді. Ойна?анда не болмаса соны? б?рімен де ойнайды, ол ?зіні? айналасында?ы д?ниені ойын ж?не ойыншы? ?стінде тез таниды. Бала с?збен де ойнайды, осы с?збен ойна?анда ?з ана тіліні? н?зік жерлерін ?йренеді, тілді? музыкасын ??ады»,- дегені м?лім. Балаба?ша т?рбиесінде ойынсыз ж?мыс ж?ргізу м?мкін еместігін сіз бен біз де жа?сы білеміз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАЛАНЫ? С?ЗДІК ?ОРЫН ОЙЫН АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ.»

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қабанбай ауылы №41 ОМ













БАЯНДАМА

Тақырыбы: Баланың сөздік қорын ойын арқылы дамыту.











Орындаған: Дюсенова Д.А.















2015-2016жж



БАЛАНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ.


Балалық шақ – бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру – ата-аналар мен ұстаздардың міндеті. Балалардың жан-жақты дамуы үшін  дидактикалық ойынның ролі ерекше.

Дидактикалық ойындардың  түрлеріне шек жоқ. Қазіргі кездегі сабақ материалдарының мазмұнына сәйкес мұғалім белгілі бір ойын бойынша әрқилы ойын ойлап табуына болады.

Білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Сондықтан білім беру жүйесін қайта құру жағдайындағы негізгі бағыттардың бірі – оқушылардың бойындағы білімге деген қызығушылығын дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы дамыту .

Ойын – бала үшін  нағыз өмір. Егер ұстаз ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады.  Балаларды оқытып, тәрбиелеуге әр тарапты ойын элементтерін қолдану тиімді әдістердің бірі болып саналады.

Ойын баланың ой-өрісін, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алысу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын негізінде баланың қоғамдық әлеуметтік сезімі оянады. Ұжымдық еңбек процесіне үйреніп, бірлесе қызмет атқару нәтижесінде олардың жолдастық, достық ынтымақтары нығаяды.

Оқытуда қолданылатын ойын әдістері – ойынның нақ өзі емес, ойын түріндегі әдісі. Ол логикалық дербес орындалатын жаттығу жұмыстарына балалардың зейінін аударып қызықтыру, сабаққа белсенділігін арттыру, алған білімін тиянақтау, кеңейту, кейде сабақты түсіндіру мақсатында қолданылады. Ойынның танымдық сипаты жөнінде М. Горкийдің «Бала ойынды сүйеді. Ойнағанда не болмаса соның бәрімен де ойнайды, ол өзінің айналасындағы дүниені ойын және ойыншық үстінде тез таниды. Бала сөзбен де ойнайды, осы сөзбен ойнағанда өз ана тілінің нәзік жерлерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғады»,- дегені мәлім. Балабақша тәрбиесінде ойынсыз жұмыс жүргізу мүмкін еместігін сіз бен біз де жақсы білеміз.

Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік  ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды,табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз»,т.б.

  Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңе сақта».

Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы – жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».

Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.

Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал-заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен балалардың сөздік қорын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамытып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершіілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар ойын түрі. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Бұл ойын арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.

Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар  сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ».

              Қызыл-сары көк моншақ.

              Мен жасаймын көп моншақ.

Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен  көмегін тигізеді.

Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы бала саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық етттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамытады. Сабақтың қызықты болып өтуіне ықпал жасайды, жалпы логопедиялық сабақтың тиімділігін біршама жоғарылатады.

Балабақшаның тәрбиешілеріне арналған бағдарламалық жоспарды басшылыққа ала отырып, балалардың бақылап көргендерін тиянақтап, естерінде берік қалдыру, сөздік қорларын дамыту үшін төмендегідей дидактикалық ойындарды  ұсынып отырмыз. «Жасырылған затты тап», «Ғажайып қапшық», «Ойыншықты тап» (оның түрін, көлемін, формасын атап айт – домалақ, көк, кішкене, т.б.), «Қолыңмен байқап көр, атын айт» (бала дорбаға салынған заттарды қолымен танып, алады), «Жаңа қуыршақты қабылдау».

1-ойын. «Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қарсы сөз айтады. Күн – түн, тәтті – ащы және т.б.

2-ойын. «Қонаққа барамыз». Балалар үй иелері және қонақтар болып бөлінеді. Үй иелері қонақтарды сиқырлы сөздер айту арқылы қарсы алу қажет. Қонақтар сыпайы жауап қайтарады.

3-ойын. «Сөз құра».

Балалар мұғаліммен айтылған буындарға  сөз құрайды. Буындар түрлі-түсті әдемі болуы мүмкін. Мысалы: гүл шоғырына жиналатын шар немесе гүлдер түрінде.

4-ойын. «Екі шеңбер».

Балалар екі шеңберге тұрады. Сыртқы (үлкен) және ішкі (3-4 адамнан). Үлкен шеңбердегі балалар тұрады, ал ішкісіндегілер көшбасшы мұғаліммен бірге жүріп, былай дейді: «Біз шеңбер бойымен жүреміз, өзімізбен бірге аламыз – тәтті…». Үлкен шеңбердегі балалар тез арада қандай да бір тәтті затты ойлау қажет. Мысалы, қант. Қай бала бірінші атаса, ішкі шеңберге кіреді. Ойын жалғасын табу үшін жұмсақ, сұйық, ащы, қатты сынды сөздерді де пайдалануға болады. Үлкен шеңберде қалып қойған соңғы бала кез-келген тапсырма орындайды (жаза ретінде).

5- ойын.  «Мен қандай әріппен дос».

Бұл ойын әріптерді есте сақтап, сөйлеу тілін дамытуға ғана емес, сонымен бірге танымдық сипатқа да ие. Әрбір ойыншыда жануардың суреті болу керек (әр түрлі болуы да мүмкін). Мысалы: анасында сиыр, әкесінде  түйе, баласында кірпі. Анасы айтады: — Менің сиырым «м» әрпімен дос, өйткені онда мүйізі бар. Әкесі: — Менің түйем «ө» әрпімен дос, өйткені онда өркеш бар. Бала: — Менің кірпім «и» әрпімен дос, өйткені онда инелері бар.

Қорытындылай келе, мектепке дейінгі балаға берген білімнің нәтижесінде олардың болашақта сөздік қорының мол әрі сауатты азамат болуларының негізі осында қаланатынын біз әрдайым ұмытпауымыз қажет.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
БАЛАНЫ? С?ЗДІК ?ОРЫН ОЙЫН АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ.

Автор: Дюсенова Динара Агыбаевна

Дата: 20.01.2016

Номер свидетельства: 279622


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства