kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

БАЛАБА?ШАДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ ?ОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды мектепке дейінгі т?рбиемен ж?не о?ытумен ?амтамасыз ету ж?ніндегі 2010 – 2020 жылдар?а арнал?ан «Балапан» ба?дарламасы бекітіліп, Елбасымызды? «Жа?а онжылды? - Жа?а экономикалы? ?рлеу- ?аза?станны? жа?а м?мкіндіктері» атта жолдауын ж?зеге асыру ма?сатында балаларды мектепке дейінгі о?ыту ж?не т?рбиелеуді ?амтамасыз ету ?шін «Балапан» ба?дарламасы ??рылды. Б?л талаптарды? ж?зеге асырылу ба?ытында?ы ж?мысты ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы сатысы – мектепке дейінгі ?йымдарда баланы? білімге деген ??штарлы?ын арттырудан, ?лтымыз?а т?н ?асиеттер бойына сі?ген ш?кірт тєрбиелеуден баста?анны? ма?ызы ?те зор.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«БАЛАБА?ШАДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ ?ОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ »

БАЛАБАҚШАДА ДИДАКТИКАЛЫҚ  ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітіліп, Елбасымыздың «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атта жолдауын жүзеге асыру мақсатында балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін «Балапан» бағдарламасы құрылды. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тєрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.

Мектепке дейінгі ұйымдар нақты бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Бағдарламаларда білім мазмұны айқындалады. Оларды оқып үйренудің бірізділігі, сағат саны көрсетілген. Сонымен бағдaрламаларда, біріншіден, оқу пәніндегі білім мазмұны белгіленсе, екіншіден, іс-әрекеттің белгілі мөлшері анықталады. Мектепке дейінгі ұйымдарда жеке пәндік педагогикалық технологиялар,  дамыта отырып оқыту технологиясы, денсаулықты жақсартатын технологиялар,  авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары кеңінен қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген педагогикалық технологияда көрсетілген – білім беру жүйесіне енгізген жаңалық; айырмашылығы оқыту мен тәрбиелеу әдістерімен құралдарының интеграциясы, тәрбиешінің шеберлігі және шығармашылығы, ол педагог әдіскер, технолог ролдерінде болады, ал тәрбиеленуші оқу тәрбие процесінің субъектісі белсенді қатысушысы болады. Кез-келген ұйымдардың педагогикалық ұжымдары балалармен жұмыс жасау үшін ата-аналардыњ сұраныстарын қанағаттандыратын және тәрбиеленушілердің кәсіби жағдайларына байланысты кез-келген бағдарламаны таңдауға мүмкіндігі бар.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Дидактикалық  ойындар арқылы сезімталдық және ақыл-ой қабілеттерін, байқағыштықты тәрбиелеу, ауызша талдау жасау, өз ойын жүйелі жеткізе білу, әңгімелеу,  заттарды салыстыру, заттарды негізгі ұқсас белгілеріне сай жинақтау, жіктеу, пікір және ой қорытындысын жасауға дағдыландыру. Ойынды жүргізу балалардың өздеріне жүктеледі.

Дидактикалық ойындар балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар ірекет. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу іс – әрекеттің әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін арттырып, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Және ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндіріліп, балалардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдай білуге баулу керек. Оның үстіне дидактикалық материалдармен көрнекіліктерге жеке көңіл бөліну керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, оқу іс – әрекетке деген ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды пайдалану оң нәтижесін береді.

Дидактикалық ойындарды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын мінез-құлық ережелері мен нормаларын бекітетін құрал ретінде пайдалану, оларға байқағыштықты, зейінді дамытатын ойындар, заттардың белгілерімен таныстыруға арналған жұмбақ–ойындар, есте сақтауды дамытуға арналған ойындар, топтау іскерлігін дамыту,  логикалық ойындар және т.б.

Сондықтан, дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Балалардың ізденімпаздығын арттырып, сөздік қорларын молайтады, оқуға, бірдеңені танып – білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып тіл байлықтарын дамытады.

 

Әдебиеттер:

1. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы /http://adilet.zan.kz

2. Маженова Р.Б. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары. Қарағанды. 2007.

3. Пидкасистый П.И.,  Хайдаров Ж.С. Технология игры в обучении и развитии. – М., 1997.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
БАЛАБА?ШАДА ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ ?ОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор: КАПЫРАХИМОВА ЛАУРА РАХИМБЕКОВНА

Дата: 29.03.2015

Номер свидетельства: 193514


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства