Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ата-аналар, ағайлар мен жас ұландар! Келе жатқан Жеңіс күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, Отанымыз тыныш, деніміз сау болсын деп «Бала сұлтаны» атты сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Алғашқы құттықтау сөзін ауылымыздың ұлағатты ұстазы Садыкова Мүгілсім Жанғалтқызына беріледі.
2. Әнұран
3.Жүргізуші
Сыналар ер жігіттер келді кезің,
Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің!
Жан құмары дүниеде немене екен,
Соны білсең- бәрін де білгендерін!
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше, сендердің өнерлеріңді бағалап отыратын әділқазылар да осында! Қарсы алайық оларды: СадыковаМ.Ж. Мағауина Ж.Т. Нұртазинова Ботагоз.
4.Ал енді сайысымызды бастайық:
Ортаға біздің сайыскерлерімізді шақырайық!
№1 Қайролла Айдос 1 сынып оқушысы
№2 Ахметов Жоламан 2 сынып оқушысы
№3 Жақсылық Ислам 2 сынып оқушысы
№4 Жантемиров Арыстан 3 сынып оқушысы
№5 Ерсаинов Еламан 4 сынып оқушысы
5.Ж:
Бәйге қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен бала кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін!
Ортаға №1/-5/ сайыскеріміздің танысу сөзі
Мамыр
Айдос
Мен қиянқы да, мен тентек
Темербектің ұлымын
Қайролланың немересімін
Асяның баласымын
1сыныпта оқимын
Терең білім аламын
Тек алаға деп ұмтыламын.
Ислам
Сабырлы да салмақты
Мен Ислам Жақсылық ұлы
Төлебек атамның жиенімін
Нұрсұлу әжемнің еркесімін
Артта қалмай алда болу мақсатымен
Бүгінгі сайысқа қатысамын
Жүлделі орынға ие боламын мен
Жоламан
2 сыныптың тентегі де, өжеті де мен боламын
Қуандық пен Анардың Жоламан атты ұлымын мен
Соларға ризамын мен.
Бүгінгі сайысқа қатысып
Тек гранпри жүлделі орынның иесімін
Музыкалық үзіліс Ортаға ең кішкентай бөбектерімізді шақырамыз
6. Ж:Таныс болдық бәрінің тегіменен,
Туып өскен мекені, жеріменен,
Маған тартқан бәрі ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең,- ендіше
Сөз кезегі әділқазылардаСөз кезегі әділқазыларда
7 Ж:.Іздегенде табады
Ғылым –жұмбақ тау сындас
Білім - өмір сабағы,
Ғұмыр бойы таусылмас
Олай болса енді сайыскерлеріміздің білімдерін сынайтын кез келді
2 сайыс –Білім сайысы
Сұрақ жауап:
1.Біздің еліміз қалай деп аталады?
2.Ел рәміздерін ата
3.Әнұранның авторлары кім?
4.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
5.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
6.ҚР мемлекеттік тілін білесіңдер ме?
7.ҚР ұлттық валютасы қашан енгізілді? 15 қараша 1993ж
8.ҚР ұлттық валютасын білесіңдер ме?
9.Қазақстанның тұңғыш президенті кім?
10. 25 қазан қандай күн?
11. Ал 9 мамыр ше ?
12.Ұлы Отан соғысының батырларын ата
13.Конституция дегеніміз не?
14.Еліміздің елордасы бас қаласы қай қала?
15. Былтыр Астанаға неше жыл болды? 10ж
8. Музыкалық үзіліс Ортаға 1-2 сынып оқушыларын шақырамыз «Айналайын» әндерін қабыл алыңыздар
9.Сөз кезегі әділқазыларда
10.Ж.
О заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірі-бірін.
Қарайық тамашалап жиылған жұрт,
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін.
Келесі өнер сайысы
/тақпақтары мен өлеңдері/ /Асыл әже, Мамантенок, Вальс/
11. Сөз кезегі Әділқазыларға беріледі.
12.Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар! Әрине, жігіттің мықты болуы әбден дұрыс, бірақ болашақ білімді ұрпақтың ғана қолында! Олай болса сайыскерлеріміздің күштерін сынайтын кез келді. Спроттық сайыс!
13.Музыкалық үзіліс Ортаға 3-4 сыныптарын шақырамыз «Идет солдат по городу» әндерін қабыл алыңыздар.
14.Жарайсындар балалар!!! Мықтылықтарын мен ептіліктеріне қазылар алқасы қандай баға берер екен?
15Ж.Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Балыққа таяз судан терең оңай.
Шешендер сөйлегенде жанды ерітіп,
Көңілімнің құсын ұстап береді оңай.
Олай болса шешендік өнер сайысына өтейік
1.Халықтың ортақ үйі –Отаны
2.Отан –ер ұлын ұмытпайды
3.Отаны бардың – оты өшпес
4.Атаңның ғана ұлы болма, Отанның ұлы бол
5.Отанға опасыздық еткенің, өз түбіне жеткенің
6.Отан үшін күрес-елге тиген .
7.Батыр жауда сыналады, жау жайда сыналады.
8.Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.
9.Қол батыр болмай, жүрек батыр болмас.
10.Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады
16. Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.
17. Музыкалық үзіліс 1-2 сынып оқушыларындағы орындауындағы Армандастар
18.Сайыскерлеріміздің үй жұмысы бар Олар құстарға үйшік жасап келулері керек еді. Сынап көрейі Кімнің үйшігі ең жақсы жасалған.