Бала мінезіндегі тіпті елеусіз жайларды да ата-анасы мен м??алім ескерусіз жібермей, ба?ылап отыр?ан ж?н. Ол ата-анасына ?лде?алай ?арсы келсе, ?ке-шешені? бала?а ?рсуыны?, «енді ?айталама» деп м?сіркеуіні? ?ажеті жо?, адаса берсе жар?а со?ып, мерт болатынын, ?ке-шешесін сыйлай білмейтін адамды ешкім жа?сы демейтінін т?сіндіру ?ажет. Бала ?ке-шешесіні? к??іл-к?йін ?аба?ынан танып, сыйлап т?рса, бас?а адамдармен де ?атынасы сондай болса, ??рметке б?ленеді.
... кішкентай адамны? рухани д?ниесін о?у?а ?ана тіреп ?ою?а болмайды. Егерде біз баланы? жан д?ниесіні? барлы? к?шін саба??а ж?мсауына тырысатын болса?, оны? ?мірі адам т?згісіз болады. Ол мектеп о?ушысы ?ана емес, сондай-а? е? алдымен сан ?ырлы м?дделері, тілек-талаптары бар адам болу?а тиіс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бала мінезін т?рбиелеу »
Бала мінезін тәрбиелеу
(Ата-аналарға арналған баяндама)
Біз білеміз бала тумысынан жаман болмайды, жаман тәрбиеші болуы ғана мүмкін. Бұл көпке аян ақиқат. Бала жаны нәзік, ойы адал, сезімтал да толқымалы. Сол нәзік жанды майыстырып алмай, адал ойға дақ салмай, толқымалы сезімді дұрыс тәрбиелеу мұғалімнің сезімталдығына, талғампаздығына, әрбір оқушысын жете білгенше тыным алмай, өне бойына ізденуіне, әр баланың жанына үңіле қарап, шығармашылық жұмыс істеуіне байланысты. Адам жанын, мінезін тербиелеу фабрикада киім тігу, зауытта белгілі бір өнім жасап шығару емес. Мінезді дұрыс қалыптастыру үшін өз мінезіңнің жақсы, шебер тәрбиелік қасиеті болуы қажет, Әсіресе бұл жерде мектеп пен отбасының бірлігі керек. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерік дереу жөндеп, демеп жіберу — ата-ана мен мұғалімге жүктелер міндет.
Бала мінезіндегі тіпті елеусіз жайларды да ата-анасы мен мұғалім ескерусіз жібермей, бақылап отырған жөн. Ол ата-анасына әлдеқалай қарсы келсе, әке-шешенің балаға ұрсуының, «енді қайталама» деп мүсіркеуінің қажеті жоқ, адаса берсе жарға соғып, мерт болатынын, әке-шешесін сыйлай білмейтін адамды ешкім жақсы демейтінін түсіндіру қажет. Бала әке-шешесінің көңіл-күйін қабағынан танып, сыйлап тұрса, басқа адамдармен де қатынасы сондай болса, құрметке бөленеді.
Тәрбие туралы дана ойлар
Бала — ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.
Мектеп пен ата-ананың міндеті — әр балаға бақыт беру. Бақыт сан қырлы. Бұл, — адамның өзінің қабілеттерін ашып, еңбекті сүйіп, оның жасампаз болуында, бұл және өзін қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып, басқалар үшін әсемдік жасауында, бұл тағы да басқа адамды сүйіп, сүйікті болуда, балаларды нағыз адам етіп өсіруде. Тек ата-аналармен бірлікте, ортақ күш-жігер жұмсау арқылы ғана мұғалімдер балаларға адамның үлкен бақыт бере алады.
Мен әрқашан да өте жақсы баға алу үшін жанын салатын психоз туралы қатты мазасызданып ойланумен келемін, — бұл психоз отбасында туып, педагогтарды қамтиды, мектеп оқушыларының жас жанына зіл салмағын түсіріп, оларды бұзады. Балада дәл үздік оқырлықтай қабілет жоқ, ал ата-анасы одан тек бесті талап етеді, ең болмағанда төртке келіседі, сөйтіп, соры қайнаған оқушы үш алып, өзін қылмыскер сезінуге сәл қалады.
... кішкентай адамның рухани дүниесін оқуға ғана тіреп қоюға болмайды. Егерде біз баланың жан дүниесінің барлық күшін сабаққа жұмсауына тырысатын болсақ, оның өмірі адам төзгісіз болады. Ол мектеп оқушысы ғана емес, сондай-ақ ең алдымен сан қырлы мүдделері, тілек-талаптары бар адам болуға тиіс.
Адамды адамға сондай-ақ эстетикалық тілектерінің, мүдделерінің, қажеттерінің байлығы да тартады. Жеке бастың эстетикалық өмірінің жұтаңдығы. - адамнан алшақтататын тас қабырға, бұл ересек адамдар арасындағы рухани қарым-қатынас құрылатын негіз тұрпайылығының түбірлі себептерінің бірі өзара бір-біріне талап қоюшылықтың, атап айтқанда, адам отбасын құрған кезеңдегі шектеулілігінің себебі. Жеке бастың эстетикалық байлығы туралы қамқорлық, бейнелеп айтқанда адамға адамды тартатын магнит өрісін жасау болып табылады.