kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ба?ыты?ды бала?нан ізде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Ба?ыты?ды бала?нан ізде. (ата-аналар жиналысы) Ма?саты:Ата-аналарды? бала т?рбиесіндегі жауапкершілігін арттыру,отбасында?ы бала т?рбиесіні? ма?ыздылы?ын,алатын орнын ай?ындау,ата-ана бойына ?здерін т?рбиеші м??алім ретінде ?арау?а ?ызы?ушылы?тарын дамыту,баламен д?рыс тіл табысу?а,с?йлеу м?дениетін ?немі д?рыс ?олдану?а ой салу. ?дісі:сын т?р?ысынан ойлау (ой ?оз?ау,топтастыру,р?лге ену,д??гелек ?стел) Ж?ру барысы: Ата-аналар екі топ?а б?лініп отырады. 1.Кіріспе с?з А?иы? а?ын М.Ма?атаев мектепте о?ушы бол?ан ша?ында «Ба?ыт деген не?» деген с?ра??а «Мен ?айдан білейін» деген екен.Кейіннен «Сіз ба?ыттысыз ба?Ба?ыт деген не?» деп с?ра?анда «Ба?ыт деген не?»деген ?зіні? ?ле?ін шы?арыпты.(?ле?ін о?ып беру)
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ба?ыты?ды бала?нан ізде »

Тақырыбы: Бақытыңды балаңнан ізде. (ата-аналар жиналысы)

Мақсаты:Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру,отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығын ,алатын орнын айқындау,ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға қызығушылықтарын дамыту,баламен дұрыс тіл табысуға ,сөйлеу мәдениетін үнемі дұрыс қолдануға ой салу.

Әдісі:сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру,рөлге ену,дөңгелек үстел)

Жүру барысы:

Ата-аналар екі топқа бөлініп отырады.

1.Кіріспе сөз

Ақиық ақын М.Мақатаев мектепте оқушы болған шағында «Бақыт деген не?» деген сұраққа «Мен қайдан білейін» деген екен.Кейіннен «Сіз бақыттысыз ба?Бақыт деген не?» деп сұрағанда «Бақыт деген не?»деген өзінің өлеңін шығарыпты.(өлеңін оқып беру)

2.Ой бөлісу сәті.Топтастыру әдісі.

Ал сіздер үшін құрметті ата-аналар «Бақыт деген не?»

Қалай ойлайсыздар?(бала,денсаулық,әрбір сәтті күн)

3.Оқушы пікірі. Әр оқушының бақыт туралы өз пікірлері бар.Бақыт туралы біздің балаларымыздың қандай ойлары бар екен.Оқушылардың осы сауалға қалай жауап бергенін көрейік.

4.Пікір алмасу сәті.

1.Өз өмірлеріңіздің қай кезінде,қай жағдайда өздеріңізді бақыттымын деп сезіндіңіздер?Балаларыңыздың сізге бақыт сыйлаған,қуаныш сыйлаған сәттері жиі болама?

(балалық шақ,студенттік шақ,ана болған кезде)

2.Айналаңыздағы адамдарға бақыт әкелген өзіңіздің бір іс-әрекеттеріңіз туралы әңгімелеп берсеңіздер?

3.Біз өз бақытымызды баламыздан іздеуімізге болама,яғни бақытыңды балаңнан ізде деген пікірге келісесіздерме?

5.Бақыт ханшайымының сыйлығы.

6.Ана бақыты,әке бақыты дегенді қалай түсінесіздер?

7.Бала бақыты дегенді қалай түсінесіздер?

8.Жағдаяттан шығу жолдары.Әр топқа жағдаяттан шығу сұрақтары қойылады.

9. «Кім шапшаң? ойыны» Екі топтан екі –екіден ата-ана шықсын.Қай ата-ана қаншалықты өзінің баласын толық біледі екен.Мәселен, «Баламды 100 пайыз тани аламын» деуіңіз мүмкін.Алайда кейде олай болып шықпайды.Осындай мақсатпен мына сұрақтар төңірегінде жауап берсеңіздер.

1.Балаңыздың туған күні.

2.Балаңыздың ең жақын досы?

3.Балаңыздың оқитын газет-журнал,кітабын атап беріңіз?

4.Бос уақытын қалай өткізеді?

5.Сүйікті тағамдары?

6.Сізден айырмашылығын айтыңыз?

7.Үйдегі сүйікті ісі?

8.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

9.кеше сабақтан қандай баға алды?

10.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

11.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

12.Қай пәнді жақсы көреді?

13.Балаңыз сізді ренжіткенде ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

14.Балаңыздың арманы.

15.Балаңызға үлгі болатын адам кім?

16.Үй ішінде татулық кімге байланысты деп ойлайсыз?

17.Үйде бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі?

10.Ой-толғаныс. «Мен бақытты анамын..» Әр ана аяқталмаған ойды ары қара жалғастырады.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ салсақ: «Адамның бақыты балада» деген.Кез-келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен кенелетініне мән бермеуі де мүмкін.Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе,екінші біреуі даңқ пен атақтан ,мансап пен қызметттен іздестіреді.Бірақ «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек.Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.Бақыт деген сөздің өзі адам баласына жылы естіледі.Бақыт деген сатып алатын сый емес.Бақыт деген байлық емес.Кейбіреулер бай болсам бақытты боламын деп ойлайды. Бақытты болу үшін әрбір адамның өмірге деген құштарлық сезімі болу керек.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын ,қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол –бала тәрбиесі.Бала тәрбиесінің алғашқы ұстазы-ата-ана.

Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді,он жылын ойлаған ағаш егеді,ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» «Бала-ата-ананың бауыр еті» дегендей мына өмірде ата-ана үшін баланың алатын орны ерекше.

Жан-Жак Руссо « Бала туғанда ақ қағаздай таза болып туады,оның үстіне шимақты қалай салсаң,қағаз бетіне солай түседі,бала тәрбиесі де сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең,ол солай тәрбиеленеді» деген екен.

Бұдан шығатын түйін:бала тәрбиесіне ең әуелі ата-анасының еңбекқорлығы,ұстанымдылығы, ақыл-ойы,сана-сезімі,адамгершілігі әсер етпек. «Баланың жақсысы –әке мен шешенің ары,ата-ананың абыройы,жаманы-қайғысы,бақытсыздығы,азабы» дейді халқымыз.Бала үшін алғашқы тәрбиешісі,бас ұстазы-ата –анасы.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса бала солардан,-деп Жүсіп Баласағұн айтқандай ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы,ата-аналар сіздерге байланысты.Сондықтан әрбір ата-ана өз бақытын өмірінің жалғасы баласынан іздеу керек.Біздің бірлесіп тәрбиелеп,оқытып отырған ұл-қыздарымыз болашақта ата-анасының үмітін ақтар,елін сүйер саналы да білімді азамат болады деп сенейік.

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік,береке,түсіністік пен сыйластық,үлкен бақыт тілей отырып «Бақытыңды балаңнан ізде!» атты пікіралысуды аяқтайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Ба?ыты?ды бала?нан ізде

Автор: Каблахатова Зауре Мухышбековна

Дата: 16.04.2015

Номер свидетельства: 201953


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства