БАЯНДАМА Та?ырыбы:«Н ? т и ж е г е б а ? ы т т а л ? а н б і л і м» /баяндама ?дістемелік бірлестік отырысына дайындал?ан/
БАЯНДАМА Та?ырыбы:«Н ? т и ж е г е б а ? ы т т а л ? а н б і л і м» /баяндама ?дістемелік бірлестік отырысына дайындал?ан/
Кез – келген елді? болаша?ы білім беру ж?йесіні? де?гейіне байланысты бол?анды?тан ?аза?стан хал?ына да ?лемні? дамы?ан елдерімен те? д?режеде білім беру ?ажеттігі туындайды. Елбасы Н. Назарбаев ?зіні? «?аза?стан-2030» жолдауында: «о?ушыларды ?аза?станды? патриотизм мен шы?армашылы? жа?ыныан дамы?ан жеке т?л?а ретінде т?рбиелеу аса ?ажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«БАЯНДАМА Та?ырыбы:«Н ? т и ж е г е б а ? ы т т а л ? а н б і л і м» /баяндама ?дістемелік бірлестік отырысына дайындал?ан/»
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Н ә т и ж е г е б а ғ ы т т а л ғ а н б і л і м»
Кез – келген елдің болашағы білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты болғандықтан Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі туындайды. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды.
Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағыныан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейлінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру, түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты.
Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының – белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып, елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің Жапония, Германия, Голландия тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды.
Балалармен жұмыс істеуде мұғалімнің бір ғана кәсіпқойлығы жеткіліксіз. Ол бұған қоса: бағдарламалық материалмен жұмыс істеп, оны құрылымдай білуі; ғылыми білімнің жетіспейтін құрамдас бөліктерін толықтыра білуі; әлеуметтік тапсырыс, мектеп пен нақты оқушының қажетіліктеріне сәйкес пән мазмұнына түзету енгізе білуі; өзіндік оқу бағдарламаларын, құралдарын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды әзірлей білуі тиіс.
Өткізіліп жатқан диагностикалық зерттеулер оқытушылармен жұмыс жүйесін құруға, олардың шығармашылық әлеуеттерін айқындауға, уәждемені ынталандыруға мүмкіндік жасайды. Педагогтардың кәсіби жағынан өсуіне жұмыстың қандай түрлері мүмкіндік береді?
Педагогикалық идеялардың «Ашық сабақ» дәстүрлі фестивалі;
Мұғалімнің шығармашылық зертханасы байқауы;
Мұғалімдердің шығармашылық есептері;
Мектепте «Тәжірибе бөлісу» инновациялық педагогика тәжірибесімен алмасу;
Семинарлар;біліктілікті арттыру курстары, ғылыми-тәжірибелік конференциялар;
Педагогикалық процесс субъектілерінің шығармашылық кездесулері;
Республикалық және халықаралық семинарлар мен конференцияларға қатысу.
Мектептер дарынды оқушыларды оқыту және тәрбиелеудің стандартты емес әдістерін іздестіреді, сараланып жіктелеген, неғұрлым күрделенген, кеңейтілген тапсырмаларды әзірлейді. Пәндік олимпиадаларға қатысуға үміткерлермен әрбір мұғалім жеке жоспарлары бойынша жұмыс істейді.
Талқылай білу бұл жерде балалар өз көзқарастарын білдіруге және оны қорғауға, шешендік дағдыларын дамытуға үйренеді.
Соңғы жылдары балалардың білім сапасын тексеруде тест тиімді тәсіл ретінде көрініс табуда. Оқушылардың үлгерімін, білім сапасын мемлекеттік стандарт талабына сай тексеру- бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орын алады. Ол оқушының қарым-қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.
Сыныпта жүргізілетін әр түрлі бақылау жұмыс түрлері оқушының білім сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Тоқсан сайын, жарты жылдық, жылдың соңындағы әкімшілік тексерістері баланың білім сапасын нақты көрсетіп береді.
ҚР Білім министрлігінің 1992 жылы 10-қыркүйекте щыққан бұйрығында барлық оқу орындарында оқушылардың білім сапасын айқындауды тестілеу арқылы жүргізіп, ол үщін өтілетін пәндерден тест түрлерін жасау, сонымен қатар тексеру, бақылау жұмыстарын кешенді қорын жинақтау қажеттілігі талап етілген. Тестілеу білімінің сапасы, игерген дағдысы мен іскерлігінің деңгейі анықталады.
Мұғалім оқушы білімін бақылауда үй тапсырмасын сұраудан бастап, сабақты бекітуге дейін жүргізеді.
Ол жалпы сыныптық сұрау, бақылау, өздік жұмыстары,белгілі бір тақырып бойынша жекелеген тапсырмалар,диктанттар. Бұл әдістердің жетістіктерімен қатар жүретін кемшіліктеріде жоқ емес.
Ол кемшіліктердің бірі-мұғалімнің уақыты мен еңбегін жоғалтатын, оқушы қабілетін дұрыс бағалауға қиындық туғызатын білімді бағалаудың бес балды жүйесі. Оқушы білімін бағалаудың тиімді тәсілдерінің бірі- тестік бақылау. Қазір тестік бақылаудың төрт түрі таратылып жүр. Ашық, тұйық, сәйкестікті табу, дұрыс сәйкестікті табу, дұрыс сәйкестілік жүйелілігін анықтау.
Оқытудың коммуникативтік әдісінің енгізілуі оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтауғада жаңа сапалық өзгерістер әкелуде. Жалпы тестология педагогикалық тест, психологиялық тест, прогфессионалдық тест, т.б. бөлінеді. Лингвоодидиактикалық тест педагогикалық тестің бір бөлігі ретінде сөйлеу және жазу тілі тестерін құрастырып, оны жүзеге асырумен айналысады. Лингводидактикалық тест әдісі оқушылардың меңгерген материалын ескере отырып, біріншіден, өтілген тілдік материалды қайталау, қорыту, екіншіден, алған білімдерін практикада күнделікті өмірде қолдана білуі мақсатында жүргізіледі.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзінің талабын қанағаттандыруға ықпал етеді.
Әр ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Жеке зерттеушілердің пікірінше балалардың дарындылығын анықтауға қаншалықты кешенді түрде қарағанмен қателеспеу мүмкін емес. Баланы дарынды деп бағалау өзіндік мақсатқа айналмауы тиіс. Баланың дарындылығын анықтау оларды оқыту және тәрбиелеу міндеттеріне, сондай-ақ псхологиялық көмек арқылы жүзеге асырылуы қажет. Басқаша айтқанда, баланың дарындылығын пайымдау оның нәтижесіне емес, даму үрдісіне бағытталуы тиіс.
Мұндай міндетті шешу тек қана психологиялық сынауға байланысты емес, сонымен бірге педагогтардың көмегімен жүзеге асырылатын балалардың дарындылығының дамуын пайымдаумен де тікелей байланысты.
Оқушылардың дарындылығын пайымдау үрдісі неғұрлым сапалы және тиімді нәтижеге жету үшін педагогтарға арнайы құрастырылған оқыту әдістерін қолдану қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша мұндай әдістер ең алдымен баланың танымдық және тұлғалық даму деңгейін айқындауға бағытталуы тиіс. Бұл міндетті төмендегідей шкала бойынша анықтау ұсынылады:
- төменгі деңгей – егер жеке ерекшелік мүлдем байқалмаса;
- орташадан төмен деңгей – егер жеке ерекшелік сирек байқалса;
- орташадан жоғары деңгей – егер жеке ерекшелік жиі байқалса;
- жоғары деңгей – егер жеке ерекшелік үнемі байқалып отырса;
Қорыта келе, мұғалім өз оқушыларының білім сапасын мемлекеттік стандарт талабына сай бақылауды үнемі жүргізеді. Ол үшін талмай ізденіп, баланың білім сапасын арттырып, оған қойылатын талапты нақты орындауы керек. Өйткені, қазіргі оқушы – ертеңгі ел азаматы.