kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: "Жа?аша о?ыту - заман талабы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама "Жа?аша о?ыту заман талабы" баяндамада 3-де?гей курсында ?тілген 7 модульды саба?та ?алай ?олданып ?згерістері туралы айтыл?ан. ?азіргі та?да білім беруді? ж?йесінде жалпы азаматты? ж?не ?лтты? негізде жеке т?л?аны дамыту ж?не ?алыптастыру ?шін ?ажетті жа?дайлар мен ?діс т?сілдерді ?олдануымыз керек. ?азіргі білім беруді? ма?саты білім, білік, да?дымен ?аруландыру ?ана емес, соларды? негізінде дербес, ?згермелі ?о?амда лайы?ты ?мір с?ріп, ж?мыс жасай алатын, ?леуметтік ж?не к?сіби біліктілікке а?паратты ?зі іздеп тауып, ?тымды пайдалана алатын жеке т?л?аны ?алыптастыруды талап етіп отыр.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: "Жа?аша о?ыту - заман талабы"»

Жаңаша оқыту заман талабы.

ХХ ғасырдың барысында ақын Мағжан Жумабаев «Ұлтымыздың ұлы қолбасшы – ол мұғалім» деп атап көрсеткен болатын.

Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.  Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім. 

 Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін  арттыру курсының  бізге ұсынылып  отырған бағдарламасы  мына  жеті  модульді  қамтыған:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту. 

7. Білім  берудегі  басқару және көшбасшылы

         Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

 Курста үйренген әдіс-тәсілдерді, жеті модуль бойынша алған жаңа білімімді өзімнің іс-тәжірибемде толығынан қолданданамын.

Сабақтарымда СТО әдістерін қолданған өте тиімді болды. Біріншіден, жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында баланың белсенділігін, сабаққа қатысуын бақылауға болады. Өйткені бірін-бірі оқыту арқылы ойлау қабілеттері дамиды. Әр оқушының жауабы тындалуы қажет, әр топ мәселе бойынша өз ойларын ортаға салуы маңызды. Ой шақыру кезеңінің басты міндеті – алдағы  жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын ояту,  дайындау. Ой шақыру кезіндегі жұмыстардың негізгі тәсілдері мен стратегиялары болады . Қай тәсіл болса да , ол тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталады . Сабақтарымда түрлі суреттер, ұлы адамдың сөзімен, ойландыратын тұжырымдамаларды пайдалана отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырдым. Іс-әрекетті ой елегінен өткізу кезеңінде жаңа ақпараттар кездестіреді, алға қойған міндеттерді шешуге ынталанды, осыны іске асыру барысында мұғалім берген мәліметтерге, оқулықтағы мәтіндерге сүйенеді.

         Сабақта  берілген  тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл есте сақтау, негізге алу, түсіндіруді арттырады, яғни жаңа ақпараттарымен бөліседі.Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін флипчартқа түсіру арқылы жеткізеді.

Рефлексия кезеңінде оқушылар алған жаңа ақпараттарды, жаңа білімді реттейді, өз пікірлерін дәлелдеп айтады. Сабақтың әр кезеңі бағалау парағында жазылып оқушылар ұпай қойып өздерін бағалап отырады. Табыс критерийлер сабақта қолдану өте тиімді.


Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз.

Өз тәжірибемде қолданылатын тәсілдер: «Блум таксономиясы», «Ойлаудың алты қалпағы», «Еркін жазу», «ДЖИГСО», «Араласып кеткен оқиғалар» т.б.

           «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсет­сең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене­мін» деген даналығы білім алу­шының білімге ықыласын арты­руда ақпараттық – комму­никатив­тік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба ал­майтын білім беру.

«Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді.



Бестөбе №2 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Беркумбаева Гульмира Ашербекқызы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Баяндама: "Жа?аша о?ыту - заман талабы"

Автор: Беркумбаева Гульмира Ашербековна

Дата: 24.11.2015

Номер свидетельства: 257782


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства