kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "Отбасы дегеніміз – ?згермейтін бастап?ы ?о?амды? ?яшы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды?  с?здік  ?орын  байыта отырып,  ауызекі   с?йлеуді?,  жазу   да?дыларын  ?алыптастыру;

     Балаларды?  ой – ?рістерін  арттырып, ?аза?  тіліне  деген   ?ызы?ушылы?ты   арттыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "Отбасы дегеніміз – ?згермейтін бастап?ы ?о?амды? ?яшы?" »




Жаңатұрмыс негізігі мектебі








Баяндама


Отбасы дегеніміз – өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық









Даярлаған: Бастауыш сынып мұғалімі

Боканова А.С.













2015

Кіріспе

Ежелгі грек философы Платонның айтуынша: отбасы дегеніміз – өзгермейтін бастапқы қоғамдық ұяшық: отбасылардың бірігуі нәтижесінде мемлекет пайда болған. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы ерекше. Отбасының әлеуметтік функциялары оның әлеуметтік институт ретіндегі қоғамдық қажеттіліктерімен өмір сүру сипатын, сондай-ақ отбасы тобының жеке қажеттерінің сипатын көрсетеді. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістердің әсерімен отбасының әлеуметтік функциялары мен иерархиясының сипаты өзгереді.

Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары В.И.Зацепин, Г.К.Матвеев, Ю.И.Семенов, Н.Е.Соловьев, А.Г.Хрипкова, З.Я.Янкова, ал, Қазақстанда С.Қалиев, М.Жарықбаев, Ж.Б.Қоянбаев, К.Бейсенбиева, М.Тажин, Б.Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған[3].

Қазіргі таңда барлық отбасылардың әлеуметтік жағдайлары толығымен қорғалуда деп кесіп айтуға келмейді, себебі отбасына бағытталған әлеуметтік саясаттың толық жүзеге аспауы сонымен қатар әлеуметтік қорғау жүйелерінің практикалық тұрғыда орындалмауы соның дәлелі.

Ағылшын маманы Джилл Г.Барнз әлеуметтік қызметкер жұмыс істейтін әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың нақты түрлерін көрсете отырып, айырылысқан, бір ата-анасы ғана бар, өгей әкесі немесе шешесі бар, асырап алған ата-аналары бар, мүгедек баласы бар, кішкентай баласы бар, балаға немесе отбасының басқа мүшелеріне зорлық көрсететін отбасыларына, өзін-өзі өлтіруге бейім жасөспірім балалары бар және т.б. отбасыларын көрсеткен. Сондықтан да, бұл зерттеу жұмыстың өзектілігі: отбасылардың әлеуметтік қорғалмауын талдау.

Теориялық құндылығы: отбасының әлеуметтік қорғалмауының туындау себептері мен факторларын теориялық зерттеу арқылы бұл құбылыстың мәнін талдау.

Практикалық құндылығы: әлеуметтік қорғалмаған отбасына берілетін жәрдемақылар мен көрсетілетін көмек түрлерін, отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ерекшелігін талдау.

Зерттеу нысаны: әлеуметтік қорғалмаған отбасылар екешелігі, аз қамтылған, көп балалы, жалғыз басты және жас отбасы мәселелері .

Зерттеу пәні: әлеуметтік қорғалмаған отбасы мәселелерін зерттеу.

Зерттеу мақсаты: әлеуметтік қорғалмаған отбасы түрлерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.

Зерттеу міндеті:

  1. Әлеуметтік қорғалмау себептерін теориялық талдау;

  2. Әлеуметтік қорғалмаған отбасылармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ерекшеліктерін анықтау;

  3. Әлеуметтік қорғалмаудың туындау себептері мен факторларын анықтау;

  4. Отбасын әлеуметтік қорғау саясатының жүзеге асрылуын қадағалау және бақылау;

  1. Әлеуметтік қорғалмаушылық мәселесінің теориялық аспектілері

    1. Отбасы және отбасының әлеуметтік қорғалмаушылық мәселесін теориялық талдау

Отбасы- әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы- қоғамдық құрылымының шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы керек.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы- тұрақты жүйе, олардың тұрақтылығы мен заман ырқына орай өзгеріп отырады. Отбасын нығайту - қоғамның әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты, қоғам оған тікелей мүдделі: экономикалық, әлеуметтік, рухани дағдарыс, отбасы дағдарысын да туғызады.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.

Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жекедара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру .

Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады:

  • репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);

  • экономикалық (өндіру және тұтыну);

  • қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);

  • балаларды оқыту-тәрбиелеу;

  • эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);

  • әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т.б. баулу).

Отбасының өзінің тарихи өзгерісіне байланысты бұл функциялардың арақатынасы да өзгеріп отырады.

Отбасы нақты қоғамда өмір сүреді, сондықтан отбасының жалпы сипатымен қатар өзі өмір сүретін қоғамдық қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны түсінікті. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған . Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Фихте отбасының негізі-махаббат десе, Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан «Ежелгі қоғам» атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі - Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» атты еңбегі. Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.

Ағылшын маманы Джилл Г.Барнз әлеуметтік қызметкер жұмыс істейтін әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың нақты түрлерін көрсете отырып, айырылысқан, бір ата-анасы ғана бар, өгей әкесі немесе шешесі бар, асырап алған ата-аналары бар, мүгедек баласы бар, кішкентай баласы бар, балаға немесе отбасының басқа мүшелеріне зорлық көрсететін отбасыларына, өзін-өзі өлтіруге бейім жасөспірім балалары бар және т.б. отбасыларын көрсеткен.

Отбасылық топтарға терапевтік қызмет көрстеуді ұйымдастыруға арналған анықтама-сөздіктің ағылшындық авторлар проблемасы «гипер белсенді балалары бар отбасылар, некелік қатынастарында проблемалары бар, алкогольиктердің, жұмыссыздардың және т.б. отбасылары.) және мульти проблемасы (екі немесе оданда көп проблемалары үйлесіп жатқан отбасылар) бар тағы да отбасы түрлерін көрсетеді.

Отбасының бірлігі оның мүшелерінің бір-біріне адамгершілік, экономикалық, құқықтық т.с.с. өзара жауапкершіліктеріне, түсініктеріне, сонымен қатар эмоцианалдық (сезімдік) жақындықтарына негізделеді. Бір жағынан отбасы - адамдардың өзінің ішкі өмірін, құпияларын, сырларын, қарсы тұрған сыртқы әсерлерден қызғанышпен қорғайтын тұйық бірлестік. Егер отбасының ішкі өмірін қоғамға ашық етсе, онда ол бірден ыдырап, күйзеліске ұшырауы мүмкін, ал екінші жағынан, отбасы адамдардың қоршаған ортаға, қоғамға ашық, айқын бірлестігі. Мұндай отбасыда өз мәселелері қоғам мәселелерімен қатар қарастырылып, шешімі де ыдырамайды. Керісінше, отбасының дамуына қауіпсіздік және сақтану сезімдерін қамтамасыз ететін мүмкіндік туғызады.

Азаматтардың жеке бас мәселесі сайып келгенде отбасына келіп тіреледі. Олардың (жұмысқа орналаспауы, мүгедектік, созылмалы аурулармен ару т.б.) отбасы жағдайын нашарлатып, әлеуметтік көмекті қажет етеді.

Экономикалық талдау отбасының тұрмыс деңгейінің материалдық игіліктер мен қызметтер санына қарай анықтайды.

Осы санаттағы төрт дегейді бөліп атауға болады.

  1. молшылық- адамның жан жақты дамуын қамтамасыз ететін игіліктерді пайдалану

  2. қалыпты деңгей- адамның дене және ақыл-парасат күш-қуаттарын қалпына келтіруді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормалар бойнша оңтайлы тұтыну

  3. кедейшілік- жұмыс күшін ұдайы толықтырудың межесі ретінде жұмысқа қабілетті сақтау деңгейінде игіліктерді пайдалану

  4. жоқшылық- биологиялық критерийлер бойынша ең төменгі мүмкіндікте игіліктер мен қызметтерді пайдалану, оларды тұтыну адамның тіршілік қабілетін демеп отыруға ғана жетеді.

Төменгі 3, 4 топтағылар әлеуметтік қорғалмаған отбасыларын құрайды.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасыларды зерттеу мен өлшеудің алғашқы салмақты әрекеттерін XIX ғасырдың соңына қарай Ұлыбританиядағы Ч.Бут пен С.Роунтри сияқты ғалымдар жүзеге асырды. XX ғасырдың 60- жылдарының аяқ шенінен бері қарай әлеуметтік теңсіздік пен кедейшілікті зерттеу кезінде тек табыстар ғана емес, сонымен қатар отбасының өзге де материалдық активтері есепке алына бастады. Кедейшілікті ұғынуға қолданылатын осы кеңірек тәсілді П.Таунсенд ұсынды. Кедейшілік бұл отбасы шаруашылығының немесе жеке адамның мынадай әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұғынылады, ондай жағдайда олардың ақшамен, мүлікпен және өзге де ресурстармен қамтамасыздығының салыстырмалы төмен деңгейі, оның табиғи- физиологиялық, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.

Отбасы басшысының жұмысы жоқ болғанда немесе экономикалық белсенділік танытпағанда, қалған халықпен салыстырғанда кедейшіліктің анағұрлым жоғары қаупімен ұшырасады.

Көпшілік елдерде тараған пікірге қарамастан, жасқа қарай, қарттармен салыстырғанда балалар кедейшіліктің анағұрлым жоғары қаупіне тартылады. Асыраудағы жандардың саны көп болған кезде көп балалы отбасылар кедейшіліктің анағұрлым жоғары қаупіне кездеседі, бұл ретте олардың жағдайы еңбекке қабілетті ересек адамдардың жұмыспен қамтылуларының төмен деңгейі мен де ушыға түседі.

Жұмыссыздық – отбасының және адамның дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. Ол адамдар мен отбасының белгілі бөлігін экономикалық әрекет жағдай жасайтын қол жеткізетін мүмкіндіктерден айырады. Жұмыс отбасымен біте қайнасады, өйткені адам еңбек қызметінің қай түрін таңдауына байланысты өзінің өмір жолын белгілейді. Жұмыстың түрін дұрыс таңдау адамның ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік және саяси әлеуетін арттырып, өмірге кең мүмкіндіктер ашып береді. Әйел үшін табыс табу отбасындағы шешімдер қабылдау үдерісіне ықпалын күшейтуді шешуші рөл атқарады. Қоғамның дамуымен, оның өзгеруімен қатар отбасы ерекшеліктері де қоса өзгеретіндіктен әлеуметтік қорғалмаған отбасын нақты зерттеу әлі күнгедейін шешімін таппай отырған мәселелердің бірі болып отыр.

    1. Әлеуметтік қорғалмаудың туындау факторлары мен себептері

Отбасының қалыптасуында шешеуші теріс рөлді әлеуметтік экономикалық жүйенің жалпы тұрақсыздығы ойнайды. Халықтың көп бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынастарға түсудегі қиындықтар, болашаққа сенімділіктің жоғалуы, тұрмыс жағдайының нашарлауы, отбасына, ана мен балаға жеткіліксіз әлеуметтік қолдау, жұмыссыздық қаупі(әсіресе әйелдер үшін) – осындай барлық факторлар отбасының тұрақсыздығына әкеледі. Отбасының тұрақтылығы мен мықтылығы үшін қажетті психологиялық тұтастық сыртқы, қоғамда қолданатын түсініктер мен әдептерге сәйкес, қатынастар мен мінез-құлықтардың көрсетпелі нысандармен алмастырылады. Осының барлығы, күшейген материалдық-экономикалық қиындықтар отбасының тұрақтылығына теріс әсер етеді, ондағы жан-жалды күшейтеді.

Джилл Г.Барнз өзінің «отбасымен әлеуметтік жұмыс» деген еңбегінде отбасында күрделі жағдайларды тудыратын барлық себептерін төмендегідей фактор бойынша бөледі.

  1. табиғи-географиялық, экологиялық, биогенетикалық, апаттар: жер сілкіністері, су тасқындары, дауылдар.

  2. техногендік- жол аппаттары, өнеркәсіп және тұрмыста жарақаттану.

  3. әлеуметтік (әлеуметтік-апаттар) – әлеуметтік және халықаралық тартыстар, соғыстар

  4. әлеуметтік-экономикалық- бұл «кедейшілік» факторлары: ашаршылық, қайыршылық, аурулар, тұрғын үй тапшылығы, медицина және әлеуметтік қамсыздандыру.

  5. қылмыстық факторлар- қылмыскерлік, ішімдікке салыну, мас болу, нашақорлық

  6. тұлғалық факторлар – құндылық құрылымдар, айырылысу.

Біздің қоғамымыздың көп жылдық практикасында отбасына мемлекеттік көмектің негізгі түрі материалдық жәрдемақы мен жеңілдіктер беру деген пікір қалыптасқан. Еліміздің қазіргі нарықтық экономикалық жағдайына баға бере келгенде, бұл салаға ірі материалдық салымдардың түсуін күту дұрыс еместігі айқын. Отбасы шын мәніндегі көмекке зәру, ең алдымен отбасы материалдық базасын(тұрғын үй жағдайын, табысын) нығайтуды қажет етеді, мұнда материалдық жайсыздық отбасының тұрақсыздығымен тығыз байланыстыру қажеттігі даусыз.

Әлеуметтік қорғалмаудың туындау факторлары мен себептеріне байланысты көптеген түрлерге бөліп қарастыруға болады.

Бізге ең жақын М.В. Шакурова ұсынған әлеуметік қолдаудың туындау факторларына байланысты төмендегідей отбасы типологиялары:

  • Нормативті және нормативті емес дағдарыстағы шешуде пайда

болған қабілеті негізіндегі отбасы типологиясы. Өзара әрекеттестік жүйесі осалдау, өздерінің пайда болған проблемаларын қарым-қатынастың жаңа бір жолын тауып беретіндей бірлесе отырып талқылайтын отбасы өзінің отбасылық құрлымын бара-бара өзгертеді. Мұндай типтегі отбасылары жүйкеге нормативті емес жүк түскен жағдайда, аса қауыпті қайғылы оқиға, қатерлі ауру, дене немесе ақыл ой кемістігі, сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған мезгілсіз қаза, қайғы сияқты табиғи оқиғаға тап болғанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді.

  • Өзара әрекеттестіктері былыққан дағдарысқа жетелейтін отбасы-

бұнда ұдайы дау мен жан жалдан арылмайтын, сонымен бірге өткен өмірлік тәжірибелері алдағы уақытта лайықты мінез-құлық қалыптастыруға бағыт-бағдар бола алмайтын отбасылары былық-шылық құрлымға ие болады, жанжалды және дағдарысты жағдайда өздеріне тән салмаққа ие бола алмайды. Сондықтан мұндай отбасылары жоғарырақ дәрежедегі әлеуметтік қолдауды қажет етеді.

  • Қызметтік қисындылығына байланысты отбасы типологиясы

Отбасыларды шартты түрде қызметтік қисынды және қызметтік қисынды емес деп бөлуге болады. Қызметтік қисынды отбасылары, яғни бала тәрбиесін игере алмаған отбасылар арасынан 50-60% ерлі зайыптылардың қарым-қатынастары үнемі шиеленіскен және психологиялық-педагогикалық мәдениеті төмен, педагогикалық жағынан қисынды келмейтін ата-аналар, бала-ата-ана қарым-қатынастыр жолы теріс, жанжалды деп аталатын, қолайсыз әлеуметтік-психологиялық факторлармен сипатталатын отбасылар құрайды. Бала мен ата-ана қарым-қатынасында әр қилы дұрыс емес стиль байқалады: қатаң-беделді, тақуалық-күдікті, бетімен жіберу-қамқорлық және т.б. Отбасындағы ата-аналардың түрлі себептерімен өзін-өзі басқара алмайтын мүшкіл қалге душар болуы ерекше түрдегі қорғау мен қамқорлықты қажет етеді. Солардың арасынан кәмілетке толмаған және оқушы, мүгедек немесе созылмалы ауру балалары бар, еңбекке жарамсыз, материалдық та, әлеуметтік-психологиялық та қолдау мен көмекті қажет ететін ата-аналардың көбею ағымы байқалады.

  • Өз мүшелеріндегі әлеуметсіздендірудің әсерін ескеретін типологиясы

Әлеуметсіздендірудің тура әсеріне іліккен отбасылардың әлеуметке жат қылықтары белгілі бір әрекеттермен астасып, қоғамға жат құбылыс тудырады. Мұндай қылмыстық-биморалдық отбасыларға қоғамға жат құбылыстармен және бағыт-бағдармен сипатталатын қылмыстық факторларға және әлеуметке қайшы келетін әрекеттерге жиі ұрынады.

Қылмыстық-биморальды отбасыларды теріс қылықтарымен өздерінің балаларына қауып төндіреді. Мұндай отбасындағы балаға деген қарапайым ғана қамқорлықтың жоқтығы, балаға қаталдықпен қарау, ішімдікке салынып, үнемі жанжал шығару жыныстық жағынан шектен шығып кетушілік көптеген жағдайда бала тәрбиесіне кері әсер етеді.

  • Биоәлеуметтік-биморольдық отбасылар өзге көзқарасты талап етеді.

Мұндай типтегі отбасын, анығын айтқанда, моральдық нормалары мен шектеулері жоқ пайда күнемдік бағытқа жатқызуға болады. Бұл отбасындағы жағдайы жақсы, өмірлік деңгейі жеткілікті. Отбасындағы қоғамға жат көзқарастар қалыптастырылады. Мұндай отбасы мен отбасындағы кәмілетке толмағандармен түзеу-алдын алу жұмыстарын жүргізу өте қиынға түседі. Ата-аналардың балаларға теріс пиғылды әсер беруіне қарамастан, тәртіп бойынша осы сияқты отбасын баласынан айыру туралы шешім қабылдау үшін формальды болсада негіз жоқ.

  • Пайдакүнемдік пиғылдағы отбасындағы материалдық жағдай

деңгейі, салауатты өмір салты, өздерінің балаларына деген қамқорлығы, әрине, басқаларға қарағанда жоғары болады. Мұндай отбасына қатысты көбінесе өсіп келе жатқан балалары арқылы өздерінің ішкі бейнесі көрінетін, өздерінің көзқарастарын ой елегінен өткізетін ата-аналардың «кері әлеуметтену» қағидасына негізделген түзеу әдістері қолданбалы болады. Дегенмен, кері әлеуметтендірудің елеулі кемшіліктері олардың кеш қалуы болып табылады, жасөспірім тұлғасын елеулі түрде өзгерту үшін сана тым кеш оянады. Жанама түрдегі әлеуметсіздендіру әсеріндегі отбасылары ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың бұзылуымен көрінетін әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-ата-аналық қиындықтарды басынан кешіреді. Бұған жанжалды және педагогикалық мардымсыз отбасыларын жатқызуға болады[2]. Сондықтан да әлеуметтік қорғалмаған отбасы негіздерін қалыптастырады. Бұл отбасылар әлеуметтік қолдауды қажет етеді.









    1. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы ерекшелігі

Әлеуметтік қолдаудың обьектісі кез-келген типтегі отбасы болуы мүмкін. Алайда, әлеуметтік қолдаудағы қажеттілік дәрежесі оның нақты мазмұны, отбасының қажет ететін немесе қажет етуі мүмкін көмек түрлері сияқты әр түрлі болады. Отбасымен әлеуметтік жұмыс жасайтын маманның мақсаты оның қандай отбасы, оның қандай проблемалары бар екенін анықтап қана қоймай, оның мүдделерін мемлекеттік және қоғамдық органдар мен мекемелер алдында қорғауды, соңғылардың қабылдайтын шешімдеріне әсер етіп, қызмет көрсетіп отырған отбасының жағдайларын жақсартуға қол жеткізуі керек. Ол, отбасына әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің, жеке меншік секторларының, саяси және қоғамдық ұйымдардың көмектерін жұмылдыра білуі керек.

Әлеуметтік қызметкер жұмыс жүргізетін дәстүрлі санаттағы отбасыларына аз қамтылған отбасы, көп балалы, аз балалы, жалғыз басты, мүгедек жандары бар немесе жұмыссыз азаматтардың отбасы т.б. жатады.

Аз қамтылған отбасы бұлда бір әлеуметтік қорғалмаған отбасы болып табылады. Тұтыну қоржыны – адамның денсаулығын сақтау мен оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің төменгі мөлшері, шаруашылық тауарлары мен қызмет көрсетуге жұмсалатын қаржы мөлшері.

Отбасының (жалғыз басты азаматтың) жан басына шаққандағы табыс мөлшері тұтыну қоржыны көрсеткішінен төмен болса, ол онда кедей саналады, мемлекеттік әлеуметтік көмек алу құқығына ие болады. Кедей деп ішінара немесе толығымен еңбекке жарамсыз, еңбекке жарамды жақын-жуықтары жоқ азаматтар:зейнеткерлер, мүгедектер, жалғызбасты жасы жеткен адамдар, көп балалаы отбасы, жағдайы жайсыз отбасылар, жұмыссыз отбасылар танылады. Қазіргі кездегі аз қамтылғандар қатарына жас балалары бар(әсіресе 6 жасқа дейін) отбасылары, жас отаулар (әсіресе студенттік), босқындар мен еріксіз қоныс аударушы отбасылары толықтырылады. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттің жүзеге асыратын шаралары арасындағы ең маңыздылары: жеңілдетілген салық салу, тегін немесе жеңілдетілген қызмет көрсету( денсаулық сақтау, көмек, коммуналды қызмет көрсету салаларында), жұмыссыздыққа, балаларға, зейнеткерлерге жәрдемақы төлеу.

Әлеуметті қызметкер кедей отбасымен жұмыс жүргізу бағытына мыналарды жатқызуға болады:

  • Осындай тектегі отбасын анықтау. Оларды қадағалап, олардың сұраныстарын, бала тәрбиесінің ерекшеліктері мен отбасы ішіндегі қарым-қатынастарын зерделеу арқылы отбасылардың типтерін анықтау, сол сияқты басқа да мамандар мен ұйымдарды тарта отырып көрсетілетін көмектерді анықтау.

  • Заң көмегін көрсету: кедейшіліктегі отбасылар мен олардың мүшелерінің мүдделерін қорғау, кедейшіліктегі адамдарға түрлі кеңес беру қызметін көрсету, құқықтарын қорғау және т.б.

  • Осы санатағы адамдар тұратын аумақтағы кәсіподақ ұйымдардармен, кәсіпорындармен ұжымдардың әкмшіліктерімен біріге отырып, олардың бос уақыттары мен демалысын өткізуді ұйымдастыру.

  • Жұмысқа орналасуына көмектесу, кәсіптік оқыту мен қайта даярлау үшін клубтар, үйірмелер, орталықтар мен және т.б. ұйымдастыруға жәрдемедесу.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасының тағы бір кең таралан түрі көп балалы отбасы:

Көп балалы отбасы деп үштен артық балалары бар отбасы танылады. Бала көп туылатын аудандарда ол оданды көп болуы мүмкін. Қазақстанда, әсіресе ауылдық жерлерде екі және одан да асатын туыстарымен бірге тұратын күрделі отбасылар да баршылық. Оның басты себебі экономикалық дәрменсіздік болып отыр.

«Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұрын асыраушысынан айырылуға, жасына(қажетті стаждары жоқ), мүгедектігіне(I,II,III топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер.) байланысты әлеуметтік зейнетақылар алуға құқылы адамдар, мемлекеттік жәрдемақылар жүйесіне ауыстырылды, яғни олар зейнетақылар емес жәрдемақылар ала бастады.

Көп балалы отбасы мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • ата-аналар өздерінің балаларын жақсы көретін және саналы түрде олардың болуын қалайтын отбасы. Мұндай отбасында бала ең негізгі құндылық болып саналады, сондықтан ата-ана бала үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.

  • әрқайсысында балалары бар, екі толық емес отбасын біріктіру нәтижесінде құрылған отбасы.

  • көп баланың тууына сәтсіздіктің пайда болуы деп санайтын отбасының негізгі қаражаттары бала үшін алатын түрлі жәрдемақылар мен жеңілдіктер болып табылады. Көптеген жағдайда ішімдікке салыну немесе нашақорлық дендеген отбасында бала ретсіз жыныстық қатынас салдарынан пайда болады. Мұндай ата-аналар өздерінң парыздарын түсінбейді, мемелекет баланы қамтамасыз теуге міндетті деп санайды.

  • ата-ана саналы түрде баланың көп болғанын қаламайтын отбасы. Мұндай отбасында үшінші және одан кейінгі баланы жоспарлау межелеудің жоқтығынан пайда болады. Сонымен бірге мұндай отбасы, мысалы, егіз немесе үш бала туудың, екі қабаттықты үзуден қорыққандықтан, ананың денсаулығына байланысты дәрігірелердің жасанды түсік жасауына тиым салыдың салдырынан және діни сеніміне байланыстан түсік жасауғадан бас тартудан байланысты.

Отбасы типтегі өзара қарым-қатынас стилін, қажетті әлеуметтік және өзге де көмектің көлемі мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Көп балалы отбасының негізгі проблемалары:

  • материалдық ( әрбір бала дүниеге келген сайын отбасының табысы төмендей түседі)

  • жоғары да аталған проблемалардың салдарынан болатын денсаулыққа байланысты проблемалар.

  • толыққанды тамақпен, киіммен, тұрғын-жаймен қаматамасыз ету мәселелері.

  • оқу саласындағы проблемалар( мұндай отбасылар балаларының толыққанда білім алу жағдайы мен мүмкіншіліктері басқаларға қарағанда төмен)

  • әлеуметтік-экономикалық күрделі жағдайларға байланысты ажырасу санының көбеюі.

  • көп балалы отбасындағы тіршілік ерекшеліктеріне байланысты баланың жеке проблемалары (тым қатаң бағалау баланың бетімен шешім қабылдаудағы еркіндігін шектейді)

  • көп балалы отбасыға қоғамның көзқарасының өзгеруіне байланысты және басқалар.

Әлеуметтік қызметкердің көп балалы отбасылармен жұмыс жүргізуінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: көп балалы отбасыларын анықтау және есепке алу, кешенді мінездеме құрастыру жөніндегі жұмыстар( бағдарлы сұрақтар: отбасы мүшелерінің саны, соның ішінде көп балалы отбасымен бірге тұратын балалар, өзге де туысқандары, балалар мен ата-аналардың денсаулығының жағдайы: бала кезінен науқас, мүгедектердің саны, жұмыссыздардың білім деңгейі.

Әлеуметтік жұмыскер көп балалы отбасымен жұмыс төмендегі бағыттарды жүреді:

  • отбасының негізгі проблемалары мен сұраныстарын анықтау.

  • табыспен қамтамасыз етілуін және табыстың жоғарылауына көмектесу.

  • түрлі жәрдемақылар, жеңілдіктер алуға, көп балалы отбасы үшін қолданылатын жәрдемақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер туралы ақпарат алуға көмектесу.

  • әйелдер проблемаларын, соның ішінде психологиялық проблемаларды шешуге.

  • қажет болған жағдайда балаларға бөлінген қаржының пайдаланылуына бақылау жүргізу.

Жағдайы жайсыз отбасылар:

Мейілінше өткір проблемалардың бірі әлеуметтік-экономикалық, психологиялық-педагогикалық және биологиялық(мүгедектік) себептермен пайда болатын жайсыз отбасылар болып табылады. Жағдайы жайсыз отбасыларға мыналар жатады:

  1. жанжалды отбасы – кеңірек тарағаны.

  2. биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес, былапыт сөз)

  3. педагогикалық дәрменсіз отбасылар – жалпы мәдениет деңгейінің төмендігі мен психологиялық-педагогикалық мәдениеттің жоқтығы.

  4. асоциалдық отбасы – жағдайы жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен талаптарға сәйкеспейтін отбасы. Мұндай отбасылар түрлі жайсыз көріністерге жол беріп, баланың психикасы мен мінезіне қаяу салып, нұқсан келтіреді( ерте бастан ішімдкке, нашақорлыққа үйрену, үйінен қашып қаңғыбастықа салыну және басқа да жат қылықтар).

Әлеуметтік қорғалмаған отбасының әртүріне байланысты әлеуметтік қызметкерде көптеген қызмет атқарады.























II. Әлеуметтік қорғалмаған отбасымен әлеуметтік жұмыс

2.1. Әлеуметтік қорғалмаған отбасыларды әлеуметтік қорғау

Адам өмірі қауіпті және күтпеген сәттерге толы. Кез келген кезде денсаулықтан, сонымен қоса тіршілік етудің негізгі көзі – жалақыдан да айырылып қалуға болады. Өмір сүрудің негізгі және көп жағдайда жалғыз көзі болып табылатын жалақыны жоғалту қызметкерді және оның отбасын аса ауыр материалдық жағдайға алып келеді, ал бұл, өз кезегінде, кедейшілікке, қайыршылыққа, әртүрлі ауыруларға әкеліп соғады. Аталған қиындықтарды өз бетімен дербес жеңу көп жағдайда мүмкін болмайды. Осындай кезде көмекке мемлекет келеді. Ол әлеметтік қорғау жүйесін жасап, әлеуметтік оқиғалар- кәрілік, өлім, науқастық, мүгедектік, ана болу, жұмыссыздық туындаған кезде зейнетақылар, әлеуметтік жәрдемақылар береді және қызмет көрсетеді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясы адамның белгілі бір өмір сүру деңгейіне, соның ішінде тамақтануға, киінуге, тұрғын үйге, медициналық күтімге, оның өзінің және отбасының денсаулығы мен жақсы өмір сүруі үшін қажетті әлеуметтік қызмет көрсетуге және жұмыссыздық, ауру, мүгедектік, жесірлік, кәрілік және өзге де жағдайлар орын алған жағдайда әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтарын бекітті.

Қазақстан Республикасы да осы халықаралық-құқықтық нормаларды өз заңдарында бекітіп әрі дамыта отырып, өз мойынына оларды орындауға қатысты міндеттемелерді алды.

Әлеуметтік қамсызадандырудың құқығы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында бекітілген, бұл Конституция Қазақстан Республикасының саясаты адамның еркін дамуын және жақсы өмірін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Бұл ереженің одан әрі нақтылануы Қазақстан Републикасы Конституциясының 28- бабында көрініс тапқан, оған сәйкес әрбір азаматқа жалақының ең төменгі мөлшері және жасына, науқастануына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзгеде негіздер бойынша зейнетақы кепілденеді[16]. Заңдарда мемлекеттік зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар белгіленген. Әлеуметтік қорғау – бұл жынысына қарамастан адамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және өзге де құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты.

Әлеуметтік қамсыздандырудың түрлерін ақша құралдырының қайнар көздеріне қарамастан төмендегідей түрлерде жүзеге асырылады:

  • ақша төлемдері (зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар, материалдық көмек және т.б.)

  • заттай көмек (дәрі-дәрмек, азық-түлік, мүгедектер үшін техникалық көмек құралдары)

  • қызмет көрсету және жеңілдіктер (қарттар және мүгедектердің үй-интернаттарына, балалар үйлеріне орналастыру, үйде қызмет көрсету.)

  • мүгедектердің емделуімен, сауығуымен және денсаулығын жақсартуымен ( стационарда, үйден қатынап емдеу санаторийларда, қарттар және мүгедектер үшін арналған үй-интернаттарда), емдеу орнына барумен және қайтуымен байланысты қосымша шығындарын өтеу, жұмыссыздарды қайта оқыту.

  • азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсетудің бір жолғы ақшалай және ақшадай емес түрі.

Бүгінгі күні республикамызда 3,5 миллионнан астам адамдар немесе халықтың 23,6 пайызы әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған. Әлеуметтік жәрдемақылар халықты әлеуметтік қорғаудың ажырамас бөлігі болып табылады және ол еңбек етуге жарамсыз азаматтарды, көп балалы отбасылар мен әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарды қолдауға бағыттаған. Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы, ҚР мүгедектерді әлеуметік қорғауы туралы, ҚР қараулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы, ҚР заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазірігі кезде Үкіметте балалы отбасыларды қолдаудың қосымша шараларын енгізу туралы ұсыныстар әзірлеуде. Бұл жәрдемақы төлемдерінен басқа, егер табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын болса, отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алады. Сонымен қатар бала кезінен және аурудан болған мүгедектерге белгілі бір жеңілдіктер беріледі – техникалық жабдықтармен, протездермен, сурдо және тифлотехникамен, мүгедектер арбасымен қамтамасыз етіледі[6]. Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуындағы 3 кезеңді ерекшеленуге болады: Бірінші кезеңде (1992-1996 жылдар) халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жаңа заңнамалық базасын жасауға қолға алынып, халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбек төлемі, азаматтардың әлеуметік кепілдіктері және әлеуметтік серіктестерді дамыту үшін негіздер қаланды. Екініші кезеңде (1997-1999 жылдар) экономиканың өрлеуіне байланысты белсенді әлеуметтік саясат жүргізу үшін мемлекетте нақты мүмкіндіктер пайда болды. Екінші жағынан әлеуметтік қорғау халықтың барлық категорияларын қамтып, әлеуметтік кепіл жүйесі арқылы таралуы тиіс. Әлеуметтік кепілдіктер – бұл азамататралдың конституциялық құықытарын жүзеге асыруға бағытталған, заң арықылы қарастырылатын мемелекет міңдеттері.

Отбасын әлеуметтік қорғау дегініміз - жалпы үшінші беттерінің пікірлері бойынша ананың баланы тууынан бастап оның қайтыс болу уақытына дейін, яғни оның бүкіл өмір бойы мәселелерін шешуі мемлекет жағынан адамға толық іс-шара жасау жолымен оны әлеуметтік тәуекелдіктерден қорғау.

Отбасын әлеуметтік қорғау шараларының 3 негізгі бағытын топтауға болады:

  1. экономикалық шаралар (жеңілдіктер, жәрдемақы, түрлі төлемдер)

  2. әкімшілік-заңгерлік шаралар (заңнама және оны орындаушылардың тікелей жүзеге асыруы)

  3. моральдық-психологиялық шаралар (насихаттық, қоғамдық пікірдің қалыптасуы).

Дегенмен, оның негізіне жалпы мемлекеттік отбасы саясаты мен одан шығатын отбасын әлеуметтік қорғау жатады.

Нарықтық қатынастарға көшкен өзгермелі қоғамда мемлекеттік отбасы саясатының негізгі бағыттары мыналар:

  • отбасы экономикасындағы табыстарының деңгейі мен рөлдерін көтеру, оның экономикалық дербестігін бекіту.

  • аз қамтамасыз етілген отбасыларға өтемақы төлеу арқылы балалар тамағына, киіміне, мектеп құралдарына және т.б. ақша бөлу арқылы адрестік, жекеленген материалдық қолдау көрсету.

  • жалғыз басты аналарға 16 жасқа дейінгі балаларына өмір сүру деңгейіне сәйкес жәрдемақы төлеуді және оларды индексациялауды реттеу.

Отбасылық жәрдемақылар – әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының немесе жеке азаматтың қайсыбірі шамада жиынтық табысын анықтауға негізделетін әлеуметтік төлемдердің жалғыз нысаны. Әлеуметтік қолдаудың көрсетудің басты қағидасы кедейшілік шегіне дейін қосымша төлем жасау болып табылады.

Балалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар:

Ана мен баланы әлеуметтік колдау шаралары ерекше маңызға ие болып келеді, Осы мақсатта 2003 жылдың 1 қаңтарынан отбасының табысына қарамастан, бала туған кезде берілетін атаулы әлеуметтік көмекті есептеу кезінде отбасының табысына есептелмейтін, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде республикалық бюджеттен біржолғы жәрдемақы төлемдері енгізілді. Бұл жәрдемақы төлемдерінен басқа, егер табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын болса, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл отбасын әлеуметтік қорғауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жәрдемакыларды тағайындаудың қолданыстағы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің келешектегі 2008 жылға дейінгі қызметінің ең басты басымдықтарының біреуі мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды жетілдіру болып табылады.

«Балалары бар отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы» Қазақстан Республикасында 2005 жылы 28 маусымда шыққан № 63-111 заңына сәйкес, балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алуларына құқылы.

  1. Бала туғанда берілетін жәрдемақылар.

  2. Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы. 2006 жылдың 1 шілдесінен бастап беріледі.

  3. 18 жасқа толмаған балаларға берілетін жәрдемақы. Ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріледі. Аудан жұмыспен қамтамассыз ету әлеуметтік қорғау орталығынан беріледі.
    18 жасқа толмаған балаларға берілетін жәрдемақы отбасы мүшелерінің айлық табысын айлық тамақтану қоржынына жетпеген жағдайда ғана беріледі.

«Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұрын асыраушысынан айырылуға, жасына(қажетті стаждары жоқ), мүгедектігіне(I,II,III топтағы мүгедектер, бала жастан мүгедектер.) байланысты әлеуметтік зейнетақылар алуға құқылы адамдар, мемлекеттік жәрдемақылар жүйесіне ауыстырылды, яғни олар зейнетақылар емес жәрдемақылар ала бастады

2002 жылғы 1 қаңтарында күшіне енген «Мемлекеттің атаулы көмегі туралы» Заңға сәйкес аса мұқтаждық көрген отбасылар жеткілікті қамтамасыз етілмегені бойынша ақшалай жәрдемақы алуға құқылы.

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу үшін де арнайы жәрдемақы көзделген:

Бұл жәрдемақы мүгедек- бала 18 жасқа толғанға дейін – тоқсан сайын жергілікті бюджет есебінен, отбасының өзге қандай да бір жәрдемақы алатыны-алмайтынына қарамастан төленеді. Әрбір мүгедек-балаға төленетін жәрдемақының көлемі – 6,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы:

Еңбекке уақытша жарамсыздық қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзгеде себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмау.

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақылар төмендегідей жағдайларда тағайындалады және төленеді:

  • еңбекке қабілетін жоғалтумен байланысты ауру орын алған жағдайда.

  • жүктілікті жасанды жолмен тоқтатқанда

  • отбасының науқастанған мүшелерін күту кезінде

  • туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен ауруына орай басқа жұмысқа уақытша ауысу кезіндерда

  • өзге де жағдайларда

Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы жұмыс істейтін азаматтарға орташа жалақы есебінен төленеді.

Жүктілігі және босануына байланысты жәрдемақылар:

Бұл азаматтарға бала туған кезде берілетін жәрдемақылардың бір түрі, әйелеге жүктілігі және босануы бойынша, еңбек демалысы кезінде төленетін ақшалай соманы білдіреді. Жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды алу құқығын, жұмыс беруші мен еңбек қатынастарында тұрған барлық әйелдер ұйымда істеген жұмысының ұзақтығына қарамастан иеленеді. Әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша, босанғанға дейін ұзақтығы 70 күнтізбелік күнге, босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнге дейін демалыс беріледі. Есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелдің ұйымда жұмысты істеу ұзақтығына қарамастан, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүктілігіне және босануы бойынша осы кезеңге төленген жәрдемақыны босанғанға дейін нақты пайдаланған күндердің санына қарамастан оған толық беріледі.

Отбасымен әлеуметтік жұмыс жасайтын маманның мақсаты оның қандай отбасы, оның қандай проблемалары бар екенін анықтап қана қоймай, оның мүдделерін мемлекеттік және қоғамдық органдар мен мекемелер алдында қорғауды, соңғылардың қабылдайтын шешімдеріне әсер етіп, қызмет көрсетіп отырған отбасының жағдайларын жақсартуға қол жеткізуі керек. Ол отбасына әлеуметтік қолдау көрсету мемлекеттің, жеке меншік секторларының, саяси және қоғамдық ұйымдардың көмектерін жұмылдыра білуі керек.

Нақты отбасымен жұмыс жүргізіп отырған әлеуметтік жұмыскер мемлекет осы отбасына ұсына алатын әлеуметтік қорғау құралдарын өзінің клиентінің мүдделері үшін ескеріп, барынша қолдануы керек

















    1. Отбасы әлеуметтік жұмыстың обьектілері

Әлеуметтік жұмыстың негізгі обьектісі ол отбасы болып табылады. Отбасы тікелей («қауіпті топ» ретіндегі отбасы) және жанама (отбасы әлеуметтік жұмыстың микросоциумының клиенті ретінде) қатынасқа түскен әлеуметтік жұмыстың ең таралған түрі болып табылады.

Отбасының қоғамдағы рөлі күшіне қарай ешбір әлеуметтік институттармен салыстыруға келмейді, себебі тек осы отбасында адамның жеке басы қалыптасып, дамиды, олардың қоғамға енуіне қажетті әлеуметтік рөлдерді меңгереді.

Отбасы қоғамдағы өмірдің құрылым құраушы жүйесі ретінде әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік мәдени қатынастардың түбегейлі өзгеруін жүзеге асырып, оларды микро әлеуметтік деңгейде сындырады.

XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасында жүргізіле бастаған реформалар отбасын әр түрлі әсер етеді, оның өміріне терең өзгерістер еңгізді. Қоғамның саяси ұйымдарындағы, экономикалық жүйесіндегі және адамдардың моральдық ұстанымдарындағы мен бағдарындағы өзгермелі жағдайлар отбасына да әсер етті. Экономикалық тұрақсыздықтың нәтижесінде болған көптеген отбасындағы өмір сүру жағдайының деңгейінің төмендеуі, денсаулық сақтау, білім беру және мәдени инфрақұрылымының әлсіреуі отбасыларының қалыпты өмір сүруін барынша төмендетті. Әрине көптеген отбасылары бұл жағдайға кірігіп, болып жатқан өзгерістерден өз орындарын тауып, одан қандай да бір пайда табуға, психологиялық жайлылықты сезінуге қол жеткізді.

Отбасындағы қолайсыздықтың өсуі мен балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы құқыққа қарсы үрдістердің өсуі мен олардың ортасындағы алкоголизм, нашақорлық және токсикоманияның арасында тура байланыс бар. Отбасындағы қатыгездік, зорлық қазақстандық қоғамның аса бір өзекті проблемасына айналып отыр. Бұл құбылыстар жас ұрпақтың әлеуметтенуіне теріс әсер етеді. Соңғы жылдары отбасы әлеуметтік институт ретінде таралудың, тіпті «быт-шыт» болудың аз-ақ алдында тұр. Әрине, қазақстандағы орын алып отырған күрделі әлеуметтік-экономикалық құлдырау кезінде, радикалды әлеуметтік мәдениеттің өзгеруі жағдайында болатын дағдарыстық құбылыс отбасы – неке қатынастары саласында да әсер еткені сөзсіз. Бірақ осындай жағдайларда да отбасы қоғамның ұсынымдарының бірі және оның маңызды құндылығы болып қала бермек[3]. Әлеуметтік қызметкердің жұмысында отбасына, оның құрамына, әлеуметтік-экономикалық еркешеліктеріне және т.б. диагностика жүргізу маңызды болып табылады. Мысал ретінде отбасын мынадай түрлерге жіктеуді ұсынамыз:

  • балалар санына қарай: баласыз, аз балалы, көп балалы отбасы,

  • құрамына қарай: толық емес, нуклеарлы, бінеше ұрпақ отбасы,

бұрынғы некеден балалары бар екінші рет некеге отырған отбасы.

  • құрылымына қарай: некеге отырған балалы немесе баласыз жұпты, ерлі-зайыптылардың бірінің ата-анасымен немесе және басқада туыстарымен тұратын отбасы, екі немесе оданда көп некелі балалы немесе баласыз жұпты отбасы, анасы(әкесі) бар балалы отбасы.

  • географиялық белгілеріне қарай: қалалық, ауылдық.

  • отбасы өмірінің ерекше жағдайына қарай: «студенттік», «дистанттық» (әкесі отбасынан алыста жұмыс істейді, қызмет етеді), «некесіз».

  • психикалық денсаулық жағдайына қарай: дені сау отбасы, невротиктік, виктимогендік отбасы.

Отбасының қалыптасыуының күрделі проблемаға алғашқы махаббатпен сексуальдық құштарлық негізінде құрылған отбасылық қатынастар күту мен талап ету сияқты жаңа ұстанымдардың: әртүрлі көзқарастар, серігінің тұрмыстағы және некеден бұрынғы тіршілігіне сәйкес келмеуі және т .б. үстемелеп кетуі жатады. Ана мен әке болудың әлеуметтік рөлдерін меңгеру – жұбайлар үшін ғана емес, жалпы отбасылардың қауымдастығы үшін де үлкен сын.

Отбасында жиі кездесетін проблемаға сондай-ақ, материалдық, тұрғын үй проблемалары, қарым-қатынасқа түсу және жан-жалды шешу жағдайындағы психологиялық проблемалар жатады. Одан басқа оларға тән медициналық (жоспарланған жүктілік, жүкті бола алмау, балалардың ауруы және т.б.) проблемалар да барға қатысты заң нормаларының әлсіздігі, жыныстық моральдың бұрмалануы.

Отбасының тағы бір өткір проблемасы тұрғын үй проблемасы.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ерлі- зайыптылық пен отбасы мәселелеріне баса көңіл бөлу ажырасу деңгейінің жоғарылауына байланысты болып отыр. Өзгеріп отыратын қоғам жағдайында біздің елімізде ажырасу деңгейіне әсер еткен себептер: әйелдердің кәсіптік қызметке жаппай кірісуі, діннің өз күшін жоғалтуы, халықтың білімділігінің және жалпы мәдениетінің едәуір артуы, соның нәтижесінде некеге деген талаптың көтерілуі, ажырасу

Отбасымен тікелей жұмыс істей отырып, әлеуметтік жұмыскер отбасына көмек көрсетудің әр түрлі модельдеріне сүйене алады.

  • әлеуметтік модель, отбасындағы қиындықтар сыртқы тәртіптің қолайсыз жағдайларының нәтижесінде болса қолданылады.

  • психологиялық модель, ата-ананың педагогикалық құзырлықтары жетіспеген жағдайларды қолданылады.

  • диагностикалық модель, жұбайлардың өздерінің отбасы мен өз баласы туралы арнаулы білімдері жеткіліксіз жағдайларда қолданылады.

  • медициналық модель, отбасылық қиындықтардың негізіне ауру жатқанда қолданылады,

Отбасымен әлеуметтік жұмыс әр түрлі стратегиялар қолданылуы мүмкін.

  • жеке адам(нақты отбасы мүшесі) мен оны қоршағандар арасныдағы өзара әрекеттестік моделіне баса назар аудару.

  • отбасына жүйелі түрде әсер ету, ол отбасының құрлымдық өзара әрекеттестігі, байланыстары, мазмұны, ұйымдастыру формалары дегенді білдіреді.

  • белсенді-терапевтік тәсіл, ол отбасы байланыстарын қайта құруда, отбасы міндеттерін бөлуде және т.б. социономның араласуының белсенді формаларынан тұрады.

Әлеуметтік қызметте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы- әңгіме-дүкен құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелер шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу. Отасылық кеңес берудің айырмашылығы – әлеуметтік қызметкер кеңес беру барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңмен жұмыс жүргізеді де, соңынан олардың бәрін кездестіреді.

Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде отбасын, оның материалдық және тұрмыстық жағдайларын, саны мен құрылымын, оның мүшелер арасындағы эмоциялы-психологиялық көңіл-күй мен өзара қарым-қатынас сипатын, міндеттерді бөлу мен бос уақытын өткізуді, қарым-қатынас стильдерін т.б. диагностикадын өткізу керек. Отбасының негізгі проблемаларын талдау және әріқарай жоспарлауға негіз кезең.

Екінші кезең, ұйымдастыру кезеңі. Отбасы проблемаларын шешу үшін бірінші кезеңде анықталған отбасы өмірінің қиындықтары мен қайшылықтарының сипатына қарай әртүрлі әдістер мен технологиялар қолдану арқылы нақты әрекеттер жасау.

Үшінші кезең, қорытынды кезеңі оның оң бағытта өзгергенін анықтауға арналған: отбасы мүшелері арасында және оның жақын қоршағандары арасында оңтайлы өзара қарым-қатынас орнауы, отбасы үшін проб-лемалар туғызған теріс факторлардың жойылуы немесе жұмсаруы және т.б. Қандай да бір әлеуметтік көмек түрлері мен формаларын қолдану отбасында кездесіп отырған проблемалардың сипатына қарай шешіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және олел мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі» деп санаған. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы отбасы жағдайымен тығыз байланысты. Отбасын әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік саясатының басты мақсаты:

  • қоғамдық даму процессінде отбасын және отбасылық құндылықтарды нығайту;

  • өз еңбек әрекетінің негізінде отбасының өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларлы жасау;

  • әлеуметтік жағдайы жағынан әлсіз отбасыларын қамтамасыз ету;

Қазіргі Қазақстандық қоғамның отбасы саясатының негізгі бағыттары Н.Назарабаевтың «Қазақстан –2030» атты Президенттің Қазақстан халқынажолдауында көрсетілген: « ... Егер біз жорғы моральды қоғам құрғымыз келсе, ерлі зайыптылардың бір-біріне деген жауапкершілігін, ең бастысы олардың балалары алдындағы жауапкершілігін нығайтуымыз керек. Бұл қағидалар қазақстандық халық үшін үнемі биік болған, ендеше оны жаңғырту керек»

Мемлекеттік отбасылық саясаттың әлеуметтік – қорғау қызметі 2001 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Үкіметімен қолданған «Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасында» көрсетілген. Осы көрсетілген қызметтердің дұрыс жүзеге асырылмауының салдарынан бүгінгі таңда көптеген отбасылар әлеуметтік қорғалмауда. Мұның өзі мемлекеттің әлеуметтік қорғау саясатының түбегейлі зерттелмей қабылдануы, заңдардың өзара қарама-қайшылықтары, бұл саладыға мемлекеттік органдардың өз қызметтерін шалағай орындауының негізігі көрсеткіші болып отыр. Сондықтан да, бұл саладығы мемелекеттік саясатты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметінің дұрыс жұмыс жасауына бақылау жасау, отбасымен әлеуметтік жұмыс жасайтын кәсіби мамандарды жетілдіру, бұл салаға жас мамандарды тарту, сонымен қатар отбасының әлеуметтік қорғалуының толығымен қамтамасыз етілуі болашақта тиімді жолды тауады деген нық сенімдеміз. Бұл курстық жұмыста әлеуметтік қорғалмаған отбасы ерекшеліктері, туындау факторлары мен себептері, мемлекеттік әлеуметтік қорғау саясатының міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларымен жүргізілетін жұмыс ерекшеліктері қаралды.







24



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Баяндама "Отбасы дегеніміз – ?згермейтін бастап?ы ?о?амды? ?яшы?"

Автор: Боканова Айнагуль Сматаевна

Дата: 22.05.2015

Номер свидетельства: 214517


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства