«С?з ?нері» ба?дарламасында ?аза? тілі п?нінен ал?ан теориялы? білімін ке?ейте отыра логикалы? ?абілетін арттыру?а арнал?ан анаграммалар, логогрифтер, шарадалар ж?нінде ау?ымды ма?л?мат беріледі.
Ба?дарламаны? ??рылымы білім беру стандартына с?йкес к?рсетілген ж?йе бойынша жасалды. Ба?дарлама мазм?нында ?амтыл?ан та?ырыптар «Ана тілі», «математика» п?ндерімен саба?таса отыра ??рыл?ан.
«С?з ?нері» ба?дарламасы 2 сыныпта тіл дамыту?а арнал?ан арнайы курс ретінде аптасына 1 рет ?ткізуге бастауыш сынып м??алімдеріне ?сынылады.
Ба?дарламаны? ?зектілігі:
Жалпы орта білім беретін мектепті? бастауыш сынып о?ушыларыны? ?аза? тілінен ал?ан білімін ке?ейтуде тіл теориясынан о?ы?анын тал?ылай білуге, ?зіні? ал?ан ?серін, сезімін, ойын жазбаша ж?не ауызекі тілде жеткізе білуге баулитын арнайы са?ат керек. Осы негізінде ба?дарлама ?з ойы мен пікірін жеткізе алатын о?ушылар де?гейіне арнап ??растырылды.
О?ытуда?ы ма?саты:
О?ушыларды ойлау е?бегіне да?дыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша к?ркем тілін дамыту, оларды? ?абілет, дарынына ?сер ету, шы?армашылы? ж?мыстар?а баулу.
О?ытуда?ы міндеті:
О?ушылар ?з ойын ауызша ж?не жазбаша тілде жеткізе білу, т?жірибеде жете ?олдана білу.
Ба?дарламаны? дербестігі, жа?ашылды?ы:
Ба?дарламаны о?у ба?ытында о?ушыларды? ?деби тілде ауызша с?йлеу ж?не жазбаша сауатты жазу да?дылары ?алыптасады.
К?тілетін н?тиже:
Ба?дарламалы? материалды игеру барысында 1 сыныпта ал?ан білімдерін жетілдіре, толы?тыра т?седі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
«Сөз өнері» бағдарламасында қазақ тілі пәнінен алған теориялық білімін кеңейте отыра логикалық қабілетін арттыруға арналған анаграммалар, логогрифтер, шарадалар жөнінде ауқымды мағлұмат беріледі.
Бағдарламаның құрылымы білім беру стандартына сәйкес көрсетілген жүйе бойынша жасалды. Бағдарлама мазмұнында қамтылған тақырыптар «Ана тілі», «математика» пәндерімен сабақтаса отыра құрылған.
«Сөз өнері» бағдарламасы 2 сыныпта тіл дамытуға арналған арнайы курс ретінде аптасына 1 рет өткізуге бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсынылады.
Бағдарламаның өзектілігі:
Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен алған білімін кеңейтуде тіл теориясынан оқығанын талқылай білуге, өзінің алған әсерін, сезімін, ойын жазбаша және ауызекі тілде жеткізе білуге баулитын арнайы сағат керек. Осы негізінде бағдарлама өз ойы мен пікірін жеткізе алатын оқушылар деңгейіне арнап құрастырылды.
Оқытудағы мақсаты:
Оқушыларды ойлау еңбегіне дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.
Оқытудағы міндеті:
Оқушылар өз ойын ауызша және жазбаша тілде жеткізе білу, тәжірибеде жете қолдана білу.
Бағдарламаның дербестігі, жаңашылдығы:
Бағдарламаны оқу бағытында оқушылардың әдеби тілде ауызша сөйлеу және жазбаша сауатты жазу дағдылары қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:
Бағдарламалық материалды игеру барысында 1 сыныпта алған білімдерін жетілдіре, толықтыра түседі.
Тіл дамытуға байланысты оқушылардың
білім-білік дағдыларына
қойылатын талаптар:
Сөздік қорларының дамуы
Сұрақты дұрыс қоя білуі
Сұраққа дұрыс жауап бере білуі
Мәтіннен негізгі ойды таба білуі
Мәтіннің түрлерін ажырата білуі
Мәтіннің жеке сөздерден өзгешелігін білуі
Ауызша және жазбаша тілде сөйлеуді ажырата білуі
Логикалық ойлау қабілеттерін дамыта білуі
Оқытудың мазмұны:
Апталық – 1 сағат, жылдық – 34 сағат.
Сөздік қорларын дамыту – 1 сағат
Көне сөздерге түсініктеме. Терминологиялық сөздік жұмыс.
Ертегілер – 4 сағат
Ертегі түрлері. Ертегі құрастыру. Сурет салу. Ертегіні мазмұндау. Сахыналық көрініс.
Буындардан сөз құрастыру – 2 сағат.
Логикалық ойын түрлері: Бір буыннан бастап бірнеше буынды сөздер құрастыру. Бір сөзден бірнеше ұғымды сөздер құрастыру.
Жаңылтпаштар – 3 сағат.
Дауысты дыбыстардан басталған жаңылтпаштар. Дауыссыз дыбыстардан басталған жаңылтпаштар. Жаңылмай тез оқу. Жаттау.
Мақал-мәтелдер – 4 сағат.
Отан, туған жер туралы. Достық туралы. Ана туралы.
Жұмыс түрлері: кітапша жасау, мақал-мәтел түрлерін тақырып бойынша топтау.
Жұмбақ – 4 сағат.
Әріп жұмбақтар. Географиялық жұмбақтар. Этнографиялық жұмбақтар.
Ойын жұмбақтар.
Санамақтар -3 сағат.
Көңілді шумақтар. Ойын өлеңдер. Сандық 5, 7, 9, 10 санамақтар. Жаттау. Құрастыру. Шешу.
Анаграммалар. Логогрифтер – 2 сағат.
Жаттау. Құрастыру. Шешу.
Шарадалар – 2 сағат.
Жаттау. Құрастыру. Шешу.
Мәнерлеп оқу – 3 сағат.
Дикция қойып оқу. Көңіл-күйге байланысты оқу. Сайыс өткізу.
Мәтін – 4 сағат.
Мәтіннің түрлерін ажырата білу. Мәтінге ат қою. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Мәтінді жалғастыру. Кейіпкерге мінездеме. Мәтін мазмұны бойынша жоспар.
Қорытынды, шығармашылық сабақ – 2 сағат.
Өзі туралы эссе жазу. Топтық жұмыс: Ертегі, әңгіме құрастыру.
Бағдарламаны меңгеруге – 32 сағат.
Шығармашылық жұмыстарға – 2 сағат.
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар.
Апталық – 1сағат, жылдық – 34 сағат.
р\с
Тақырыптық жүйе
Жұмыс түрі
Сағат саны
Өтілетін мерзім
І
Сөздік қорларын дамыту.
Көне сөздерге түсініктеме.
Сөздік жұмыс
1
ІІ
Ертегілер
4 сағат
1
Хайуанаттар туралы ертегілер.
Арыстан мен түлкі.
Шалқан.
Ертегі құрастыру
Ертегі бойынша сурет салу
1
1
2
Тұрмыс-салт ертегілері.
Торғай мен адам.
Жамандық неден болады.
Түсініп оқу, сахыналау
1
1
ІІІ
Буындардан сөз құрастыру
2 сағат
1
Логикалық ойын түрлері:
Бір буыннан бастан бірнеше буынды сөздер құрастыр.
Буындар, сөздер құрастыру
1
2
Бір сөзден бірнеше ұғымды сөздер құрастыр
Сөздер құрастыру
1
IV
Жаңылтпаштар
3 сағат
1
Дауысты дыбыстардан басталған жаңылтпаштар
Тез оқып үйрену, жаттау
1
2
Дауыссыз дыбыстардан басталған жаңылтпаштар
Жаңылмай тез оқу, жаттау.
2
V
Мақал – мәтелдер
4 сағат
1
Отан, туған жер туралы
Жаттау, түсіну
1
2
Достық туралы, өнер-білім туралы
Мақал-мәтел жарысы
1
3
Мақал-мәтел түрлерін тақыры бойынша топтау
Кітапша жасау
2
VI
Жұмбақтар
4 сағат
1
Әріп жұмбақтар
Әріп жұмбақтар шешу
1
2
Географиялық жұмбақтар
Оқу, шешу
1
3
Этнографиялық жұмбақтар
Жұмбақ жарысы
1
4
Ойын жұмбақтар
Жұмбақтар құрастыру
1
VII
санамақтар
3 сағат
1
Көңілді шумақтар
Мәнерлеп оқу
1
2
Ойын өлеңдер
Оқу, шешу
1
3
Сандық санамақтар
Санамақ құрастыру
1
VIII
Анаграммалар
Анаграммалар шешу
1
1
Логогрифтер
Логогрифтер шешу
1
ІХ
шарадалар
Шарадалар шешу
2
Х
Мәнерлеп оқу
3 сағат
1
Дикция қойып оқу
Мәнерлеп оқу
1
2
Көңіл-күйге байланысты
Нышанына келтіріп оқу
1
3
Өлеңді мәнерлеп оқиық
Мәнерлеп оқу сайысы
1
ХІ
Мәтін
4 сағат
1
Мәтіннің түрлерін ажырата білу. Мәтінге ат қою.
Мәтіндерді оқып, мазмұнын талдау
1
2
Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Әңгіме құрастыру
1
3
Мәтінді жалғастыру. Кейіпкерге мінездеме
Шығармашылық
1
4
Мәтіннің мазмұны бойынша жоспар
Жоспар құрып үйрену
1
ХІІ
Қорытынды. Шығармашылық сабақ
2 сағат
1
Өзі туралы эссе жазу
шығармашылық
1
2
Ертегі, әңгіме құрастыру
Топтық жұмыс
1
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Ермек Өтеілеуов – Ең күшті адам. // Алматы: «Раритет» 2008,
2.Сұлтан Қалиұлы – Қайсысы күшті // Алматы: «Раритет» 2008,
3.Смайлова А.Т – Қазақ мақал-мәтелдері. // Алматы: «Көшпенділер» 2002
4.А. Сеулебаева – Қазақ ертегілері // Шымкент: ПК «Шикула и К»
5.Ө. Ақыпбекұлы – Керек кітап // Алматыкітап. 2006
6.Е. Елубаев – Балаларға базарлық // Алматыкітап. 2006
7.Жұмалиева Г.Қ – Балдаурен // Алматы: «Білім» 2002 ж.
Қосымша материалдар:
ІІ. Ертегілер
Хайуанаттар туралы ертегі.
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
-Аурумын, жүруге әлім жоқ,- деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.
Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
Өткен заманда бір саятшы тор құрып қойса, торына кішкене бір торғай түсіп қалыпты. Торғайды адам қолына ұстап үйге апара жатса, торғай тілге келіп былай депті:
-Мен кішкене торғаймын, союға жарамаймын, қапасқа салсаң құсастықпен өлемін. Одан да еркіме қоя бер, еркін кең дүниеге жібер, мен сізге екі ауыз өсиет айтайын, - депті.
-Кәне, әңгімеңді айт, -депті адам.
-Жарайды, бір ауызын қолыңда, бір ауызын жерге түскен соң айтайын.
Өйткені қос қолдап қысып тұрғанда өкпем қысылып ештеңе айта алмаймын, -депті торғай. Аңшы босатыпты.
-Бірінші – өткен іске өкінбе, екінші көзбен көрмей сенбе! – депті. Торғай анадай жергеқонып отырып:
-Сен ештеңені білмедің, менің бөтегемде жұдырықтай гауһар бар еді, - дейді. Адам қонып отырған торғайды ұстауға тура ұмтылыпты. Торғай әр жерге ұшып-қонып ұстатпайды. Адам қуып қоймаған соң адамға былай дейді: «Менің жаңа айтқан өсиетіме түсінбепсің, өзің ақылыңа салшы, менің өзім жұдырықтай жоқпын, менің бөтегеме ондай зат қалай сияды? - бұл бір, екіншіден – мен саған ұстатпаймын, қанатым бар. Сондықтан өткен іске өкінбе», - деп ұшып кетіпті.
Торғай адамға қандай өсиет айтыпты?
Адамға мінездеме бер.
Осы ертегінің мазмұнына сүйеніп, ертегі құрастырып көр.
Жамандық неден болады?
Ертеде орман арасында бір жалғыз кісі тұрыпты. Бұл кісіден аң мен құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні әлгі кісі талдың түбінде жатқанда, барлық құстар жиылып, сол жерге түнемек болыпты. Аң мен құстар өзара әңгімелесіп:
-Осы дүниеде жамандық не себептен болады? – деп бірінен бірі сұрайды. Сонда қарға айтыпты:
-Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған кезде не болса соған ұрынасың, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қаншама туысымыз өлді. Сондықтан барлығымыз аш болмаудың қамын ойлауымыз керек.
Өз кезегінде көгершін айтыпты:
-Менің ойлауымша, жаманшылық аштықтан емес, сүйіспеншіліктен болады. Егерде біз жалғаз болсақ, біздің жұмысымыз аз болар еді. Біз екеу екеуден тұрамыз. Өзіңнің жан жолдасыңды жақсы көрген соң, саған тиыштық жоқ. Оның тамағын тоқ, көйлегін көк етуді ойлайсың. Және де ол бір жаққа ұшып кетсе, аман-есен келгенше тиыштығың кетіп, қайғы жеп боласың. Келмей қалса іздеймін деп, өзің бір апатқа ұшырап өлесің. Сондықтан жаманшылықтың бәрі осы сүйіспеншіліктен.
Бұдан кейін сөз алған жылан айтыпты:
-Меніңше, жамандық ызақорлықтан болады. Егерде біз тату тұрсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Ал енді бір нәрсе көңілдегідей болмаса, қатты ашуланасың. Ешкімді аямай біреуді шақсам екен деп жорғалай бересің. Біреуді шаққан соң ол өзіңді өлтіреді. Міне жамандық ызақорлықтан болады.
Бұғы айтыпты:
-Меніңше, дүниедегі жамандық қорқақтықтан болады. Егер біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ, бәрі де жақсы болар еді. Мен жүйрікпін, күшім көп, кішкентай аңдарды мүйізіммен сүзіп құлатамын, үлкен аңнан қашып құтыламын. Бірақ ағаштың бұтағы сыбдырласа, жапырағы суылдаса, қорыққаныңнан есің кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып жардан құлап өлесің, я итке жем боласың. Сондықтан қорықпау керек, батыр болу керек.
Сонда олардың әңгімесін тыңдап жатқан кісі: ...
(ертегіні ары қарай жалғастырып кқр)
-Сіз бәріңіз де жамандықтың не себептен болатынын дұрыс айтыңыздар. Біз адам баласы, оны жақсы білеміз, неге десеңіздер біз жамандықты да, жақсылықты да көп істейміз. Аштық, сүйіспеншілік, ызақорлық, қорқақтық – бәрі де жан-тәнімізді сақтау үшін керек. Бірақ біз тәнімізбен емес, көбінесе жанымызбен тіршілік етеміз. Егерде біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай, жан күйге қызмет етуді тілесек, онда біз аман болар едік депті.
Адасқан құмырсқа.
Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалды да ара-қоңызбен дос болды. Бірде жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алды, бірақ өзі қанша әуреленсе де, түк қозғалта алмады. Енді көмек сұрау үшін достарын іздеді. Гүлдің нәрін жинап жүрген араға жолығып:
-Досым, маған көмектесіп жібер, жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр, - деп өтінді.
-Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жүрмін ғой, - деп ара оған қайрылмай қойды. Енді құмырсқа қоңызға келді.
-Сен үшін еңбегімді еш қыла алмаймын, - деп қоңыз да қиын домалатып кете барды. Осындай екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасты. Олар мұның жабырқаңқы түрін көріп:
-Не іздеп жүрсің? – деді. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтты .....
(ары қарай жалғастырып көр)
Достары көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп ала жүрді. Ақыр соңында адасқан құмырсқа қайта өз үйіріне қосылды.
*Осы ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады.
ІҮ. Жаңылтпаштар.
Ақ халатты, Боз бөзден бес кез кес,
Ақ қалақты Көк бөзден бес кес кес.
Аққал атты апайды
Ақатай да ақ апай деп атайды. Сыртта жұрт жүр,
Жым-жырт жүр.
Тып-тыныш,
Оралдан оралған олардан Тым-тырыс.
Омаржан
Оң көріп, Тоңғақ тонмен тоңбас
Он бөрік, тон беріп, тор алған. Тонмен тоңса, оңбас
Бұндай тоңғақ болмас.
Ақжарда үш жар бар, Шеге түскір үшкір екен,
Әр жарда жүз шар бар. Ұшы үшкір екен.
Кім жүйрік?
Алты қалбыр алды Қылшық құйрық
Артылып жарты қалбыр алды. Сүйрік жүйрік.
Ол жолда түсті Құз,
Үйіне тұспа-тұс түсті. Құздың үсті мұз,
Құздың үсті қыс.
Ұшақ құсша ұшар,
Ұшақ ұшса,
Ұзақ ұшар.
V. Мақал-мәтелдер.
Отан, туған жер туралы.
Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Орағың өткір болса, қолың талмайды.
Отаның берік болса, жауың алмайды.
Ел –елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы.
Пәлен жерде алтын бар, өз жеріңдей қайда бар.
Ел ағасыз болмайды, су сағасыз болмайды.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.
Өз елімнің басымын, басы болмасам сайының тасымын.
Достық туралы.
Достың мыңын алма, бірін ал.
Жолдасы көптің қолдасы көп.
Жолдасын тастаған жолда қалар.
Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
Досыңның көзінде болғанша, көңілінде бол.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар.
Дос есебі көңілден.
Өнер – білім туралы.
Өнер –ағып жатқан бұлақ,
Білім – жанып жатқан шырақ.
Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі.
Әліппенің ар жағы – білім бағы.
Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы.
Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық.
Өнерді үйрен де жирен.
Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.
Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар.
Өнер, білім дегенің оқуменен табылар,
Сиса көйлек үстіңде, тоқуменен табылар.
VI. Жұмбақтар.
Әріпжұмбақтар:
Әкеңде бар, Санда бар,
Атаңда жоқ. Сапада жоқ.
Тәтеңде бар, Ханда бар,
Апаңда жоқ. Қарада жоқ.
(Ә) (Н)
Қылда бар Тауда бар,
Жүнде жоқ. Таста жоқ.
Жылда бар, Жауда бар,
Күнде жоқ. Доста жоқ.
(Ы) (У)
Меңде бар, Иекте бар,
Қалда жоқ. Бетте жоқ.
Сеңде бар, Сүйекте бар,
Қарда жоқ. Етте жоқ.
(Ң) (К)
Ұлда жоқ, Құрықта бар,
Қызда бар. Сырықта жоқ.
Ұнда жоқ, Құдықта бар,
Тұзда бар. Қырықта жоқ.
(З) (Ұ)
Географиялық жұмбақтар:
Аралайық әлемді, «Таного» биі әлемге
Берем дерек, дәлелді. Тарап кеткен қай елде?
Табыңдаршы өздерің (Аргентина)
Жұмбақтадым қай елді?
Базары көп, толы адам,
Айтыңдаршы ал енді, Ала тақия,ала шапан.
Кенгуруі бар елді. (Өзбекстан)
(Австралия)
Айтыңдаршы ал енді,
Айтыңдаршы ал енді, Марал, барыс бар елді.
Тундрасы бар елді. (Қазақстан)
(Рессей)
Айтыңдаршы ал енді,
Айта қойшы ал енді, Шай мен пілі бар елді.
Беріп тұрмын дәлелді (Үндістан)
Королевасы бар елді.
(Англия)
Этнографиялық жұмбақтар
Табаға салып жапқаным не?
(нан)
Ұйытып қойып ішкенім не?
(сүт)
Балшықтан істеген ыдысым не?
(құмыра)
Күбіге құйып піскенім не?
(қымыз)
Қолыма иіріп атқаным не?
(асық)
Текшелеп төрге жиғаным не?
(көрпе-жастық)
Тепкілеп жүннен басқаным не?
(текемет)
Сөреге кептіріп жайғаным не?
(құрт)
Құлағын бұрап тартқаным не?
(домбыра)
Сәукелеге таққаным не?
(үкі)
Тұзын көріп татқаным не?
(сорпа)
Ойын жұмбақтар.
Мен айттам іс құралын,
Сен айт кімін бұлардың.
Қармағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Балақшы)
Қылқаламы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Суретші)
Бұрғысы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Шахтер)
Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Сылақшы)
Бүркіті бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Аңшы)
Камера бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Кинооператор)
Құрығы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Жылқышы)
Сүргісі бар қолында,
Кімді айттым ойымда?
(Ағаш шебері)
VII. Санамақтар.
Көңілді шумақтар.
1 – Бір 5 – Бес
Же1 екен «Тебесің» - деп, - қойларды,-
Ке1 жемді 1қазан 5ті айғырды қораның
1-ақ сәтте қойдй жеп, Тө5іне лақтырдым.
Кү1 етті: 5аспап батырмын.
«Тойдым» , - деп. Сен5ең, сұрағын:
Естіп 1кез дү1ді 5іктегі бөпемнен,
Паналауға жүгірді. 5 жастағы көкемнен.
2 – Екі 6 –Алты
Баласына ж2ріп, 6 бала ел с6н баққан
Ұрысып жатыр К2лік; Тепті ұзақ күн 6бақан.
-2леніп, с2ріп, Бөсті бізге 6н тым:
Алып қапсың «2лік» -Тұрмаушы едім қ6рап,
2еншілей «2ңді». Б6қта көп м6дым:
Көрсетпе! – деп ж2ді. Жауырыным ж6рап,
К2рейіп баласы, Көрінбейтін б6рым.
2ленбей таласып,
«Жоймасам ба 2мді!» 10 – Он
Деп б2нген с2лді.
10 бала қоршады
3 – Үш 10ыншы вагонды,
Т10 әкеп қарсы алды
3тентек баласы Ағайды пог10ды.
3інші кластың Құрметті бұл қ10ақ
Доп 3ін таласып Ауылға ж10дағы,
К3терін сынасты С10арда ол болмақ
Бір допты кішкене Аңшымен с10дағы.
3еуі ап құшаққа,
Барынша к3ене,
Тартысты 3 жаққа...
3 досқа үйшікте
Жатқан кеп к3ік те,
Тұмсығы 3кілдеу
Көтеріп т3кірді.
«Жағдай м3кілдеу», -
Дегендей, 3 үрді –
Өзінше 3 досты
Басқансып, «3кірді».
Ойын өлеңдер
Кім шапшаң?
Қанша бала? Неше есек?
Мұз айдында жеті бала Шығармақ боп кеше есеп,
Асыр сап жүр сырғанап. Жиналған-ды бес есек.
Сырғанамай екі бала, Үшеуі ұйықтап отырды,
Жағалауда тұр қарап. Сонда естісі неше есек?
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң, жарадың? Қанша сәбіз еді?
Қанша жұмыртқа қалды? Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Тауықтардың біреуі Әсіресе бес көжек
Бес балапан шығарды. Маған нағыз дос көжек.
Көптен күтіп жүр еді Қолымнан кеп жем жейді
Інім қатты қуанды. Басқалары келмейді.
Он жұмыртқа бастырған, Бес көжекке достасқан
Қарай алмай шаршады Сәбіз бердім қос-қостан.
Тауығының астында Бір сәбізім соңында
Жатыр әлі қаншауы? Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Бір топ бала. Санап берші ал енді?
Бір топ бала тоғаннан Қанша ара?
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды Алшаға кеп күнара
Тиді әркімге үш балық. Қонушы еді бір ара.
Сынайын бір ал сені, Бүгін тоғыз туысқан
Бала саны қанша еді? Ертіп кепті бұл ара.
Сонда бүгін алшаға
Бұзаулар. Келіп қонды қанша ара?
Жаңа ғана шалғында Неше алма?
Алты бұзау жүр еді.
Әлде шаршап қалды ма, Бес бұтақты қайыңда-
Жатып қапты біреуі. Бұтақ сайын бес алма.
Нешеуі еді жайылып Біреуін бер Сайынға,
Жүргенін айт айырып? Сонда қалмақ неше алма?
«Н» мен «Ң» айырмасы қандай?
(Егіз жолдар)
Кисе де тонды, Есінен танды,
Қатты тоңды. Жарасын таңды.
Ел жайлауға қонды, Таңғалтқан мені,
Малдары қоңды. Беттегі меңі.
Айтқаныңнан танба, Қарасам оған сынай,
Сүйекке салма таңба. Жоқ ұялар сыңай.
Биік-ақ шыны, Төгілсе мұнай,
Талғардың шыңы. Қуанба, мұңай.
Әрең көнді, Үңгірге енсе,
Оюға көңді. Түседі еңсе.
Әкетпесін сені,
Өзенде мұз сеңі.
Даттама оны,
Бәрінен оңы.
Байлықтың кені,
Жеріңнің кеңі.
Алуан гүлдер өнді,
Жер құлпырған өңді.
Логогрифтер.
(Бір сөздің бір әріпін қысқартса немесе бір әріп қосса, мағынасы өзгеретін сөз