kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бабалар-ел қорғаны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген (18).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бабалар-ел қорғаны»

Батырлар – ел қорғаны.

Қобыланды Тоқтарбайұлы./ XV ғасыр/

Қобыланды Тоқтарбайұлы (XV ғ.) - аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі - Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне "Қара Қыпшақ Қобыланды" деп атайды. Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, соның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: "Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан "Ақжол" атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді" деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан:Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?
Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным, - деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі.

Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі - қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі - "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы - қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы - Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен - соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді.

Бөгенбай батыр. /1680 – 1778жж/

Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниеге келіпті.

Оның атасы - Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. Ол сонымен қатар өнерлі адам болған. Ұсталық өнермен айналысып, соғыс қару-жарақтарын жасаған. Бойында ақындық, айтыскерлік өнері де болған. Әкесінің өнері баласына дарыған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік өнерін бойына сіңіріп өскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Өзіне жақын адамдардан отряд құрып, кейін елде "Қанжығалының қырық батыры" деп аталып кеткен.

Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бөгенбай үлкен құрметке бөленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналып кетті. Бөгенбайдың қалмақтармен және қытай әскерлерімен болған қиян-кескі шайқастарда көрсеткен қайраты сол кездегі жорық жырауларының толғауларында мәңгі өшпес өлең тілімен өрнектеліп қалды.

Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды және қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери әрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлегін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға қару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірген? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", - деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады.

Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған.

Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен.

1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.

Бөгенбай батыр қартайған шағына дейін ат үстінде жүрген.

1756-1758 жылдары Бөгенбай батыр Талқы түбінде Шығыс Түркістанға алғаш рет аяқ басқан қытай әскерімен қиян-кескі шайқасқа қатысты. Бұл ұрыста ол қытайларды қыра талқандап, Үрімшіге дейін қуып барды.

Бөгенбай батырдың ең ірі жорықтарының бірі 1750 жылы Аягөз өңірінде жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін екі жақ мәмілеге келіп, достық келісім жасады.

Бөгенбай батыр дана және аса зерделі адам болған. Ол 1761 жылы елшілік миссиямен Абылай ханның ұлы Әділді алып Қытайға барған.Батыр Торғай өзенінің жағасында қаза болған. Бұрында бұл жер "Бөгенбай сөресі" деп аталған, ал қазір "Шахта" деп аталады. Денесін қырық күн бальзамдағаннан кейін 45 күнде Ежелгі екінші Мекке саналған Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи - Әзірет Сұлтан кесенесіне ақ түйемен алып барып жерлеген.



Қабанбай батыр.

/XVII ғ. соңы - XVIII ғ. орта шені/

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз - қазақ батыры. Азан шақырып қойған аты - Ерасыл.

XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күрестің бел ортасында жүрген қолбасшылардың бірі. Халық арасында оны Қаракерей Қабанбай деп атаған. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Қабанбайдың жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза тапқан. 16 жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін ол 5-6 жыл Зайсандағы Керей ішіне кетіп, әпкесі Меруерт пен жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, "Қабан батыр" атанады. 1717 жылы Аягөз шайқасында ерекше көзге түсіп, Қабанбай батыр атанады. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының біріне айналады. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін Дарабоз атанады. 1751 жылы Арқадан Оңтүстік Қазақстанға - Ханбаба (Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорығы жасалды. Ұлы жүз жасағын өзіне қосып алған 2 түмен қазақ әскері, Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан тазартып, Ташкентте Төле бидің билікке келуіне көмектесті. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.

XVIII ғасырдың орта шенінде қазақ хандары билік үшін жүргізген күрес шиеленіскен шағында Барақ сұлтан Кіші жүздің ханы Әбілқайырды өлтірген. Қабанбай батыр Барақ сұлтанға кінә тағып, оның Жоңғар хандығымен жақындасуына қарсы әрекет жасады. Осыған орай Қабанбай батыр тек Орта жүздің ішкі жағдайларына ықпал етіп қана қоймай, Кіші жүзде болып жатқан тарихи оқиғалардың да бел ортасында болды.1752-1754 жылдары Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін жоңғарлардан азат ету жорықтарында Қабанбай басқарған қазақ әскері алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысқан. Осыдан кейін қазақ жасақтары Тарбағатайдың күнгейі мен теріскейінде екі бағытта шабуылға шыққан. Күнгейдегі әскер тобын басқарған Қабанбай сарбаздарымен Қаракөл мен Нарынды, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылған.Баспан-Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін азат еткен. Қазақ жері басқыншылардан азат болғаннан кейін Қабанбай батыр 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген қытай әскерінің бетін қайтаруға ат салысты. Шығыс аймақтарға ел көшіру, қоныс бөлу ісіне араласты. Жоңғар үстемдігі кезінде қолдан шығып кеткен Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан қайтарып алуға қатысқан. Қытаймен бітім жасалғаннан кейін, 1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдап барып, қазақ-қытай саудасын бастап берді.

Әкесі Әтеке жырықтың кегін алу үшін 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Қарабекке ауырып жатқанына қарамастан қол бастап қарсы шығып, Қабанбай жекпе-жекте Қарабекті өлтірген. Сол сәтте өзі де ат үстінен құлап түсіп, қазаға ұшыраған.

Қабанбай батыр есімі ел есінде сақталған. Алматы облысындағы бұрынғы Андреев ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында, Жарбұлақ ауданында, Алматы, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларындағы бір-бір көшеге, сондай-ақ Аякөз қаласында орналасқан танк дивизиясына Қабанбай есімі берілген. Алматы облысының Алакөл ауданының орталығындағы Үшарал қаласында батырға ескерткіш орнатылған.

1992-1993 жылдары бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында Қабанбай батырдың 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілді.

Астана қаласының іргесінде батырға ескерткіш-монумент орнатылған.

Стамбулдың Бахыркөй ауданы, Атакөй алаңындағы Киікті саябағында батыр бабамызға еңселі ескерткіш орнатылды. Көрген жанның көзі тойып, көңілі қуанар туынды. Бұл - әуежайға таяу, қаладағы аса көрнекті жер. Ескерткіш жобасын жасаған Әзірбайжан мүсіншісі Руғи мырза. Мерекелік шара үстінде аудан әкімі Атеш Унәл мырза Қабанбай ескерткіші қойылған Киікті саябағын бұдан былай Қазақ саябағы деп атау жөніндегі шешімін жария етті.

Батыр туралы жыр-дастандар, зерттеу еңбектері аз емес. Қабанбай батырдың өмірі мен ерлік күресі Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара т. б. халық ақындары жырларына арқау болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының көне қолжазбалар бөлімінде Қабанбайға арналған жырлардың төрт нұсқасы, Қытай қазақтарында онға тарта нұсқасы сақталған.

Бұл жырларды жинауға Ш. Уәлиханов, С. Торайғыров, Қ. Халидұлы, Қытайда тұратын қазақ ғалымдары З. Сәнік, Б. Садықан т. б. көп еңбек сіңірген. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділов "Дарабоз" тарихи романын жарыққа шығарды.


Райымбек батыр.(1705-1785)


  Райымбек Түкеұлы– жоңғар басқыншыларына қарсы шайқастарда атамекенін жаудан азат еткен батыр әрі әулие, қолбасшы.   Батыр қазіргі Алматы облысында туған. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18-ші ғасырдың 1-ші жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанған. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы «Ойрантөбе» деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түскен.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанған. 1758 жылы Райымбек батыр Наурызбай, Бөлек, Өтеген, Малай батырлармен тізе қоса отырып, Жоңғар империясының соңғы күшін қазіргі Сүмбе шекарасынан асыра қуып, Жетісу жерінен ығыстырып, Текестің Құйғаны мен Іленің басталар тұсынан әрі қарай Жұлдыз ойпатына дейін ығыстырып тастаған ерлігі жұртқа аян.
1733 жылы Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанын да білуге болады.
Көзі тірісінде «көріпкел», «әулие» атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген.
Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында «Райымбек бастауы» бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласындағы оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында.
Ел ауызындағы аңыз әңгіме бойынша Райымбек батыр дүниеден озар алдында ұрпақтарына «денемді ақ түйеге артып басын бос жіберіңдер. Ол қай жерге барып шөксе сол жерге жерлеңдер» деген өсиет айтса керек. Сол ақ түйе шөккен жердегі батыр есімімен аталатын зираттың басына зәулім кесене тұрғызылып, ақ түйенің мүсіні орнатылған. Қасиетті орын саналатын осы кесене тұрғызылған жерге адамдар келіп тәу етіп тұрады.
1990 жылы «Райымбек» тарихи-этнографиялық қоғамы құрылды. 2005 жылы Қазақстанда батыр бабаның 300 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтілді.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда қазақ жерінде тосынан тап беріп, Ақтабан-шұбырынды, Алқакөл сұлама қасіретін төндірген жоңғар шапқыншыларына қарсы ақ білектің күшімен, ақ найзанының ұшымен тойтарыс берген Райымбек батырдың қаһармандық даңқы тәуелсіздік алғаннан кейін арта түсті.
Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген."15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Содан соң жас батыр жаудан Түргенді азат етеді. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Осыдан соң Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, – деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды. Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар” дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17 –інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да калмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды. Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың аяқталмай қалған "Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін "Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, Шығыс Түркістандағы ұйғыр, одан бертіндегі қырғызды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын” айтады.
Екі жарым мың жылдық тарихы бар ежелгі Алматының қақ ортасында кіндік қаны тамған, "Райымбек батыр” атанып тер төккен, сексен жыл өмір сүріп, әулиелікпен алдын болжап, келешегін бағамдап, дүние салар алдында:

"Елім Албан
Жерім Жетісу.
Жайлауым Асы,
Қыстауым Алматының басы”,


– деп сүйегін сол тұстағы Алматы қыстағының аумағына қойыңдар деп өзі өсиет еткен орынға жерленіп, бұл күнгі тәуелсіз елдің ұрпағы батыр, әулие баба өсиетін қалтқысыз орындап, сол сүйегі жатқан орынға зәулім күмбез тұрғызып, ақ атанның ақ мәрмәрдан алып мүсінін орнатқаны аса бір сауапты іс болды.
Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды.
Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райымбектің ат үстіндегі мүсіні орнатылыпты. Оны орнатуға мұрындық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен.

Елiне ұран болған Райымбек

Елбасымыздың тiкелей басшылығымен өмiрге келген «Мәдени мұра» бағдарламасы тарихымызды түгендеуге айтарлықтай әсер еттi. Аңыз төңiрегiнде – ақиқат, шежiре, әңгiме астарында – шындық жатады. Ел жады – ел тарихы, тың деректiң өзi көмескi дүние, ежелгi ғасырлар сырын ашып үлкен кәдеге асатыны күмәнсiз. Егемендiк тiзгiнiн ендi ала бастаған елдiң өткенiн iздеп, өз ата-тегiне назар аударуының еш әбестiгi жоқ. Бұл ұлтымыздың өзiн-өзi танып, бiлiп, бағалауының игiлiктi бастамасы.
Қазақ елiнiң жауынгерлiк ұранына айналған Райымбек батырдың туғанына 300 жыл толуына байланысты батырдың кесе¬несiне мемлекет тарапынан қамқорлық жасалып, әкiмшiлiк 20 миллион теңге бөлiп, күрделi жөндеу жасалды. Дәулет Әбенов, Ғалымжан Болсынбек сынды қаржылы азаматтар баба руын қадiрлеп, бiтпей жатқан құрылысқа демеушi болды.
Қазақ халық болып қалыптасқанға дейiн тайпалық ру-ру болып көшпендiлiкпен өмiр сүргенi белгiлi. Атамыз – Алаш, керегiмiз – ағаш , рулы ел – ұялы терек, аттың жалы, түйенiң қомында намысын жауға бермеген, найзасын кекке қайраған, ел үшiн еңiреп туған батыр мен ел көсемiн тәрбиелеген елмiз. Соның бiрi көрiпкел әулие Бәйдiбек баба. Баба әулетiнен ел басқарған көсем, сөз бастаған шешен, қаһарман батыр көп шыққаны тарихтан белгiлi. Соның бiрi – Райымбек батыр.
Албан тайпасының Алжан руынан Сырымбет, Шағыр, Аламан, Қиғылық туады. Осылардың iшiнде Сырымбет көрнектi шығып, Ұлы жүз үйсiн елiне белгiлi адам болады. «Сырымбеттiң жылқысы Сыр бойында суға түскенде су тоқтапты» деген ел аузында нақыл бар. Осы кезде қабiрi Сыр бойында Желек деген жерде Сырымбет әулие деген атпен белгiлi.
Сырымбеттен Әлi, Көшек, Малқар, Барақ, Қойгелдi тарайды. Сырымбеттiң бәйбiшесi – Әжi төренiң қызы Пернеш. Екiншi әйелi Барақ сұлтанның қызы – Күнбибi. Қангелдi батырдың нағашысы Барақ сұлтанның анасы – Күнбибi (Керiмбибi).
Қазақ деген халықтың жер бетiнен мүлде жойылып кетпеуi үшiн аман алып қалудың жалғыз жолы орысқа бодан болу деп шешкен хандар мен билердiң шешiмiн iске асыру үшiн император Анна Ивановнаға қол тапсыруға елшi болып Қанкелдi батыр бастаған билер барады. (1730-1740) Қазақ совет энциклопедиясы №9-том, 426-бет және 11-том 374- бет. Онда Қанкелдiнiң қазақ пен Қытай арасындағы шегараны белгiлеуде дипломатиялық жұмыс атқағаны айтылады.
Қанкелдiнiң Тiлеуке, Түке, Төңке, Мөңке, Тұрсын, Айбас, Қайбас, Мендеке, Емеген (Әлмеш), Жуң атты көптеген ұлдары болған. Қанкелдiден тараған ұрпақтардың көбi шетiнен батыр, шешен және бай адамдар болыпты.
Бастаған ақтылы қой көсем серке
Байлықпен аты шыққан Тұрсын, Мөңке
Қалмаққа қарсы келiп қан құстырған,
Баласы Қанкелдiнiң ер Тiлеуке.
Ат баптап, құс салатын өнерi бар
Қайыстай жiгiт екен қара Түке.
Қанкелдi батыр өз балаларының келешегiн болжау үшiн аязды күннiң бiрiнде төрт ұлын – Тiлеуке, Түке, Мөңке, Төңкенi далаға төсек салдырып жатқызады. Олардың жатқан жатысын байқаған әкесi Түкенiң кiндiгiнен жоғары көрпесiн жауып алып бөксесiнен төмен ашық жатысын көрiп, ашуланып, тұқымын жаймай тұрғанда шауып тастайын деп қылышын қынабынан суыра бергенде Түкенiң анасы арашашы болып: «Батыр, ажалға сабыр, шауып тастауға үлгересiз, бұл балаңа тектi жерден қыз әперсең қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен тудырам» деп тұр», – деп сабырға шақырады.
Жалайыр елiне жау тиiптi деген хабар албан тайпасына жетедi. Қарт бурадай қаһарына мiнген Қанкелдi батыр жасағын соңынан ертiп құба қалмаққа қарсы аттанады. Шапқыншылық жасаған жаудың бетiн қайтарып, қалмақ қолбасшысының басын алып, рулы ел жалайырды басқыншы жаудан құтқарады. Бұл кезде Орақты батыр жырақта жүрген кезi екен, елiне жау тигенiн естiп оралса, албан Қанкелдi ел тыныштығын алған құба қалмақтың басын алғанын, ел iшiне қалыпты тыныштық орнағанын көредi. Қанкелдi батырдың ерлiгiне риза болған Орақты батыр сый-сияпат жасап, аттанарында бұйымтай сұрайды. Сонда Қанкелдi батыр: «Арамызды жекжаттық жалғастырса деп едiм, қисаң қызың Қарашашқа үкi тақсам қалай?», – дейдi. Екi жақ келiсiмге келiп құдаласады.
Қанкелдi батыр күтпеген жерден жалайыр Орақты батырмен құда болып қызы Қарашаш сұлуды Түкеге алып бередi. Тектi әулеттiң қызы Түкеге қосылған соң Райымбек, Толмаш атты ұлдарды дүниеге келтiредi.
Абылай ханның қазақ қолбасыларын тағайындау үшiн батырды шақырып сынау кезiнде Райымбектi көрiп «сен қай тектенсiң?» деп сұрағанда Райымбектiң жауабы:
Арғы атамды сұрасаң,
Өтiрiк айтпас Өр Албан.
Өр Албанда Ер Алжан,
Алжанның аты дүр Мәмбет.
Мәмбеттен туған Сырымбет,
Сырымбеттен Қанкелдi.
Атам менiң Қанкелдi,
Уысында қан келдi.
Жерi үшiн жан бердi,
Елi үшiн қан бердi,
Жетi бiрдей ұл бердi,
Үлкенi батыр Тiлеуке,
Екiншiсi Ер Түке.
Ер Түкеден мен тудым,
Ер болуға бел будым, – деген екен.

- Сынау үшiн айтқан артық сөзiмдi қайтып алдым. Ұлы жүздiң қолбасы сен боласың, – дептi Абылай хан.
Кейбiр деректерде Райымбек бабамыз көп некелi болғаны айтылады. Одан Күлжаман, Алтай, Нарт, Қожағұл, Әжi, Орақбай, Масақбай, Қонақбай, Әйтiмбет, Жолды және Қаралтай деген ұрпақтар тараған.
Басқа Алжандарды қоспағанда осы батыр атасынан тараған Қожағұл батыр, Күлембек батыр, Әжi әулие, Малғара би, Жампейiс бай, Диқанбай батыр оның балалары Құдайберген, Құсайын сынды би-болыс, елге танымал арқалы адамдар шығыпты. Райымбекке дейiн қосып санағанда ең көп өскен алдыңғы буын он бiр ұрпаққа жетедi екен. Кейбiр кенжелегенi 8-9 аралығында. Сонда орташа ұрпақ саны 10 буын екен. Қарапайым мысалдармен бiр ғасырда 3 адам орын ауысып, өмiрге келедi десек, ол да шамамен 300 жылды төңiректейдi.
Райымбек батырдың басына 1976 жылы белгi қойылды. 1981 жылы белгi жаңартылып, мұсылман жамағаты зиратының басына құран оқуға келе бастады. 1995 жылы ондаған иманды азаматтар қол ұшын берiп. зәулiм кесене тұрғызылды.
Сүйiнбай бабамыз: «Қайырымды болсаң, Қангелдi батырдай бол» деген. Ырым етiп мойнына бұршақ салып, әйелiне отын арқалатып, ақсарбас қой жетелеп, батырдың үйiнiң алдынан бас иiп өтiп бара жатқан Бәйiт байды көрiп, жөнiн сұрайды. Бiр перзентке зар болып жүргенiн естiп, қайырымдылық жасап Қангелдi батыр некелi әйелi қырғыз қызы Ботагөз сұлуды талақ етiп, жұртына қалдырып көшiп кетедi. Орнына әдейi Бәйiт байды қондырады. Сол Бәйiттен Ботагөз ұл табады, соңынан Бәйiттiң бұрын тумай келген төрт әйелi бiрiнен кейiн бiрi туып, Бәйiт байдың тұқымы кенет өркендеп өседi. Алжанда осы кезде Бәйiт ұрпағы қатты өскен. Оның негiзiн Ботагөзден туған Иманазар әулиетi құрайды. Сөйтiп тектi нәсiлден жетелi ұрпақ, тартымды қайраткерлер шығады.
Ал, Жәмпейiс байдың баласы Диқанбай батырдан Құдайберген, Құсайын, Мүшан, Әлдибек, Рақымжан, Кәкiжан тарайды. Бұлардың бәрiнен ұрпақ бар.
Құдайберген, Құсайын, Мүшан әкесi Диқанбаймен бiрге 1918 жылы Меньшов, Афанасьев дейтiн ақ офицерлердiң қолынан қаза табады. Сонда он жетi жасар Әлдибек тiрi қалып ақыл-ойымен ел көзiне түсе бастайды. Кеңестiк заманның 1929-1932 жылдардағы «көрнектiнi көрге тық, орташаны орға тық, кедейдiң кеңiрдегiн сық» деген мезгiлге тап болып, көрнектi бай баласы деген атпен қуғынға ұшыратылып, итжеккенге айдалып, етiнiң тiрiлiгiнен қашып елге келiп, қайта ұсталып қамалады. Әдибектен – Тұрсынжан, Болысжан, Тұрсынғали, Оразғали тарайды.
Бұрын Албандар Бақтияр, Бәйдiбек, Шоған абызды ұрандап келсе, ендi бiрлесiп жауға шапқанда айтатын жауынгерлiк ұраны «Райымбек» болып қалыптасқан-ды.
Кенен Әзiрбаев бабамыздың бiр сөзi ойға оралады.
«Қангелдiден қаһарлы Райымбек
Ұран болған халқына бiр бәйтерек
Ерлерi аңыз қылған Өрдегi Албан,
Дәу Қараш, Малай батыр, Қатпа, Төлек..»

(Өр дейтiнi Iленiң суы батысқа қарай ағатындықтан, шығыста тұратындарды өр елi деп атап келген.) Райымбек бiр ғана елдiң еншiсiнде емес, бүкiл қазақ халқының Райымбегi. Демек, тұғыры биiк тарихи тұлға. «Ерлерiн аңыз қылған Өрдегi Албан» деп Кенен ақын айтса, батыр-бағландарын бағалай бiлгенi. Жыр дүлдiлi Жамбыл ақынның өзi былай дейдi:
«Атыңнан айналайын Райымбек,
Келгем жоқ қасиетiңдi сынайын деп.
Бас ием, тағзым етем бiр өзiңе,
Жаратқан жанат берсiн ылайым деп…».

Батыр атаның 300 жылдығы қарсаңында оның есiмi күллi дүниеге паш етiлдi. Зерттеушiлердiң ендiгi сүйенетiн қорытындысы осы болуы керек деп бiлемiз.































Жанқожа Нұрмұхамедұлы

Жанқожа Нұрмұхамедұлы - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.

19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[1]

Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.

Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.

1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргені үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.

1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.

Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа оны мен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады.

Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.

1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.

Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмдағы үйінде намаз оқып отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп, атып өлтіріп кетеді.[2]




































Өтеген батыр. /1699 – 1773жж/

Өтеген батыр (1699-1773) - XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар. Өтеген батыр - ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйінбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бұлардың ішінде бізге жеткені - Жамбылдың "Өтеген батыр" дастаны. Кенен Әзірбаев пен Делебаев дерегіне қарағанда, Өтеген батырдан - Тарпаң, одан Бименбет - Толымбек - Жолдасбай. Соңғы ұрпағы Жолдасбай 1956 жылы Жамбыл облысы, Красногор ауданы, "Кеңес" колхозында тұрған. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е. Ысмайылов, Қ. Тұрғанбаев, Н. С. Смирнова, С. Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар.

Халық аңыздарында Өтегеннің жүрегінде түк бар екендігі туралы айтылады. Бұл тектен тек емес. Енді бір аңыздарда Өтеген туғанда оның маңдайында қос мүйіз болған екен деседі жұрт. Біз білетін Шығыс, Азия тарихына қатысты әдеби туындыларда ондай мүйізді асыл тек Ескендір Зұлқарнайын ғана. Қазақ батырлары шежіресінде мұндай нысаналы бейне жалғыз Өтеген батыр.

Ел аузындағы әңгімелер мен ақындардың жыр-дастандарында көрініс тапқан аңыз желілерінде Өтеген батырдың әкесі Өтеғұл батырдың ержеткен он екі ұлы бірдей оба ауруынан қайтыс болады. Бұл шақта Өтеғұлдың жасы елуге келген екен. Он екі ұлдың қайғысы батырға қатты батады. Жер ортасы жасқа келгенде он екі ұлдан бірдей айрылған батыр басын жерден көтере алмай, көз жасын бұлай береді. Өтеғұлдың жақсылығын көрген, оны пана тұтып, жан сақтаған жұрт батырмен бірге қайғырып, соның тілеуін тілейді құдайдан. Сөйтіп жүргенде Өтеғұл түс көреді. Түсінде батырға бір ақсақалды, сары тісті қария келіп былай дейді:

- Өтеғұл, егіліп жылай бермей, көз жасыңды тый! Қолыңды жай, батамды берейін, - дейді. Батыр көзінің жасын тиып, қариядан бата сұрайды. Сонда ақ сақалды қария былай деп бата берген екен:

- Құдай тілеуіңді берді, он екі ұлға татитын ұл көресің!

Осыдан кейін Өтеғұл кіші әйелі Нұрбаладан бір ұл көреді. Баланың шілдеханасында жаныс жұртының ақсақалы тоқсандағы Жанысбай қария Өтеғұлға: "Батырым, өлгендерің өтелді, баланың аты Өтеген болсын!" - деп атын Өтеген қойдырыпты.



































Сырым Датұлы. /1712 – 1802жж/

XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.

Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған казактарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі - патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.

1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.

1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда - Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783-1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдық жерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті.

Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшындарымен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 3 шілдеде Екатерина ІІ Нұралы ханды қызметінен босатты.

1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты.

1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мәжбүр болды.





























Исатай Тайманұлы./ 1791 – 1838жж/

XIX ғасырдың 30-жылдары Бөкей ордасында болған отаршылдыққа қарсы көтерілісті ұйымдастырушы. Оның қалыптасуына үлкен ықпал еткен ағасы Жабай Бегалин болды.

1836-1837 жылдары орыс отаршылдарына қарсы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс патша саясатына бүкіл халық қарсылығының айқын көрінісі болды. 1836 жылы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және басқа азаматтармен бірге негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары болған көтеріліске басшылық жасады. Бүкіл халықтық көтеріліс кенеттен басталған жоқ, ол бірте-бірте пісіп-жетіліп, бір жағы, хандық биліктегі басшы топтың халықты дұрыс басқара алмауы және патша өкіметінің зорлық-зомбылығына халықтың төзбеуінен болды. Сонымен бірге Бөкей ордасында жер бөлу мәселесі төңірегіндегі жағдай күрт шиеленісті. Оралдық әскери кеңес Қамыс-Самыр өзендерінің айналасында орналасқан үлкен және кіші өзендер бойындағы жерлерді казактарға алып берді. Күрмеуі көп жер дағдарысы, аса жоғары салықтар, ішкі өзара қырқысулар, отарлық езгі Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліске әкеліп соқтырды.

1836 жылы ақпан айында Жәңгір ханға қарсы қазақ халқының екі жақты езгіден құтылуға ұмтылған күресі басталды. Әскери қозғалыстардың белең алуына Исатайдың хан ұсынған қызметке бармауы себепкер болды. 1836 жылы 4 сәуірде Манаш қыстауына Қарауылқожа бастаған хан әскері жақындады. Көтеріліске шыққандар санатынан И. Тайманұлы бастаған 200-ге жуық қарулы жігіт келді.

Исатай ұрыс басталмас бұрын екі жақтың өзара мәмілеге келуі жолында біраз қадам жасады. 1836-1837 жылдары ол шаруалар алдында Жәңгір мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін өтініштер мен петицияларды қолданды. Петицияларда 12 күнге дейін қаралуға тиісті халықтың ханға қойған негізгі талаптары болатын, алайда хан тарапынан оның бірде-біреуі орындалмаған еді. Діттеген мақсатына Исатай жетті: ол жұртшылықтың алдында ханның сағын сындырды.

1837 жылдың басында көтерісшілерге байбақты руының беделді старшыны Жүніс Жантелин қосылды. 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды үдете түсті. 16 қыркүйекте көтерісшілердің 200-ге жуық адамнан құралған тобы Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын талқандады. 1837 жылы 15 қарашада Жәңгір хан ордасын қоршауға алған кезде, Исатайдың 2000 сарбазы болған.

1838 жылы 12 шілдеде Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында қиян-кескі ұрыс болып, Исатай Тайманұлы қазаға ұшырады.

































Махамбет Өтемісұлы. /1804 – 1846жж/

Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы) дүниеге келді.

Жастайынан аңшылық өнерге құмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен, Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекінісінің түрмесінде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық көтерілісінде мағызды рөл атқарды, ол өзінің өлеңдері арқылы халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Махамбеттің өлеңдері бостандық пен әділдікті, халық көсемдерінің батырлығын қалың халық бұқарасына паш ету мақсатында жазылды.

1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған "енді қайтып бүлікке қатысушы болма" деген ескерту жасап, босатады.

Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді.

Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы - әділдік үшін күрес, бостандық, отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді.



Есет батыр (1803-1889жж)

Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы.

  • 1838 жылы Жоламан батырмен тізе қосып, көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасады.

  • 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.

  • 1847-1858 жылдары Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және Кіші Борсық құмдары мен Мүғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады.

  • 19 ғасырдың 40-50 жылдарында Есет батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталады. Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды.

  • 1853-54 жылдары Есет батыр басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды.

  • 1854 жылы көктемінде көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінен қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, түтін салығын жою, қазақ даласына жазалаушы отрядтарды жіберуді тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойына еркін көшіп-қонуға мүмкіндік жасауды талап етті.

  • 1858 жылы жазалаушы отряд көтерілісті күшпен басты. Есет көтерілістен бас тартқан соң оған кешірім жасалды.

  • 1859 жылы тамызда бір топ сүлтан, билермен бірге Санкт-Петербургке жіберіліп, 24 тамызда Александр II патшаның қабылдауында болады.

  • 1861 жылы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалады.

  • 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының кіші көмекшісі болып бекітілді.

  • 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды.

  • 1879 жылы ол қызметтен босатылады.

  • 1889 жылы қартайған шағында дүние салды.

Есет батыр Көтібарұлы (1803-1889) - халықтың әйгілі батырларының бірі.[4] Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған.[3] Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген.

1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847-1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847-1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен және кіші Борсық құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.

Олар шекараға жақын орналасқан Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1853-1854 жылдары Есет батырдың басшылығымен қарулы көтеріліске шыққан Кіші жүз қазақтарының шекаралық әкімшілікпен қақтығыстары болды. 1853 жылы осы көтерілісті басуға сұлтан Арыстан Жантөрин, екі казак отряды мен 200 жігітті бастаған сұлтан Таукин, Орал бекінісінен майор Михайлов пен 600 жігітті бастаған сұлтан Е.Қасымов аттанды.Патша әкімшілігінің бұл жоспарынан хабардар болған Есет батыр Көтібарұлы шекті ауылдарын Үстіртке жіберіп, өзі 800 жігітпен жазалаушы отрядтарды күтіп қалды. Жақсы қаруланған жазалаушы отрядтардың көтерілісшілерге қарсы бұл жорықтары нәтижесіз болды. Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен көтерілісті басу келесі көктемге қалдырылды. Есет батыр Көтібарұлы 1853-1854 жылдың қысын Үлкен Борсықта өткізді. 1854 жылы көтерілісшілердің саны 1500-ге жетті. Олар Ресей үкіметінің алдына: қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтату, жайылымдық жерге еркіндік беріп, Жем, Мұғалжар, Елек, Қобда, жайық өзендерінің бойларына көшіп-қонуға мүмкіндік жасау туралы талаптарын қойды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді. Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А.Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Бұл оқиғаға мазасызданған Орынбор әкімшілігі көтерілісшілерді басуға тағы да жазалаушы отрядтар жіберіп, олар қазақ ауылдарын қырғынға ұшыратты. 1856 жылы қыркүйекте әскери дала сотының үкімімен А.Есмамбетов, Қ.Қарин және Е.Айнақұловтар атылды. 1857 жылы Ерназар Кенжалин, Бекет Серкебаев, тағы басқа 18 адам Сібірге жер аударылды. 1858 жылы қыркүйекте Бородин басқарған жазалаушы отряд көтерілісті біржолата басты. Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.[5]

Есет Көтібарұлы жөнінде деректерді ХІХ ғасырда өзінің көзі тірісінде онымен кездескен жиһангерлер, тарихшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері жазып кеткен.

1856-1861 жылдары Ресей сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің директоры болған Е.Ковалевский Хиуа сапары кезінде Есет Көтібарұлымен кездескенін былайша суреттейді: «Арал маңындағы Кіші жүз қазақтарының кейбір топтарынан құрылған отаршылдыққа қарсы қозғалысты басқаруынан бұрын Есетті сайын дала торабынан кездестірдім. Есет Геркулес сияқты атлетикалық дене бітімді,сұлу келбетті және ерлік іс-әрекеттері кез-келген еуропалықты таңғалдыратындай және бұл қасиеттері өз отандастарына да қатты әсерін тигізген». ХІХ ғасырдағы қазақ даласын еуропалықтарға алғаш рет таныстырған поляктың демократ-революционері, суретші Бронислав Залесский 1865 жылы Парижде француз тілінде шығарған «Қазақ сахарасына саяхат» деген кітабында былай деп жазған: «Мен бір күнімді Есет Көтібаров есімді қырғызбен өткіздім. Ол осы замандағы қазақ даласына танымал ерекше тұлға... ол көсем болып қалды... және қазының міндетін атқарды». Б.Залесский осы сапарында қара қарындашпен Есеттің қырынан отырған суретін салып алған. Есет сол заманда Еуропада, Ресейде суретке түсірілген, ол суреттері кезінде газет-журналдарда жарық көрген санаулы адамдардың бірі болды.

Ресейде табылған ақпарат құралдарында Кіші жүзде Есет батырдың аты 40-шы жылдарда өлтірілген отандасы Кенесарының немесе Кавказдағы Шамильдің атындай қаһарлы болғандығы және оның ұзын бойлы, селдір қара сақалды, мұртты, оның жүзінен қайырымдылық пен сергектік, тұнық әрі сабырлы көздерінен терең ақылдылық, салмақпен айтқан әңгімелерінен оның қазақ болмысын терең білетіндігі және кең парасаттылығы байқалатындығы жазылған. Соңғы жылдары табылған тағы бір дерек шығыстанушы С.Өтенияз Ұлыбританияның Лондон ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қорынан 1865 жылы ағылшын тілінде жарық көрген қазақ даласы жайлы кітаптың көшірмесін алып келген. Осы кітаптың 33-беті Есет батырға арналған. Онда Есеттің сегіз ұлының үлкені - Назардың да суреті басылған екен. Тарихи деректер бойынша, Орынбор генерал-губернаторы Назар Есетұлын немере ағасы Бекет Серкебайұлымен бірге Орынбор түрмесіне қамайды. Кейін Бекетті Сібірге жер аударады да, Назарды Есеттің қаһарынан сескеніп, босатып жібереді. Осы кітапта Есет батыр бастаған көтеріліс толық жазылады.

Есет Көтібарұлының барлық әулеті ел қорғауға араласып, аттары тарихта қалған. Әкесі Көтібардың ерлігі өз алдына бір төбе немере ағасы Арыстан батыр Тінәліұлы, інілері Бекет Серкебайұлы, Ерназар Кенжалыұлы да тарихта қалған жандар. Арыстан, Көтібар, Есет есімдері «Айман-Шолпан» жырына арқау болған. Есеттің арғы атасы Қалдыбай батыр еліміздің оңтүстігіндегі Сайрам шабылына қатысып, сүйегі Түркістанда қалған. Есеттің арғы тегі Алтын Орда мен Ноғайлы ұлысының әміршісі болған, атақты «ел қамын жеген «ер Едігеге» барып тіреледі.

Есет батыр Көтібарұлы 1889 жылы қартайған шағында дүние салды. Ол туып-өскен Шалқар ауданындағы Шолақжидеде жерленген. Басына төрт күмбезді кесене тұрғызылған.

Патша үкіметінің жалдамалы әкім-сұлтаны Арыстан Жантөринге алғаш рет бетпе-бет кездескенде Есет би оған мынаны айтыпты:

- Мен, мен едім, мен едім,

Қатарға салсаң қайыспас,

Қас қара нар мен едім.

Шабуыл салса шаршамас,

Шыны тұлпар мен едім.

Су шашырап жел тимес,

Аударылмас қара кеме едім.

Қасарысып келгенде,

Қап түбіне сыймаған.

Қара болат мен едім. 

Қияннан ұшкан қу ілген.

Анық сұңқар мен едім.

Тегеурінім теріс біткен,

Тепсем жілік сыңдырған,

Қыран бүркіт мен едім.

Жем өзені жағалауындағы патша жазалаушы әскеріне қарсы шабуылға шығар алдында Есет бидің жігіттерін жігерлендіріп айтқан толғауы. Әуелде ұзақ айтылған толғаудың осы бір тізбектері ғана ел жадында қалыпты.

- Тауға біткен қайыңның,

Солқылдар басы жел өтсе,

Тоғайға біткен жоңышқа,

Солғын тартар күн өтсе.

Ерні салпы ер аты,

Семірмес қайта ер өтсе.

Еңкейіңкі тартады,

Ер қолынан мал кетсе.

Арбадан үркіп жаман ат,

Ер салдырмас жал бітсе,

Қайыры болмас ғаріпке,

Ақылсызға мал бітсе.

Қасына қоңсы қондырмас,

Қас жаманға өл бітсе.

Тәңірден тілеп алған ұлдарың,

:Тіл қайтарар ер жетсе.

Хан бұрылып қараған,

Би бұрылып сұраған,

Ажары болмас арудың,

Екі он бестен жас өтсе.

Сылдырап белін шешінген,

Назданып аяқ көсілер,

Алғаныңа жандарым,

Қадірің кетер күн болар,

Ер қартайып жас жетсе...

Есет бидің жасы сексенге аяқ басқанда өзіне сәлем беруге барған жастарға айтқан ғибрат термесі:

- Қартайдым да қор болдым,

Күн сенікі жастарым.

Кәрілікке жеткізсе,

Талайды көрер бастарың.

Заманымда өзімнің,

Еңсеріскен ер едім.

Белсеніскен бел көрдім,

Жасанысқан жау көрдім,

Тізелескен дау көрдім.

Үрікпедім, саспадым,

Бір өтірік болмасын,

Табаным тайып қашпадым.

Түгел ердің жолдасы,

Тілектес болған дос-жарым.

Сол дәулеттің тұсында

Самархандай сапырып,

Шапқан шөптей жапырып,

Аспадым да, таспадым.

Қанды көйлек жолдасты,

Сары алтындай сақтадым.

Менің көрген затым бұл

Төкпей-шашпай қолданып,

Ортаңа сүйреп тастадым...

Ел арасында Есет би жөнінде бұдан баска да дерек, материалдар, оған арналған өлең-жырлар болуы мүмкін. Ақтөбе, Батыс Қазақстан ақындары арасында Есет батыр жөнінде арнау дастандар да кездесіп қалады. Бір дастан Есет батырды таныстырумен басталады:

Бірінші байлық - денсаулық,

Екінші байлық - ақ жаулық,

Үшінші байлық - он саулық,

Есетте болды бар байлық.

Халықтан асқан қайратты,

Қастасқанын жайратты.

Қарасын көрсе жау қашып,

Даланы Есет шаңдатты.

Қақса батыр дабылды,

Соғыссыз дұшпан бағынды.

Ақылына бас иіп,

Алдында шешен жаңылды.

Есеттей ерді еңіреген,

Ешбір дұшпан жеңбеген.

Қайраты қайтып, көзі көрмей,

Кәрілік қана меңдеген.

Қалса да жағын ашудан,

Қайтпады ақыл басынан.

Ел сыйлайды ерекше.

Есетті білген жасынан, -

деп сипатталады.



















Аманкелді Иманов./ 1873 – 1919жж/

Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873-18.05.1919) - қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі. 7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалды. Ол байларға жалшы болды, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. Оның самодержавиеге, байлар мен билердің езгісіне деген өшпенділігі осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянды. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысты. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.

Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Атбасар, Перовск т. б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырды. Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылды. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге және соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетті. Бұл кездерде Аманкелді большевиктермен, оның ішінде Ә. Жанкелдинмен байланысты күшейтіп, большевиктер партиясының озық идеясымен қарулана түсті. Уақытша үкіметтің қолшоқпары болған алашордашыларға қарсы күрес жүргізді, бұқара халыққа пролетарлық революцияның маңызын түсіндірді.

Қазан революциясының алғашқы күндерінен-ақ Аманкелді бұрынғы көтерілісшілерден қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау және нығайту күресіне белсене араласты. Торғай уезінің соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы наурызда Аманкелді Кеңестердің облыстық съезіне (Орынбор) қатысты. 1918 жылы шілдеде Кеңес қызметкерлерінің бір тобын басқарып, Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің сайлауын өткізді. Азамат соғысы жылдарында Ә. Жанкелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырды. Колчак әскерінің тылындағы партизандарға көмектесті. 1918 жылы қарашада Аманкелді және Ә. Жанкелдин басқарған отряд ақ гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. Шығыс майданда Колчак армиясының шабуылға шығуына байланысты алашордашылар 1919 жылы 20 сәуірде Торғайда төңкеріс жасап, Аманкелдіні қолға түсірді. Қызыл партизандар қалаға кіруге бірнеше сағат қалғанда алашордашылар оны азаптап өлтірді.

Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және бірсыпыра аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Ж. Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О. Шипин т. б. ақындар батырға арнап өлең, поэмалар жазды. Жазушы Ғ. Мүсірепов "Аманкелді" пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Ә. Қастеев ("Аманкелді" портреті, "Аманкелді шабуылы", "Торғай жорығы") пен Қ. Телжанов ("Аманкелді", "Аманкелді қызыл атты әскері") Аманкелді образын тартымды бейнеледі.















Бауыржан Момышұлы. /1910 – 1982жж/

Бауыржан Момышұлы (1910-1982 ж.ж.) - Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек "Волоколамское шоссе" (қазақшасы "Арпалыс") повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Соғыстан кейін Бауыржан Кеңес Әскері Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналысып, Кеңес Әскері әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының Батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі "батырым" деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған "Халық қаһарманы" деген атақ берілді.





Мәншүк Мәметова./ 1922 – 1943жж/

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры.Мәншүк (шын аты Мәнсия) Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында дүниеге келді. Ерте жетім қалды. Алматыда тұратын ағайындарының қолында тәрбиеленді. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол медицина институтында оқып жүрді. Ол 1942 жылы өзі сұранып майданға кетті, 21-атқыштар дивизиясында болды. Алғы шепте айқасқа түскен алғашқы күннен-ақ қаруластарын қайсарлығымен, табандылығымен, ержүрек батылдығымен қайран қалдырды. Невель қаласын қорғау кезінде Мәншүк ақырғы оғы таусылғанша жауды жер жастандырып, ерлікпен қаза тапты. Оның қасық қаны қалғанша қарысып баққан қас батырлығы мен асқақ өлімі соғыс даласында да, "еңбек майданында" да әрбір отаншыл азаматтың жүрегінде ерлік жыры боп жаңғырып, Жеңіс жалауын тезірек желбіретуге жігерлендіре түскені хақ. Сол кезде Павлодар облысының колхозшылары даңқты пулеметші қыздың есімін есте қалдыру құрметіне Мәншүк Мәметова атындағы танк полкін жасақтауға қажетті ақша жинады. Бертініректе режиссер-қоюшы Мәжит Бегалин "Мәншүк туралы ән" кинофильмін түсірді.



















Әлия Молдағұлова./ 1925 – 1944жж/

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында дүниеге келді. Бала кезінде жетім қалып, туыстарының қолында тәрбиеленді. Оның майданнан жазған хаттарынан мәлім: ата-анасы, ағайын-туғандары ұжымдастыру науқанының алғашқы кезеңіңде аштан өлген. Кішкентай Әлия Ленинградқа барып, соғысқа дейін сонда тұрды. 9-сыныпта оқыды (қазір ол мектеп Әлия Молдағұлова есімінде). Бірге оқыған сыныптастарының естелігіне қарағанда, өзіне өте сенімді һәм төңірегіндегілерге талапшыл жас болған. Оны мақсаткерлік пен адалдық және адамгершіл сергектік қасиеттері басқалардан айрықша ерекшелендірген. Алыс ауылдан келе салып, бәрімен де тез тіл тауып кетті, зерделі зейінімен, білімпаз біліктілігімен түгел баурап алды.1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін командование алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуге рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазды. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататынды.

Ашық шайқасқа ол 1943 жылы маусымда 2-Прибалтика майданының 26-атқыштар дивизиясы құрамында түсті. Ефрейтор шенінде өз дивизиясымен барлық ірі-ірі айқастарға қатысып, құралайды көзінен атқан нағыз мергендігімен дараланды. Көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ол алғашқы жауынгерлік тапсырмаларын Ленинград майданында 1943 жылдың шілде айында орындады. Алғы шепке сұранған ол қасында 3 майдандас қыздарымен бейтарап зонадан өтіп, екі еңгезердей немісті тұтқындаған. Екі ай мерзім ішінде 32 фашистің көзін жойған. 1943 жылы Холм қаласы түбінде барлауға қатысып, нәтижесінде бес "тіл" ұстаған. Холм түбіндегі асқан ерлігі үшін әскери комиссариат Молдағұлованы "Даңқ" орденіне ұсынған.

Осы жылдың желтоқсан айында Новосокольник ауданында соғысқа дайын болу бұйрығын алған бригада құрамында 1944 жылдың 10 қаңтарына дейін батальон алғы шепті барлап ұрысқа дайындалады. 12 қаңтарда Шенайлово, Волгино, Насва станцияларын, Казачиха селоларын алуға бұйрық алады.

Казачиха селосына келген кезде бригада жауынгерлерінің жартысынан жуығына дейін айрылған еді, бірақ бұйрықты орындау керек. Әлия барлаушылар қатарында біздің жаяу әскерге қауіп төндіріп тұрған жау пулеметін граната лақтырып талқандаған. Өзін нысанаға алған жауды тұтқынға түсіріп, қаңтардың 13-нен 14-не қараған күні Әлия ротаны ұрандап шабуылға көтерді.

Оның үні жауынгерлерге дем беріп, соңынан ілескен солдаттар жаудың бетін қайтарады. Осы шайқаста өжет қыз ауыр жараланып, қаһармандықпен қаза тапты.

Бүгінде Ә. Молдағұлова есімінде республикамызда көшелер, мектептер, ұжымшарлар мен кеңшарлар, аллеялар мен бульварлар бар. Оның өшпес ерлігін өзек етіп жазылған өлең кітаптары мен роман-хикаяттары де көп. Алматыда Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүкке көрнекті жерге ескерткіш орнатылды.





































Талғат Бигелдинов. /1922 жылы туған/

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5.08.1922 ж. т.) - Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған (26.10.1944 және 27.06.1945), Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майбалық ауылында шаруа отбасында туған. Балалық және жастық шағын Фрунзе қаласында өткізіп, 16 жасында аэроклубта оқыды. Чкалов әскери авиация училищесін бітірді (1942). 1943 жылдың қаңтарынан 144-гвардиялық шабуылшы авиация полкінің құрамында Калинин, Воронеж, Далалық, 1 және 2-Украин майдандарында шайқасты. Соғыстың соңғы айларында оның штурмовиктері Одер мен Нидтегі ұрыстарға және жау ордасын талқандауға қатысты. Ол Ұлы Отан соғысында қатардағы ұшқыштан авиация полкінің командирі дәрежесіне дейінгі майдан жолынан өтті. Жауға қарсы 305 дүркін ұшып шықты. Сан рет батылдық пен ерліктің, тапқырлық пен шеберліктің үлгісін көрсетіп, даңққа бөленді.

Т. Бигелдинов 1950 жылы Әскери-Әуе Күштерінің академиясын бітіріп, авиация полкі командирінің орынбасары және штаб бастығы болды. 1956 ж. денсаулығына байланысты отставкаға шықты. 2-3-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, "305 рейдов" (1966, Фрунзе), "ИЛ-ы атакуют" (1966, Алматы), "Аспандағы айқас" (1967, Алматы) атты жорық жолдарын баяндайтын естеліктердің авторы. Ленин ордені, 2 рет Қызыл Ту ордені, 1 және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендері, Александр Невский ордені, Қызыл Жұлдыз ордені және 3-дәрежелі Даңқ орденімен, медальдармен наградталған.











Мәлік Ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин — Кеңес Одағының Батыры, жазушы, профессор, филология ғылымының докторы, қоғам қайраткері, КСРО Ғылым Академиясының ғылыми қызметкері, ержүрек батыр.
Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2 (15) қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогика институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімінің студенті.
1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдайды. Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді). Әскерден келгеннен соң 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады, КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады. 1938-1946 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де аспирантуралық дәреже бойынша білім алады. Жас аспирант кандидаттық диссертация тақырыбы ретінде “Қобыланды батыр” эпосын таңдап алып, халқымыздың ауыз әдебиетіне, оның ішінде ұлттық фольклор тұнығына тереңінен бойлайды. Бірақ сәтті басталған диссертациялық жұмысын аяқтағанымен, қорғауға мүмкіндігі болмайды. Себебі дәл сол кезде сұрапыл соғыстың оты тұтанған болатын.
1941 жылы ел басына күн туып Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып өз еркімен майданға аттанады.
1941—1945 жылдар аралығында Мәлік Ғабдуллин ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫна қатысады. 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Соғыстан кейінгі жылдары 1946 жылдан бастап М.Ғабдуллин запастағы подполковник болады. Сұрапыл соғыс жылдарынан соң елге аман қайтып, түрлі салаларда белсенді қызмет етеді. Артынан өшпес із қалдырады. 1959 жылы оған ''Филология ғылымдарының докторы'' ғылыми дәрежесі тағайындалады.
Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық салада қызмет атқарады, 1946-1951 жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және Әдебиет Институтында директорлық қызметте болады, 1951-1963 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазПИ-де ректорлық қызмет атқарады, 1963—1973 жылдары Қазақ КСР ҒА Тіл және Әдебиет Институтында Фольклор бөлімінде меңгеруші болып істейді.

Әдебиет саласындағы М.Ғабдуллин
М.Ғабдуллиннің әдеби қызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды.
Мәлік Ғабдуллиннің зерттеген негізгі еңбектері қазақ халқының батырлық эпостары, мақал-мәтелдері, айтыстары, ергешілері мен халық әндері болады. Қазақ әдебиетінің көптомдық тарихын шығаруға ат салысады. Оның ''Қазақтың батырлық эпостары'' зерттеу еңбегі 1972 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-4-шақырылымдарында депутаттық мандатқа ие болады.
Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандас достарым (Мои фронтовые друзья)» (1947), «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда)» (1948), «Майдандық очерктер (Фронтовые очерки)» (1949), «Будни войны» (1968), «Достар, жолдастар жайлы» (1969), «Ызғарлы жылдар (Грозные годы)» (1971) атты көркем әдеби шығармалардың авторы болып табылады. Мәліктің әдеби туындыларының кейбірі И. П. Щеголихин көмегімен орыс тіліне аударылды.

Марапаттаулары
Мәлік Ғабдуллин «Алтын Жұлдыз (Золотая звезда)» Кеңес Одағының батыры медалімен, Ленини орденімен, «Қызыл Ту» орденімен, Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен және екі рет «Қызыл жұлдыз» орденімен, «Москваны қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Венаны алғаны үшін» медальдарымен марапатталды (суретте: Кеңес Одағының батыры медалі).
Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде саяси-қоғамдық істерге белсенді түрде араласып, еңбек сіңіргені үшін оған 1961 жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткері атағы берілді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бабалар-ел қорғаны

Автор: Сембиева Татикуль Лесовна

Дата: 04.12.2017

Номер свидетельства: 442064


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства